Қазақстан Республикасының мұрағат жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 21:10, курсовая работа

Описание

Республиканың архив жүйелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, архив ісін дамыту,
келешекте реформалау мәселесі Мемлекет Басшысына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министріне баяндалды. Осы мәселе Қазақстан Республикасының Қаржы, Әділет және Білім, мәдениет, денсаулық министрліктері мен Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі мен облыс әкімдері алдына да қойылды.
Соның арқасында жоғары және жергілікті өкімет орындарының архив ісінің маңызын түсінуі және олардың көмегі архивтердің нәтижелі жұмыс жасауына елеулі әсері тиді.

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан Республикасының мұрағатының жүйесі.doc

— 240.00 Кб (Скачать документ)

Кеңестік Қазақстандағы үлттық идеяның тарихы мен тағдырын бір ауыз сөзбен шиырып айтар болсақ, ол - ұлтжанды тұлғалардың қасіреті мен қуғын-сүргінге ұшырағаны, кешегі әралуан ұлттық идеяны әу бастағы тартымды мән-мағынасынан жүрдай болған утопиялық социалист идеяның алмастырғаны, ол - өз еліндегі, өз жеріндегі қазақтың күшпен таңылған саяси-идеологиялық тапшыл ұрандар мен адасулар әсерінен қазақтан жатсынуға бет түзегені. Кеңестік жылдардағы Қазақстанда қазақтың санасы мен жүрегін билеп алған үлттық идея болған жоқ. Ұлтын сүйген, социалистік эксперименттерден қара бүпттай төніп келе жатқан апаттың сұмдығын қапысыз ұғынған рухы биік ақын-жазушылар, ғалымдар, жекелеген тұлғалар туған халқының тілі, діні, мәдениеті, жері үшін отқа күйіп, суға түскенмен, қылышынан қан тамған тоталитарлық жүйе тілге жеңіл, жүрекке жылы ұлттық идеяны тузуге де, халыққа ұғынуға да жеткізбеді, көктей солдырды. 20-30-жылдары Алаш зиялылары құрбандыққа шалынғаннан кейін ұлттық идеяны табу бағытындағы талпынысты «ЕСЕП» партиясының», «Жастұлпар» қозғалысының дүниеге келгенінен, «Қазақ әдебиеті», «Зерде» газөт-журналдарындағы ұлт тарихы, тілі, мәдени мүрасы жайлы жарияланымдар-дан, Ш.Смаханұлының қазақ мектептерін ашуға жанталасынан, 1979 жылғы Целиноград, 1986 жылғы Алматы оқиғаларынан көргеніміз ләзім, Әйткенмен бағыт - мақсатқа тура жет-кізетін даңғыл жол емес. Кеңестік 70 жылдың ішінде қисапсыз қасіретті басынан өткізген, демографиялық азшылықтың әсерінен ұлттық болмыс-бітімінен ажырай жаздаған біздің ел тәуелсіздіктің табалдырығынан нысаналы даярлықсыз аттай салды. Осы айтқандардың бәрін дәйектеуге қажет деректер мен айғақтар Қазақстанның орталық және жергілік-ті мұрағаттарында молынан кездеседі. Кеңестік жылдары олардың біршамасы құжаттық жинақтар турінде жарық көргені белгілі. Бірақ ұлт мәселесі, ұлттық идея тақырыбы сыңаржақ ашылды. Енді осы олқылықтың орнын толтырар уақыт туды деп есептейміз. «Қазақстандағы ұлттық идея тарихы мен тағдыры» тақырыбымен мұрағаттар жинағы шығарылса, қалың көпшілік сұранысына ие болар еді.

         Ендеше Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазақтың сана-сезімі өткендегі, қазіргі және болашақтағы -тарихтың толқынында езінің ұлттық «МЕН» дегізерлік қасиетін тусінуге тұңғыш рет енді ғана мүмкіндік алып отыр... Бірақ бул мүмкіндік қана: ол шындыққа, тек қазақтардың ғана емес, барлық қазақстандықтардың жаппай санасына орныққан фактіге айналуы қажет», деп жазуында емірлік мәні бар шындық жатыр.

¥лттық «МЕНДІ» қалыптастыратын тетіктер мен жағдаяттар сан алуан. Оған кешедегі қаптаған жарнамалардан бастап, енді ғана дүние есігін ашқан сәбидің құлағына естілетін ән мен күйге дейін кіреді. Солардың бәрінің басын қосатын, бәрін өгіздей өрге сүйрейтін құдірет ¥лттық Идея деп білгеніміз жөн. Ойы онға, санасы санға бөлініп отырған қазаққа ортақұлттық идеяны таба қою оңай міндет емес.

           Ол шіркін әлі күнге дейін жоқ та. Ал қажеттігін отансүйгіш рухтағы әрбір қазақстандық азамат сезініп отырғаны айдай ақиқат. Армансыз адам - қанатсыз құспен тең, дейді халқымыз. Ендеше ұлттық идеясыз қала берсек қанатсыз ұлтқа айналарымыз сөзсіз. ¥лттық идеяны таппайынша елде жүріп жатқан реформалар қарын тойдырудың ғана міндетін атқарып шығатындай көрінеді. ¥лттық идеясы жоқ Қазақстанда өмір сүру қазақтан басқаның бәріне майдай жағатын шығар, бірақ түптің түбінде өкініште қалатыны - қазақтар. Өзін-өзі жарылқамағанды басқалар ұшпаққа шығарады деудің еш қисыны жоқ. Көлдей жайылып келе жатқан жаһанданудың табанында жаншылып қалмау үшін де ұлттық идеяның өзектігі мен қажеттігі күн санап артып келеді.

     ¥лттық идеяның бары мен жоғын тиянақтауға жұрттан бұрын ғалымдар кірісіп кетті. А.Айталы, Ә.Нысанбаев, А.Сейдімбек, Ә.Ғали, А.Шәріп, І.Ерғали тәрізді белгілі білімпаздардың қаламынан туған еңбектер қоғамдық санаға игі эсер еткені сөзсіз. Бірақ бұл жеткіліксіз болып шықты. «Тарих - тым жауапты іс, оны тарихшыларға сеніп тапсыруға болмайды»,- деген екен ағылшын саясаткері Йан Маклеод. Ұлттық идеяның арқалап тұрған жүгі ғылыми ой толғаумен жерден бір елі де көтерілмеді, қайта салмақтана түсті. Өйткені ұлттык идеяға тап бүгін керегі толағай сөз ғана емес, нақты іс. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІ-бөлім. КСРО-дағы мұрағат ісі тарихының даму кезеңдері туралы 

  Мұрағаттардағы құнды тарихи құжаттарды саралап және зерделеп. зерттеу арқылы тарихи процесті түсіну - бүгінгі тандағы өзекті мәселе.

Қазақстан мурағатының даму, өркендеу тарихы күрделі кезеңдерді бастан кешірді.

  Оның қалыптасу тарихын бұрынгы КСРО мұрағатының даму тарихынан бөле қарауға болмайды,

Мұрағат ісі - ғылым. мәдениет және басқару аппаратының ажырамас белігі.

  Сондықтан да мұрағат ісінің даму және қалыптасу тарихын кеңестік ғалымдар А.В.Чернов, В.В.Максаков, В.И.Вяликов, В.В.Сорокин, В.Н.Самошенко 5 хронологиялық кезеңге бөледі. [1].

  Аталған ғалымдардың еңбектері сол кезеңдегі одақтас республикалардағы мұрағаттардың құрылуы және мұрағат істерінің қалыптасу тарихын қысқаша, қасаң баяндалуымен ерекшеленеді.

  Кеңес ғалымдары мұрағат ісінің қалыптасу тарихын зерттеу жұмыстарын Қазан төңкерісінен кейін, іле шала қолға алғанымен ерекшеленеді. Мұрағат ісінің қалыптасу және даму тарихы арнайы ғылыми сала ретінде тарих ғылымынан кенжелеп қалды. Оған дәлел еткен ғасырдың 60 жылдардың аяғына дейін кеңестік кезеңде мұрағат тарихы туралы жазылған еңбек 1940 жылы баспадан шыққан А.В. Черновтың еңбегі болды. Тек 1960 жылдардың аяғында аталған мәселеге тікелей байланысты В.В.Максаковтың монографиясы және В.И.Вяликов, Г.А.Дремина, В.В.Сорокин және В.Е.Корнеевтің оқулықтары жарық керді.

  Аталған авторлар өз еңбектерінде Кеңестер Одағының мемлекеттік орталық мұрағатының тарихына кеңінен тоқталды.

  Мұрагатшы ғалымдардың алдында зерттеуін күткен өзекті мәселелердің бірі мұрағат тарихының даму дәуірінің хронологиялық кезеңін нақтылау күн тәртібінде көтерілді. Бұл тарихшы ғалымдардың арасында қызу пікірталас тудырды. Мысалы, академик М.В.Нечкина. тарих ғылымы туралы өз пікірін былай білдірген: «Принадлежа к советской культуре, то есть имея отношение к надстроечным явлениям советского общества, периодизация это ...должна быть соотнесена с развитиям базисных явлений истории советского периода, Условиями развития науки являются объективные данные развитие социального строя в его движении и коммунизму. Но было бы ошибкой механический воспроизводить в истории науки в общую периодизацию истории советской страны, говорить, положим, об исторической науке во время трифумального шествие Советской власти, или в годы иностранной военной интервенции и гражданской войны, или в период завершения реконструкции народного хозяйство. Критерии для выделения фактов, знаменующих переход от одного периода к другому, должен быть почеркнуты в собственном развитии науки, внутренные принадлежать ему. Принцип периодизации должен, очевидно, обладать известной разносторонностью, отражать главные стороны исторической науки» [2, сс.80-81].

  Келтірілген пікір кеңестік тарих ғылымының методологиялық тұрғысынан келгенімен, бул методологиялық аспекті мұрағат істерінің қалыптасу кезендерін хронологиялық кезеңдерге бөлуге игі ықпалын тигізді.

  Сонымен, Кеңестік жүйеде қалыптасқан мұрагат істерінің тарихының 5 кезеңіне тоқталсақ . 
 
 

 

2.1.Мұрағат құжаттарындағы ХХ ғасырдың 20-30жж. тәркілеу процесі 

Мұрағат - тарихтың өшпейтін жылнамасы. Сондыктан да мұрағатта қоғам өмірін айғақтайтын құжаттар сақталатыны белгілі.

Мұрағаттарда небір тарихи құнды деректер, қай кезеңнің де накты оқиғалары жазылған құжаттар жетерлік.

  Дегенмен де халқымыздың тарихына қатысты деректерді толык игере алмағанымыз белгілі. Оның басты себептерінің бірі тарихымыэға қатысты деректердің бәріне бірдей қол жеткізе алмадық, екіншіден, қолда бар деректерді саралап қорытуда саяси цензураның шектеуіне ұшырағанымыз болды. Осының барлығы сайып келгенде өткен тарихымызды жан-жақты зерттеуде орны толмас олқылыктарға жол беруге әкеп соқтырды. Мұрағаттардағы жинакталған қорлардағы тарихи деректер мен құжаттарды зерттеу басты міндеттердің бірі.

  Кеңес заманында таптық және идеологиялық талаптарға байланысты көптеген құжаттар мен материалдардағы деректер қатаң тұрде бұрмаланып, тарих шындығынан алшақ жатты. Сондай материалдардың бірі Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатындағы 141 қорда сақталған 1928 жылғы Қазақстаннын батыс өлкесінде байларды конфискелеу туралы 
материалдар болып табылады. 

  Кешегі XX ғасырдың 20-жылдарының соңы мен 30-жылдардың басы халқымыз үшін аса ауырда қасіретке толы кезең болды. Ата-баба тарихында мындаған жылдар бойы көшіп-қонып, жеке мал шаруашылығымен айналысқан халқымыздың тұрмысына күрделі бетбұрыс жасалды. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында қолға алған саясатының бірі көшпелі халықтарды отырықшылыққа айналдыру болды.

  Оның алғы шарттарын жасақтау мақсатында 1921 жылы наурызда өткен Ресей Коммунистік (большевиктер) партиясының (РКП(б)) X съезі елдегі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен ауыстыру туралы, соғыс коммунизмінен жаңа экономикалық саясатқа (НЭП) көшу туралы шешім қабылдаған болатын. 

           Ел аумағында жаңа экономикалық саясаттың енпзілуіне байланысты жерді жалға беруге және алуға, жалдамалы еңбекті қолдануға рұқсат етілді, ауыл шаруашылығын, несиені, тұтыну кооперацияларын дамыту мақсаты көзделді.

      Жаңа экономикалық саясаттың авторы, большевиктер көсемі В.И. Ленин бұл саясат «Жеке мүддеге, жеке мүдделікке, шаруашылық есепке» негізделеді деп тұжырымдады[1]. Осы саясат арқылы ол социализмнің материалдық іргетасын қалауды, өндірістің социалист жолын нығайтуды көздеді. Азық-түлік салығы бірте-бірте жетілдіріле түсті. Алты не одан да аз ірі қарасы бар жартылай мал шаруашылығымен шұғылданатын шаруашылық салықтан босатылды.

Негізгі ауыртпалық кулактар мен байлар шаруашылығына түсті.

Конфискация қарсаңында 1926-1927 жылдары көшпенді және жартылай көшпенді аудандардағы 8 пайыз байлар шаруашылығының үлесіне түсетін салыктың 54,8 пайызы тиді.

  Жаңа экономикалық саясаттың нәтижесінде экономикалық өрлеу негізінде шаруалардың одан әрі жіктелуі жүріп жатты, батырақ кедей шаруа қожалығы екі есе азайды.

  1928 жылы ауыл мен деревняның 3/« бөлігі орта шаруаларды құрады. ал байлар мен кулактар шаруашылықтары екі еседен астам. яки 6,6 пайыздан 14,8 пайызға дейін өсті. Кеңес екіметі бірқатар әлеуметтік-экономикалық шаралардың жүзеге асырылуының кедейлер мен орташалардың шаруашылықтарын өркендетіл, бай - кулактардың шаруашылығын тежеу мақсатында 1928 жылдың көктеміне қарай ауыл еңбекшілері бұрын байлардың иелігінде болған 1360 га шабындық пен 1250 мың га егістік алды, жыртуға жарамды жердің үштен екісі кедейлердің шаруашылығына берілді.

  1928 жылы қазақ халқының 75,5 пайызы көшлелі мал шаруашылығымен айналысты. Қазақстанның 119 әкімшілік аудандарының 9-ы көшпелі, 85-і жартылай көшпелі, 25-отырықшы болды.

  1928 жылдың мамыр айының басында Бүкілодақтық Коммунист (большевиктер) партиясы (ВКП(б)) Орталық Комитеті «Қазак партия ұйымдарының міндеттері және ахуалы туралы» каулы қабылдады. Қаулыда негізгі басты назар ауылдарда байлар мен ірі жартылай феодалдардың экономикалық ықпалын болдырмау күресіне аударылып, олардың мал, дүние-мүлкін, шаруашылықтарын конфискациялау қажеттілігі баса айтылды.

  Осыған орай 1928 жылдың 27 тамызында Қазақ АССР Орталық Атқару Комитет! мен Халық Комиссарлар Кеңесінің «Ірі байлар шаруашылығы мен жартылай феодалдардың шаруашылығын конфискациялау мен жер аудару туралы» декреті қабылданды. Декрет бойынша байлар мен жартылай феодалдардың мал-мүлкі, байлығы тәркіленіп, өздері отбасымен бірге жер аударуға жатты. Бұл аты шулы декреттің қабылданғанына да 80 жылдан асты.

      Ел бойынша тәркіленген бұл байлар кім еді деген заңды сұрақ туындайды. Олар хандар мен ақсүйектердің тұқымы болыстар мен датқалардың, молдалар мен имандардың үрім-бұтағы, ұтқырлы сөзі мен іскерліктерімен, биік парасат пайымымен бір елді аузына қаратқан билер, ақсақалдар мен атқа мінерлер еді.

         Конфескелеу туралы заң бойынша малы, дүние мүлкі тәркіленіп, өзі жер аударылуға тиісті ірі байлар мен жартылай феодалдардың қатарына көшпелі аудандарда малы 400-ден асатын (ірі қараға шаққанда), жартылай көшпелі аудандарда 300-ден асатын, отырықшы жерлерде 150, кейде 100 малы бар сұлтандар мен хандардың ұрпактары, ел билеген болыстар, атқа мінерлер жатқызылды.

      Конфескелеу Абай округінен, бұрынғы Жетісу және Сырдария губернияларынын макта өсіретін аудандарынан басқа барлық жерде жүргізілді [2].

  Осы декрет негізінде сол жылдың күзінде өлкеде 696 ірі бай, жартылай феодалдардың 
мал-мүлкі тәркіленіп, зорлықпен тартып алынды. 

Конфескелеу науқаны өлкеміздің барлық аудандарын шарлады.

  Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатында сақталған құжаттарда бүгінгі Атырау. Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан (Семей) облыстары аумағындағы ірі байларды тәркілеу туралы материалдар жинақталған. Бурынғы Гурьев (Атырау) округінде байларды тәркілеу 1928 жылдың 6 қыркүйегінде басталған. Округ аумағында ірі байлардың мал, дүние мүлкін тәркілеу мақсатында 5 адамнан құрылған округтік комиссия құрылған.

Информация о работе Қазақстан Республикасының мұрағат жүйесі