Ядролық энергетика және табиғатты қорғау проблемалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2012 в 19:18, реферат

Описание

Жуырда Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімнің төрағалық етуімен «Табиғатты пайдаланушылармен экологиялық заңнаманы сақтау» мәселесі талқыланған министрліктің кеңейтілген алқа отырысы өткен болатын. Алқа отырысында штаттан тыс жағдайлар нәтижесінде, техникалық жабдықтау жұмысында алаулардағы ілеспе газдарды жағу есебінен зиянды заттар шығарындыларды шығаруға өздігінен жүйелі түрде жол беретін «Теңізшевройл» ЖШС, «Норт Каспиан Оперейтинг компании Б.В.» секілді кәсіпорындардың жеткіліксіз жұмысы атап өтілді. Сондай-ақ, қоршаған ортаға эмиссия

Работа состоит из  1 файл

Ядролық энергетика және табиғатты қорғау проблемалары.doc

— 64.00 Кб (Скачать документ)

             Ядролық энергетика және табиғатты қорғау проблемалары

Жуырда Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімнің төрағалық етуімен «Табиғатты пайдаланушылармен экологиялық заңнаманы сақтау» мәселесі талқыланған министрліктің кеңейтілген алқа отырысы өткен болатын. Алқа отырысында штаттан тыс жағдайлар нәтижесінде, техникалық жабдықтау жұмысында алаулардағы ілеспе газдарды жағу есебінен зиянды заттар шығарындыларды шығаруға өздігінен жүйелі түрде жол беретін «Теңізшевройл» ЖШС, «Норт Каспиан Оперейтинг компании Б.В.» секілді кәсіпорындардың жеткіліксіз жұмысы атап өтілді. Сондай-ақ, қоршаған ортаға эмиссия нормативтерінің артуы әсіресе «ФК Бузачи Оперейтинг лтд», «Аджип ККО», «Атырау мұнайөңдеу зауыты» ЖШС, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ және басқа да табиғатты пайдаланушыларға тән сипат екені, ал «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ, «Қазцинк» ЖШС сияқты ірі металлургиялық комбинаттардағы шаң-газ құбырлардың екпіндеуі және герметациялануы орын алғаны айтылды. Тек, өткен жылы елімізде экологиялық заңнаманы бұзушылық бойынша жалпы сомамен 5,8 млрд. теңгеге 8203 айыппұл салынып, оның 5,02 млрд. теңге сомасындағы 7142 айыппұл өндіріп алынған. Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімовпен сұхбатымызды да экологиялық талаптардың сақталу барысы жөніндегі сұрақтан бастаған едік.

       ДмҚ: Еліміздегі әлемдік көшбасшы мұнай өндіруші компаниялардың экологиялық талапты сақтауын бақылау бағытында министрлік қандай іс-шаралар жүргізуде? Талаптарды қатаңдату, экологиялық жауапкершілікті күшейте түсу бағытында қандай шаралар қолданылуда?

Нұрғали Әшімов: Шетелдік инвесторлар біздің елімізде шаруашылық қызметтерін келісімшарттар аясында жүзеге асырады. Әр жылы ірі табиғат пайдаланушы компаниялар, мұнай өндіруші мекемелер ҚР «Бақылау және қадағалау» Заңының талаптарына сай инспекторлық тексеру кестесіне енгізіліп, экологиялық инспекция тарапынан тексеру жүзеге асырылады. Тексеру нәтижесінде анықталған заңбұзушылықтарға, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес инспекторлық шаралар қолданылады. Мысалы, өткен жылы «Норт Каспиан Оперейтинг Б.В.» компаниясына экологиялық талаптарды бұзғандығы үшін, өндіріс және тұтыну қалдықтарына шектен тыс ластану фактілері бойынша 1,9 млрд. теңге айыппұл салынып, сот органдары арқылы мемлекет пайдасына шешілді. «Теңізшевройл» ЖШС-інде өткен жылы экологиялық заңнама талаптарын сақтау бойынша жүргізілген тексерулердің нәтижесінде 57 заң бұзушылықтары анықталып, 1 622,366 млн. теңгеге 65 айыппұл салынды және қоршаған ортаға келтірілген экономикалық залалды өтеу мақсатында 4 851, 645 млн. теңгені құрайтын 42 талап қойылды. Жалпы республика бойынша тексерулер жүргізу нәтижесінде 4,035 млрд. теңге айыппұл салынды. Қоршаған ортаға келтірген залалы үшін 7,019 млрд.теңге шағым ұсынылып, кемшіліктерді жою бойынша нұсқамалар берілді. Қолданылған шаралар кешені есебінен еліміздегі экологиялық жағдай тұрақтылығын сақтауда. Эмиссияларды азайту, тиімдірек экологиялық таза технологияларға көшу үшін алғышарттар жүзеге асырылуда. Министрлік әзірлеген жаңа нормативтік құжаттар қабылданып, ол рұқсаттар беру кезінде талаптарды қатаңдатуға, өндірістік экология лық бақылауды күшейтуге және сот тәжірибесін кеңейтуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, қолданылған қатаң шаралар нәтижесінде атмосфераға шығарындылар, ластанған сулар төгінділері азайды. Дегенмен, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін экологиялық жағдайдың төмендеуіне жол бермеу бойынша алдын алу шараларын қабылдау қажет. Бұл орайда, министрлік өз тарапынан Каспий теңізінде мұнай-газ операцияларын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөнінде Экологиялық кодекске өзгертулер енгізуді ұсынды. Бұдан басқа, «Экологиялық мәселелер жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы әзірленді.

   ДмҚ: Нұрғали Сәдуақасұлы, биыл қыркүйекте өтетін Қоршаған ортаны қорғау министрлерінің жетінші конференциясында қандай тақырыптар талқыланатын болады және Қазақстан тарапы қандай өзекті мәселеге назар аудармақ?

Нұрғали Әшімов: Қазақстан Республикасы «Жасыл өсу» концепциясының тұрақты қолдаушысы болып табылады. Мемлекетіміз инновациялық және орнықты дамуға көшу саясатын жүргізіп келеді. Елбасы Н.Ә. Назарбаев өткен жылы III Астана Экономикалық форумында баламалы энергетика және орнықты өсу, даму жаңа идеологияның іргесін қалауы қажеттігін айтқан болатын. Осы орайда, Қазақстан өткен жылы министрлердің алтыншы конференциясында «Жасыл өсу» саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатындағы «Жасыл көпір» астаналық бастамасын ұсынды. Ол бастама министрлердің ЭСКАТО (БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған Экономикалық және Әлеуметтік Комиссиясы) конференциясымен мақұлданды. Енді БҰҰ «Еуропа үшін қоршаған орта» тақырыбындағы министрлердің жетінші конференциясында оны талқылау жалғасады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, конференцияда Орталық Азия елдеріндегі қоршаған ортаны қорғау саласындағы мәселелер талқыланбақ. Ал су ресурстарымен орнықты басқару және сумен байланысты экожүйелер, «экономиканың жасылдануы»: экономикалық дамудағы қоршаған ортаның алға басуы конференцияның басты тақырыбы ретінде белгіленген. Конференция Еуропалық аймақта, орнықты даму және қоршаған ортаны жақсарту бойынша жалпы ынтымақтастық тұрағын қамтамасыз етеді. Азия мен Еуропа елдері арасында қоршаған ортаны қорғау саласындағы көкейкесті мәселелерді талқылау негізіндегі қажетті алаң болып табылады. Бүгінгі таңда, ЭСКАТО 6-министрлер конференциясы қорытындысы негізінде, Қазақстан Республикасы мүдделі тараптармен бірлесе отырып, Астананың «Жасыл көпір» бастамасын іске асыру бойынша Серіктестік бағдарламасын әзірлеп жатыр. Серіктестік бағдарламасы қоршаған ортаны қорғау саласында «Жасыл өсу» Еуропа-Азия – Тынық Мұхиты ынтымақтастығын тереңдетуге мүмкіндік береді. Бағдарлама қыркүйекте өтетін конференцияда қолдау табады деген сенімдеміз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

9- сынып биологиядан тест сұрақтары 
1.Сперматозоид пен жұмыртқа клеткасының қосылып зиготаның пайда болу процесі: 
А) филогенез В) онтогенез С) ұрықтану D) өсу 
 
2.Ұрық жапырақшасының сыртқы қабаты: 
А) эктодерма В) мезодерма С) энтодерма D) бластула 
 
3. Лейкоциттердің қызметі: 
А) қоректік В) қорғаныш С) тасмалдау D)тыныс алу 
 
4. Жасушаның қай құрам бөлігі фотосинтез процесіне тікелей қатысады? 
А) ядро В) цитоплазма С) пластидтер D) рибосома 
 
5. Көзге көрінбейтін ұсақ ағзаларды зерттейтін ғылым: 
А) микробиология В) цитология С) гистология D) зоология 
 
6. Өсімдіктің көбею мүшесі: 
А) тамыр В) сабақ С) гүл D) жапырақ 
 
7. Сабақтың жапырақ өсетін жері: 
А) буынаралық В) буын С) сағақ D) қынап  
 
8. түрдің тарихи дамуы: 
А) филогенез В) онтогенез С) эволюция D) метаморфоз 
 
9. Жасуша қабықшасы мен ядро арасындағы қоймалжың зат: 
А) хлороплас В) вакуоль С) рибосома D) цитоплазма 
 
10. Органикалық дүниенің тарихи дамуының күрделі және ұзақ процесі: 
А) филогенез В) эволюция С) онтогенез D) тұқым қуалау 
 
11. өсімдікте қоректік заттар қорын жинауға қатысытын түссіз пластидтер: 
А) хлоропластар В) хромопластар С) лейкопластар D) цитоплазма 
 
12. Негізгі тамыр жақсы жетілген тамыр жүйесі: 
А) кіндік тамыр жүйесі В) шашақ тамыр жүйесі  
С) негізгі тамыр D) жанама тамыр 
 
13. Түс беретін пигменті бар жасуша органоиды: 
А) ядро В) цитоплазма С) рибосома D) пластидтер 
 
14. Организмнің белгілерін ұрпақтан – ұрпаққа беруі: 
А) тұқымқуалаушылық В) өзгергіштік С) табиғи сұрыпталу  
D)қолдан сұрыптау  
 
15. . Тек өсімдіктер жасушасына ғана тән денешік? 
А) рибосома В) пластид С) ядрошық D) плазма 
 
16. Жасушаның көбеюіне қатысады? 
А) цитоплазма В) ядро С) вакуоль D) митохондрия 
17. . Қабық пен сүректің аралығында орналасқан сабақ қабаты: 
А) камбий В) тоз С) тін D) өзек 
 
18. Өсімдіктер әлемін зерттейтін ғылым: 
А) ботаника В) зоология С) биология D) цитология 
 
19. жынысты көбеюдің басқа көбею типтерінен айырмашылығы:  
А) Көп ұрпақ бере алады.В) Анасынан тіршілікке төзімді қасиеттер алады 
С) Ата-анасынан тіршілікке төзімді қасиеттер алады. D) Сапасыз ұрпақ  
дүниеге келеді 
 
20. . Шартты рефлекс: 
А) өмір сүру барысында қалыптасады В) туада пайда болады 
С) тұқым қуалау нәтижесінде беріледі D) анасынан үйренеді 
 
21. Зигота пайда болғаннан бастап тіршілік тоқтағанға дейінгі кезең: 
А) филогенез В) эволюция С) онтогенез D) өмір 
 
22. Жасушаның пайда болуынан бастап өлгенге дейінгі аралық: 
А) тіршілік циклі В) митоз С) мейоз D) метафаза 
 
23.Бір түрдің ұзақ уақытқа созылған тарихи дамуы: 
А) филогенез В) онтогенез С) тіршілік циклі D) эволюция 
 
24. бейорганикалық заттардан органикалық затты синтездеушілер: 
А) Автотрофтылар В) гетеротрофтылар С) консументтер D) вирус 
 
25. Тірі ағзаларды жасуша құрылысына қарап жіктеу: 
А) өсімдіктер мен жануарлар В) біржасушалы, көпжасушалы  
С) эукариоттар, прокариоттар D) төменгі сатыдағы, жоғарғы сатыдағы 
 
26. Фотосинтез процесі нәтижесінде синтезделеді: 
А) минералды тұздар В) бейорганикалық заттар С) жасуша  
D) органикалық заттар 
 
27. Хромосоманың құрылымдық бөліктері: 
А)ДНҚ және Гистон нәруызы В) бейорганикалық заттар  
С) су D) ядро шырыны 
 
28. Нәруыз биологиялық полимер оның мономері: 
А) нуклеотидтер В) нуклеин қышқылы С) амин қышқылы D) фермент 
 
29. Нуклейн қышқылының мономері: 
А) нуклеотидтер В) нуклеин қышқылы С) амин қышқылы D) фермент 
 
30. Қандай ұлпада жасуша аралық зат мол болады? 
А) эпители В) бұлшық ет С) дәнекер D) жабын
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Ядролық энергетика және табиғатты қорғау проблемалары