Спид

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 15:02, статья

Описание

ЖИТС ауруының таралуы:
Жыныстық қатынас арқылы,
Қан құю, ұлпалар мен мүшелерді ауыстырып салған кезде,
Жезөкшелер арқылы,
Анасы арқылы баласына ұрықтың даму кезінде, туғанда қанмен, емізгенде сүтпен таралады.

Работа состоит из  1 файл

СПИД.docx

— 17.66 Кб (Скачать документ)

СПИД

ЖИТС- жүре пайда болған иммундуқ тапшылық синдромы, қазіргі кезде көпшілікке СПИД деген атпен кеңінен таралған. Оны тарататын вирусқа 1986 жылы АИВ (адамдағы иммундық тапшылық вирусы) деген ат берілді. АИВ-ына алғаш 1938-1939 жылдары американдық Роберт Галло мен француздық ғалымдар Люк Монтанье сипаттама берді. ЖИТС қазіргі кезде дүние жүзінің 190- ға жуық мемлекеттерінде індетті ауруға айналып жатыр. Қазір ЖИТС ауруының 3 қоздырғышы ( АИВ-1, АИВ-2, АИВ-3 ) белгілі. Вирус қоздырғыштары әсіресе Африкада кеңінен таралғандығы анықталып отыр.  АИВ -тары өте өзгергіш болып келеді, олар тұмау вирустарынан 100 есе көп өзгереді. Вирустардың өзгерген бір тобына әсер ететін дәрілер олардың екінші тобына әсер етпейді. ЖИТС ауруынан жазылған дүние жүзінде бірде- бір адам тіркелген жоқ. Аурудың алғашқы кезеңінде денеде безгек ауруына ұқсас діріл пайда болады. Лимфа түйіндері ісінеді. Тері бөртіп бірте- бірте жараға айналады. Вирустың әсеріне адам азады, дене температурасы көтеріледі, іш өтеді. Қаназдық байқалып адам шаршайды, буыны сырқырап, бас ауырады. Өкпе қабынады, теріде пайда болған жаралар қатерлі ісікке айналуы мүмкін.

ЖИТС ауруының таралуы:

  • Жыныстық қатынас арқылы,
  • Қан құю, ұлпалар мен мүшелерді ауыстырып салған кезде,
  • Жезөкшелер арқылы,
  • Анасы арқылы баласына ұрықтың даму кезінде, туғанда қанмен, емізгенде сүтпен таралады.

ЖИТС ауруы қазіргі кезде дүние жүзінде өте қарқынды таралып жатқан індет. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша қазір  Африкада- 2,5 млн, Америкада-2 млн, Еуропада-500 мың, Азия мен Мұхит аралдарында-100 мың адам АИВ-ын жұқтырған. Дүние жүзінде күніне ЖИТС ауруымен ауырғандардың 7000 өмірімен қоштасады, ал 16000 адам АИВ-ын жұқтырады.Қазақстанда нақты деректер бойынша 2004 жылға дейін 4000-нан астам адам ЖИТС ауруымен ауырған. Олардың 24-і 14 жасқа дейінгі балалар. Елімізде ЖИТС ауруынан 123 адам қайтыс болды. ЖИТС ауруын емдеп жазу шаралары ілі анықталған жоқ. Сондықтан бұл ауруға қарсы тек алдын алу жұмыстары ғана жүргізіледі.

 


Информация о работе Спид