Кітапхананың жұмысын автоматтандыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 19:01, реферат

Описание

Қазақстанның шөлейт жердері дала мен шөл зоналары аралығында орналасып, Жайықтың жағасынан Алтай тауларына дейін 2900 км-ге созылған. Ол республиканың барлық аумағының 14%-ын алып жатыр.

Работа состоит из  1 файл

Шөлейт зонасы.docx

— 17.58 Кб (Скачать документ)

Шөлейт зонасы».

Қазақстанның шөлейт жердері дала мен шөл зоналары аралығында орналасып, Жайықтың жағасынан Алтай тауларына дейін 2900 км-ге созылған. Ол республиканың барлық аумағының 14%-ын алып жатыр.

Шөлейт зонасы. Шөлейттің климаты құрғақ, тым континентті. Жауын-шашын аз, жылдық жауын-шашын мөлшері 180-300 мм аралығында. Көктемнің аяғы мен жаздың басында жауын-шашын мол түседі, қыста және жазда жауын-шашын аз жауады. Жаз барлық жерлерде ыстық. Шілденің орташа температурасы 22°-24°С, кейде ыстық күндері 40°С дейін жетеді. Қысы суық, ашық аязды күндер -15°-17°С, ең төменгі температура зонаның шығысында (-50°С) байқалады. Тұрақты ағатын ең ірі өзендері – Ойыфл, Жем, Торғай, Сарысу, Аягөз. Зонада 3000-нан астам көл бар. 
Шөлейттің негізгі топырағы – ашық қара қоңыр топырақ. Топырақтың беткі қабатында шірінді 2-3% ғана. 
Өсімдіктер жамылғысы: бетеге, жусан, түймедақ, боздан, изен, ебелек, теріскен, көкпек, долана, мойыл, итмұрын, қарақат өседі. 
Шөлейт жануарлары: саршұнақ, қосаяқ, құм тышқаны, құм қояндары, қара шұбар жылан, қалқан тұмсық жылан. Шөл дала зонасы егін шаруашылығы үшін шамалы пайдаланылады. Мұнда негізінен ашық-қызғылт топырақты жерде ғана егіншілікпен шұғылданады. Шөлейтте қой және жылқы шаруашылығы басым дамыған. Ойдым-ойдым суармалы жерлерде көкөніс, бақша егіледі.

Үстірт қорығында «Шөл және шөлейт аймақтардың биологиялық әртүрлілігін сақтау жайын саралайтын конференция өтеді

АСТАНА. Қазанның 7-сі. ҚазАқпарат - Ертең Маңғыстау өлкесіндегі аты аңызға айналған  Үстірт қорығының Көкесем жерінде «Шөл және шөлейт аймақтардың биологиялық әртүрлілігін сақтаудағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың алатын орны» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді,  

деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Конференцияны Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы, Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Табиғат әлемі» экологиялық ағарту орталығы, БҰҰ  Даму  Бағдарламасының Сулы-сазды  аумақтарды  қорғау  жобасы және «Кең дала» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отыр.

Мұндағы көздеген  мақсат - шөл және шөлейт аймақтардың биологиялық әртүрлілігін сақтауда халықаралық жетістіктермен, озық тәжірибелермен таныса отырып, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қазіргі заман талабына сай өркендету және дамыту жолдарының бағыт-бағдарларын анықтау.

Қазақстанда шөл және шөлейт  аймақтарда құрылған ерекше қорғалатын  аумақтардың  саны өте аз. Сондықтан  Маңғыстау өңірінің биологиялық әртүрлілігін сақтауда Үстірт қорығының алатын орны ерекше екенін айта кету керек. Қорық аумағында шыңдар (құздар), Үстірт қыраты, құмды шөлдер мен сазды сорлар сияқты негізгі ландшафт жүйелері, ал оңтүстік бөлігінде ерекше геологиялық құрылымды, ертеде теңіз түбінде жанартау нәтижесінде пайда болған биіктігі 100 метрден астам, ұзындығы 15 шақырым, ал ені 1,5 шақырымға жуық Қарамая тауы бар.  

Үстірт өлкесі табиғаты  қатаң белдеуде орналасқан. Алайда, қорық аумағында шөлді аймаққа бейім өсімдіктер  мен жануарлардың сирек кездесетін және байырғы түрлері жеткілікті мөлшерде шоғырланған. Дәлірек айтқанда, Үстірт арқары, қарақұйрық, қарақал, лашын, ителгі, қарақұс және тағы басқа  да Қазақстанның  Қызыл кітабына енген өсімдіктер мен жануарлар түрлері молынан кездеседі.

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған бұл конференцияда шөл және шөлейт аймақтардың биологиялық әртүрлілігі мен табиғат тепе-теңдігін сақтау, антропогендік факторларды болдырмау жолдарын іздестіру, экологиялық жүйелер тәсілі арқылы табиғатты қорғау әдістерін жетілдіру жолдары талқыланады.


Информация о работе Кітапхананың жұмысын автоматтандыру