Бейнелеу өнерінің әдіснамалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 11:06, лекция

Описание

1. Бейнелеу өнерінің әдістемесі пән ретінде
2. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің даму тарихы

Работа состоит из  1 файл

Изо- лекции.doc

— 914.00 Кб (Скачать документ)

     Көмірмен сурет салу

     Көмірмен сурет салу графиканың бір түрі болып табылады. Көмір арқылы жіңішке, анық штрихтарды түсіріп, саусақпен де жағуға болады. Көмірмен тек ақ қағазға ғана емес, сонымен қатар түсқағазға, кенепке, картонға салуға болады. Көмір шүберекпен оңай сүртіледі, ал өшіргішпен кетіруге болмайды, қағаз бетін ластап тастайды. Көмірмен салынған суреттер ұзақ мерзімге шыдамайды, оны бекіткіштер арқылы бетін жабу қажет.

  

    Гуашь

     Гуашъ - желім араласқан бояу. Оның құрамындағы желім байланыстырғыш қызмет атқарады. Сондықтан да акварель сияқты гуашьпен жұмысты негізінен қағазда немесе картонда орындайды. Ал, айырмашылығы гуашь түстері бірін-бірі жабады, мөлдіремес. Гуашь бояулары кепкен кезде ағарады. Бұл әсіресе затқа қарап салынған кезде кейбір қиындықтарды туғызады. Сол себептен гуашьпен жұмыс істердің алдында жаттығу жұмыстарын жасап, түстердің қаншалықты ағаратынын анықтау қажет.

     Гуашь сәндік-көркемдеу жұмыстарында кеңінен қолданылады. Бірақ та шрифт жазу немесе өрнек салу үшін үлкен жазықтықтарды бояп, жаба білу керек. Ол үшін гуашьты бөлек ыдысқа салып, керекті қоюлықта сумен араластырады. Егер де бояуды бірден ыдысынан алып жақса бір жері қою, екінші жері сұйық болуы мүмкін.

     Бояуды жалпақ қылқаламмен, бір жаққан жерге екінші рет қайталамай тез жағады. Өйткені байланыстырғыш қоспа /желім/ қайта жағу кезінде еріп, із қалдырады.

     Кей кезде гуашты акварельмен біріктіреді. Бұл өте ашық түстерді шығару кезінде тиімді. Гуашьты театр безендіру кезіндегі нобай жасауда, кітап суреттерінде, иллюстрацияда кеңінен қолданады.

    

     5. Темпера

     Темпера деп құрамында байланыстырғыш ретінде әр түрлі эмульсия араластырған бояуларды атайды. Құрамы бойынша майлы бояу мен желім араласқан бояулар аралығында болып келеді.

     Темпераны сумен араластырып, қағазға, картонға және кенепке салуға болады. Темпераны майлы бояу пайда болғанға дейін кеңінен қолданды. Бірақ та майлы бояудың қейбір кемістіктері болғаннан кейін XIX ғасырдың соңында темпераны қайта қолдана бастады. Темперамен жұмыс ерекше жүйені қажет етпейді, яғни түстердің жағылу реті жұмыс сапасына әсер етпейді, сондықтан да сурет салушы еркіндікте жұмыс жасайды.

      Темпера түстері майлы бояуға қарағанда біршама қосымша түстерді шығара алады.

      Бөлме ішінде қабырға сурет (роспись) салуда темпера қабырға жазықтығымен өте сәйкес келеді. Сондықтан да темперамен орындалған шығарма майлы бояуға қарағанда тамаша көрінеді.

     Жанды бейнеде темперамен жұмыс істеуге қағаз, картон, тығыз тоқылған мата жарайды.

     Темперамен сурет салу кезінде басқа бояулармен жұмыс істеген сияқты алдымен ақшыл түстермен этюдті жауып шығып, содан соң біртіндеп пішінді шығарады. Егер де бірден қою түстермен бояп, кейбір жерінде қате кететін болса оны түзету қиын. Өйткені темпера бояулары тез кебеді және қайтадан суға ерімейді.

     Жұмыстың түріне қарай темперамен салынған картинаны лакпен жабындауға болады. Бұл әдіс бояулардың ұзақ сақталуына көмектеседі.

     Майлы бояумен жұмыс істеуге арналған жалпақ және дөңгелек, жұмсақ және қатты қылқаламдар темпераға да жарамды. Бірақ та оның талшықтарын ұзартқан тиімді.

     Майлы бояумен, акварельмен жұмыс істеген және жанды бейненің негізгі принциптерін меңгерген адамға темпера техникасы оңайға тиеді.

    Пастель

     Пастель - қағазға оралған түрлі түсті қарындаштар. Оларды дайындауға акварельдің де, гуашьтың да құрамына кіретін құрғақ ұнтақтар - пигменттер пайдаланады. Пастелдің байланыстырғыш заттары - арабшайыр (гуммиарабик), декстрин, қант және сүт болып табылады. Ал түсаралық реңдер дайын күйінде болады. Сондықтан да ереже бойынша түстер этюдта араластырылмайды, соңынан жағылған түс, астыңғы түсті жауып кетеді. Бірақ та кейбір аздаған жерлерін саусақпен уқалап араластыруға болады.

     Пастельмен сурет салуға негізінен сұр, кедір-бұдырлы кағазды қолданады.    Мұндай қағаз болмаған жағдайда оны қолдан дайындауға болады. Ол үшін ватман немесе қарапайым қағазды, картонды алып бетін жауып, оған ұннан жасалған клейстерді немесе казеинді, сұр бояуды араластырып жалпақ қылқаламмен жағады. Пастель бояуы ластанатын болғандықтан этюдтарды әйнектің астында сақтау керек немесе бояу қабатын бекіту қажет.

      Акварель бояуымен жүмыс

     "Акварель" деген атау латынның "aqua" cy деген сөзінен шыққан. Бұл сөз суға енгізілген бояуларды да, сол бояулармен салынатын шығармаларды да білдіреді.

     Акварель бояулары қағаз бетіне мөлдір болып түседі, сол мөлдірлік акварель туындыларының ең басты қасиеті болып табылады. Мөлдір жағылғандықтан бояу астынан қағаздың өз түсі көрініп тұрады.

     Ал бояу қалыңырақ жағылатын жерлерге әлденеше бояу қабаты түсіріледі. Алайда соның өзінде де суретшілер акварель бояуының артықшылығын - оның мөлдірлігін жоғалтпауға тырысады.

     Акварель бояуының тағы бір өзіндік ерекшелігі сол, онда бір түс пен екінші түстің арасында айқын айырмашылық болмайды: олар бір-бірімен жымдасып, бір-біріне жігі білінбей, жұмсақ реңкпен жалғасып жатады.

    Акварельмен сурет салудың тиімді әдістері: акварель бояумен жұмыс жасау техникасында ақ түс қолданылмайды, өйткені оның орнына қағаздың өз түсі қолданылады. Акварель бояуының материалы - пигмент, жабыстырушы зат. Акварель бояуларының плитка тәрізді қаттысы да, фарфор ыдысқа салынған іркілдегі де, сықпа (тюбик) етіп қойған жұмсағы да болады. Акварель бояуымен жұмыс жасағанда пигментті еріту үшін су пайдаланылады. Акварель бояулары дүкендерде металдан және пластмассадан жасалған ыдыстарда сатылады. Акварель бояуы үшін әдетте, беті бұдырмақ /ватман немесе жартылай ватман/ қағаздарын пайдаланады. Ерте заманда акварельмен салатын суретшілер суреттерін ерекше әдіспен иленген ешкі терісіне - пергаментке салған көрінеді. Акварель бояуына арналған қағаздың барлық түрі де таза зығырдан жасалған болуы керек. Жылтыр қағаздярға қарағанда беті будырмақ қағаздарға акварель бояулары жақсы жұғады. Әрине, суреттің сыртқы көрінісіне және сапалы шығуына материалдың сапасы да әсер етеді. Сондыңтан да акварельмен жұмыс жасағанда қағаз көтеріліп тұрмас үшін оны тегіс тақтайға керіп, жиектерін желімдеп алған дұрыс. Желімдеуге ыңғайлы болу үшін қағаздың жиектері тақтайдан 2-3 сантиметрдей асып тұруы керек.

     Қағаз жиырылмай жақсы керілуі үшін оны алдымен суланған щеткамен немесе дымқыл губкамен сүртеді. Содан соң желімді тақтайдың айналасына жағады да, қағаздың артық шеттерін қайырып жабыстырады. Дайындалған қағазға суретті әбден кепкеннен кейін салу қажет.

     Акварельмен жұмыс жасаған кезде көбіне күзеннің немесе тиіннің түгінен жасалған қылқаламдар пайдаланылады. Акварельге арналған қылқаламдардың қылшықтары жұмсақ әрі ұзын болады, мұның өзі бояуды қалыңдатып жағуға да, ал қажет кезінде ұсақ детальдарды кемеліне келтіре жасауға да мүмкіндік береді.

     Үлкен қылқаламдармен үлкен таңдақтарды, ал кішкене қылқаламмен шығарманың ұсақ бөлшектерін бояйды. Қылқаламдардың сыртында 1,2,3,4 және одан да көп сандар қойылады. Бұл сандар неғұрлым жоғарылаған сайын қылқалам да соғұрлым үлкен болады.

     Акварель бояуларымен жұмыс жасауға арналған қылқаламдардың қылы ұзын болады, сондықтан олар бояуды молырақ жұқтырып алуға ыңғайлы. Бояуды біркелкі жағып болған соң қылқаламды таза суға жуып, суын сығып, сорғытып отыру керек.

     Акварель бояуымен сурет салғанда, жарық пен көлеңкені айырып көрсетуден бұрын суретті қарындашпен түсіріп алған жөн. Өшіргішті өте қажет жағдайда болмаса, ретсіз пайдаланбау керек, өйткені өшірілген жерге бояу нашар жұғады. Объектінің суретін салғанда оның жарық, көлеңке, түстік реңктерін дұрыс айырып, дәл нұсқасын жасап алу керек.

     Акварель бояуларын пайдаланғанда бір түстің үстіне екінші түсті бояуды бірте-бірте жағып отыру керек, егер бұлай етпесе, жаңсақ алынған түс суретті бүлдіріп жіберуі мүмкін.

     Әдетте бір түсті екінші бір түске ауыстыру немесе түстерді табу үшін палитра /тақтайша/ немесе оның орнына кішкене жалпақ тәрелке, тіпті болмаса қалың ақ қағаз пайдаланылады. Акварель бояуымен сурет салып отырған кезде бояудың тамып кетуі жиі болып тұрады. Сол себепті жағылып жатқан түстің сызықтан шығып кетпеуін және тамып кетпеу жағын жиі қадағалап отыру керек. Әдетте жұмыс аяқталған соң келесі жұмысқа даяр тұруы үшін тәрелкені жуып, оны кептіріп қою қажет. Қылқаламдарды да суға жақсылап шайып, таза құрғақ шүберекпен сүртіп, басын жоғары қаратып, кішкентай сауыттың ішіне салып қойған дұрыс.

     Майлы бояумен жұмыс

     Майлы бояуды пигментті зығыр майымен араластыру арқылы алады. Майлы бояудың әдістері әр түрлі: майлы бояумен жұқалатып немесе керісінше, кедір-бұдыр етіп (мазок) жазуға болады. Майлы бояудың бір қасиеті акварельдей емес, ұнамаған бояу түсін қалақша (мастихин) арқылы алып тастап немесе үстінен өңдеп, қайта жазуға болады.

      Ақ түс - цинковтік ақ, свинцовтік ақ, екі ақ түстің қосындысы кремицк түс.

     Сары - ашық охра, алтын түс охра, сары охра, кадмий сары, неаполитандық сары, үндістан сары, кадмий лимон, марс сары, алтын - сары лак.

     Қызыл - киноварь, кадмий қызыл, краплак жарық, краплак қараңғы, ағылшын қызыл, венециандық қызыл, капут-мортуум, қызыл жер поццуол, киноварь алқызыл.

     Көк - ультрамарин, кобальт көк, церулеум, азуритовттік лазурь, кобальт жарық, кобальт көк қараңғы, индиго.

     Жасыл - изумруд жасыл, Поль Веронез, кобальт жасыл, жасыл жер веронсттік, грузиндік жасыл жер, волконсконт, окись хромы, богемстік жасыл жер.

     Қоңыр - марс жарық қоңыр, копуг-моргуун, қоңыр жер, хотьковтік қоңыр жер, кудиновтік қоңыр жер, табиғи умбра, Ван-Дик, табиғи сиена, кассиельстік қоңыр жер, асфальт.

     Қара - виноградтық қара, піл сүйегін күйдірілген.

     Майлы бояудың кебу жылдамдығы ондағы майдың мөлшерімен, пигменттің химиялық құрамымен байланысты.

     Майлы бояу XV ғасырдан бастап қолданыла бастады. Майлы бояу екі түрге бөлінеді: "езілген ұсақ бояу" және "эскиздік" болып. Бірінші түрі ең жақсы майлы бояу болып табылады. Соңғысы онша жауапты жұмыстарға арналмаған бояу. Оқушылардың мына бояу түрлерін қолданғаны дұрыс.

     Цинковтік ақ - барлық бояудың түстерімен араласа береді және жай кебеді. Бұл бояудың қасиеті түс іздеу үшін өте қолайлы.

     Сары кадмий - өте жай кебетін бояу. Әр түрлі реңк (оттенок) шығаруға болады.

     Сары охра (ашық), қатты да тұрақты түсін өзгертпейтін бояу.

     Қызыл кадмий - киноварьдың орнына қолдануға болады. Өте ашық және тұрақты түс.

     Қызыл краплак - қанық қызыл (пурпур)түс. Мөлдір және басқа бояумен араластырғанда жеткілікті қатты. Жасыл түспен араластыруға болмайды, қарайып кетеді.

    

    6. Заттардың пропорциясын байқау

     Пропорция сөзі латын тілінен аударылғанда "арақатынас" немесе "шамалас" деген ұғымды білдіреді. Бейнелеу өнерінде "пропорция" деп бейнелеуші нәрсенің бөлшектерінің өлшемдік қатынасы, немесе туындыдағы бейнеленген жеке нәрселердің өлшемдік сәйкестілігін айтады.

     Әр нәрсенің өзіндік пропорциясы, яғни нәрсенің жалпы биіктігінің өлшемі сол нәрсенің жекелеген бөлшектерінің өлшемдік қатынастарынан тұрады. Мысалға, әрбір келесі сан алдыңғы сандар бірлігінен тұратындығы секілді: 1,1,2,3,5,8,13, т.б.

     Нәрсе көлемін пропорциялық өлшем бірлікке бөліп қарастыру ежелгі дәуірден "алтын бөліну" (золотое сечение) деген атаумен белгілі. "Егер адамның белінен табанына дейінгі өлшемі мен сол белінен төбесіне дейінгі өлшем адамның жалпы биіктігін құраса; сол сияқты, қолын жанына жіберіп тұрған адамның төбесінен ортаңғы саусағының ұшына дейінгі өлшемі мен сол ортаңғы саусағының ұшынан табанына дейінгі өлшем адамның жалпы биіктігін құрайды. Сол бірінші өлшем бірлігіндегі адамның белінен табанына дейінгі арақашықтық, екінші өлшем бірлігіндегі адамның төбесінен ортаңғы саусағына дейінгі арақашықтыққа тең болады. Осыған орай адам табиғатындағы, немесе жалпы қоршаған ортадағы өлшемдік ара қатынасты эллиндіктердің білгенін ұлы математик Эвклид өз еңбектерінде жазды. "Бұл арақатынасты мен "алтын бөліну" деп атаймын" деген болатын Леонардо да Винчи.

     Әр нәрсенің пропорциясы оның құрылысының ерекшеліктеріне тығыз байланысты. Сондықтан да жазықтық бетінде құмыраның дұрыс пропорциялық бейнесін тұрғызу үшін, оның көлемі қандай геометриялық фигураларға ұқсайтын бөлшектерден тұратындынғын анықтап, олардың өзара өлшемдік қатынасын салыстыра отырып бейнелеу қажет. Ал туынды бірнеше нәрселерден тұратын болса, онда олардың бейнесін бір-бірінің өлшемдік ерекшеліктеріне байланысты салыстыра отырып бейнелейді.

      Сурет салғанда заттың өзіне тән ерекшеліктерін, оның пропорцияларын: биіктігінің көлденеңіне, бір бөлігінің екінші бөлігіне шама қатынасын анықтап алу қажет.

     Сурет саларда алдымен кескіннің қағаз бетіне дұрыс орналасуын, оның белгілі бір жағында тым көп ашық орын қалмауын ойластырып алған орынды. Бұл үшін суреттің жоғарғы және төменгі, оң жағы мен сол жағындағы шекараларын белгілеп алу керек. Бірақ шеттерінен қағаз жиектеріне жеткізбей, белгілі мөлшерде ашық орын қалдырған жөн. Өйткені, қағаз жиегіне тақап салынған сурет онша әдемі болып көрінбейді.

     Салынатын суреттің бөліктерінің өзара қатысы дұрыс көрсетілмеген болса, перспектива құрылысы, жарық пен көлеңке, бояудың түсі жақсы берілгенімен сурет жақсы болып шықпайды.

     Заттың пропорцияларын дұрыс беру - оның өзіне қарап сурет сала білудегі басты міндеттерінің бірі. Пропорциялық қатыстар дұрыс берілгенде ғана көрушілер салынған суретті нанымды кабылдайды.

     Суреттегі өлшемдер қатысы нәрсенің өзіндегі өлшем қатысына тең болуы керек. Қарындашпен шаманы анықтағанда қолды алға барынша созып тұрып өлшеген жөн. Олай етпесе, дұрыс өлшенбейді. "Визирлеу" әдісіне онша көп әуестенбеу керек, өйткені бұл кезбен мөлшерлеуді дамытуға кедергі келтіреді.

     Егер ұдайы жаттығудың арқасында көзбен мөлшерлеу күшті дамыған болса, визирлеп өлшеуге

 

    7. Жарық, көлеңке заңдылықтары.

    Жарық, көлеңке-бейнелеу өнерінде заттардың көлеміне, пішінін шынайы көрсету үшін немесе (туындыда) суретте кеңістікті (перспективаны) білдіру үшін қолданылады.

     Егер геометриялық денелерді жазықтық бетіне тек сызықтармен бейнелеп қойсақ,  онда ол денелер сымнан  жасап қойған  тәрізді болады.

     Осы денелер бейнесіне жарық, көлнңке реңін түсіріп бояу арқылы ол денелердің  кеңістіктегі шынайы пішінін, көлемін, қандай материлдан жасалғанын жазықтық бетінде көрсетуге болады.

     Бейнеленетін объектілердің жарық түсіріп тұрған жағы жарық деп, ал екінші қарама-қарсы жағы көлеңке деп аталады. Заттың жарық көзінен сәулелер түспейтін жақтары  меншікті көлеңке деп аталады.  Жарық түсіп тұрған  заттан екінші заттың бетіне  түсетін көлеңкені түспе көлеңке деп атайды.       Жарықтан  көлеңкеге ауысар жері  шала көлеңке деп атайды. Мөлдір нәрселерге жарықтың   тікелей түсіп, шағылған бөлігі жылт деп атайды.

Информация о работе Бейнелеу өнерінің әдіснамалық негіздері