қазақ қол өнері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 15:42, реферат

Описание

Қазақ қол өнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Оған бұрын Қазақстан жерінде бұрын – соңды жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады. Мұның өзі қазақ өнерінің Республика жерінде мекендеген сақ, үйсін, қаңлы, қыпшақ, ғұн, қарлұқ және тағы да басқа көне түркі тайпаларының мәдениетімен төркіндестігінің айғағы.

Работа состоит из  1 файл

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС.docx

— 466.57 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

 
          Қазақ қол өнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Оған бұрын Қазақстан жерінде бұрын – соңды жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады. Мұның өзі қазақ өнерінің Республика жерінде мекендеген сақ, үйсін, қаңлы, қыпшақ, ғұн, қарлұқ және тағы да басқа көне түркі тайпаларының мәдениетімен төркіндестігінің айғағы. 
        Қазақ халқы – кең байтақ Республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің мұрагерлері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы. Қазақ өнері толассыз дамудың нәтижесінде ХІХ ғасырдың екінші жартыс мен ХХ ғасырдың басында Қазақ халқының дәстүрлі қол өнері өз дамуында айтарлықтай жоғары деңгейге көтерілді.  
        Қазақ өнерінің ішінде айтарлықтай ерекшелігімен көзге түсетін «Ер тоқымнан» алынған бұл коллекция «Асыл мұра» деп аталады. «Асыл мұра» деп аталған себебі, жас жігіттерге арнап шығарылған. Киюге ыңғайлы, денеге қонымды бұл киімдер қазақ халқының ұлттық ою - өрнектерімен әшекейленген мұнда ою - өрнектер аппликация етіліп жасалынған. Қазақ халқы үшін көлік қызметін атқарған аттың қылы да қосылған. Коллекцияның негізі ер – тұрман жабдықтарында көп қолданылатын былғарыдан тұрады. Былғары Қазақ қол өнерінде көп қолданысқа енген материал болып табылады.  
Негізгі өмірі көшіп – қону, мал бағумен өткен халқымыз үшін көліктің негізгі түрі – салт ат болды, ал соған орай, ер – тұрман жабдықтарының алатын орны да ерекше еді. Ер – тұрмансыз атты, ал атсыз ер – тұрманды елестету мүмкін емес. Осыған орай коллекцияда қолданылған түстерге назар аударуға болады. мұндағы қызыл – қоңыр, яғни табиғи аттың түсі және ер – тұрман жабдықтарында қолданылатын түстер.  
         Қазақы киім көненің көзі. Оны ескерткіш ретінде болашақ ұрпаққа сақтау қажеттігін ескерсек, оған барынша қамқорлық жасап қалпына келтіру, баламаларын көптеп шығара түсу басты парыз болмақ. Себебі уақыт өткен сайын ұлттық киімді сақтап, зерттеп білудің қиынға түсе беретіні де күмән туғызбаса керек. Қазақы киімді қастерлеу әрі құрмет тұру есейгенін, оның өскелең өмірін танытады. Оның қазақтану ішінде де, халқымыздың мәдени – тарихи өмірінде де елеулі орын алатыны даусыз. Өйткені қазақ киім кешегі ұрпақтан – ұрпаққа алмасып келе жатқан, елдің ғасырлар бойы қалыптасқан сезімталдық талғамын, сәндікке үйлесім бірлігіне көркемдікке ұмтылған жасымпаздығы мен шығармашылығының жетістіктерін бойына сіңірген құбылыс. 
         Қыруар өнер түрлерінің бәрін бір өзі меңгерген, ер – тұрмандарын түгелдей өзі жасайтын ершілер қазақ арасында мүлделі болмады деген ұғым шықпаса керек. Өйткені он саусағы өнерге толы шеберлер ел арасында жиі кездеседі. Ер – тұрманды қазақ халқының қол өнерінің ең керемет туындылары деп қарау керек. Осы ғажайып қол өнердің алынған өзіне қаншама еңбек еткен ершілер ер – тұрмандарын әдемі етіп шығару үшін бар күштерін жұмсаған. Оны әсем әшекейлермен толықтырып отырды. Жалпы қазақ халқының қол өнерінің қай – қайсысы болса да, өз ерекшелігімен, сұлулығымен көз тартары анық. Жас жігіттерге арналып тігілетін бұл коллекцияның негізгі мақсаты ұлттық өнерімізді жаңаша түрде жалыққа шығару. Қазақ арасында он саусағынан өнер тамған қол өнердің сан – саласын жақсы меңгерген ісмерлер аз болмаған. Әсіресе, ершілер, ер – тұрман жабдықтарын өнер туындысы ретінде қарап, оны өте әдемі етіп жасады. 
«Асыл мұра» коллекциясында ер – тұрманда қолданылған былғары, күдері сияқты материалдар алынған. Киімдегі түстер де осыған байланысты болып келеді. Коллекцияға бір қарағанда, оның қандай стильде тігілгенін және кімге аппликация әдісімен қондырылып, шетіне әр түрлі моншақтар қадалған. 
        Халқымыздың ұлттық киімі – біздің өшпес мәдени мұрамыз. Ұлттық киіміміз әлем халқының алдында ұлтымыздың ерекшелігін танытады. Қазақ халқының әлемге өнерін паш етеді. Атадан балаға мирас болып келе жатқан байлығымызды одан әрі дамытып, әлемге таныту біздің міндетіміз. Киімді ою - өрнектермен, кестелеп әшекейлеп шығара білген ұлттық өнерімізді бағалауға тиіспіз. «Асыл мұра» деп аты айтып тұрғандай-ақ, жас жігіттерге арналған коллекцияның негізгі мақсаты ғасырлар бойы өшпей келе жатқан ұлттық өнерімізді өшірмей, одан әрі дамыта түсу. Ендеше ұлтымыздың бет – бейнесі болып саналатын ұлттық киімімізді қастерлеу, дамыту бүгінгі ұрпақ еншісінде. Еліміз тәуелсіз ел болғалы бері ұлтымыздың рухы биік бола түсті. Халық басынан өткен сан қилы уақиғаларды артқа тастап, өзінше даму, өзгеру процессі жүріп жатты. Мұның өзі қазақ халқының қол өнерінің қандайлық дәрежеде болғанын аңғартты.  
Қазақстан жерінде кең таралған қазақ ер – тұрманының сан алуан түрлерімен бірге, олардың жасалу (жолдары) техникасы да әр түрлі болды. «Асыл мұра» коллекциясынан да осы техника түрлерін көруге болады. бұл коллекцияның басты ерекшелігі деп мыналарға тоқталып кетсек болады: ою - өрнектерге аттың қылы қосылып жасалғаг және жапсырылған жеріне де қосылып отырады.Ер – тұрманның өзі ерлер және ерлер ері деп бөлінгендіктен коллекцияда жігіттерде, қыздарда бар. Қазақтың ұлттық киімі болғандықтан оны әшекейсіз немесе ою - өрнексіз көзге елестету мүмкін емес. Халқымыз киімге ою - өрнектің түр – түрін пайдаланған. Мысалы: әуеге, әсемдікке, жануарларға қарап та ою - өрнек шығарған. Бұл коллекцияда кәдімгі ұлттық киімде қолданылатын ою - өрнек алынған. Ол былғарыдан қырқылып алып, жапсырылған, яғни кестемен қондырылған десе де болады.Ежелден көшіп – қонып, мал баққан қазақ халқы үшін көліктің негізгі түрі – салт ат болды, ал соған орай, ер – тұрман жабдықтарының алатын орны да ерекше еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Қазақтың  қол өнеріне тарихи шолу

1.1.Қазақ  қол өнерінің ерте заманда  дамуы

       Қасиетті  қазақ халқының қолөнерінің тарихы  тым тереңде. Ол кеңбайтақ жерімізді  мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ тәрізді көне түркі  тайпаларының мәдениетінен арқау  алады. Жәнеде оған Оңтүстік- Сібір,  Орта Азия мен Ресей халықтарының  да мәдениеті өз әсерін тигізген. Осындай үнемі жаңғыру үстінде  болған қазақ халқының дәстүрлі  қолөнерінің даму биігіне көтерілген  кезкңі XIX ғасырдың екінші жартысы  мен XX ғасырдың басы. 
      Археологиялқ қазбалар мен жазба ескерткіштерге арқа сүйесек, Қазақстан аймағын мекендеген тайпалар жүздеген жылдар бойы металл, тас, сүйек, саз балшық, ағаш, жүн, тағы басқа да шикізаттарды шаруашылық кәсіптері мен күнделікті тұрмыс қажетіне жарап, қол өнердің өз ұлтына тән ерекше көркем түрлерін қалыптастырған. Қазақстан жеріндегі қолөнердің көне заманнан келе жатқанына нақты айғақтар: Павлодар өңіріндегі Досыбай жартасынан табылған бейнелер, Өскемендегі жазбалар мен Ұлытау жартасындағы суреттер, Кригельді өзені аңғарынан табылған керамикалық қазындылар. Қазақ халқының қолөнері ерте кезден ақ әлемдік мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін қызықтырған. Геродот тіпті былай деп жазып қалдырған: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған. Жайдың металдан істелген бөлшектері, оғы, айбалталары мыстан істелген. Бас киімдері мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан жасалған. Сондай- ақ, ат омырауындағы өмілдіріктер де мыстан соғылып, жүген сулығы, ауыздығы тағы да басқа бөліктері түгелдей алтынмен әшекейлендіріліп, безендірілген». Геродот пен бірге Ктесий, Страбон да қазақ топырағын мекендеген сақтар мен массағаттардың барлық заттардың әшекейленіп, киімдердің өзіне тән үлгісі барын айтады. Қазақ халқының қолөнері туралы Ресей ғалымдары да сүйсіне әңгімелейді. Мысалы М.А.Леваневский: «қазақтың қандай кәсіпке болмасын, табиғаттан қабілеттігіне сүйсінесің, қарапайым құралдармен тамаша ер қапталдарын жасап, алтын, күмістен әсем бұйымдар шығаратындығына таңданбасқа болмайды. Қазақтың тіккен аяқ киімдері өте берік, киюге ыңғайлы» - деп жазады. Ал енді қазақтың ұлттық қолөнерінің таңғажайып туындысы – киіз үй орта ғасыр саяхатшылары Марко Полоны (1230), Плано Карпиниді (1246), Клавихоны (1403), Барбораны (1436), қатты таң қалдырып, олардың тарихи жазбаларынан орын алғаны – біз үшін үлкен мақтаныш. 
       Қазір халықаралық деңгейде қолөнер көрмесі ұйымдастырылмағанымен, бұрын оған айрықша көңіл бөлетін- ді. 1969 жылы 91 жасында қайтыс болған Барлыбаева Рымжанның қолынан шыққан текеметтің кезінде Парижде ұйымдастырылған көрмеге қатысып, талайларды таң қалдырғаны қандай тамаша. Сондай – ақ, қазақтың киіз үйлері 1861 жылы Парижде өткен халықаралық көрмеге қатысып, 1876 жылы Петербургте ориенталистердің үшінші конгресінің Құрметіне ашылған көрмеге, 1890 жылы Қазанда өткен көрмеге қойылған.1913 жылы Омбы шахарында Романовтар әулетінің 300 жылдық тойларындағы көрмеге Атбасардан Мейрам қажының киіз үйі қатысқан.  
Халықтың қолөнеріндегі негізгі тұлға- суретші, шеберлер. Қазақ халқының ертедегі шеберлері кімдер? 
      Бұл жан- жақты зерттеуді қажет ететін тарихымыз. Кезінде бүкіл Орта Азия мен Қазақстан есімі кеңінен таныс болған шеберлеріміз туралы айтқанда аузымызға ең бірінші Мұрын жыраудың есімі түседі. Шын аты Тілеген Сеңгірбаев бұл бабамыз өзінің жарты ғасырға жуық өмірін темірден түйін түйіп, алтынды күміске байлап, етік тіккен, тас қашаған. Тек әттең, бай іс- тәжірбиесін үйреніп жазып алып қалмағанымыз болмаса, Қазақстанда Жүсіп, Мақамбет, Күмбетбай, Тәутен, Әбдіғали, Шаяхмет, Аяған деген атақты шеберлер өмір сүрген. 1882 жылы Мәскеудің өндірістік көркемөнер көрмесінің төтенше коммиссиясы қазақ шеберлерінің ыдыстарын «жұмысының мінсіздігімен, өрнектердің әсемдігімен ерекше көзге түседі»- деп атап өткен екен. Мінеки, қазақтың қолөнер шеберлеріне Ресей сияқты мемлекеттің берген үлкен бағаларының бірі осындай. 
Қазақтың ағаш ыдыстарының өзіндік ерекшеліктері оның көлемдігі. Мысалы, бұрын қазақ ауылдарында бір қойдың еті тұтас сиып кететін керсен тәрізді ыдыстар болды. Қазір де оның кейбір түрлері ел ішінде сақтаулы.1871 жылы Семейдегі көрме ұйымдастыру комитеті өзінің хаттама құжаттарында қазақтың ешбір токорлық станоксыз қашау мен пышақ арқылы тұтас қайыңнан ыдыстарын өте шебер жасайтынын жазып қалдырыпты. Жалпы, қазақ халқында қолөнер шеберлері жасаған ыдыстарының өздері 65 түрлі . Ал музыкалық аспаптары 18. 
        Ғылыми деректер бойынша Қазақстан жерінде қолөнер кәсібі мұнан екі жарым мың жыл бұрын түрлі тайпалардың творчествасы арқылы байқап, ұрпақтан- ұрпаққа мәдени мұра болып қалып келеді. XX ғасырдың басында ғана қазақтар төсағаштың үш түрін пайдаланған. Ал енді Ибн Батутаның жазбаларына назар аударсақ, өз заманында Дешті Қыпшақтар күймелі арбамен көшіпті.Дүние жүзіндегі ең үлкен кілемнің тұңғыш рет 1959 жылы Ашхабатта тоқылғаны мәләм. Оның көлемі 192 шаршы метр болса, 1965 жылы Түркімен шеберлері оны екі есеге дейін ұлғайтты. Қазақтың қолөнер шеберлері де кілем тоқ удан алдына жан салмаған. Қарт ана Барлыбаева Рымжанның тоқыған кілемі 1926 Париж қарласында болған көрмеге қатысып, бәйге алды.Осыншама атақты шеберлеріміз бола тұра қазір халық арасында қолөнеріміздің дамымай ұмыт қалып бара жатқаны қалай? Бізді ойландыратын осы сұрақ. 
        Бұрынғы ата-бабаларымыз табиғат мінезі мен жемісін, өнегесі мен өрнегін өте жақсы түсіне білген және сол өздерін қоршаған ортаға бейімделіп, еңбек еткен, өмірін құрған. Бұл ретте қазақтардың да, жер бетіндегі басқа халықтар сияқты табиғаттан үнемі үйреніп отыр-ғандығын, сонымен бірге, оның ыңғайына үнемі бейімделе бермей, өмір қиындықтарын жеңе де білгендігін атап айтқан жөн. Қазақ табиғаттың ыстығы мен суығына күйіп те, тоңа да білді. Ондай сындардан парасаттылықпен өте білді. Осылайша, қоршаған ортамен үндесе білу адамдарды өмір сүруге үйретті. Бұл үндесу, жаңаша өмірге бейімделу олардың дүниені тануына бастау болды. Сөйтіп, адам ілгері дамыды, үнемі өсу жолында жүрді. Қазақы әлем табиғатты өзінше түсінді және соған орай өзінше әрекет етті, өзінше пайымдаулар жасады.Осы ретте атақты батыр ағамыз, қазақ табиғаты мен болмысын жетік білген жазушы Бауыржан Момышұлының бір шетелдік журналистке берген сұхбатындағы тамаша ойды еске түсірген дұрыс болар еді. Өзіне қойылған «Қазақ халқының саз өнерінде нота болды ма?» деген сауалға тілге өте жүйрік, көңілі көркем Баукең былай деп жауап берген екен: «Болды деп есептеймін. Мынаны қараңыз: менің бала кезімде өрмек тоқып отыратын немесе киізге түр салып отыратын әжем немесе анам үнемі ән салып отыратын, ал, әлгі жұмысын тоқтатса, ән де тоқтайтын. Осыған қарап, мен «олар әнді ою-өрнекке қарап салған» деп ойлаймын». 
         Шындығында да, қазақ бабамыз ән салуды да, ою-өрнекті де, қолөнерді де табиғаттан тікелей еншілеген ғой. Осы тұрғыда алғанда Баукең сөзінің 100 пайыз жөні бар. Ал, осылайша өмір сүруін пайымдаған кең даланың кең пейілді қазағының тыныс-тіршілігінде қолөнері ерекше орын алды және мал шаруашылығынан кейінгі өмірлік негізге, үлкен маңызға ие болды. Себебі, белгілі ғалым - этнограф Х.Арғынбаевтың тұжырымдағанындай, «Қазақтың қолөнері жалпы халық мәдениетінің ішіндегі негізгі салаларының бірі» (Х. Арғынбаев. Қазақ халқының қолөнері. Ғылыми-зерттеу еңбегі. Алматы, «Өнер», 1987 ж., 6-бет) болып еді. 
          Иә, шындығында да, табиғат қазақы қолөнерінің бірінші үлгісі болды. Мұны аңғару қиын да емес. Айталық, көздің жауын алатын қазақы ою-өрнекке назар аударалықшы. Оның атауларының өзі-ақ бұл сұраққа толық жауап бергендей, ал, оқып көрелік: «құс қанаты», «қазтабан», «ботамойын», «бұғы-мүйіз», «толқын», «төртгүл» және т.б. Бұлардың ішіндегі «қолтықша» деп аталатын түрі кәдімгі адам бейнесінің сыртқы тұтас көшірмесі ғой. Осы пікірімізге белгілі этнограф, қазақ қолөнерінің туындылары мен атауларын тірнектеп жинаған абзал адам Садық Қасимановтың мына бір тұжырымын негіз етелік: «Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек, - деп жазды ол, - негізінен 3 түрлі ұғымды бейнелейді. Олар: біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер-су, көшіп-қону көріністерін, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді» ( С. Қасиманов. Қазақ халқының қолөнері. Алматы, «Қазақстан», 1995 ж., 12-бет).  
         Бұған біздің қосарымыз мынау болмақшы – қазақы қолөнердің негізі табиғаттың дәлме-дәл көшірмесі болып табылады. Талай ғасырлар бойы іздене, үйрене жүріп, қолөнерін дамытқан қазақ айналасындағы тіршіліктің суреттерін өзіне үнемі үлгі етті, себебі, адамның өзі де табиғаттың бір бөлшегі екендігі белгілі. Сонау ең алғашқы тайпалардан бас-талған мыңдаған жылдардан тұратын адами ғұмырда қазақтардың көз алдында ұшқан құс, жүгірген аң, түрліше жан-жануарлардың сансыз түрлері өтті. Бір таулар мен өзен-көлдер пайда болып, ендігі бірісі жоғалып кетіп жатты. Ауа райы да адам өміріне ықпал етіп отырды. Заңғар биік таулар мен жасыл жапырақты ормандардың сұңғыла көрінісі, жаныңды қуантатын жайқалған гүлдер, көзіңді де, көңіліңді де ғажайып сұлулыққа бөлейтін құс төресі – кербез аққу, ақиық сұңқар, әнші бұлбұл, ботаның көзіндей боп мөлдіреген сұлу көлдер мен сарқырай аққан өзендер қазақтардың да өмір тіршілігіне әдемі әсер етті. Сұлу табиғат біздің бабаларымыздың эстетикалық танымын кеңінен молайтты және тағылымды талғамын арттыра түсті. Сөйтіп, өзінің тұрмысы мен кәсібінде осыларды көшіріп алуға тырысты.  
           Осыған байланысты бір қазақы сырмақтың жасалынуы өмірде болған жайтты бейнелегендігін еске түсірейік. Сырмақ бетіндегі оюлар мен өрнектер бір топ азаматтың елден шығып, өзен-көлдерден, таулардан асқандығын, бірнеше сәттерді бастан кешіріп барып, аман-есен өз еліне келгендігін баяндап береді. Қолөнер қазақы өмірді бейнелей білді дегеніміз осындай өнер жетістіктерімен дәлелденеді.  
Мұнда адамдардың табиғаттың тылсым күшіне сүйсінуі мен табынуы да басты арна болғандығын айтқан дұрыс. Қазақ бабамыз молшылықты – дарияға, теңізге, бәйтерекке теңесе, батырды – арыстанға, қыран бүркітке теңей білді. Сұлуды – ай мен күнге, хош иісті гүлге, құралайдың лағына, аққудың көркіне, бота мен тұрымтайдың көзіне, алмаға, қарақатқа теңеді, солармен салыстырды. Осылайша, қазақ қолөнері, табиғаттан аумайтын талай тамаша үлгілер дүниеге келді.  

 

1.2.Қазақ  қол өнерінің қазіргі жастар  өміріндегі орны

          Қазақ қолөнері адамдар арасындағы  қарым-қатынастың болашақта ынтымақта,  кең өрісте дамуын көздеді,  соған керемет тілекші болды.  Айталық, қазақ бауырмалдықты,  достықты дәріптеу мақсатында  қолөнерінде бейнелегеніндей түйенің  екі өркешін, екінің бірін,  егіздің сыңарын өрнек етті, көз  жауын алатын көріністермен сілтеу  жасады, ұғындырды. 
         Осындай негізі болған қолөнер қазақтарға құрал-жабдық пен ішер ас, киер киім қандай қажет болса, оны нағыз адами тірлікке қолдану мақсатында ұқсата білу, икемді де ұнасымды ету, әдемілеп әшекейлеу, келістіріп пайдалану да сондай қажет болды. Біле білсек, бұл да өркениетке, озық мәдениетке ұмтылудың асыл бір жолы болатын. Қарабайыр, біртекті және көріксіз жабайы тіршіліктен әлдеқайда жоғары өрлеу мен адами дамудың көрінісі болды. Шын мәнінде, бұл халықтық өнердің шығармашылық сипаты болатын. Ал, оған бабаларымыз ұлы табиғатқа еліктеуден, оған сыйынудан барып қол жеткізе алды. Қазақ қолөнері, дұрысында, айналаны, қоршаған ортаны түсінудің бастауы болып табылады. Оның мәңгілік мақсаты – адам тіршілігін дамыту, тұрмысқа септігін тигізу. Осы мақсаттарды орындау барысында қазақ адамы мәңгілік өнер өрнектерінің аса мол мұрасын жасап шығарды. Ол мұра бірнеше салалардан тұрады. 
Қазақтар қолөнерін бірнеше бағытта жүргізіп, кеңінен дамытты, ғасырлар бойы ұрпақтарға үйретті, ілгері оздырды. Солардың ең негізгілері ағаш ұқсату, темір өңдеу, сүйек пен мүйізді ұқсату, теріні ұқсату мен етікшілік өнері, тас өңдеу болды. Бұлардың өздері бірнеше салалардан тұратын. Мысалы, ағаш ұқсатудың - үйшілік өнері, ершілік өнері, жиһаздар мен ыдыс-аяқтар жасау өнері сияқты түрлері, темір өңдеудің - ұсталық өнер мен зергерлік өнер секілді түрлері болды. Біздің Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында осы атал-ған қолөнер түрлерінің барлық дерлік үлгілері сақталынуда және әртүрлі экспозицияларға қойылған. Оларға шетелдіктер де, өз жерлестеріміз де тамашалай қарауда. Бұл жәдігерлер біздің мұражай қызметкерлерінің бірнеше ондаған жылдар бойы жүргізген жұмыстарының нәтижесін-де жинақталды. Сонымен қатар, бұлардың әрқайсысы ата-бабаларымыздан келе жатқан тума өнерге деген мақтаныш пен құрметтеушілікті туғызады және арнайы назар аударуды қажет етеді. 
          Бұлардың ең маңыздысы - қазақтардың негізгі баспанасы - киіз үй (ағаш үй). Оны көзбен көріп, шынайы түйсінудің маңызы өте зор болатыны белгілі. Бұл міндетті мұражай ғимаратының бірінші қабатына орналасқан киіз үй толығымен атқарып тұр. Киіз үй тиісінше жабдығымен түгел жабдықталған. Одан қазақтың хас шеберлерінің қолынан шыққан басқұрлар мен бауларды, тоқылған шиді, алашаны, кілемді, текеметті, тұскиізді, сырмақты, бітпесті, кебежені, жастық ағашты, төсекағашты, адалбақанды, қоржынды, кермені, сандықты және тағы басқа үй құралдарын, мылтықты, домбыраны көріп, тамашалауға болады. Киіз үйге мұражайға келушілер, әсіресе, шетелдік көрермендер қатты қызығады. Осы бір үлкен жәдігер ұлттық өнердің нағыз мақтанышы болумен қатар, мұражайда өткізілетін кейбір мәдени шаралардың (мысалы, Наурыз мерекесін, қазақы салт-дәстүрлерді – көрісуді, сәбиді бесікке салуды, тұсау кесуді,т.б. өткізудің) көрнекті орны да болып келеді.  
          Киіз үйдің қасында жылқыға байланысты жәдігерлер орын тепкен. Мал шаруашылығымен етене айналысқан және жылқыны “ердің қанаты” деп білген қазақ бабаларымыз ер-тұрманға да баса назар аудар-ған. Оны дайындаудың өзі де үлкен өнер саналған. Мұражайда көрініске қойылған ат әбзелдері осындай үлкен еңбек пен шынайы шеберлікті көрсетеді. Күміс ердің алдыңғы қасы күміспен қапталып, бетіне қаралау әдісі арқылы ұсақ ою-өрнектер салынған. Алдыңғы қастың жоғары жағынан төменгі оқпанға дейінгі аралық та күмістің бетіне күмбезді ою-өрнек салу арқылы нақышталған, одан жоғары дөңгелек шеңбер жасалынып, шеңбердің ортасына сегіз жапырағы бар гүлді ою өрнектелген, ол жез шегемен шегеленген. Артқы қасы үш бөлек күмістен құралған, бетіне қаралау әдісімен өсімдік жапырақты ою салынған. Ердің үсті былғарымен көмкерілген. Музейдегі осындай ердің бірі – сүйектелген ер. Оның алдыңғы және артқы қасы сүйектен құрастырылып, қиюластырылған, беті өрнекті жез шытырмен әшекейленіп, күміс шегемен бекітілген. Өрнектердің басым көпшілігі ойылған түзу сызықтар мен нүктелері бар ұсақ дөңгелектер болып келеді. Ердің үсті қара был-ғарымен қапталып, былғары бетіне ою жүргізілген және күміс шегемен шегеленген. Сондай-ақ, көрермендердің назарына жылқының қылынан есілген шылбыр, қыл арқан (оларды дайындағандар - Ысмағұлова Қибаш пен Дүйсәлиева Ұмсындық, мұражайға тапсырған- Исламов Ғайнел), түрлі қамшылар, құйысқан, ат тоқым, ат көпшік, үзеңгі, айыл, т.б. ұсынылған. Сүйектен шабылып, күмістелінген ерді ХХ ғасырдың 40-50-ші жылдары жылойлық ағайынды шеберлер – Қайшыбай және Ізғали Боқановтар жасаған екен. 
        Мұражайдағы ерекше көз тартатын сырмақты дайындаған - Жылой ауданының тұрғыны, қазір Алматы қаласында тұратын суретші Қами Айтқалиев. Ол мұражайға 1992 жылы тапсырылған. Суретші басыл-ған ақ киіздің үстіне түрлі-түсті маталардан құрап, күй анасы Дина Нұрпейісованың суретін және айналдыра тігілген шеңбер ішіне Дина шығарған күйлердің аттарын (“8 Март”, “Жеңіс”, “Бұлбұл”, “16 жыл”) бастырып тіккен.  
“Алаша” дегеніміз - әрбірінің ені 20-36 см болатын жіп жолақтарынан тоқылған қатты төсеніш. Мұражайда алашаны тоқу құралдары – мосы, басқазық, күзу ағаш, серу ағаш, қылыш, адарғы, тарту ағаш және басқалары жинақталған. Осы алаша тоқу жұмысының нақты үлгісін көрсету мақсатында залға қолөнер шебері Ағилаш Қалыбекованың тоқып жатқан алашасы барлық тоқу құралдарымен бірге қой-ылған. “Түрікпен теру”, “жүз теру”, “гүл теру” әдістерімен дайындалған алашаларды тоқығандар – қолөнер шеберлері Жаманбаева Әзима мен Дүйсенова Мүлкима. Шеберлердің бұл туындылары келушілерді қатты қызықтырады.  
            Мұражайда тұрған қолөнерлік жәдігердің бірі - атақты жылыойлық шебер, кезінде дайындаған басқұр-лары халықтық өнер шеберлерінің облыс орталығында, Алматыда, Мәскеуде өткен облыстық, республикалық және бүкілодақтық көрмелерде, Польшада, Югословияда, Бельгияда өткен халықаралық көрмелерінде бірнеше дипломдар мен жүлделер алған Жанбөпе Сәрсенбайқызы Жылқыбаеваның үнемі тұтынған қолөнерлік тарағы. Тарақтың сабы ағаштан жасалын-ған, жоғары бөлігі қолға ұстауға ыңғайланып, сүйірлеу жасалынған, саптың басында ілу жібіне ар- налған тесігі бар, тарақтың сабынан төменгі бөлігі бесбұрыш іспетті, оған темір қалып кигізілген. Бұл қалыптан мықты темір сымдардан терілген, ені 2 см-дей болатын тарақ ұштары шығып тұр. Осы тарақтың және басқа да құралдардың көмегімен шебер ені 45 см, ұзындығы 16 м болатын басқұрларды, ені 15 см, ұзындығы 5 м болатын үзік бауларды дайындаған екен.Солардың шеберлік істеріне арналып 2004 жылы “Қолөнер шеберлері Рысты Балжігітова мен Ару Диярова жасақтаған қолөнер бұйымдары мен қолданған еңбек құралдары” атты арнайы экспозиция жасақталды. Алғашқы басқұрын он жеті жасында тоқыған шебер, бүгінде он үш бала өсірген “Ардақты ана”, үш мәрте қажы Рысты Балжігітова дүниеге 1930 жылы келген. Өзін даңққа бөлеген қолөнерін енесі Жанбөпе Сәрсенбайқызынан үйренген болатын. Содан бергі уақыттарда Рысты апайдың қолынан көптеген бұйымдар – шилер, алашалар, текеметтер, киіздер дайындалды. Шебердің тоқыған әдемі қоржыны мұражайда тұр. Ені 50 см, ұзындығы 60 см қоржын екі қалтадан тұрады. Біртегіс жіптен жасалған тоқыманың үстіне бірнеше нақышты өрнектер салынған. Р.Балжігітова 1992 жылы Алматы қаласында өткен Дүние жүзі қазақтарының құрылтайында өз қолынан шыққан киіз үйді тігіп, көпшіліктің құрметіне бөленді. Бұл киіз үй Жылой ауданындағы, облыс орталығындағы Наурыз мерекелерінде, Қазақстан мұнайының 100 жылдық тойында, “Теңізшевройл” бірлескен қазақ-американ бірлестігінің 10 жылдық тойында қазақы өнердің мақтанышы болып тұрды. Рысты апайдың жұбайы, елге қадірлі азамат, абзал істері республика көлемінен асып, шетелдерге белгілі болған сегіз ардақты жігіттердің әкесі Қапан Балжі-гітовпен бірге 1999, 2001 және 2003 жылдары Меккеге қажылыққа бар-ған.  
        Шебер Ару Диярова да Жылой ауданында тұрады. Ол Түркіменстандағы Ашхабад кілем тоқу училищесін бітірген, ұзақ жыл бойына Ембі аудандық тұрмыстық қызмет көрсету комбинатында жұмыс жасады, кілем тоқудан алдына жан сал-ған жоқ. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 40 жылдығына арнап тоқыған кілемі нақышымен де, тоқылу шеберлігімен де ерекше мақтауға ие болды.Қазақ халқының өзімен ежелден бірге жасап, атадан балаға мирас болатын, сөйтіп, біздің қазіргі заманымызға дейін жеткен асыл мұраларының бірі – зергерлік, ұсталық өнері. Ағаштан түйін түйіп, алтынды күміске байлаған алтын қолды зергер, етік тігіп, тас қашаған, өнерімен өрге жүзген бесаспап шеберлер әр дәуірде де болып келген. Солардың бірі – Нарын өңіріне кеңінен танымал болған Қалмұқан ұста Ерекенұлы. Ол 1881 жылы туып, 1953 жылы дүниеден өткен. Ескіше және жаңаша сауатты кісі болған, ауылдық кеңесте қызмет атқарған. Халық ортасында алтын және күмістерден соққан білезіктері, сырғалары, сақиналары, т.б. қымбат бұйымдарымен атағы шыққан. Қалмұқан зергерлігімен қатар ағаштан түйін түйген шебер, темір бұйымдарды ұстатқыш ұста да болған. Шебер жасаған домбыра, кебеже, жастықағаш, адалбақандар ел ішінде әлі де кездеседі. Ел-жұрттың айтуына қарағанда, бұл өнер Қалмұқан әулетіне жеті атадан бері жалғасып келе жатқан екен, Атасы Төлен зергер Жәңгір ханның ордасында қызмет етіпті, ханның қазір Санкт-Петербургтағы Эрмитажда сақтаулы тұрған, кезінде хан Ресейдің І Николай патшасына тарту еткен ат әбзелдері осы Төлен зергердің қолынан шыққан дүниелер екен. Оның көрігі ұрпақтан-ұрпаққа жете келіп, Қалмұқанның қолына түседі, ұста оны Ұлы Отан соғысы жылдарында елдің ортақ мүддесі жолында игілікті пайдаланыпты. Екі ғасырлық тарихы бар бұл көрікті ұстаның немере інісі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Абат Кенжеғалиев пен ұстаның немересі Әлібек Тұқпатоллаұлы 2000 жылы мұражайға тапсырды. Көріністе тұрған көріктің айтар сыры көп-ақ.  
          Осындай зергердің бірі Шеркешбаев Сәрсенғалидың өз қолымен жасаған бұйымдары – тобылғы сапты, таза күміспен өрнектелген дойыр қамшысы, күміс білезіктері де мұражайымыздың сәнін келтіріп тұр. С. Шеркешбаев (1882-1961) мұндай өнерді өзінің исатайлық жерлестері Нұртекеш пен Әмірәлі деген зергерлерден үйренген екен. Оның күміс білезігінің екі шеті геометриялық алуан сызықтармен көмкерілген, ал, ортасына әдемі гүл өрнектері үлкен шеберлікпен ойылған. Дойыр қамшысы да жарқын өнердің үлгісі ретінде көзді еріксіз тартады, қамшыны мұражайға Марал Жаңбырбаев тапсыр-ған, оған бұл қамшыны шебердің өзі сыйға берген екен.  
         Қазақтың баға жетпес қолөнерінің кең мүмкіндіктерін жасаған бұйымдары мұражайдың экспозицияларында тұрған бірнеше қолөнер шеберлерінің шығармашылықтарынан да айқын көруге болады. Солардың бірі Арыстанбек Молдашұлымен (1936 жылы туған) 2001 жылғы маусымның 15-ші жұлдызында “Өнерлі өрге жүзер” деген тақырыпта кездесу өткізілді. Мектеп қабырғасында суретшілік, әнші-күйшілік өнермен танылған жас бір жылдары Балықшы балық комбинатындағы домбыра ансамбліне, хор ұжымына басшылық жасады. 1957 ж. Сейілхан Құсайынов құрған Дина оркестрінің алғашқы мүшелерінің бірі болды, кейін қолөнер жөніндегі фестивальдарға, көрмелерге қатынасты, осы сала бойынша Абай мен Жамбылдың 150 жылдық, Құрманғазының 175 жылдық мерейтойларындағы бәйгелерде жеңімпаз атанды. Ал, 2000 жылы Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 60 жылдық мерейтойына ұштастырылған республикалық патриоттық әндер мен өнердің “Ертеңім елім - Елбасым” атты ІІ фестивалінде “Әбіш баба” атындағы бас жүлдені жеңіп алды. Ол облыстық тарихи-өлкетану мұражайының 55 жылдық және 60 жылдық мерейтойларына арнап өзі дайындаған қолөнерлік бұйымдардың 25-ін мұражайға тарту етті. Олардың ішінде музыкалық аспаптар, сандықтар мен кебежелер бар. 
         Қазақ шеберлері ас-су ыдыстарына аса мұқият қарап, олардың қолдануға өте ыңғайлы, қарапайым және берік болуына көңіл аударған. Мұндай ыдыс-аяқтардың көбісі ағаштан жасалынып келді. Солардың бірі ақтөбелік шебер Ә.Қошқаров жасаған бір тобы мұражай төрінен орын алған, олардың ішінде күбі, тегене, ожау, тостағандар, саптыаяқ, бас салатын табақ, бауыр салғыш, ми салғыш, бауырсақ табақ, ет салатын астау, қазы мен қарта салатын ыдыстар бар. 
         Кейінгі жас буынның ішінде де халықтық осындай өнерді қастерлейтін және оны дамытатын шеберлері баршылық. 1965 жылы Доссор кентінде дүниеге келген Есім Нұрлығайынұлы Арыстанов – осындай жас өркендердің бірі. Халықтық қазынаны қастерлеп өскен және қолөнерді жетік меңгерген Күлиса әжесі Есімдей немересінің өнерге деген құштарлығын жастайынан-ақ оята білген және өз өнерін оған жалықпай үйреткен. 1985 жылы Абай атындағы қазақ педагогикалық институтының көркем сурет-графика факультетіне оқуға түскен жас шебер өз мүмкіндіктерінің көкжиегін кеңейте түсті. Бірнеше жылдан соң ол кәнігі шеберге айналды, бүгінде оны Атырау жұртшылығы жақсы таниды. 2001 жылдың 18 мамырында облыстық өнер мұражайында “Атаның асыл мұрасы” тақырыбына оның жеке көрмесі өткізілді. Оның шебер қолынан шыққан ұлттық тұрмыс бұйымдары – негізінен теріден жасалатын бұйымдар – торсықтар, қымыз құятын саба, тегенелер, кесеқаптар, қару-жарақтар - шоқпар, айбалта, қамшы, әшекей заттары – шашқа тағатын түйреуіштер, сүйек тарақ және шақша үлкен ізденіспен, ұлттық ою-өрнекті ұтымды пайдалану жолымен жаса-лынған. Олар халық қазынасының асыл мұрасының жалғасы іспетті және эстетикалық талғамымен, өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленеді.  
          Мұражайдағы жәдігерлердің аса құндыларының қатарына қазақтардың ұлттық киім-кешектері кіреді. Жаңа айтылып өткен киіз үйдің ішінде және арнаулы залда бірнеше киімдердің түрлері ілінген. Олар – ер адамның және әйел адамның киімдері. Ер адам киімдерінен бөрікті, тымақты, шапанды, шекпенді, саптама етіктерді, ішікті, қолдан тоқылған шекпенді, шалбарды, белбеуді көруге болады. Әйел киімінің түрлері де мұражайда көптеп жинақталған (шарқат, қамзол, қос етек көйлек, көк сауырлы кебіс, қама бөрік, жаулықтың түрлері, т.б.). Қазақтың әшекейлік бұйымдары да бағалы этнографиялық жәдігерлер санатына кіреді. Мұражайда көздің жауын алатын өңіржиектер, сырғалар, жүзіктер (құс тұмсық жүзік, құдағи жүзік (анасы Жаңылдық Бопылдықованың күмістен жасалып, алтынмен апталған бұл жүзігін тапсырған - жылойлық ана Дәмелі Рысжанова), оймақты жүзік, отау жүзік), білезіктер (күміс білезіктер, топсалы білезіктер), күмістелген бойтұмарлар, шекеліктер, қапсырмалар, тіс шұқығыштар, күміс белбеулер экспозицияға қойылған. Осылардың негізінде 2000 жылы “Сұлулық әрі - өнердің нәрі” деген тақырыптарда Батыс Қазақстанға тән әшекей бұйымдарының көрмесі жасақталынды.  
         Осындай тағы бір жинақ “Саз аспаптарын жасаушы Б. Мырзағалиев жасаған саз аспаптарының экспозициясы” деп аталды. Оған шебердің өз қолынан жасалған бас домбыра, домбыра, шертер, прима қобыз, қыл қобыз, жетіген қойылған. Шебер 1927 жылы Махамбет ауданының 12-ші ауылында дүниеге келген. Атасы Шыңбала мен әкесі Мырзағали ағаштан түйін түйген, ер жасаған, қамшы өрген, мүйізден - тарақ, ағаштан ойып, домбыра жасаған алтын қолды адамдар еді. Бисенғали 1942 жылы жетіжылдық мектепті бітірген соң ФЗО-ның ағаш шеберлерін дайындайтын бөліміне алынады. Ол 1953 жылдан бері домбыра жасай бастайды. 1957 жылы Дина Нұрпейісова атындағы оркестрге 14 тенор-домбыра, домбыра, прима, бас контрабас, 12 прима-қобыз бен қобыз жасап береді. Осылайша, жарақтанған оркестр Мәскеуде өткен Қазақ өнері мен мәдениетінің онкүндігіне қатынасып, «ең таңдаулы көркемөнерпаздар ұжымы» деген атақ алып, Кәсіптік одақтардың Бүкілодақтық орталық кеңесінің (ВЦСПС-тің) Құрмет дипломымен марапатталады. Бұл бір жағынан Бисенғалидың саз аспаптарын жасаудағы шеберлігіне берілген лайықты баға болатын.  
          Б. Мырзағалиев 1976 жылдан бастап ерте дүниедегі қазақтың ұлттық саз аспаптарының зерттеушісі, өнертану ғылымдарының докторы Болат Сарыбаевтың ақыл-кеңесінің негізінде алғаш рет қыл қобызды жасап берді.  
Осындай шын шебердің еңбегі кезінде лайықты бағаланды. «Тұрмыс қажетін өтеу қызметінің үздігі» атағына ие болып, бірнеше дипломдар мен грамоталармен марапатталды. Оның өнерін өз ұрпақтары мен шәкірттері жалғастыруда. 
Қорыта айтқанда, қазақ қолөнері ата-бабаларымыздың өзіндік өркениеті – далалық өркениеті, биік эстетикалық талғамы болғандығын дәлелдейді. Оны ілгері дамыту, насихаттау және мақтаныш ете білу – бүгінгі және келешек ұрпақтардың басты перзенттік парызы болуға тиіс. Ал, бұл ретте музейлердің алатын орны мен маңызы тіптен ерекше.

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Қазақстанның  дәстүрлі өнеріне теориялық шолу

2.1.Қазақ әйелінің қол өнері

Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындыларының иесін шебер деп атаған. Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін қолөнер бұйымдарында жиі қолданған. Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді. Қазіргі кезде қолөнер элементтерін үй интерьерінде, киім сәндеу кезінде, бас киімді әшекейлегенде көп қолданып жүр. Оның орындалу технологиясына да ерекшеліктер еңгізіп отыр. Мысалы, ою-өрнекпен әшекейленген бұйымда қатырма жапсыру, моншақтармен, түрлі түсті тастармен безендіру жиі кездеседі. Неше түрлі жібек, жылтыр люрекс жіптері қолданылады. Дегенмен, көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалған. Сол қолөнердің бір түрі – кесте тігу. Бірақ ерекшелігі – кестені ұсақ моншақпен, кішкене түйме тәріздес долмалақ жылтыр материалмен орындау. Моншақпен тек киімді ғана емес, жаулықтарды, неше түрлі сувенир заттарды кестелеуге, панно тігуге болады. Моншақтардың тесікшелері өте кішкентай болғандықтан, жіңішке ине алған жөн. Жіп моншақпен түстес болу қажет.  
 Қолөнерде жүнді пайдалану. Қазақ қолөнерінде пайдаланылған негізгі шикізат түрі - жүн. Оның табиғаттық қасиетіне зер салып, тиімділігі мен күнделікті тұрмыста қолайлы жақтарын қарастыра отырып, әдемілік жағына да көңіл бөлінді. Бүгінге дейін дәстүрлі қолөнер түрі – киіз басу. Бұл көне заманнан бері әйгілі. Бұрын киізді қара немесе ақ түсті етіп басқан, соңғы кезде оюлап басу кеңінен тарап кетті. Жүннің пайдалы да, сонымен қатар зиянды жақтары да бар. Жүннен жасалған бұйым, әрине, жылы, төзімді келеді. Ал гигиена тұрғысынан қарағанда – шаң, ауа өткізгіштігі төмен. Бірақ қазақтың киіз басу өнері жойылған жоқ.  
Кілем ерте кезден қазақ тұрмысында киіз үй мүлкінің бірі болып есептелсе, қазірдің өзінде де маңызы жойылған жоқ. Кілем – арнаулы қарапайым өрнек арқылы ерекше түр салынып, әрбір шаршы метріне шамамен 230-400-ге дейін, ал өнбойына бір миллионға жуық жіп тіндерін кетіріп өте тығыз тоқылатын аса бағалы бұйым. Жазбаша ескерткіштерге қарағанда, бұрыңғы замандарда киіз үйдің ішінен ұстап, еденіне төсеумен бірге, кілемді киіз үйдің туырлық пен үзігі орнына да жапқан. Кілемнің үй тұрмысында ұзақ тұтынылуы, оның өте беріктігі мен төзімділігіне байланысты болса керек. Сонау көне заманнан бергі келе жатқан халықтың дәстүрлі үй мүлкінің бірі - кілемнің құндылығы жағын сөз етсек, ол өзінің қолданылу жағынан көптеген материалдардан, тіпті металдан да асып түседі десек, артық айтпаған болар едік. Өйткені, кілем тұтынуға төзімді, оңайлықпен тозбайтын, жыртылмайтын, шаң-тозаңнан тез тазартылатын, ылғалдық пен құрғақшылықты елең қылмайтын, күйде түсуден де қорықпайтын аса бағалы мүлік. Оны алтын, күмістен қымбат бұйымдар сияқты баршылықтың, байлықтың бір белгісі деп білген.  
Кілемнің осындай қасиеттеріне байланысты қай кезде, қай заманда болмасын, кілемді, одан жасалатын мүліктерді көбінесе тек қой жүнінен тоқыған. Әсіресе, Орта Азия мен Қазақстан территориясында тоқылған кілемдердің сапасы мен түрі, түсі өте жоғары бағаланған. Оның себебі кілем тоқуға пайдаланылатын қой жүнінің сапалылығын жоғарыда аталған аймақтың шөбі мен суына, табиғаты мен климатына, бұл жерді жайлаған түркі халықтарының ішіндегі, әсіресе, қазақ халқының табиғи таланты мен тіршілігіне байланысты екендігі анықталып отыр. Өйткені, кілем тоқылуға жұмсалатын қой жүнінің ең сапалысы, жіңішке жібектей мамық жүннің алынатын оралығы – Қазақстанның оңтүстік облыстарынан бастап шығыс жағын тегіс қамтиды. Сондықтан да бұл аймақта кілемнің сапалы түрлері көп. Көктемде қырқылып алынатын қойдың жібектей жіңішке, мамық жүні бұл маңайда ерте заманнан мақтамен қатар маңызды орын алған. Осыған орай бұл жерде қой жүнін өңдеуді де көне дәуірден білген. Мақтаны тек кілемнің негізін салу үшін пайдаланған. Әрине, бұдан кілем тек қана қой жүнінен басқадан тоқылмайды деген ұғым емес. Мәселен, Робинсонның еңбегінде туысқан өзбек халқының кілемді арқар жүнінен де тоқығаны сөз болды. Кейбір түркімен кілемдерінде мақтаны түр, өрнек салуға пайдаланумен бірге кейде жібектен де кілем тоқыған. Біз бұл еңбекте Орта Азия және Қазақстан жеріндегі кілем тоқу өнері жайлы қысқаша тоқталып отырмыз. Өйткені бұл туралы бұрын-соңды жарияланған еңбектер баршылық. Ал кілемнің қазақ арасына тараған түрлеріне келетін болсақ, олар мыналар: масаты кілем, қалы кілем, жібек кілем, бұхар кілем, терме кілем, түрікмен кілем, сарыаяқ кілем, парсы кілем, шешенгүл кілем, пәтінісгүл кілем, алтыауыл кілем, мәскеугүл кілем, т.б. түрлері көп-ақ.  
 Кілем үлгілері әр түрлі әлеуметтік шындықты бейнелейді. Қолөнер шеберлері өз еңбектерінде ұлттық ою-өрнектермен қатар қазіргі заман тынысын бейнелейтін жаңа түр тапты. Қазіргі кілемдер өрнегінен космос, алып құрылыс, өскен ауыл өмірін көруге болады. Демек, қазақ арасына бұрыннан көп тараған жоғарыдағы кілем атаулары тектен-тек қойыла салмаған, аталған түрлердің өзіндік ою-өрнектері, тоқылу технологиясы мен тәсілдері барлығы сөзсіз. Олардың бояу, тоқу, түр салу әдістерінен-ақ әрқайсысының бір-бірінен өзгешелігін, тіпті қай облыстың кілем тоқу үлгісі екенін де байқау қиын емес.  
Алматыдағы кілем фабрикасы республикамыздағы сюжетті ою-өрнекті кеңінен пайдалана отырып, кейде тіпті сирек кездесетін кілем түрлерін де шығарып бірден бір үлкен мекемеге айналуда. Азғана уақыт ішінде қазақтың өрмек тоқу өнері толығынан игерілді. Жұмыс өнімділігі айтарлықтай нәтижеге жетті. Фабрика жиырмаға жуық кілемді еліміздің музейлеріне жіберді.  
 Дүние жүзіндегі ең үлкен кілем ең алғаш 1959 жылы Ашхабадта тоқылды. Оның көлемі 192 шаршы метр еді. 1965 жылы Түркімен шеберлері мұны екі есе ұлғайтты. Бұл кілемнің көлемі 252 шаршы метр, салмағы бір тоннадан асады. Армян шебері Акоп Кемешян көлемі 46 шаршы метр кілем тоқыды. 1966 жылы Витевск кілем комбинаты көлемі 144 шаршы метр кілемнің салмағы 300 кг түкті кілем тоқыды. Қазақстан кілемшілерінің ішінде 1926 жылы Париж көрмесінде бәйге алған қарт ана Барлыбаева Рымжан, 1950 жылғы республикалық көрменің жүлдегері болған. Әрине, арнайы жасалған кілем тоқитын заманымыздың соңғы жаңалықтарымен толықтырылып жасалған станоктар ауылдық жерлерде кездесе бермейді. Енді сол ауылдық жерде атазаманнан бері пайдаланылып, бірақ, соңғы кезде азайып жатқан қарапайым станоктың кейбір атауларына тоқталып, ондай атауларға түсіндірмесін беруді мақұл көрдік.  
 Төсек, кейде оны желі деп те атайды. Демек, төсектің немесе желінің ұзындығы бес метр, ені екі жарым метр шамасында болады. Кергі ағаш – кілем тоқылатын, желінің басынан және аяғынан кілем тоқылатын орында жүгірілген жіпті керіп тұратын ағаш. Оның тек қана ағаш болуы шарт емес, үй иесінің тапқан материалына қарай оның кейде құбыр тәріздес затқа немесе қазыққа мықтап керілген жуан арқан болуы да мүмкін. Керілген төсек-желінің жалпы саны орта есеппен еркегі – 600 (үстіңгі) жіп, ұрғашысы – 600 (астыңғы) жіптей болу керек. Үй иесінің тоқылатын кілем мөлшеріне қарай желі мөлшерінің бұдан аз да, көп те болуы мүмкін.  
 Белағаш – кілем тоқу үшін керілген жіп желісін күзу арқылы байланыстырып тұратын көлденең ағашты белағаш деп атайды.  
 Адарғы – керілген жіп желісінің шатысын немесе күзусізін бетіне шығарып, былайша айтқанда еркек жіп пен ұрғашы жіпті ерсілі-қарсылы, жоғарылы-төменді алмастырып тұратын белағашпен қатар жатқан ағаш.  
 Аяқ – белағашты көтеріп тұратын, аша басты тіреу ағаш. Керілген желі – төсек жіптің белағашының екі басына тіреліп қойылады.  
 Еркек жіп – кілем тоқу үшін керілген желі жіптердің күзуде тұрған үстіңгі жіптері.  
 Ұрғашы жіп – керілген желі, төсек жіптің төменгі күзусіз жіптері.  
 Күзу – керілген желі, төсек жіптің орта шенінен көлденең түскен белағашпен еркек жіпті жалғстырып тұратын жіп.  
 Тарту жіп – белағаштың үстінен екі басына бекітілген күзуді тартатын жіп.  
 Шатыс – керілген жіп желілерінің, яғни еркек жіп пен ұрғашы жіптердің күзу арқылы адарғының көмегімен айқасу. Былайша айтқанда шатыс ардағыны шеңбердің өзіне қарай тартқанда ұрғашы жіп жоғары шығып, оны кейін итергенде еркек жіп жоғары шығып, алма кезек айқасып отырады. Мұндай құбылысты шеберлер шатысу деп атайды.  
 Шалу – керілген желіге салынатын түрлі еркек жіптен алып ұрғашы жіпке шалып орағанды шалу немесе түр шалу деп те атайды.  
 Арқау – еркек жіп пен ұрғашы жіптің арасынан әрлі-берлі өткізілетін бас жағындағы кергіге шатысты ұстап тұратын жіп.  
 Жіп шалу – кілем тоқу үшін керілген жіп желісінің үзілуін жіптің қашуы деп атайды.  
 Жіп жалғау – керілген желі жіптерінің үзігін немесе қашқанын тауып байлау. Егер ол байланбаса кілемге салынып жатқан түр қисық түсуі мүмкін.  
 Сирексіту – керілген жіп желілерінің арасынан арқау өткізілген соң ұйысқан жіп аралығын тоқпақпен (мұны кейде тарақ дейді) түйгіштеп сол желі жіптерінің арасын ажырату.  
 Тоқпақ – керілген желідегі еркек жіп пен ұрғашы жіптің арасынан арқау жіп өткізілгеннен соң, жіп арасын түйгіштейтін шеге тісті ағаштан жасалған құрал. Мұны тарақ деп те айтады. Өйткені бір жағынан тараққа ұқсайтындығы бар.  
Қайшы – керілген желідегі жіпке шалынғаннан соң тегістеу үшін пайдаланылатын құрал.Осы қайшы арқылы түгі қырқылып тегістеледі.  
 Ши тоқу өнері бұрын көшпелі және жартылай отырықшылдықта тіршілік еткен Орта Азия халықтарына (қазақтар, қырғыздар, түрікмендер, жартылай отырықшы өзбектер, қарақалпақтар) көне заманнан белгілі. Күнделікті тұрмыс пен шаруашылық қажетіне тоқылған ши қазірге дейін кең түрде пайдаланылып келеді. Оны киіз үйдің құрамы бір бөлігі ретінде кереге сыртына тұтуға, сондай-ақ қазақтар мен қырғыздарда оларды үйдің ішіндегі аяқ-табақ, ошақ басын қоршап қою үшін де қолданады. Тоқылған шиді киіз үйдің есігінде ұстау үшін де пайдаланады. Сондай-ақ киіз үйге төселген киіздің ылғал тартып бүлінбеуі, тез тозып қалмауы үшін төсеніші ретінде киіз астына төсейді. Тоқылған шиді қазақтар сияқты қырғыздар да, жартылай көшпелі басқа да шығыс халықтары да пайдаланып келді. Мәселен, оны құрт жайып, тары сүзу үшін шыпта жасау сияқты күнделікті тұрмыс қажетіне де ерте заманнан-ақ пайдаланған. Тығыз тоқылған шиді күннің суық кезінде киіз үйдің керегесіне тұтқанда үйдің жылы болуына әсері тисе, күннің жылы кезінде туырлығын жоғары түріп қойып, үй ішін салқындатуға жақсы. Ши өңдеу, тоқу өнерімен қазақтар, қырғыздар, сондай-ақ Орта Азиядағы басқа да халықтарда көбіне әйелдер айналысқан. Жай ғана ақ шиден өзіне керекті күнделікті тұрмыста пайдаланылатын затты әрбір әйел өздері тоқып алады.  
Ерте кезде тұрғын үйдің негізгі түрі тек киіз үй болған уақытта ши дайындауға топталып, әйелдермен бірге ер кісілер де баратын болған. Ерлер жағы ши өсімдігін түбімен қопарып оны түйеге, езгіге немесе атқа арту сияқты ауыр жұмыстарды атқарған. Шиді күзге қарай дайындаған. Ши тоқу үшін ашасы бар екі ағашты белгілі қашықтықта тіке қадап, екі ашаға көлденең ағаш қойып, арнайы жасалған қарапайым станок пайдаланылады. Оны үйдің ішіне, жабық қораға немесе бастырманың астына орнатады. Киіз үйдің ішінде станоктың екі жағындағы ашалы ағашы керегеге байланып (екеуінің арасы қандай нәрсеге арналып тоқылатын шидің еніне байланысты) төменгі жағы жай ғана жерге бекітіледі. Ашаның үстінен көлденең қойылған сырықтың биіктігі түрегеліп тұрып істеуге ыңғайлы болуы тиіс. Өйткені, қой жүнінен көбінесе қоңыр жүннен иіріп, тас немесе басқадай салмақты зат байлаған және бір біріне қарама-қарсы орналасқан екі жіптің екеуін екі қолмен ұстап тұрып, кезекпе-кезек қарсы бағытта сырықтың үстінен асырып отырады. Ондай жіптің арасы 10-15 см болады да, саны жиырма-отыз шамасындай болуы мүмкін. Сөйтіп, көлденең сырықтың үстіне қойылған бір ши бастан-аяқ байланып болған соң екіншісі қойылады, осы тәртіп ши тоқылып біткенше қайталанып отырады. Алғаш тоқи бастағанда төрт шиден ғана қабаттап бекіту шарт емес, оны үш шиден де крест салып байластыруға болады. Мұны ши тоқушылар «шыбын қанат» деп атайды. Тоқылған шидің алғашқы бастамасы мен соңғы аяқталу кезеңінде шамамен алғанда 20-40 см болуы керек. Бұл шидің екі шеті қалың болып, тез тозып қалмауына себебі тиеді. Ши тоқушылар тоқылған шидің бұл бөлігін қарақұс деп атайды. Шиді байлау үшін қарақұсқа бекітілген бауды шибау деп атайды.  
Қазақ халқының саласында ши өңдеу, оған жүн орап, өрнектеп безендіру, түр салып тоқу ісі де ғасырлар бойы атадан балаға мирас қалып жатқан ұлттық өнері болып табылады. Ши бұйымының жалпы сырт көрінісіне қарай: ақ ши, ораулы ши, шым ши деп үш топқа бөлінеді. Мұндай ши түрлері қазақ арасында әрқайсысы өз орнымен әр түрлі мақсатқа пайдаланылады. Мысалы, қабығынан тазартылған ақ шиді көбінесе, ірімшік, т.б. жаю үшін, сондай-ақ сүзгіш шыпта жасау, үйдің төбесін біртегіс сылауға ыңғайлы болу үшін қолданылатын болса, ұзына бойы түсті жүнмен немесе жібекпен оралған шым ши киіз үйдің сәнді жиһазының бірі болып есептеледі. Ал өн бойы тұтас оралмай әр жерінен аралатып оралатын шиді орама ши немесе ораулы ши деп атайды. Демек, киіз үйдің керегесін орай тұтуға көбінесе жоғарыдағы айтылған шидің соңғы екі түрі: шым ши мен орама ши пайдаланылады. Шым шиді кейде «жез ши» деп те атайды (бұл ерте уақыттағы жез оралған кезден қалған атау болса керек).  
 Шым ши тоқу – қазақтың қолөнер саласындағы ұлттық өнерінің ерекше бір түрі. Өрнектеп шым ши тоқуда болсын, халықтың қолөнерінің қайсыбір саласында болмасын, қазақ әйелдерінің шеберлік, көркемдік талғамы өзінің табиғи шынайылығымен көз тартады.  
Шым ши тоқуда, негізінен, оюдың композициялық құрылысының маңызы ерекше. Бұл саладағы қазақ шеберлерінің қолданып жүрген қазіргі барлық ою түрлерін композициялық жағынан: толық жекелеген және тұтас ою, бір беткей ұзындық ою (компоненттері бойлай да, көлденең де тепе-теңдіктегі ұзындық ою) болып бөлінеді. Шым ши тоқу өнерінде кездесетін қазақ оюларының ішіндегі жоғарыдағы аталған жекелеген және тұтас ою формасын «Шаршы ою» деп те атайды. Оған белгілі геометриялық фигурадағы төрт бұрышты, дөңгелек, үшбұрышты, тағы басқа көп бұрышты оюларды жатқызуға болады. Олар шым шидің бетін тұтас сәндеуге қолданылады. Мұндай оюлардың қайталанып келіп отыратын күрделі композициялы қиын түрлері сәуле, шахмат, ұзындық оюларды ашық жерге түсіргенде сол мотивтегі бөлшектермен оюланып, жиектеледі. Бұл сияқты шым ши бетін әшекейлейтін қазақ, қырғыз оюларының негізі – кейбір геометриялық мотивтегі элементтер мен өсімдік және зооморфтық, тағы басқа оюлардан құралған ба, деген ой келеді. Шым ши тоқуда геометриялық ою элементтері ромбы, төрт бұрыш, шаршыдағы жұлдыз, үш бұрыш, көп бұрышты немесе сүйірлі бұрыштанып келген крест тәрізді болып келеді. Бұдан геометриялық ою элементтері шым ши тоқу өнеріне ғана сақталған екен деген ой тумау керек. Мұндай оюлар ерте заманнан керамика, үй құрылысында және күнделікті үй мүліктерінде алаша, кілем, киіз өрнектеу салаларында жақсы сақталған. Алайда геометриялық оюдың шыққан тегі анықталады деп үзілді-кесілді айту қиын. Дегенмен, мұндай оюлардың түрі алғаш рет еңбек құралдарын бейнелеу, кейіңгі бақташылық дәуірде үй жануарлары мен жабайы аңдарды белгілі жерге дағдыландыру орандарын суреттейтін бізге келіп ромбы, көп бұрышқа ұқсас қолдан тоқылған кескін үйлесімімен шықты деп шамалауға болады.  
 Осыдан біз халық қолөнер шеберлерінің ұзақ жылдар бойы көшпелі тұрмыс жағдайына сәйкес жасаған заттары негізгі кәсібіне орайлас өрістегенін байқаймыз.  
Өрнектеп ши тоқу өнерін де қазақ шеберлері қолданған. Олардың ши бетіне салған түрлері жүзтеру деп аталады. Әр қайсысы шаршыға тең алты шаршыдан кейін, оның екі жағынан шыбық ши, одан кейін, алақан ши жалғасады. Алақан шиге түр салынбайды. Көшіп-қонағанда түр салынған жағы түтіліп, тез тозып қалмау үшін, алақан ши шым шидің екі жағынан салынады. Кереге сыртынан бір босағадан екінші босағаға дейін, шиді айналдыра тұтуды – ши ұстау деп атайды. Ұсталған шидің екі шетіндегі керегеге байланатын жіпті шибау дейді. Халық шеберлері табиғаттың байлығын өздерінің күнделікті тұрмысында қажетке жаратуға өте ұста болғанын ертеден-ақ білеміз. Оған керегеге тұтылар киізді шимен ауыстырғаны қарапайым ғана мысал бола алады. Даланың шиін өңдеп, тоқып, кәдеге жарату қиын да жұмыс болмағанымен оны көркемдеп, мәнерлеп, әдемі кілем іспетті дүние ету оңай да іс емес. Әйтеуір халқымыздың қалаулы шеберлері жасаған шым ши киіз үйдің керегесін сыртынан жауып, киіз есіктің ішкі жағынан тұтылады. Шидің әрбір сабағына түрлі-түсті жүннен, кейде жібектен оралған белгілі ою-өрнектермен түгелдей безендіріліп өрнекті де әсем заттар мен бұйымдар жасау ертеден мәлім, ши өңдеу мен тоқуға қатысты қалыптасқан терминдер де бар. Мысалы, аршу деп тоқудың алдында ши сабағының қабығын аршуды айтады. Шиді аршумен бірге оның ішінде жүн орауға жарамдысы да, жарамсызы да болады. Сондықтан жарамдысын таңдап, бөлектеп аршып алуды сұрыптау деп атайды.  
Сұрыпталған шиді әрбір иненің тұрқы жеткенше өткізіп қоюды тізу дейді, ал шиге өрнек саларда оны алдын ала өлшеп алып, жіп оралатын жерін белгілеуді сызу деп атайды. Оны көбінесе пышақпен, қарындашпен, сондай-ақ отпен де күйдіріп белгілейді. Сызылған белгі бойынша инеге өткізілген шиге түрлі түсті жүннен орап үлгі салып шығуды түр салу деп атайды. Оралған шиді, салынған белгісіне қарай, өрнек бойынша ши сабақтарын дұрыс орналастырудың да шеберлер тізу деп атаған. Қолөнер саласының басқа да түрлері сияқты шым ши тоқытып, үйретілетін арнаулы орын бұрыңғы кезде болмаған. Тек ұрпақтан-ұрпаққа дәстүр бойынша қалып отырған.         Қазақ коғамындағы өндірістің тағы бір түрі-үй кәсіпшілігі. Үй кәсіпшілігінің негізгі қызметі шаруашылықты кажетті құрал-жабдықтармен, тұрмыска қажетті заттармен қамтамасыз ету. Қазақ қоғамының шаруашылығы мен көсіпшілігі, негізінен, табиғи болды. Яғни, шаруашылыктан алынатын өнім де, кәсіпшілік арқылы өндірілетін құрал-сайман, тұрмыс жабдығы, қолөнер туындылары да, негізінен, қауымның өз қажеті үшін шығарылды. Сондықтан да Қазақстан Ресей құрамында капиталистік қарым-қатынасқа, тауарлы өндіріс жүйесіне кіргенге дейін қазақ қауымының шаруашылығы табиғи болды, ал кәсіпшілігі үлкен өндірістік, тауарлық мақсатқа кұрылмай, негізінен, ауыл-үй, қауымдастар сұранысын өтеуге бағытталды. Кәсіпшіліктің бұл деңгейдегі түрі үй кәсіпшплігі деп аталды. Қазақ ұсталарының, зергерлерінің қолынан шыққан заттар ешбір елдің өндірістік деңгейде ұйымдастырылған қолөнер заттарынан кем болмаған. Көшпелі тұрмысқа ыңғайланып жасалған түркі-монғол халыктарының, қазақтың киіз үйі өзінің сәулеттік, құрылымдық, ішкі-сыртқы жабдықтары жағынан адамзат баласы ақыл-ойының, өнерінің ең бір шырқау шегі болып табылады.Жүннен жасалатын бұйымдар. Малдың жүні қазақ тұрмысында кеңінен қолданылды. Оның ішінде қой және түйе жүндері ерекше орын алды. Киіз басу. Киіз басуға койдың күзде кырқып алынған күзем жүнін пайдаланған. Алдымен, киізге арналған жүнді тазалайды. Ол үшін жүнді тулаққа салып, сабау ағашпен тулақтың жан-жағынан отырып алып сабаған. Сонда жүн шаң-тозаңнан, шөп-шаламнан арылады және ұйысы жазылады. Тулақ дегеніміз- сиырдың иленбеген, керіп кептірген қатты терісі. Ал сабауды бұтақсыз түзу талдан, жыңғылдан, тобылғыдан жасаған. Жүн сабау, әдетте, ойын-сауықпен өтеді. Жүн сабалып болған соң «тулақ шашу» деген ырым жасалады.Қазақта оюлы киізді текемет, сырмақ деп екіге бөледі. Текеметтің жай киізден айырмашылығы бір түсті (ақ немесе қара) жүнді шиге төсеген соң бетіне бояған жүннен ою салады.Қазақ киізді үйдің жабулары үшін, жерге салу үшін, тұсқа ілу үшін жасаған. Тұсқа ілінетін өрнектеліп жұқалау қылып жасалған киізді тускиіз деп атаған. Киізден бұдан басқа да тұрмыстық заттар киіз кебенек, киіз қалпақ, байпақ, кесеқап, шәйнекқап, кіркап, сандыққап, жер жастық, асмалдық (түйенің жабуы), тоқым, жабу, т.б. істеген. Кілем тоқу. Қазақ әйелдерінің қолөнерінің бір түрі-кілем тоқу. Кілемнің екі түрі-түкті кілем және тақыр кілем болады. Түкті кілем көбінесе оңтүстік аймақтарда таралса, солтүстік өңір, негізінен, тақыр кілем тоқыған.Ши, өрмек тоқу. Қазақта ерте заманнан-ак ши тоқу өнері қалыптасқан. Шиді кереге сыртына түту үшін, үйдің аяк-табақ, саба тұратын бөлігін қоршап кою үшін, киіз үйдің есігіне ұстау үшін және төсеніш ретінде киіздің астына да төсеген, киіз басу үшін де, құрт жаю үшін де пайдаланған. Тұтылатын шиге боялған жүн орап, өрнектеп безендірген. Мұны «шым ши» деп атаған. Қазақтың үй кәсіпшілігінде өрмек тоқу кең таралған. Өрмек арқылы бау-басқұрлар, алаша токылады.Арқан, жіп, баулар, негізінен, түтіп, шүйкелеп, есіп, бұрау арқылы, кейде жіптен өру, тоқу тәсілдерімен жасалады. Бұл заттарға көбіне шетпұшпақ өлі жүндер, жабағы жүн, жылқы кылы, түйе жүні пайдаланылады. Арқан, жіп есілу тәсіліне қарай екі түрге бөлінеді. Есіп жаса латын жіптер арқан, желі, ноқта, құрықбау, бұйда, шылбыр, тізгін, т.б. Тоқып және өріп жасалатын жіптер баскұр, таңғыш, туырлық бау, жел бау, тең таңғыш, кұр жіп, құлын ноқта, нар ноқта, т.б. Арқанның түрлері арқан, қосақ арқан, сүйретпе арқан, жел арқан, тарту арқан, матау арқан, ат арқан, белдеу арқан, шом арқан, қом арқан, тең арқан, желі арқан. Тері өңдеу. Мал терісі қазақ тұрмысында өте кең қолданылған шикізат. Әрбір іске әр түрлі терілер пайдаланылған. Шеберлер оның әркайсысына өзінше атау берген. Мысалы, қара мал терілерін сиыр терісі, өгіз терісі, тайышиа терісі, бызау терісі деп төртке бөлген. Әр терінің өн бойындағы жекелеген бөліктерінің де атауы болған жондық, қабыргалық, үйек бас тері, пұшпақ, мойын терілері. Жылқы терісін бие терісі, жабағы және құлын терісі деп үшке бөлген. Түйе терісін атан терісі, бота терісі деп екіге бөлген. Атан терісі, өгіз терісі және олардың жондьқтары қазақ қолөнерінде өте кең қолданылған.Қазақ халқының материалдық мәдени дәстүрі. Қазақ халкының дәстүрлі мәдениетінің түп тамыры өте тереңде жатыр. Қазақ мәдениетінің қалыптасып дамыған аймағы осы ұлттың бүгінгі мекені, соның төңірегі. Оның дәлелі археологиялық, палеоэтнографиялық деректер. Біздің жерімізде мекендеген андронов тайпаларының қыш құмыраларындағы ою-өрнектер кейінгі қазақтың бау, баскүрларындағы нақыштарға ұксайды. Андроновтықтардың тастан салған үйлері, шаруашылық құрылыстары, құдықтары кейіигі қазақтың осындай кұрылыстарында көрініс тапқан. Одан бергі сак, ғүн, үйсін, қаңлы тайпаларының да мәдениеттерінің қазақ дәстүрлі мәдениетінің қалыптасуына әсері аз болмаған. Ерте ортағасырларда бүгінгі қазақстан жерін және көрші аймақтарды мекендеген таза түркілік этностар және мемлекеттер тұсында бүгінгі қазақ халқы дестүрлі мәдениетінің, тілінің негізі қалыптасты. Жалпы мәдениетті, әдетте, шартты түрде екіге бөлеміз. Ол материалдық (заттай) және рухани мәдениет. Материалдық мәдениетке ұстап көруге болатын заттық дүниелерді жатқызсақ, рухани мәдениетке көзбен көріп ұстауға келмейтін рухани кұндылықтарды жаткызамыз.Ұлттық материалдык мәдениетте оның дәстүрлі ерекшеліктері анық көрініс табады. Қазақтың дәстүрлі материалдык мәдениетінің ең бір көрнектісі де көнесі киіз үй.Киіз үй тарихы. Дәстүрлі қазақ көшпелі коғамының материалдық мәдениет саласындағы үлкен бір жетістігі киіз үй. Бүгінгі таңда киіз үйдің 2 мың жылдан астам тарихы бар екенін ғалымдар дәлелдеп отыр.Көшпелі сақтар бұдан екі жарым-үш мың жыл бұрын өмір сүргендігі белгілі. Көшпелі сақтарда үлкен арбаның үстіне тіккен (орнатқан) киіз жамылғылы баспанасы және жиналмалы шошақ үйлері болған. Б.з.д. Ы мыңжылдықтың соңында Қазақстан жерін жайлаған ғұндар мен үйсіндерде уықты, шаңырақты, киізбен жабылған үйдің болғандығы дәлелденіп отыр. Одан екі-үш ғасыр ертерек кезеңге жататын Алтайдың Пазырық қорғандарынан табылған киіздердің қазақ киіздеріне ұқсастығы таңғалдырады.Жиналмалы керегесі бар, уық, шаңырағы бүгінгі қазақтың киіз үйіне ұқсас жылжымалы баспана түркі заманында толық калыптасқан болуы керек. Орхон-Енисей көне сына жазбаларында киіз үй ұғымын білдіретін «керагу» деген сөз кездеседі. Көне түркілердегі киіз үйдің «керегу» атауы кейінгі қазақтарда да сақталған. Қазақ кейде киіз үй атауының баламасы ретінде «кереге» деген сөзді де қолданады. Бұл әдет көбіне шығыс өңірі қазақтарында жиі кездеседі.Монғолдар керегесі бар киіз үйді түркілерден шамамен ХЫЫЫ ғасырда қабылдаған. ХВ-ХВЫ ғасырларда Еуразия даласында киіз үйдің екі түрі түркілік және монғолдың түрлері қалыптасады. Киіз үйдің түркілік түрі уығының иіні қайқылау болуына байланысты жатағандау болып келеді, ал монғол киіз үйінің уығы тіктеу, төбесі конусқа үқсас шошактау болады.Қазақтың күнделікті өмірде пайдаланған үйлері дәулетіне қарай төрт қанаттан сегіз қанатқа дейін болған. Әйгілі ғалым Әлкей Марғүланның айтуына қарағанда, салтанатты орда үйлері 12,18, тіпті 30 қанатқа дейін болған. ХВЫЫЫ-ХЫХ ғасырларда қазақтың сұлтандары, атақты билері екі үйді катар тігіп, арасынан керегеден дәліз жасап екі бөлме етіп те пайдаланған. Кереге желкөз және торкөз болып екі турге бөлінеді.Киіз үйдің құрылысы. Киіз үй ағаш, киіз бөліктерінен және баушудан тұрады. Үйдің ағаш саймандары төрт бөліктен: кереге, уық, шаңарақ және есіктен тұрады.Кереге киіз үйдің дөңгелек қабырғасын құрайтын, бірнеше жиналмалы бөліктен тұратын зат. Әрбір жеке бөлігі қанат деп аталады. Уық шаңырақ пен керегенің арасына дәнекер болып тұратын иінді шыбык ағаштар.Шаңырақ киіз үйдің төбесі. Үйдің көлеміне қарай шаңырақтың диаметрі екі жарым метрден бес метрге дейін болады. Шаңырақ иінінің бүйірінің астына карай уықтың ұшы кіріп тұратын көздері болады. Шаңарақтың дөңгелек иінінің ортасынан жартылай томпайып келген кергіш ағаштар салынады. Бұл ағаштарды күлдіруіш дейді. Олардың екі түрлі қызметі бар. Бірі шаңырақты керіп түру, екіншісі шаңырактың үстінен жабылатын түндік (түңлік) киіздің астына дәнекер болу. Күлдіреуіштің бағыты есікке қарамай ауысып тігілсе, көргенсіздіктің белгісі деп есептелген.Сықырлауық киіз үйдің ағаш есігі. Ашып-жапқанда одан шығатын дыбысқа карай сықырлауық атанған. Бұл есік екі жармалы болады. Оны, әдетте, өрнектеп әшекейлеп жасайды.Киіз үйдің киіз жамылғысы үш бөліктен тұрады: туырлык, үзік, түндік. Туырлық үйдің кереге бөлігін айнала жауып тұратын төртбұрышты ұзын киіз. Әдетте, туырлық үйдің көлеміне карай үшеу, төртеу болады. Уықтардың үстін жауып тұратын трапеция тәрізді киіз жамылғыны үзік деп атайды. Ол екеу болады. Шаңырақты жауып тұратын төртбұрышты шағын киізді түндік (түңлік) дейді. Сонымен қатар көбінесе киіз үйдің ағаш есігінің сыртынан киіз есік тұтады. Оны түнде түсіріп, күндіз шиыршықтап маңдайшаға жинап қояды.Киіз үйдің бау-шуына желбау, аяқ бау, аспа бау, әр турлі таңғыштар, бау-басқұрлар жатады. Олар, әдетте, тоқылып жасалады. Әдемі геометриялық өрнектермен безендіріледі.Қазақ дәстүрі бойынша киіз үйдің есігін шығысқа қаратып тіккен. Күншығыс бағытын ұстану сонау сақтардан, одан бері қыпшақтардан келе жатқан дәстүр.Киіз үйдің іші оң жақ, сол жақ болып бөлінеді. Киіз үйдің оң-солы төрден есікке қарап отырған адамның оң-солымен есептеледі. Киіз үйдің сол жақ жоғары бөлігінде үй иесінің төсек-орны болады, одан төмен ыдыс-аяк, саба, ас-су тұратын орын, оны кейде шимен қоршап орналастырады. Үйдің оң жақ бөлігінде бойжеткен қыздың төсегі орналасады. Қазақ сондықтан бойжеткен қызды «оң жақта отырған қыз» деп атайды. Үйдің қақ төрінде жұкаяқ койылып, үстіне жүк жиналады. Оң жақтың есікке жақын бөлігінде ер-тұрман қойылады, жүген ілінеді. Үйдің кақ ортасында ошақ болады.Қазақ жайлауға шыққанда үйлерді көбіне шеңбер бойымен тігіп, ортасына түнге қарай қойды иіретін болған. Мұндай жағдайда үйлердің есіктері шеңбердің ішіне карай бағытталып тігіледі. Кейде үйлерді жарты шеңбер кылып тігіп, алдыңғы жағына түнде мал иіретін.Осындай көшпелі тұрмысқа ыңғайланған киіз үйлерде қазақтар жазда ғана емес қыста да тұрған. Қыста киіз үйдің керегесіне жиілетіп тоқылған ши тұтып, туырлығын қос-қостан салып, іргесін көміп, сары ки мен ағашты жағып тұра берген.Отырықшы баспаналары. ХВ-ХВЫЫЫ ғасырларда отырықшы коныс-үйлердің 4 түрі болды. Олар қыстау, қыстак-коныс, тастан, топырақтан салынған бекінісі бар уақытша қорған және қала (кент).ХВЫЫЫ-ХЫХ ғасырларда Қазақстанның көпшілік аймақтарында қыста қыстайтын қыстаулар болған. Әсіресе оңтүстік аймақтарда мал шаруашылығы егіншілікпен ұштасып, оларда жартылай көшпелілік, жартылай отырықшылық салты қалыптасқан. Қазақстанның көпшілік өңірлерінде, өте ертеден келе жатқан там үйдің бір түрі жартылай жеркепе қолданыста болған. Оларды салғанда жерді 1-1,5 м етіп тереңдетіп қазып, қабырғасын 50-60 см етіп шымнан, қам кірпіштен, тастан көтерген. Мұндай үйлерді қазба үй, жертөле немесе жер үй деп те атаған.ХЫХ ғасырдағы там үйлер, негізінен, шымнан, тастан, қамыстан, тоқылған шарбақтан салынды. Шығыс, Орталық Қазақстан, Маңғыстау мен Жетісуда там үй мен мал қораларын көбіне тастан қалаған. Ал Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Семей, Жетісу секілді орманды аудандарда үйді қарағайдан да тұрғызған. Бұл ағаш үйлердің көпшілігі қималанып салынатын болған, Қазақстанның оңтүстік аймақтарында үйді қам кірпіштен, сабан кірпіштен көп көтерген. Осы аймақта дымқыл топырақты ұзын қалыпқа салып түю аркылы да үйлер тұрғызатын. Оны соқпа, ұрма әдісі дейді.Қам кірпіш пен күйдірілген кірпіштен құрылыс салу Оңтүстік Қазақстан еңірінде біздің заманымыздың бірінші ғасырларынан бастап ХVI ғасырға дейін жалғасқан.ХІХ ғасырдағы қазақ қыстауларының көпшілігінде үйлер мен шаруашылық қоралары жапсарласа салынып, біртүтас кешенді құраған.Үй жылытатын пештің үш түрі болды: тік журжалы қазандық, бірнеше құдықты қабырғасы бар қазандық және темір пеш.Үйлердің төбесі: тегіс төбеліжәне екі жаққа көлбеу тебе болды. Бұл төбелер қазіргі екі сайлы шатырлар сияқты тік емес, жай ғана көлбеу болып келетін.Қазақ қыстаулары, әдетте, қыста желдің өтінен сақтайтын ықтасын жерлерде, өзен-Бұлақтардың жағасында орналасты. Бір қызығы, кейінгі қазақ қыстаулары осыдан 3-4 мың жыл бұрын қола дәуірі , заманындағы қоныстар орнында орналасқан.Қазақтың дәстүрлі киімдері мен әсемдік заттары. Күнделікті тұрмыста киетін киімдермен қатар той томалаққа, жиынға киетін киімдер болады. Сал-серілер, ел жақсылары, бой түзеген бойжеткендер, бозбалалар әдемі киініп жүретін болған. Жалпы, киімдер адам үшін тұрмыстық және әлеуметтік қызмет атқарған. Киген киіміне қарап адамның дәулетін, қоғамдағы орнын ажырататындықтан да «жатжерде тонсыйлы» деген ұғым қалыптасқан.Киім ерлер киімі, әйелдер киімі деп бөлінген. Жас ерекшелігіне қарай кішкене балалардың, бозбала-бойжеткендердің, орта жастағы адамдардың, қариялардың киімі болып тағы да бөлінеді. Киімдер, сонымен катар бас киім,ұлы дене киімдері және аяқ киім болып бөлінеді.Ерлердің киімі ішік, тон, шапан, шалбар (сым) және өте көне іманнан ХЫХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басына дейін келіп жеткен түрі кебенек, күпі, жарғақ (тайжақы).Ішік иленген теріден жүні ішіне қаратып тігілген қыстық киім. Ішік бағалы аң терілерінен тігілетіндіктен бұлғын Ішік, жанат ішік, қыр ішік, тулкі ішік деп бөлінеді. Ішіктер кейде етек-жеңіне алтын,күміс зер ұсталған, оқалы, шет-шеті жүрындалған қайырмалы болып келеді. Ішікті жол жүргенде, той-жиынға көбірек пайдаланады.

2.2.Қазақ ерлерінің  қол өнері

            Қазақтың  ерлерінің дәстүрлі қолөнер кәсібінің  өзі іс саласына қарай әр түрлі түрге бөлінген. Мәселен, ағаш өңдеу өнеріне байланысты шеберлерді ағаш шеберлері деп аталған. Олардың өзі  шеберлердің өндіретін бұйымдарына қарап үйші, ерші, арбашы, ұста (ағаш ұстасы) деп бөлінген. Бұлардың әрқайсысы жеке-жеке өнер түрі болған. Мәселен, киіз үйдің сүйегі мен ішіндегі жасау-жиһаздарын (сандық, кебеже, адалбақан, келі-келсап, ыдыс-аяқ) ағаштан жасайтын шеберлер үйші деп аталған. Кейбір қалаға жақын отырықшы жерлерде, әсіресе ағашы мол жерлерде киіз үй сүйегін жасаушылардың өзі керегеші, уықшы, шаңырақшы деп аталатын мамандықтарға бөлінген. Үйшілер ісі ағаш өңдеу өнерінің ішіндегі аса іскерлік пен қыруар еңбекті, талғамды қажет ететін өнер болған. Киіз үй сүйегі, яғни керегесі мен уықтары көбінесе өзен жағасында өсетін әр түрлі талдан жасалған. Әдетте қайыңнан жасалатын үйлердің көлемі үлкен болуымен қатар оның сүйегі де салмақты және өте берік болған. Киіз үй сүйегіне жарайтын ағашты көбінесе үйшілердің өздері ерте көктемнен бастап әзірлеп, кемінде бес-алты ай,кейде жыл бойы көлеңкеде кептіріп отырған. Ағаштың ұзындығы мен жуандығы керегеге-уық жасауға жарамды болуы қажет, ал олардың қисықтығына онша мән берілмеген. Ал шаңырақ үшін дайындалатын қайың мүмкіндігінше түзу, бұтақсыз болуы қажет болған. Үйшіге  қажетті жабдықтар: тез, жоңғы, балта, қашау, қол ара,ою пышақ, үскі сияқты саймандармен  бірге кереге, уық, шаңырақ жасауға арналған қалыптар мен  кепекен ағашты жібітуга арналған қоз, мор атанатын «ыстық пештердің» де болуы аса қажет. 
      Киіз үй сүйегінің ең күрделісі де, қыруар еңбекті қажет ететіні де  кереге болғандықтан, үйші ең алдымен кереге сағаналарын дайындауға кіріседі. Ең алдымен ағаштың қисық жерлерін тезге салып, түзетіп алады.Одан соң ағаштың жуан басының екі жағын түзу жоңғымен тегістейді. Содан соң кереге сағаналарының ұзына бойын түгелдей қуыс не ойыс жоңғымен жұмырлай жонады. Керегенің бір жағын біртіңдеп ішке тартып, төменгі ұшын тіп-тік етіп жасайды. Мұның өзі киіз үй сүйегінің орнықты және берік болуының басты шарты. Мүсінделген кереге көлеңкеге қойылып кептіріледі. Содан соң 42 шыбықтан тұратын кереге ағаштары бір-біріне біріктірілген. Бұл қанат деп аталған. 
Әдетте киіз үйдің ең көп тараған негізгі түрі-алты қанат үй. Алты қанат үй дегеніміз-алты керегелі үй деген сөз. Сонда үйдің үлкен кішілігі оның қанат санына байланысты. Қанат санына қарай кереге бастарының саны, кереге басына қарай  уық саны әр түрлі болып келеді. Олар керегенің бастарын, уықтың алақаны мен қаламдарын күмістетіп, сүйектетіп, қалайылатып та әшекейлейтін болған. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Бөкей ордасының ханы Жәңгір осындай қымбат үйді бірінші Николай патшаға сыйға тартқан.Сондықтан кереге халық тілінде күміс шапқан кереге, сүйекті кереге, қалайылаған кереге, қорғасындаған кереге деп аталған. Киіз үй сүйектерін металмен және асыл тастармен безендірілгенін және осылай әшекейлеу қатардағы киіз үй емес, орда аталатын ерекше үйлерге тән екендігінен мәдениеттанымдық дерек береді. 
     Ағаш шеберлері ағаштан ойып, қымызға арналған ожау, тегене, саптыаяқ, зерен, күбі, табақ, астаулар (ет салатын ағаш ыдыс), сонымен бірге бидай, тары түйетін келі мен олардың қажетті бөлшектері келсап,піспек сияқты бұйымдарды өз жерімізде өсетін ағаш түрлерінен ұқсатып жасай білген. Ағаштан ойып жасалған кішілеу ыдыс тостаған деп аталса, ас салатын жайпақ ыдыс табақ деп аталған.Ал сыйымдылығы мол, 10-15 литр шамасында қымыз құйылатын, оны ожаумен сапырып отыруға арналған шұңғыл ағаш ыдыс – тегене деп аталған. Бұйым күмістелген темір әшекейлермен, асыл тастармен безендіріліп те жасалған. Күбіде немесе сабада әбден пісілген қымыз алдымен осындай кең де шұңғыл ыдысқа құйылып, одан әрі аяқтарға құйылып таратылатын болған. Әсіресе көпшілік болған жерде осындай жұмысты атқарушыны аяқшы деген.Тегенеге құйылған қымызды сапырып, аяқ-аяққа құю үшін ұзындау сапты ағаш ожаулар мен шөміштер қолданылады. Тамақ бергенде «сараңдық істеді» мағынасында қолданылатын шөміштен қысты фразеологизмі ыдыстың осындай түріне байланысты шыққан. 
     Ағаштың безінен шауып жасалған сабы бар, бақыраш тәрізді шұңғыл ыдыс саптыаяқ деп аталады. Саптыаяқ жасауға ыстық-суыққа төзімді, үйілі (кейде оны «безі» деп те атайды) берік қайың, қарағаш, үйеңкі сияқты ағаш түрі таңдалған. Алдымен, таңдап алған ағашты тұзды суға қайнатып, сәл дегдіген соң кептіріп, маймен ысқылайды, ысқылаған сайын ағаштың табиғи өрнегі ашылып, сәнді бола түседі. Көшпелі тұрмыста саптыаяқты ер адамдар әрдайым өзімен бірге беліне қыстырып, я болмаса аттың еріне байлап алып жүрген. Мәселен, малшылар саптыаяққа қой, ешкінің сүтін сауып, қыздырылған бірнеше малта тасты салып жіберіп, сүтті тез арада пісіріп алған. Бұл бар болғаны 10-20 минут уақытты алған. Қазақ халқында «сүт пісірім уақыт» деген өлшем осыдан туса керек . 
    Көшпелі өмір салтында, оның ішінде малшы өмірінде өндіріс құралы ретінде ер – тұрманның (ат  әбзелдері) алар орны айрықша. Қашанда шаруа адамының мінген аты бапты, киімі ыңғайлы, ер – тұрманы сайлы болса , онда оның бойынан кәсіби мәдениеттің лебі есіп, көрер көзді қуантып тұрған.Ежелден көшіп – қонып, мал баққан қазақ халқы  үшін көліктің негізгі түрі –салт ат болды, ал соған орай, ер-тұрман жабдықтарының алатын орны да өзгеше еді. Халық басынан өткен сан қилы уақиғаларға сай мұның да өзінше даму, өзгеру процесі жүріп жатты. Мұның өзі қазақ халқының қолөнерінің қандай дәрежеде болғанын аңғартты. 
Ер-тұрман көне заманнан бері көшпелі халық өмірінің заңды қажеттілігіне сай қалыптасты.Мәселен, ауқатты қазақ отбасы  өз бетімен салт жүруге жараған барлық балаларына  түгелдей ер-тұрман дайындаған. Ал, қайсыбіреулері баласы  туысымен-ақ атақты ершілер қосқан тамаша ер, сәнді тұрмандарын дайындауға қамданатын. Сондықтан, қазақ  даласының қай жерінде болмасын ер тоқым жасау  ісі кең өріс алған. Осыған орай ершілер өнері жоғары бағаланып, тәжірибелі ершілерді қысы–жазы бірдей қолдан- қолға    тигізбей ер қостырып отырған.  
 Қазақта ер қосу ісінің жалпы заңдылығы есебінде, ең алдымен, ердің атқа тимеуі көзделеді. Ол үшін, біріншіден, ердің оқпаны жылқының қыр арқасын, әсіресе, шоқтығын баспайтындай көтеріңкі болуы қажет; екіншіден, ердің екі қапталы дұрыс мүсінделіп, олардың екі арасының алшақтығы мен әр қапталдың ер қастарын дұрыс қиысуы қажет. Әдетте ердің алды қысыңқы болады да, арты енділеу келіп, екі қапталдың алдыңғы басы жоғары қарай сәл ғана шалыстау шабылады.  Осы көрсетілген ортақ заңдылықтарды бұлжытпай орындау үшін тәжірибелі қазақ ершілері ер қосуға арнайы жасалған қалыпты кеңінен пайдаланған.Сондықтан,олардың ерлері атқа да, адамға да жайлы болады. 
Қазақстанның жері өте үлкен, халқы сирек қоныстанғандықтан, қазақ  өмірінің қай саласында болсын айтарлықтай жергілікті ерекшеліктер қалыптасқан. Мұндай жергілікті ерекшеліктер ертұрмандарынан  да байқалады. Бұлардың бір-бірінен негізгі айырмасы-олардың жсалу тәсілі мен сыртқы көрінісінде. Осы ерекшеліктеріне қарай: «қазақ ері», «шошақ бас ер», «үйрек бас ер»,  «қан бас ер» деген атаулар да қалыптасқан. Бұлардың ішіндегі ел арасына  кең тарап,Қазақстанның көптеген аймақтарын қамтитыны-қазақ ері. 
Қазақ ері қайыңнан шабылып, екі қас, екі қаптал және орта ағаш деп аталатын бөлшектерден қосылады.Ердің орта ағашы мен екі қапталына қайыңның бұтақсыз түзу кесінділері, ал екі қасына, көбінесе жуандау қайыңның екі айырланған тұсы қолданылады. Бұл үшін бірнеше қайың кесіндісінің қабығын аршып кептіреді немесе шірімеген қайың түптерін топырағынан арылтып, арамен кескілейді. Біраз уақыт жел қағып, дегдігеннен кейін дайындалған кесінділердің барлығын балтамен немесе салмақтылау шотпен жеңілдетіп алып кептіреді.Ер бөлшектері әбден нобайланып шабылып, тек өңдеу жұмыстары қалған уақытта бір қазан тұзды суға бие сауым уақыт қайнатады да, көлеңкеде кептіреді. Ершілердің айтуынша, тұзды  суға қайнатылған ағаш ешқашан жарылмайды, қаңсымайды.Ердің барлық бөлшектері өңделіп, дайын болған соң,оларды арнайы қапқа салып қиыстырады да,  қас етектері мен қапталдардың  астасатын тұстарын қуысқұлақпен тесіп ,шегелейді Шегені әдетте қаңылтырдан немесе жезден түтікше тәріздендіріп жасайды. Сөйтіп қазақ ерінің жалпы қосылу техникасынан жергілікті өзгешеліктер байқалмайды. Бірақ оның сыртқы пішіні мен әшекейлеу тәсілінде айтарлықтай ерекшеліктер бар. Бұл ерекшеліктер әр жерде қалыптасқан ердің жалпы  кескіні мен әшекейлеу тәсілінен байқалады. 
 Қазақстанның қай облысында болмасын әйелге арналған ер өзінің үлкендігімен де, әдемілігімен де көзге түседі. Әйел ерінің сүйегі ауыр, әшекейі де мол болады.Мұндай ер-тұрмандарға, негізінен алтын, күміс, асыл тас, сүйек,мүйіз,былғары, шұға және барқыт пайдаланылған. Мұндай ердің сыртқы пішініне келетін болсақ алдыңғы қасы өте биік, артқы қасы жалпақ келеді.Әрі әйелге арналған ердің алдыңғы және артқы беті түгелдей күміс шабылған темір пластинкалармен немесе қақталған күміс әшекейлермен безендіріледі. 
Еркектерге арналған қазақ ерлерінің сүйегі жұқа және ықшам болатындықтан,олар өте жеңіл келеді.Күміс әшекейлері тым шағын, бірақ өте ұнамды болады. Еркек ерлерін әшекейлеуге мүйіз бен сүйек жиі қолданылады.  Мұндай заттарды алдын ала дайындап алып, бетіне сан түрлі өрнектер жүргізіп, көбінесе ердің қасына ойып орнатады. Сүйек әшекейлері орнатылатын ерлер мүйіз түсін ашатындай басқа түсті бояумен болады. Бұлай жасалған ерлер өте сыпайылығымен көз тартады. Бұл туралы өткен ғасырдың екінші жартысында қазақ даласын көп аралаған генерал А.К. Гейнс те атап көрсеткен еді. 
Шамасы келген ауқаттылар ерлердің  сыртын былғары, мүйіз, сүйек, темір және  күміс әшекейлермен көркемдеткен. Сәндеудің ең оңайы да, арзаны да ердің сыртын түгелдей түсті  былғарымен қаптау әдісі болған. Ал, мүйіз, сүйек, күміс әшекейлерімен ердің алды-арты ғана әшекейленеді. 
 Ер – тұрманның құрамына  ердің жеке басынан басқа тоқым, желдік, терлік, жүген,үзеңгі шідер сияқты заттар да  қосылады. Осылардың бәрін халық күнделікті  өмірде ер-тұрмандары демей, ер-тоқым  деп атайды. 
Көпшілік халық тоқымды киізден сырып жасайды. Кейде киіз тоқымының айнала жиегін шұға және барқыт сияқты қымбат маталармен көмкеріп, тоқымның сыртын түгелдей қалың былғары мен жабады. Сырма тоқым мен көмкерілген тоқымдар, көбінесе, әйелдер қолынан шығады, ал былғары тоқымды шебер ершілер ғана жасайды.Тоқымның көлемі де, пішілу кескіні де әр түрлі болады. Әйелдерге арналған ер тоқымдары көлемді болады, жақсы көркемделеді. Ал, ер адамдарға арналған ер-тоқымдары көлемі жағынан ықшамдау келеді, әжептәуір әсемделеді. Киіз тоқымдарды да түрлі ою-өрнектермен әдемілеп сыриды. Былғары тоқымдарға сан түрлі тәсілдермен жүргізілетін ою-өрнектерге  қоса күміс әшекейлер де қолданылады. Өткен ғасырда тоқымды ылғи тұтас және қалың былғарымен тыстайтындықтан,олардың бетіне бедерлі ою-өрнектер жүргізу тәсілі жиі қоданылатын болған. Бедерлі өрнекті, көбінесе, арнаулы ағаш қалыптар арқылы түсіреді. Бұл үшін бедерлі өрнегі бар ағаш қалыптасып дегдігенше, қозғамай қоя тұрады. Бұдан соң тоқымға түскен бедерлі өрнектердің айнала жиектерін пышақ  тәрізденген мүйіз аспаппен  сызып,айқындай түседі. Кейде өрнек айналасын тарамыспен қайып тігеді. Мұндай бедерлі өрнек келе-келе жойылып кетпес үшін, былғарының теріс жағынан ойыстарына толтыра желім құйып кептіреді де, киізбен астарлап тігіп тастайды. Жұқа былғарыдан жасалатын тоқымдарға бедерлі ою-өрнектер түсірілмеген. Сондықтан, жұмсақ және жұқа былғарымен тысталған тоқымның  бетіне  басқа түсті былғарыдан дайындалған оюларды  жапсырып немесе сызылған өрнек ізін тарамыспен қаю, немесе түсті жіптермен кестелі өрнек тігу тәсілдері жиі қолданылған. Бұған қосымша әр түрлі күміс құймалармен де көркемделген. 
Үзеңгі темірден, қоладан және ағаштан жасалады. Ағаш үзеңгіні тек қайыңнан ғана иіп жасайды да, үзеңгі бау өткізетін жерден екі басы қосылып шегеленеді. Кейде мұндай үзеңгілерді мықтылық үшін темірмен құрсаулайды. Темір құрсаудың бетін күміспен әшекелейді. Ағаш үзеңгіні қыстыгүні қолданады, өйткені қатты аяздарда темір үзеңгі адамның аяғына да, атқа да жайлы тимейді. Қыстыгүні жылқы күзетіне баратын жылқышылар ағаш үзеңгілерді көбірек пайдаланады.Үзеңгіні  қоладан сирек жасайды. Оның өзінде арнайы қалыпқа құю арқылы жасаған. Темір үзеңгі сом темірден тұтас соғылады, оның табаны ғана бөлек жасалып қондырылады. Ал, кейбір ұсталар  үзеңгінің ішін қуыстап соғып алады да, сыртын толығынан күміспен безендірген. Күмістелген үзеңгінің сыртына әр түрлі өрнектерді сан алуан тәсілдермен түсіріп отырған. Бірде күміс бетіне нағыз қарала жүргізілсе, екіншіде өрнекті темір бетіне шабылған күмістен ойып алып, жалған қарала жасалатын, яғни темірдің табиғи реңі қарала тәрізденіп көрінеді. Көпшілік жағдайда темір үзеңгіні ешбір өрнексіз, сол қалпында таға береді. 
 Өмілдірік -  сән үшін тағылатындықтан,  қалың былғарыдан жасалып, мол әшекейленеді. Өмілдіріктің екі ұшы ердің алдыңғы қасының екі жағына бекітіліп, ортасы аттың омырауында тұрады. Өмілдірік ердің кейін сырғымауына да өз септігін тигізеді. 
Арбаға жегілген көлікті бағыттап, жүргізіп отыруға арналған ұзын қайыс бауды делбе дейді. Ал делбе қақты тіркесі тура мағынасында “делбемен атты айдады, қамшылады” дегенді білдіреді.  
 Салт ат тұрмандарының құрамына қамшы да кіреді. Мұны кейде ат жүргіш деп те атайды.Қамшы өрімі ірі қараның терісінен илеген қайыс таспалардан өріліп жасалған. Оны әр түрлі етіп өру үшін таспа санын 4-тен 32-ге  дейін өзгертіп отырады. Таспа саны аз болса, өрімге өзек салынбайды, өрім жіңішке, төрт қырлы болып өріледі. Ал, көп таспадан өрілетін өрімге қайыстан өзек салынса, өрім өте әдемі және жуан болып шығады. Өзекті қамшы арнайы жасалған аспаппен өріледі. Ол үшін садақ тәрізденіп иілген ағашқа өзекті керіп қойып, оның сыртынан әр түрлі тәсілмен таңдайлап өре береді. Кейде қамшының өріміне қоса, оның сабын да таспадан өріп шығарады. Мұндай қамшылар, әдетте, ұшынан сабына қарай жуандай береді де, сабына темірден өзек салынады. Сап пен өрімнің ұштасатын жерінен шашақ шығарады. 
 Байырғы тұрмыста бұйым жасауға материал ретінде қолданылатын ағаш, тас, сүйек, тері, алтын, күміс, темір, қорғасын т.б. бәрі де шеберлер қолымен өңделіп, әрбір материал түрінен сан алуан бұйым түрлері жасалған. Материал түрі көп болмағанмен, олардан жасалған зат түрлері ондап, жүздеп саналады. Материалдың сапасына қарай қатты-жұмсақ, төзімді-төзімсіз т.б. түрлері болған.  
 балшықша илеп , одан түйін түйетін  шеберлердің   атын  атамай  «Ұста» деп атаған.   Ұсталар, негізінде, ағашпен, темірмен, ішінара таспен  де жұмыс істеген. Соған байланысты ел ішінде оларды ағаш ұстасы, темір ұстасы деп аталған. Темір өңдеп, зат жасайтын шеберлерді қара ұста, ал, алтын-күміспен, асыл тастармен жұмыс істейтін шеберлерді ақ ұста деп ажыратып айту да болған. Ұсталық  өнер  көшпелілер  өмірінде маңызды  кәсіп  түрінде  ертеден – ақ  пайда болып,  қалыптасып , дамыған. Мұның өзі көшпелілердің өмірінде   қару – жарақ , ер – тұрман , үй мүліктерінің алуан түрлерінің дүниеге  келуіне  себепші  болды.  Жалпы,  ұсталық  кәсіпті  түркі  тектес  халықтар  «киелі  өнер»  деп  санаған .  «Ұста -  елден ерекше , жоғары  тәңірілік  күшке ие  адам» - деген ұғым қалыптасқан. Ұстаның  жұмыс орны  «ұстахана» немесе «дүкен» деп аталған.      Ұстахананы  «қасиетті  орын»- деп түсініп  оған  сыйынып, табынатын  болған. Ұстаның   еңбек  құралдары – көрік , төс , балға , қысқаш , көсеу , қашау , шапқы , тескіш , кескіш , бұрғы , түрпі , әртүрлі  кескіндегі қалыптар,  металл балқытатын  ожау , т , б . Оларды  ерекше  қастерлеп  күтіп  ұстаған. Ұста  ағаш, көмір, сексеуіл шоғы  арқылы темірді қыздырып, балқытып алған соң,  соғып, құйып  қажетті  заттарды  жасай білген. Қаралау, бұрау,түйіндеу,қалыптау,ширатпалау,  шегендеу,  алтынмен  аптап,  күміспен  күптеу  тәсілдерін меңгерген.  Күнi кешеге дейiн ұсталарға ерекше құрмет көрсетiп, төрден орын берген. Адамдар ұсталық дүкендерге кiргенде төске, көрiкке тәуiп етiп, ұстаның батасын алып отырған. Көрiктегi темiрмен ауру-сырқауларды аластап, ұста дүкенiнде түрлі ырым-жоралғылар жасаған. Халықтың санасында ұсталардың өнерi жаратылыстан тыс құпия күштермен байланысты деген ұғым қалыптасқан. Сондықтан да ұста жұмысын бастар алдында «менiң қолым емес, тәңiрiмнiң қолы» дейтiн болған. Мұндағы «мен» дегенi пендешiлiктен арылуы, бүкiл ақыл ойын, күш жiгерiн, жаратылыс болмысын бiр тәңiрден алған сыйы ретiнде қарап, соған мойынсұнуы. Көне түрiктер кезiнде жаңадан сайланған қаған ел билiгiн бастар алдында алдымен ұста дүкенiне кiрiп, көрiктегi қызған темiрдi төске қойып, оны балғамен соғып, iс бастайтын дәстүр болған. Қазақ мемлекетi құрылғаннан берi ұсталық өнер аса жоғары бағаланып, орасан кең байтақ өлкенi қолда ұстап, оған ие болу үшiн ұсталық өнердiң маңызы зор еді.Солардың ішінде ерте заманнан қару-жарақ  соғатын шеберлердiң   бедел мәртебесi биiк болған.  
 Қазақтар көршi елдермен жан-жақты байланыстың негiзiнде өздерiнiң әскери iсi мен қару жарағын үнемi жетiлдiрiп отырды. Бұл өз елiнiң бейбiт өмiр сүруi мен қауiпсiздiгi үшiн қажет болды. Қазақ халқының дәстүрлi ұсталық өнерiнiң сонау ықылым заманнан бүгінгі күнге дейін жетуi – ұста бабаларымыздың теңдесi жоқ өнерi мен тәжiрибесiнiң нәтижесi. Қазақ ұсталары темiрдiң барлық құпиясын жете бiлдi. Уақыт өте келе олардың шеберлiгi шешiмiн таппас жұмбақ құпияға айналды.  
 ХҮІІІ ғасырдан бастап қазақ  ұсталары қару – жарақ  жасауды  да  зор қарқынмен  қолға  ала   бастаған . Қылыш , айбалта , найзаның , жебенің ұштарын  соғып , білтелі мылтықтар құйған .   Қару – жарақ жасайтын  ұсталар аса құрметке ие болған . Ұсталар  бұл  кәсіптің  сыр- қырын  аса  құпия  ұстап , тек  өз  ұрпақтарына  ғана үйретіп, атадан – балаға  мұра   етіп  қалдырып  отырған.Қазақ қаруларының толық тiзiмiн алғаш жасаған – даңқты ғалымымыз Шоқан Уәлиханов. Қазақ эпостарында қару-жарақ айқын да нақты бейнеленiп, жауынгердiң жан серiгi ретiнде суреттеледi. «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» жырларында, М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында бағалы ақпарат, деректер бар. Қару-жарақ қоғамның даму деңгейіне, көшпелі тұрмыс ерекшелігіне сәйкес дамыған. Ол көрші халықтар мәдениеті, сыртқы елдермен жасасқан сауда-саттық, жаугершілікке қатысты әрдайым өзгеріп отырған. Қазақ халқы қару-жарақ түрлерін жетілдіру мен дамытуда өзіндік ұлттық ерекшеліктерін сақтаған. Ең әуелі қаруға жалпақ тілмен ат қойылған. Ол қаруларға қазақтың ұлттық ою-өрнектерін қалыптау, зерлеу, күмістеу, соқпалау, термелеу, орамалау, құю, шеку, өру, қақтау, кіріктіру,  дәнекерлеу әдістерімен бастырмалатып жасалған. 
 Қолға ұстап қоданылатын қорғаныс жарағы- қалқан байырғы көшпелі халықтарда б.з.дейінгі I-мыңжылдықта қолданыла бастаған.Жасалған материалына қарай сақ қалқандарын негізгі екі топқа бөлуге болады: талдың шыбықтарынан және ағаш тақталардан жасалған қалқандар. Қалқан шыбықтарының терінің арасынан шығып тұратын тұстары түрлі түске боялып әшекейленіп, қалқанның сыртынан геометриялық өрнек құрап тұрады. Қалқандардың сырты оймалау тәсілімен жасалған,тал қалқандардың өрнегіне ұқсас геометриялық өрнекпен әшекейленген.Тал қалқандардың да, ағаш қалқандардың да ортасында қолға ұстауға арналған қайысбау бекітілген,яғни сақ жауынгерлері қалқандарды скифтер сияқты жұдырықта ұстап қолданған.Денеге киілетін қорғаныс жарақтарының  барлық түрі- кеудені қорғайтын сауыттар, басты қорғайтын жауынгерлік  бас киімдер, аяқ-қолды қорғайтын жарақтар- қазақтарда ер киімі деген жалпы  терминмен аталады, яғни жауынгерлік киім деген сөз. Бұрынғы уақытта қазақтарға денеге киілетін жауынгерлік киім атауының- сауыт сөзінің синонимі ретінде тон сөзі де (киімнің ескі түркі тіліндегі атауы) қолданылды. Сол себепті темір сауытты қазақтар темір тон, ал кіреуке сауытты кіреуке тон деп те атаған.  
 Жазба және бейнелік дерек көздері шығыршықты сауыттарды қазақтар Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы кезеңінде-ақ кең қолданғанын куәләйді. Оны ауыз әдебиетінің мәліметтері де дәлелдейді. VI-VII ғасырларда көшпелі халықтарда қолданыста болған кесу қаруының бір түрі- қайқы қылыштар. Олар ерекше берiк болаттан жасалған. Қазақтың халық эпосында алмас қылыш атанған. Олардың қынабы мен сабына қымбат тастар орнатылып, қынаптары түрлі бедерлермен, мысалы, қыран бүркiттiң бас тұлғасымен безендiрiлген. Қара, немесе қызыл былғарыдан жасалған қынабы күмiспен не қоламен көмкерiліп, алуан бедерлер салынған. Орта ғасырларда ең мықты қару саналған сапы және сабы алтыннан құйылған түзу селебе мен семсер болды. Ұзын сапы және мүйiз сапты, қыны алтын, күмiспен қапталған қанжар, сондай-ақ, өткiр жүздi айбалта. Керек болған жағдайда қамшы қару есебінде де пайдаланылған. Сондықтан, Ш.Уәлиханов қамшыны қазақтың ертедегі қару-жарақ жабдықтарының қатарына қосады. Қару есебінде жасалатын қамшының сабы салмақты, өрімі жуан не ұзын болған. Кейде өрімге темір талшығынан өзек салып та дайындаған. 
Қазақтар садақты ертеден пайдаланған. Олардың жебелерi де әртүрлi болды, мысалы, төрт қырлы жебе (ол кез келген сауытты тесiп өтетiн болған). Сондай-ақ, құлан аулауға үш қырлы және айыр ұшты жебелер пайдаланылған. Жебе ұшының формасына келетін болсақ, VIII ғасырдағы жебелер үшбұрыш немесе трапеция пішінді үш тілімді,үш және төрт қырлы болып жасалды.Кейде жебе ұштарында ұшқанда дыбыс шығаратын дөнгелек тесіктер жасалып немесе жетесінің түбінде тесіктері бар сүйек ысқырғыштар орнатылған. 
Түркі заманынан бастап жебе салынатын қылшан аузы ашық қысқа футляр түрінде жасалған. Қылшандар  немесе қорамсақ  көбіне цилиндр формалы болып, бір немесе екі-үш қабат қайың қабығынан жасалған. Олардың аузы жіңішке, ашық болып келіп, жебесі жоғары қаратылып салынатындықтан, оқтардың қанаттары мыжылмас үшін қылшан түбіне қарай  кеңейтілген..Белдікке ілу үшін қылшанның ауыз тұсында темірден немесе сүйектен жасалған ілгек орнатылды да,оған металл құрсаулар мен темір доға бастары бар қайыс баулар тағылды. Кейде тоз қылшандар сыртынан темірмен қапталып, қызыл немесе қара түске боялды. 
 Бастары қысқа кесу құралдары- қанжар мен пышақ көмекші қаруларға жатады. Қанжар- басы қысқа, екі немесе бір жүзді кесу, сұгу арқылы жарақат салатын суық қару. Қазақтарда осындай қанжарларға ұқсас кесу қаруының бір үлгісі, Ш.Уалихановтың айтуынша, «селебе» деп аталған. Қанжарды арнаулы қынына салып, белге іліп жүреді. Қанжар қындары ағаштан жасалып, терімен қапталады.        
 Алтын-күміспен, жез үзбелермен безеп жасалған қалталы белбеу кісе деп аталады. Кісенің қын, қынап (пышақ, қанжар, қылыш салынады), қорамсақ (садақ оғы салынады), оқшантай (оқ-дәрі салынады), қандауыр (қан шығаратын үшкір пышақ), дәндәку (шақпақ тас, от тұтатуға арналған білте т.б. салынатын шағын қалта) тәрізді құрамдас бөлшектері болады. Кісенің осындай бөлшектерінен оның ертеде батырлардың, аңшылардың сапар шеккен жолаушылардың әмбебап бұйымы болғаны, ер адамдарға арналған бұйым екендігі көрінеді. «Кісі болар бала кісесінен белгі» деген мақал да кісенің ер адамдар үшін қаншалықты маңызды болғанын аңғартады.  
 Кісенің тіліміздегі алғашқы мағынасы – «қалта». Алайда бұл мағына тілімізде ұмыт бола бастады. «Белбеуге тағатын қалта» мағынасындағы кісе сөзі ақын-жазушылар шығармаларында ғана кездеседі: 
- «Базаралы үлкен кісесі бар күміс белдігін белінен шешті» (М.Әуезов, Шығ.).  
Түркі тілдерінің біразында кісе - «белбеудің қалтасы», «дорбасы», «киімнің қалтасы» мағынасында жұмсалады.  Бұрынғы тұрмыста кісені адамдар қиыншылық көргенде, тәңірге жалбарынғанда белден шешіп, мойнына салатын болған. Мұндай этномәдени дерек халық ауыз әдебиетінің үлгілерінде ұшырасады:  
- «Ақбоз атты шалғанда,  Мойнына кісе салғанда,  Баба түкті шашты абыз Сауап бата алғанда» (ХV – ХVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы, 109-б.). 
Ертеде біреудің қазасын естіртуге барған жігіт ағасы адам да кісе белдікті белінен шешіп, мойнына салып алған. Сонымен, мойынға кісе салу басқа түскен ауыртпалықтың, қиыншылықтың белгісі болған. Ол тілімізде мойнына кісе (кісесін) салды, кісесі мойнында тәрізді фразеологизмдерде сақталып қалды.  
      ХIХ ғасырдан бастап қазақ халқының тұрмыс-салтының өзгеруіне байланысты кісеге қалта салмай, алтын-күміспен әшекейлеп жасайтын болды. Сондықтан оның байырғы мағынасы мен атқарған қызметі, ол туралы мәдени ақпараттар бірте-бірте көмескілене бастады.  
Халық  ұсталарының   қолынан шыққан  осы  бір өнер  туындылары  сан алуан қырымен,  жасалу  шеберлігімен , құндылығымен  қазақ  халқының  ұлттық  байлығын , ұсталық , зергерлік  кәсібінің  бірегей  , ерекше  дәстүрін көрсетеді..  
Әдетте ұстаханада бір не бірнеше адам жұмыс жасаған. Кейбір ұсталардың  бірнеше шәкірттері болған. Шәкірттер жұмыс тәсілін айлап-жылдап үйреніп отырған. Олардың жұмысты меңгеру дәрежесі әртүрлі болды. Ертеде ұста жұмысын шәкірттеріне тапсырғанда, бір жаққа жүрерде олардың тәжірибелі біреуіне дүкенге қол болыңыз деген. Бұл «дүкенге басшылық жасаңыз, бас-көз болыңыз» дегенді білдірген.Ежелден дүкен құрып, іске кірісер алдында ұсталар мен зергерлердің бір мал сойып, ауыл-аймағын, көршілерін шақырып, ас беру, сыйлау салтын жасаған. Мұны дүкен майлау деп атаған. Бұл әдет діни ұғымға байланысты пайда болған. Ертеде қар кетіп, күн жылынғанда ұста, зергерлер дүкен құрған күні мал сойып, дүкен иесі Дәуіт пайғамбарға бағыштап дұға оқып, ырым жасайтын болған. Малдың қанын дүкендегі құрал-жабдықтарға жағып шыққан. Осы салт халық арасында дүкен майлау деп аталған. Мұндай әдет басқа түркі халықтарында да кездеседі. Халық түсінігінде дүкен – қасиетті орын. Сондықтан онда жұмыс істейтін ұсталар да қасиетті саналған. Ұста, зергерлер кейбір жағдайларда өз бұйымдарын есікті жауып алып, ешкімге көрсетпей жасаған. Өйткені олар жасап жатқан затты біреу-міреу көріп қойса, ол бұйым (мысалы қылыш, білезік т.б.) «киесінен, қасиетінен айырылады», «қасиеті төмендейді» деп түсінген.  
      Зергерлік өнер – ерте заманнан келе жатқан, әрі халыққа көп тараған сәндік және қосалқы өнердің бір түрі. Алтын, күміс, асыл тас және сүйекті пайдаланып, сән салтанат үшін әшекейлі жиһаз, қыз-келіншектердің сәндік бұйымдарымен қару-жарақ, сауыт-сайман, ер-тұрман зергерлеу өнері болған.  Алтын мен күмістен сәндік бұйымдар мен әшекей заттарын жасайтын шеберді халық зергер деп атаған. Осынау өнердің күрделі техникалық тәсілдерін зергерлер жете меңгерген. Олар құю, соғу, шабу, шеку, керту, оймалау, зерлеу, қарайту, қақтау, қаптау, аптау түрлерінің бәрін үйлесімді қолдана білген. Сондықтан «Алтынның қадірін зергер білер» деген нақыл сөз халық арасында сақталған. Өйткені зергерлер материалдардың сапасына, өңделуіне байланысты алтынның өзін бірнеше түрге бөлген. Мәселен, бір ғана алтынның «таза алтын» деген ұғымда ши алтын, шым алтын, шымқай алтын, сап алтын, сары алтын, қызыл алтын, құйма алтын тәрізді 20-астам атауы, ал күмістің әртүрлі сапа-белгісін білдіретін жамбы, ақ жамбы, асық жамбы, жал күміс, балшабай күміс, нақыра күміс, құйма күміс т.б. тәрізді 10 – нан астам түрлері бар. Зергерлер алтын мен күміс, жез бен мысты кенінен қолданған. Солардың арасында көбірек қолданғаны күміс. Себебі күмістің тартымды, сыйқырлы қасиеті бар деп есептелінеді. Күмістің жарқыраған түсін Ай-күміс, Күміс-ай деп айға балаған. Оның тіл-көзден, түрлі сырқаттан сақтайтын, тазартатын қасиеті бар деп сенген. Сондықтан да үй шаруасындағы әйел ас қамдаса да, бала шомылдырса да қолынан күміс жүзігін алмаған. Ал мұсылман дінді ер адамдар күміс сақинаны Мұхаммед пайғамбардың жолы деп тағатын болған. Өйткені Мұхаммед пайғамбардың ер адамдарға алтын емес, күміс жүзік салыңдар деген уәжі болған.  
Қазақ зергерлері негізінен түсті металлдардан сан алуан әсемдік бұйымдар жасаған. Әсіресе күмістен соғылған көптеген сәндік бұйымдар-сәукеле әшекейлері, сырға, шолпы, шекелік, алқа, өңіржиек, тұмарша, білезік, сақина, жүзік, белбеу, қапсырма, түйме, тіс шұқығыш ертеден-ақ кең тараған заттар. Сондай-ақ ерлерге арналған кемер белбеу, кісе, ер-тұрмандарының күмістелген, алтындаған әшекейлердің неше түрлісі өте әдемі жасалды. Зергер теңгелерді балқытып құю арқылы өзіне қажетті мөлшерде күміс кесектерін дайындап алатын. Оны отқа қыздырып, төс үстінде балғамен жайлап соғу арқылы әр түрлі зергерлік бұйымдар жасауға немесе күміс кесегін әбден қақтап, жұқартқан соң қиып, темір әшекейлермен бетін күмістеген. Қару-жарақ беттерін күмістеу сияқты істерімен де айналысты. Кез келген күміс бұйымдардың беттеріне әр түрлі асыл тастар мен түсті шынылар орнату тәсілін де қазақ зергерлері жиі қолданды. Сонымен қатар күміс бетіне қарала жүргізуді қазақ зергерлері ертеден білген.Әсіресе Қазақстанның батыс, солтүстік –шығыс өңірлерінде қаралау тәсіліне көп мән берілген.Күміс бұйым бетін қаралауды «қара бағдар», «қара алтын», « қарала кавказ» жүргізу деп атайтын болған. Бұлай деудің мәні, кавказ зергерлерінің әсеріне байланысты болса керек. Жазба деректерге қарағанда, Батыс Қазақстан өңіріне Кавказ зергерлерінің өнері ХІХ ғасырдың бірінші жартысында келе бастаған. Қараланы көбінесе әйелдерге арналған күміс білезік, қапсырма,сырға,жүзік т.б  үй бұйымдарын көркемдеуге жиі қолданылған. 
    Темірден соғылатын әр түрлі әшекей бетіне күміс шабу тәсілі қолданылған. Бұл үшін темір әшекейлер беттері өткір шапқымен өте жиі шекіленіп, оның бетіне бөлек қақталған жұқа күмісті жеңіл балғамен жайлап, кіріктіре соғу арқылы орындалады. Бұл тәсіл Қазақстанның барлық аймақтарында кеңінен таралған.Сымкәптеу тәсілімен әйелдерге арналған қапсырма, шолпы, түйреуіш, білезік сияқты шағын күміс әшекейлер жасалған. Ол үшін таза ақ күмістен жіңішке сымдар арнайы қалып арқылы созылып, сол сымдардан әшекейлер жасалған. Мұндай әшекейлердің дәл ортасына асыл тастардан көз орнатылады.Бұл бұйымның орындалуы асқан шеберлікті қажет еткен. Қазақстанның батыс, оңтүстік батыс аймақтарында әйелдерге арналып жасалатын үлкен білезік, жүзік, сақина, алқа беттеріне сіркілеу тәсілімен геометриялық өрнектер жүргізу арқылы жасалған. Құйылған не қақталған күміс бетіне сірке түсіру үшін, темір қалып арқылы күмістен жіңішке сым жүргізіп созып, оны өткір пышақпен ұсақтап турайды, содан оларды тегіс бетті екі жалпақ темірдің арасына салып, айналдыра домалатудың нәтижесінде күміс кесінділерін біркелкі домалақ сіркеге айналдырады. Күміс бетіне «бура» деп аталатын ақ үгінді –дәнекер –себеді. Оның үстіне белгілі бір тәртіппен  қажетті әр түрлі өрнек жасайды.    Зергерлік шеберліктің шыңына жеткен өнер болып саналады. Кейбір зергерлер қолөнерінің бірнеше саласын қатар меңгерген. Этнографиялық еңбектерде зергерлердің әшекей бұйымдардан басқа ер-тұрман, жиһаз, музыка аспаптары мен ыдыс-аяқтарды, қару-жарақтарды әшекейлеумен бірге оларды бастан-аяқ өздері жасайтындығы атап көрсетілді. Басқаша айтқанда зергерлер ағашпен, таспен, темірмен, сүйекпен, тері өнімдерімен жұмыс істей білген әмбебеп өнер иелері болған. Алтынға байланысты халық арасында «Алтынның сынығы» – деген сөз бар. Бұл жақсы адамның ұрпағы, жақсының көзі дегенді білдіреді. Ал ат басындай алтын – көлемді, үлкен алтын, олжа; алтын дегенім мыс болды, күміс дегенім жез болды – ойдағыдай болмай шықты, алтыннан ардақты, күмістен салмақты – аса қадірлі, қымбатты (адамға байланысты) деген ұғымдарды білідретін сөздер жиі кездеседі.    
     Жұмыста зергерлердің құрал-саймандары мен металл т.б. өңдеу атауларының қатысуы негізінде бірсыпыра тұрақты тіркестер қалыптастырған : қорғасындай балқыды - әбден ұйыды,  нақышына келтірді – безендірді, сәндеді; тезге салды – тәртіпке шақырды (тез- деп үйшілер мен зергерлердің ағашты белгілі бір формаға келтіруге арналған құралын атайды); қалпына келді – бұрынғы күйіне түсті-деген. Зергерлер қалыпты күйдірілген саз балшық, темір, сүйек, шойын, тас тәрізді материалдардан бір үлгіде өздері дайындап алады. Тілімізде қолданылып жүрген бір қалыпқа құйғандай, бір қалыптан таймады, қалпына түсті т.б. зергерлердің осындай құралына байланысты қалыптасқан.         Қазақ зергерлерінің ардақ тұтар мақтанышы, әсіресе, әйел затына  арналып жасалған осындай әшекейлер, асыл бұйымдар. Олар әйелдің ажарын ашып, сұлулығын паш етумен қатар діни сенім, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа байланысты маңызымен де ерекше дәріптеген. 
Қазақ зергерлері өз шеберліктерін ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп жалғасып отырған. Әйел адамның әшекейлері сұлулықтың, әйел адамның қоғамдық рөлін көрсететін болған, сондай-ақ әшекейлер тылсым күшке ие болып, тұмар, рулық белгілер рөлін атқарған. Бүгінде қыз келішектерге арналған- күмістелген сәукеле, шашбау, білезік, сырға сияқты әшекей заттарға сұраныс жоғары. Жалпы қазақ зергерлік өнерінің дамуында әр дәуірдің өзіндік табы бар.  
      Зергерлік өнер қазақ халқының дүниетанымы мен материалдық мәдениетінің маңызды бір бөлшегі, ал зергерлердің қолынан шыққан әсемдік заттар – халқымыздың ұлттық мәдениетінің алтын қазынасына айналған асыл мұра. 
      Қазақ арасында ежелден бері ағаштан жасалған музыкалық аспаптардың қазіргіге дейін ең көп тарағандары домбыра.    Домбыраны көбіне шайыры аз қарағайдан жасайды. Жалпы ұзындығы 1метр  шамасында. Домбыраның мойны шанағынан екі есеге жуық ұзын келеді де, тұтас ағаштан шабылады. Шанақтың ортасы қашаумен кеуленіп ойылады да, беті жұқа қарағай тақтаймен жабылып, ағаш шегелериен шегеленеді. Қазақ домбырасы негізінен екі не үш ішекті болған.Оның басына ішек бұрайтын екі құлақ, кіші тиек орнатылады. Шанақ бетінің ортасынан әр түрлі-дөңгелек не үш бұрышты дыбыс ойығы жасалады.Домбыраның шанағының сыртын оюлап, сүйектеп те көркемдейтін болған. 
Қазақ халқы ежелден аңшылықпен де шұғылданған. Аңшылық кәсіпке қажетті құралдар: балдақ, томаға, көбелек қалыптар да  қазақ шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдар. Тауешкісі мен ақбөкен мүйіздерінен немесе елік сирағынан қамшының  сабын жасайтын болған. Кей кездерде еркектерге арналатын қамшының сабына темірден бауыр салып, қайыс-таспамен немесе жезбен орап тастаған. Мұндай қамшыны халық арасында сарала қамшы деп те атаған.. 
      Қолөнерімен айналысқан ұсталар, көшпелі елмен бірге көшіп-қонып жүріп, шебер ісімен өз өнерлерін ілгері дамытып отырған. Бұл ұсталардың құрал-саймандары көлемі шағын, сандары аз ғана болғанымен, олардың жасаған  бұйымдары ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып, өшпестей із қалдырып, бүгінгі күнге жеткен.  
     Күбі – іркіт пісетін, көже ашытатын, ағаштан жасалған ыдыс, бөшке. Ол екі түрлі тәсілде жасалады:  тас қайың кесіндісінің өзегін ұңғып, кеңейту арқылы; әр түрлі ағаштардан бірнеше бөлік жіңішке тақтайшаларды темір құрсаулармен бекіту арқылы. Қымыз күбілері аласалау, жуандау болады.  
      Астау – Ас салатын ағаштан ойып жасалған үлкен кең ыдыс  немесе малға жем салып, су беретін науа. Науа-деген сөздің өзі Малдың су ішуіне, жем, тұз жеуіне арналған үлкен, ұзынша астау деген ұғымды білдіреді. 
Аяққап – киізден жасалып, ішіне көшкен үйдің ыдыс-аяғы салынатын бұйым. Ол төрт бұрыштап киізден не былғары теріден жасалады, аузын жауып тұратын ілгекті қақпағы бар. Қақпақтың бетін шұғамен, барқыт тәрізді матамен өрнектейді, жиегіне түрлі шашақтар тігіледі. Аяққапты түйеге, арбаға теңделген жүктің үстіндегі шаңыраққа байлап, алып жүрген.  
     Иінағаш –  ағаштан жасалған, екі жағына шелек іліп, иыққа салып су таситын құрал;  
Х1Х  ғасырдың  екінші  жартысында  шеберлер тұрмыстық тұтыну бұйымдары–жез ыдыстар , еңбек  құралдары - жер жыртатын  соқаның  шойын , темір тістері , жер қазуға арналған күрек , кетпен , егін оруға арналған орақ, шөп шабуға арналған шалғы , ат әбзелдерін  т. б жасай басталған .Осыған орай шеберлердің  құрал-саймандарын, негізінен, үш топқа бөлінген. Мәселен, ағаш шеберлері ердің соқа басын ғана әшекейсіз  қосу үшін  ара, балта, шот, ойыс жүзді шот, қуысқұлақ, үскі, ынғыру, пышақ, балға, тістеуік, сияқты құралдар қолданылса; оның жұмсақ жабдықтарын жасау үшін пышақ, біз, мүйіз сызғыш; былғары бетіне  өрнек түсіру үшін темір талшықтары мен өрнекті ағаш  қалыптары  пайдаланылған.  
      Көне замандардан бізге жеткен кәсіптердің бірі - ағаштан арба жасау өнері. Арба жасау ағашқа ұсталығы мен темір ұсталығын қатар меңгеруді қажет еткен. Арба тәрізді күш-көлік құралы туралы этномәдени деректер ерте замандардан бері қазақ даласында болған шетел саяхатшылары мен елшілерінің жазбаларында сақталған. Арбаның жүк таситын, адам таситын және балаларға арналған түрлері болған. Арба ағаштан құрастырылып доңғалақ, білік, арыс, белағаш, қорап деп аталатын т.б. бөліктерден тұрады. 
       Қазақ шеберлері киім кешек салу үшін кебеженің  үлкендеу түрі сандықты көп жасаған. Қолсандық – ұзатылатын қыздарға арнап жасалатын, киім-кешек, әртүрлі заттар салынатын бұйым. Ол бұрындары қыз жасауының құрамына кіретінді. Көлемі шағын, ұзындығы – 45-50 сантиметр, ені 20-30 сантиметр, биіктігі – 15-20 сантиметр болып келеді. Ағаштан жасалып, біртүсті бояумен сырланады.Сән қуған адамдар оның беттерне нұсқалы, бедерлі оюлар ойғызған, түрлі-түсті бояулармен сан қилы ою-өрнектер салғызған. Оны жасатқанда неше түрлі шұға, асыл тастар, сүйек пен күміс әшекейлермен де безендірткен. Көркемдік ерекшеліктеріне қарай қол сандықтар төрт топқа бөлінеді. Сандық түрлеріне қарай  қол сандық, әбдіре сандық (үлкен сандық), шай сандық, тай сандық (үлкен сандық), ақ сандық, алтын сандық, күміс сандық, кеусандық (киім-кешек салатын үлкен сандық) т.б.  деп бөлінген. Оның бірінші топқа жататын ең тәуірі – сырты түгелдей сүйектеліп әсемделгені. Қол сандықтың екінші тобы: бет жағы түрлі-түсті бояулармен өрнектелгені, үшінші тобы: алдыңғы беттері өте күрделілері. Онда өсім-дік тектес және геометриялық кескіндер бейнесінде бедерлі оюлар ойылады да, түрлі-түсті бояулармен нақыштар са- лынады, төртінші тобы: алдыңғы беттеріндегі өсімдік және геометриялық кескіндердің бір-бірімен айқасып жататыны, ақ, қызыл, жасыл, сары, қоңыр түсті бояулармен әрлеу арқылы бір жазықта ойылған оюлардың 2-3 қатар дең-гейде ойылғандай етіп көрсетілетіні. Қол сандықтың қас беттері, екі жаны, қақпақтарының төбесі тегіс сүйектеледі.  
     Ежелден тұрмыс тіршілігі атпен байланысты қазақ халқы жылқыға қатысты дүниелердің барлығын қасиетті санаған. Сондықтан адамдар да ат тұяғынан түсіп қалған тағаны тауып алса қатты қуанатын болған. Себебі Таға қашанда сәттіліктің белгісі деп есептелген. Егер үйдің кіре берісіне таға жоғары қаратып ілінсе қойса, онда Жаңа жылда бұл  үйге береке-байлық, мол қаржы енеді деген түсінік қалыптасқан. Ал егер таға төмен қараған күйінде ілінсе, онда бұл үйдегі отбасының бірлігі мықты болады деген ұғымды білдірген. Өйткені осынау киелі  халқымыздың     қолынан шыққан  осы  бір өнер  туындылары  сан алуан қырымен, жасалу  шеберлігімен , құндылығымен  қазақ  халқының  ұлттық  байлығын, ұсталық,зергерлік  кәсібінің  бірегей, ерекше  дәстүрін әлемге  паш ететін ұғындыру.. 
 

Информация о работе қазақ қол өнері