Организмді тірілту
Реферат, 28 Октября 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание
Организмді тірілту, реанимация (лат. re – қайта және лат. anіmatіon – жандандыру) – организмнің тіршілік етуіне қажетті ең маңызды органдар қызметінің бұзылуын не тоқтауын қалпына келтіру. Организмді тірілту терминальдық жағдайларда, оның ішінде клиникалық өлім кезінде қолданылады.[1]
Работа состоит из 1 файл
еанимациялық шаралар.docx
— 107.29 Кб (Скачать документ)Организмді тірілту
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
Реанимациядағы науқасты тірілту
Организмді тірілту, реанимация (лат. re – қайта және лат. anіmatіon – жандандыру) – организмнің тіршілік етуіне қажетті ең маңызды органдар қызметінің бұзылуын не тоқтауын қалпына келтіру. Организмді тірілту терминальдық жағдайларда, оның ішінде клиникалық өлім кезінде қолданылады. Әдетте, организм тіршілігі біртіндеп барып тоқтайды. Бұл кезде ми және орталық жүйке жүйелері тіршілігін толық жоғалтпайды. Физиологиялық зерттеулер нәтижесінде өмір мен өлім арасында белгілі бір аралық жай болатыны дәлелденген. Бұны клиникалық өлім деп атайды. Бұл кезде тыныс алу, жүрек соғысы, шартты және шартсыз рефлекс байқалмайды, клиникалық өлім 5 – 8 минутқа созылады. Организмді тірілту үшін ең алдымен қолдан тыныс алдыру мен жүрекке массаж жасалынады. Сондай-ақ, қан құю, жүректі электрмен дефибрилляция жасау шаралары да жатады. Организмді тірілтуге бағытталған негізгі шаралар түріне қарай жүрек-өкпелік, жүректік, тыныс алу реанимациясы деп бөлінеді. Клиникалық өлімнен организмді тірілту неғұрлым ерте (8 минуттан) басталса және қолдан тыныс алдыру мен жүрекке массаж дұрыс жасалcа нәтижелі болады. Бұрын ауырмаған адам кенеттен не кездейсоқ себептерден (мысалы, электр тогы соққанда, наркоз көп мөлшерде берілсе, әр түрлі себептермен жүрегі тоқтап қалғанда, т.б.) клиникалық өлімге ұшыраған жағдайда, организмді тірілту жиі қолданылады. Адам ұзақ ауырып, оның организміндегі тіршілікке маңызды органдарында (мысалы, жүйке жүйесінде, т.б.) қайтымсыз өзгерістер байқалса, Организмді тірілтуге мүмкіндік болмайды. Бұл кезде өлімнің биологиялық сатысы басталады. [1]
Пайдаланған әдебиет
Алғашқы жәрдем.
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
Алғашқы жәрдем. Кенеттен қатты ауырғанда, мертігіп, жарақаттанғанда және адамның денсаулығы мен өміріне қатер төнетін басқа да жағдайда дәрігер келгенше, не ауру (жарақаттанған) адамды емдеу мекемелерге жеткізгенше алғашқы қарапайым жәрдем шаралары жасалуға тиіс. Ауырған не жарақаттанған адамдар кейде өзіне-өзі жәрдем жасай алады. Мәселен, егер адамның стенокардия (жүрек демікпесі) ауруы ұстаса, онда ол кенет тоқтай қалып, тілінің астына валидол не нитроглицерин таблеткасын салады, егер уланса ас қазанын шаяды (1 литрдей суды ішіп, көмекейіне саусағын жүгіртіп, бірнеше қайтара құсалы); жарақат түскен жерін жуып, оған дәрі жарады т. б. (Улану, Тағамнан улану, Жарақат мақалаларын қараңыз).
Адам көлденең кездейсоқ жағдайға ұшырағанда, жарақаттанғанда, қан кеткенде, кенеттен есінен тайраңда оған жедел жәрдем көрсетуге тура келеді. Мұндағы ең басты мақсат — жарақаттану зардабын одан әрі өршітпеу: күн өткен адамды (Күн өту мақаласын қара) көлеңкеге апару, ал газдан иіс тигенде — таза ауаға шығару, суға батқанды құтқару (Суга бату мақаласын қараңыз); токқа түскенді одан ажырату (Заңымдану мақаласын қараңыз); өртке шалдыққан адамның киіміндегі отты өшіру т. б. Екінші міндет — қарапайым медициналық дәрідәрмектер мен құр ал-жабдықтарды пайдалана отырып, оқиға болған жерде алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсету. Үшінші міндет — дереу жедел көрсететін дәрігерді шақыру, не жарақаттанған адамды жақын арадағы медициналық мекемелерге жеткізуді ұйымдастыру. Жарақаттанған не ауырған адамды, осы мақсатқа арналмаған транспортпен тасыраңда, оның қорабына қалың етіп шөп, сабан төсеп, зембілді соған жайғастырған жөн. Жәрдем көрсетілетін адамды екі кісі қолын айқастыра ұстап көтеруге де, қолма-қол жасалған зембілге жайғастырыл жеткізуге де болады. Алғашқы дәрігерлік жәрдемнің және одан кейінгі емдеу шараларының ойдағыдай болуының, тіпті әл үстіндегі адамның өмірін сақтауда ең алғашқы көмектің дер кезінде, әрі мұқият атқарылуының айрықліа маңызы бар. Алғашқы жәрдем амалдарын қолданғанда, аурудың немесе жарақаттың жалпы сипаты ескеріледі. Жарақаттанған жағдайда аққан қанды тоқталу шаралары жасалады. Ол үшін қан шыққан жердің жоғарғы жағынан тамырлы, жарақаттың ауыр-жеңілдігіне қарай қысып таңады да, жарақаттың үстіне таза бинт, мақта, дәке немесе шүберек қойып бастайды. Содан кейін ол адамды міндетті түрде таяу маңдағы дәрігерлік мекемелерге жеткізеді. Онда жарақаттанған жер дәріленеді, тігіл еді, сіреспе не құтыру ауруына қарсы егіледі. Буыны шыққанда, сүйегі сынғанда, сіңірі үзілгенде не созылғанда адамды қозғалтпай жатқызу керек. Ол үшін мертіккен жерге жұқа тақтай, ағаш қабығын, картон т. б. затты қойып, оны бинтпен, орамалмен, белбеумен, шүберекпел орап тастайды. Егер сүйегі аман болып, сіңірі созылған, үзілген, буыны шыққан жағдайда тек айқастыра таңыл тастаса да болады. Осылайша жәрдем көрсетілген адамды тез арада жарақат емдейтін пунктке не басқа да дәрігерлік мекемеге жеткізеді. Онда жарақат рентгенмен тексеріліп, алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсетіледі. Денені химиялық заттар күйдіргенде және үсікке шалдыққан жағдайда, зақымданған жерді таңар алдында, теріні сутегінің асқын тотығымен, қайнаған таза сумен жуалы, ал күйікті спиртке (араққа) малынған дәкемен таңады. Көзге шөп-шалам түскенде, әсіресе көз жарақаттанғанда кір қолмен, бет орамалмен сүртіл, инфекция жұқтырып алмау керек, бүл жағдайдағы алғашқы жәрдем туралы Көру мақаласынан оқуға болады). Ауру адам кенеттен есінен танғанда, оны бір қырынан не шалқасынан жатқызып, басын бір жағына бұрып қояды (бұлай етпеген жағдайда, ол лоқси қалса, құсығы тыныс жолдарына кетіп, тұншығып өліп кетуі мүмкін), омырауын ағытыл, таза ауа келуін қамтамасыз етеді (терезені ашады т. б.). Аяқ астынан іш бүріп қатты ауырғанда, аурулы жатқызып, ішіне мұз не салқын су басады; мұндайда асқазанды шаюға, іш жүргізетін дәрі-дәрмектер беруге болмайды (Соқырішек мақаласын қараңыз). Үйде, машинада, туристік жорықта жүргенде медициналық жәрдем көрсету үшін аптечка қамдап қойған жөн Үй аптечкасы мақаласын қараңыз), онда семья мүшелерінің, жорыққа қатысқандардың т. б. ескі сырқатына қарай алынған дәрі-дәрмектер де болуы тиіс.
Алғашқы жәрдемнің ең басты шарасы — өміріне қауіп төнген адамды өлімнен арашалау (яғни дәрігерге дейінгі реанимация). Әдетте, адам өлген сәтте, оның әр түрлі органдары мен организміндегі тканьдер тіршілігін сол бойда емес, бірте-бірте тоқтатады, сондықтан оның қызметін, соның ішінде негізгі тіршілік қызметін де — қан айналымы мен тыныс алуын — кейбір жағдайда қалпына келтіруге болады. Тірілту қысқа уақыттың ішінде — клиникалық өлім сәтінде, яғни тыныс алуы мен қан айналысы тоқтаған мезетте, әдетте, 4—5 минут аралығында жүзеге асырылады. Бұдан кейін биологиялық өлім басталады да, адамды тірілту, ақылесін қалпына келтіру өте қиынға түседі (үсік шалғай не суық суға батқандардані басқасы).
Клиникалық өлім мертігуден, уланудан, қатты тоңудан не қатты қызудан, су ға батып тұншығудан, көмейдің ісінуінен, тыныс жолдарына әлдененің тұрып қалуынан, ток соғу салдарынан, тыныс тарылғаннан, кенеттен ұстаған сырқаттан (миокард инфаркті, ми қан айналысының бұзылуы т. б.), басқа да себептерден болуы мүмкін. Демнің бітіп, жүрек қызметінің тоқтағанын дененің «әдеттен тыс» қалпынан — басының түр-әлпетінің, қол-аяғының ұйқыдағы адамға үқсамалтын жансыз қалпынан аңғаруға болады. Мұндайда кеуделе тыныс қозғалысы білінбейді, беті мен мойын терісі бозарып, көгереді, көзінің қарашығы үлкейіп, тамыр соғуы сезілмейді; жүрек соғуы (кеудесіне құлақ тосқанда) естілмейді. Мұндай жағдай адамның көлденең кеселге тап болғанын, немесе кенеттен есінен танғанын көрсетеді. Сондықтан ауру диагнозын анықтауды күтпей-ақ, жедел жәрдем көрсете бастаған дұрыс. Тыныс алуын қалпына келтіру үшін әуелі денесін қысып тұрған киімдерден (галстугін, жағасын, белдігін, көйлекті т. б.) босагады да, тыныс жолдарына ауа еркін келетіндей жағдай жасайды. Сырқаттың аузы-мұрнындағы тыныс алуына бөгет болатын заттарды: сілекей-қақырықты, тамақ қалдығын, қан ұйындысын, тіс протезін т. б. алады. Соңғы кезге дейін қолдан тыныс алдыру (Сильвестр әдісі т. б.) әдісі кеңінен қолданылып келді. Мұндайда қол, иық, кеуде бұлшық еттерін ары-бері қозғалтады. Алайда мұндай әдісте дем ішке тартылғанда небары 300 ем3 ауа енеді, ал адамды тірілту үшін ең кемі 800 ем3 ауа қажет (дені сау адам бірқалыпты тыныс алғанда 600—700 ем3 ауа жұтады). Сондықтан медициналық аспаптар мен құралдар болмаған жағдайда қолдан дем алдыру (өкпеге ауа жіберу) үшін ең дұрысы аузына, не мұрнына тікелей ауызбен ауа жіберу әдісін қолданған жөн. Ауызбен ауа жіберу жансызданған адамды тірілтуге толық жеткілікті, өйткені үрленген ауа құрамында 16% оттегі (ал атмосфера ауасында 21%) болады. Зардап шегуші адамның басын неғұрлым шалқайтып ұстап, иегін жоғары котеріп үрлеген жөн, сонда үрленген ауа асқазанға емес, өкпеге барады; ол үшін нықтық астына биіктетіңкіреп жастық не бүктеген киім қояды. Жәрдем көрсетуші адам бір қолымен оның мұрнын қысып, екінші қолымен иегінен тартып аузын ашады (ашылған ауызға дәке не бинт ұстаған жөн), сонан соң демді ішке тартып алып, сырқаттың аузына аузын жапсырыл, дәке арқылы бар күшімен үрлейді, содан кейін басын көтеріп, оның «дем шығаруын» күтеді. Әдетте оның «дем шығаруы» өте баяу өтеді (ауаны мұрнынан жіберген жағдайда сырқаттың аузын алақанымен жабады, не саусағьщен төменгі ерінді жоғарғысына жансыра қысады. Ауа жіберуді минутына 12—15 рет қайталайды. Алғашында ішке ауа жібергенде, ол өкпеге оңай үрленеді, бірақ кейіннен сырқаттың өкпесіне ауа еніп, ол керілген сайын ауаның енуі қиындай түседі. Қолдан тыныс алдыруды ойдағыдай жүргізген жағдайда — ауа үрленген кезде жәрдем көрсетілген адамның кеудесі кеңи бастағандығын байқауға болады.
Жүрек мүлде тоқтал қалғанда және оның жиырылып-cозылу қызметі бұзылғанда жүрек сыртына массаж жасалады. Алайда жүрек ырғағы әдеттегідей естілмесе де, уақытты өткізбей, дереу жүрек тұсына массаж жасау қажет. Өкпені қолдан желдету қанның оттегімен қанығуына мүмкіндік береді, сондықтан да жүрекке массаж жасаудың ең басты міндеті — организмде қанның жүруін қамтамасыз етіп, адамның ең маңызды тіршілік органдарына оттегін жеткізу, соның нәтижесінде дербес жүрек қызметі мен тыныс жолдарын қалпына келтіру.
Жүрек тұсына массаж былай жасалады. Жәрдем етуші адам сырқаттың жүрек тұсындағы төс сүйекті алақанымен күрт басады, сонда тоқтаған жүрек төс сүйек пен омыртқа аралығына қысылып, оның көлемі кішірейеді де, қолқа мен өкпе артериясындағы қан сығылып шығады. Алақанды босатқанда төс сүйек жазылып, жүрек өз көлемін қалпына келтіреді, тамырдан келген қан оған қайтадан құйылады. Жүректің жиырылып-созылуы осылайша қамтамасыз етіледі де, мұның өзі оның кәдімгі насос секілді жұмыс істеуіне және қанның айналуына мүмкіндік береді Жәрдем көрсетілуші адам қатты орынға (еденге, жерге, жауырын, тұсына дейін орындық қойылған кереуетке т. б.) жатқызылады. Төс сүйекті қос қолдан салмақ сала (егер адам еденде жатса тізерлеп отырады; ал биік төсекте жатса — аяғының астына биіктеу нәрсе қояды) нығыздап басады.
Төс сүйекті секунд сайын басып-босату және 4—5 секунд сайын 1 рет ауызға-ауызды тақап ауа үрлеу (яғни төс сүйекті 5 рет сыққан сайын 1 рет немесе 10—12 сығудан кейін 2 рет) тиімді нәтиже береді, соның нәтижесінде сырқаттың көз шарасы кішірейт, күре тамыры соғуы байқалып, терінің көгергені тарай бастайды. Адамды тірілту шараларын ол өз бетінше тыныс алып, жүрегі соға бастағанға дейін жасайды, мұның өзі қан айналысын жақсарта түседі (күре тамырлық соғуы біліне бастайды). Жүрекке массаж жасау мен қолдан тыныс алдыру едәуір күш-жұмсауды қажет ететіндіктен, оны 3 адам кезектесіп атқаруы тиіс. Кеудені басып, жүректі сығумен бір мезетте өкпеге ауа үрле уге болмайды, ондайда өкпе жыртылып кетуі мүмкін. Жас адамға қарағанда ересек адамның сүйегі морт сынғыш келетіндіктен, массаж жасаған кезде кеудені тым қатты баспаған жөн.
Ауру адамның қан айналысын қалпына келтіріп, тыныс алуын қолдан қамтамасыз ету оның жүрегінің өз бетінше соғуы мен тыныс алуын қалпына келтірмегеннің өзінде де, клиникалық өлім күйін ұзартыл, биологиялық өлім күйіне жібермеуге, сөйтіп жедел жәрдем бригадаларының дер кезінде тиімді әрекет жасауына мүмкіндік береді. [1]
Пайдаланған әдебиет
- ↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
Электр торы немесе найзағайдың соғуы
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
Электр торы немесе
найзағайдың соғуы, Тұрмыстық электр
приборларын олақ пайдалану немесе аңдаусыз
ұстағанда адам тоқ зақымдауы мүмкін. Электр тогының соғуынан алған зақымдану
жеңіл болған жағдайда сым тиген жер қызарыс ауырады
(күйелі), зақымданған адамның өңі қуарып,
бойын үрей билейді. Ауыр зақымданған
жағдайда күйік ұлғайып, тоқ ұрған жердегі
дененің ткані қарайғаны байқалады,адам талықсып, сіңірі тартылады, тыныс алуы мен жүрек соғуы тоқтал қалуы мүмкін.
Зақымданудың ауырлығы, негізінен, токтың күшіне және оның ұру ұзақтығына байланысты.
Токтың кедергісі тез етуі (бұған себеп:
қолдың су болуы, аяқ киімнің дымқыл, жердің сыз
болуы) электр тогы зақымын күшейте түседі,
мұндай жағдайда тіпті кернеуі 36 В «қауіпсіз» ауыспалы токтың
соғуынан-ақ өліп кетуге болады.
Алғашқы көмек көрееткенде ең алдымен электр
тогының әсерін тоқтагу керек. Бүл қажет,
өйткені электр сымы тартқанда зақымдалушы адамның
көбінесе босанып шығуға дәрмені жетпейді
. Көмек көрсетуші адам өз басының қауіпсіз
болу ережесін де сақтауы керек. Ток келіп
тұрған көзді тоқгату үшін ажыратқыш-қосқыш
тетікті , тығындарды, рубильникті ажыратыл,
көмек көрсетуші адам қолын (резина қолғап
киіп немесе құрғақ жүн матамен ұстайды)
және аяғын (резина етік киеді) ток ұрмайтындай
еткеинен кейін ғана зақымданушы адамды
токтан тартып ажыратуы не болмаса зақымданушы
адамды басқа да тәсілдермен ток көзінен
ажыратуы керек (мысалы, кез келген құрғақ ағаш затпен ток сымын басқа бір
жаққа бұру) . Жүрегі тоқтал, тынысы бітіп кетпеген
болса, оған толық тыныштық керек (денені
сұлатып жатқызады) , жылы сусын ішкізіп,
мүсәтір спиртін иіскетеді ; терісі күйгенде
— борлы вазелин жағыл немесе сутегінің
асқын тотығымен сүртіп, стерильді бинтпен
таңыл тас- тайды. Егер тынысы тоқтал, жүрегі соқпай қалған жағдайда (клиникалық
өлім) көрсетілетін алғашқы көмек — дәрігер келгенге дейін реанимация шараларын жасау (жүрекке массаж
жасау, «ауызбен ауызға дем үрлеу» арқылы
қолдан тыныс алдыру; Алғашқы көмек деген
мақаланы қараңьіз). Сонымен бірге шұғыл
дәрігерлік көмек көрсету және ауруханаға жеткізу
үшін жедел жәрдем дәрігерін шақыру қажет.
Егер электр тогынан зақым алғаннан кейін
30—40 минут өткен соң да ұйқы басып, басы
айнала берсе, жүрегі қағып, тер басса,
тынысты тарылып, денесі тітіркенсе, онда
алған зақымы жеңіл сияқты болып көрінгеніне
қарамастан, дәрігерлік бақылауға алып,
көмек көрсету міндет. Электр тогынан
зақымданудың бір түрі жай отынан — күн
күркіреген кездегі атмосфералық электр
разрядынан зақымдану болып табылады.
топы ұрған) адамды тоқ «шықсын» деп жерге
кему керек деген ел арасындағы соқыр
сенім — зиянды адасушылық, өйткені жерге
көмілген организм тез салқындайды, кеудеге
салмақ түсіп сығылады, тынысы тарылады, жүрегі қысылады,
пайдалы алғашқы көмек көрсетілуге тиісті
уақыт өтіп кетеді. Жай оты түскен (немесе
электр тоғы ұрған) адамды ток «шықсын»
деп жерге кему керек деген ел арасындағы
соқыр сенім — зиянды адасушылық, өйткені
жерге көмілген организм тез салқындайды,
кеудеге салмақ түсіп сығылады, тынысы
тарылады, жүрегі қысылады, пайдалы алғашқы
көмек көрсетілуге тиісті уақыт өтіп кетеді.
Санат:
- Физика
- Төтенше жағдайларда зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған Жаднама
- Бұл жаднама Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің АҚ және ТЖ саласында басшы құрамдардың біліктілігін арттыру Республикалық курстарында әзірленді және қалың оқырманға арналып отыр.
- Аталған оқу құралына қатысты барлық құқыққа АҚ және ТЖ саласында басшы құрамдардың біліктілігін арттыру Республикалық курстары ие болады. Материалдарды қайта бастыру иелік етушінің жазбаша рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.
- Біздің өмір - тіршілікке үнемі қолайлы бола бермейтін күтпеген жағымсыз жағдайларға толы. Ол адам өмірін алып кететін әр алуан зілзалалар: моралдық, қаржылық, әлеуметтік немесе табиғи сипаттағы жер сілкіністері, дауылдар, өрттер, қар көшкіндері және арнасын бұзған өзендер. Кейде есеп жүз мыңдаған адам өмірімен саналады. Ол ол ма, адамның өзі, өзінің жөнсіз, ал көбінесе қылмысты әрекеттерімен бүкіл тіршіліктің берекесін кетіреді. Оның "қалауымен" зымырандар мен ұшақтар құлап, жарылыстар болады, үйлер мен коммуникациялар қирап, мұнай және газ құбырлары жанады. Бұдан тағы да адамдар қаза болып, зардап шегеді.
Бұл жаднаманың мақсаты - сіздерді өздеріңізге, жақын адамдарыңызға, төңіректегілерге жәрдем көрсетуді үйрету.
Біздің ұрпаққа бұрынғы орныққан құрылымдар мен ұғымдардың күйреп, орнына жаңа ұғымдар пайда болған, арпалыс, дүрбелеңі көп бетбұрысты кезеңде өмір сүруге тура келіп отыр.
Осындай сәтте бұрынғы тәжірбиеден ең бастысы, адам өмірінің маңыздылығын: құндылықты ұғыну, адам өмірінің мәнділігі, оның қайталанбас өзгешелігін жоғалтпау өте қажет және аласапыран күндерде де дана халықтың: "Айналаңа, олардың өзіңе қалай қарауын қалайтын болсаң, дәл солай көңіл бөл"-деген ұлағатты сөздерін ұмытпа.
Әрі қарай қатынасымызда "сенге" көшейік, өйткені мұндай қатынас баршаға бірдей қонымдырақ. Оның үстіне бақытсыздықтың алдында бәрі де тең. Ол атақтан, құрметтен, әлеуеттен айырады. Сен онымен бетпе- бет қалғанда, ол сенің кім екендігіңді және "құныңды" сұрамайды.
Бір сәтке тағдыр сені апат орнына тап қылғанын кенеттен ажал тырнағынан құтқарғандығын және бұл рақымшылығын дәл сол жолы апат құрығына іліккендерді құтқару үшін аман қалдырған болар деп біл.
Мұндай сәттерде есіңде болсын - олардың орнында сенің де болып қалуың кәміл.
Сондықтан, қасынан өтіп кетпе, бақытсыздық пен зардаптан теріс айналма, өзіңнің мал-мүлкіңді сақтап қалуға ұмтылма.
Ең алдымен жақыныңа жәрдем бер! - Біздің өмір - тіршілікке үнемі қолайлы бола бермейтін күтпеген жағымсыз жағдайларға толы. Ол адам өмірін алып кететін әр алуан зілзалалар: моралдық, қаржылық, әлеуметтік немесе табиғи сипаттағы жер сілкіністері, дауылдар, өрттер, қар көшкіндері және арнасын бұзған өзендер. Кейде есеп жүз мыңдаған адам өмірімен саналады. Ол ол ма, адамның өзі, өзінің жөнсіз, ал көбінесе қылмысты әрекеттерімен бүкіл тіршіліктің берекесін кетіреді. Оның "қалауымен" зымырандар мен ұшақтар құлап, жарылыстар болады, үйлер мен коммуникациялар қирап, мұнай және газ құбырлары жанады. Бұдан тағы да адамдар қаза болып, зардап шегеді.
Бұл жаднаманың мақсаты - сіздерді өздеріңізге, жақын адамдарыңызға, төңіректегілерге жәрдем көрсетуді үйрету.
Біздің ұрпаққа бұрынғы орныққан құрылымдар мен ұғымдардың күйреп, орнына жаңа ұғымдар пайда болған, арпалыс, дүрбелеңі көп бетбұрысты кезеңде өмір сүруге тура келіп отыр.
Осындай сәтте бұрынғы тәжірбиеден ең бастысы, адам өмірінің маңыздылығын: құндылықты ұғыну, адам өмірінің мәнділігі, оның қайталанбас өзгешелігін жоғалтпау өте қажет және аласапыран күндерде де дана халықтың: "Айналаңа, олардың өзіңе қалай қарауын қалайтын болсаң, дәл солай көңіл бөл"-деген ұлағатты сөздерін ұмытпа.
Әрі қарай қатынасымызда "сенге" көшейік, өйткені мұндай қатынас баршаға бірдей қонымдырақ. Оның үстіне бақытсыздықтың алдында бәрі де тең. Ол атақтан, құрметтен, әлеуеттен айырады. Сен онымен бетпе- бет қалғанда, ол сенің кім екендігіңді және "құныңды" сұрамайды.
Бір сәтке тағдыр сені апат орнына тап қылғанын кенеттен ажал тырнағынан құтқарғандығын және бұл рақымшылығын дәл сол жолы апат құрығына іліккендерді құтқару үшін аман қалдырған болар деп біл.
Мұндай сәттерде есіңде болсын - олардың орнында сенің де болып қалуың кәміл.
Сондықтан, қасынан өтіп кетпе, бақытсыздық пен зардаптан теріс айналма, өзіңнің мал-мүлкіңді сақтап қалуға ұмтылма.
Ең алдымен жақыныңа жәрдем бер! - Назар аударыңыз!
Есіңізде болсын, әдеттегідей сіздің іс-әрекетіңіз дәрігердің іс-әрекетін алмастыра алмайды, ол тек-қана мамандандырылған көмекті күтуге жәрдемдеседі. - Қолдарыңыздан қандай іс-әрекет келеді?
- қанның кетуін тоқтату;
- жараны тазалау;
- зақымдаyған қол-аяаққа иммобилизация жасау (қозғалтпау);
- "жедел жәрдем" шақыру;
- жүрек және өкпе қызметін қалпына келтіру (реанимация);
- қауіпті аймақтан адамдарды көшіру;
- зардап шегушілерге қамқорлық жасап, әдепті болу;
- "жедел жәрдем" келгенге дейін зардап шегушілермен көңіл жұбатып, тыныштандыратын әңгіме өрбіту. - ӘРИНЕ, ОСЫНЫҢ БӘРІН ІСТЕУ ҚИЫНҒА ТҮСЕДІ
СЕНІ КҮДІК АЗАПТАЙДЫ
-
МАМАНДАРДЫҢ БІРНЕШЕ КЕҢЕСІ -
ДӘРІГЕРЛЕР - - "Жедел жәрдемді" жылдам шақыр.
- Көмектен бас тартқан адамды жайына қалдыр.
- Зардап шегушіні өміріне нақты қауіп төнген кезде ғана орнынан қозға.
- Тыныс алу жолдарының ашық болуын және тамыр соғысының бар-жоғын анықта және қамтамасыз ет.
- Егер адамның халі мүшкіл, өте қиын жағдайда болса, мамандар келгенше көмек көрсетуді тоқтатпа.
- Басқаны құтқара отырып, өзіңнің өміріңді қауіпке тікпе. - ПСИХОЛОГТАР
- - Үрейленіп дүрбелеңге түспе.
- Айналаңдағыларды тыныштандыруға тырыс.
- Мынаған дайын бол, біз әркімді құтқаруға тырысқанымызбен, тірі қалуға әркімнің мүмкіндігі бола бермейді. Шығын болады.
- Өзіңдегі ашу, қорқыныш, кінә, шарасыздық сезімдерін бас.
- Әділ бол-сенің тірі қалуыңның және төңірегіңдегілерді құтқарудың кепілі сол. - ҚҰТҚАРУШЫЛАР
- - Өзіңмен бірге (сыртқы киімнің қалтасында), автомобилде және үйде көрнекі жерде өзің және отбасы мүшелері туралы мәліметтер болсын. Ол мәліметтерге: аты-жөні, туған күні, мекен-жайы, ескі сырқаттары мен болуы мүмкін аллергиялық әсерлер, қан тобы, резусфактор туралы ақпарат, жақын туыстардың телефоны жатады.
-
І БӨЛІМ. БОЛУЫ ЫҚТИМАЛ АПАТ ОҚИҒАЛАРЫ -
"Дегенмен оқиға болды" - деген ой миға жетті. Және сен, "Барлықтарың шапшаң сыртқа шығыңдар!" - деген айқаймен кіші ұлыңды қолынан ұстап алып, әйелің мен қызыңды асықтырып, жол - жөнекей "дабыл сумкасын" іліп алып, сыртқа шығуға бет алдың (бір жақсысы - бірінші қабат).
Үйдің кіре берісінде айқай-шу, қыспақ болып жатыр. Барлығы ауланың ортасына ұмтылады. Мұның бәрін көрмегенің және естімегенің жақсы еді... Алғашқы дүмпулер толастаған болса керек.
Біртіндеп болған оқиғаның майда - шүйдесіне, бүге-шігесіне дейін байқап, талдай бастайсың.
Құдайға (Аллаға) шүкір, туыстардың бәрі аман, сау сияқты көрінеді.
Бірақ, әйелім кенет бозарып, алдымен отырып қалып, сонан соң естен танып, құлады. Бастан өткізген қорқыныш пен үрей әсер етсе керек. - ЕСТЕН ТАНУ ЖАҒДАЙЫ
- Адамның есін білмеуі уақытпен және есін жинау қабілетімен анықталады, өзгелердің сұрағына жауап беру, тітіркенгіштерді сезіну (мысалы, ауруды).
Б е л г і л е р і: Төңірегіндегілерге селқос, тітіркенуді сезбейді, тыныс алысы, тамыр соғысы білінеді, бұлшық еттері әлсіз.
Бастан ұру, улану кезінде, ми аурулары, электр тоғы соғуы, қатты қан кету, алкогол ішімдігін шамадан артық ішу, жүрек аурулары нәтижесінде пайда болуы мүмкін.
С е н і ң ә р е к е т і ң: Тыныс жолдарын, ауыздың қуысын бөгде заттардан саусақтармен тазартып және зардап шегушіні бір қырына қарай жатқыз. Оны ора. - Денені бір жағына қарай жатқызу техникасы
- "103- жедел жәрдемін" шақырыңыз!
- Назар аударыңыз!
Тыныс алуы, жүрек қызметі тоқтаған ерекше жағдайларда жүрекке реанимация жасау әрекеті жүзеге асырылады. - Құтқарушылар тобы келді.
Адамдарды ғимараттың жоғарғы қабатынан көшіріп, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуді бастайды, барлық еңбекке жарамды адамдарды көмекке тартады.
Үшінші қабаттағы ер адамның жүзі жадау, жейдесінің жеңі қанға боялған. Жеңінің астында сүйектің сынығымен жара үңірейді. - ЖАРАҚАТТАР, ҚАН КЕТУ
- Назар аударыңыз! Қанның кетуі, егер жарадан қан 5 минут бойы тоқталмай атқыласа, немесе қанды жоғалту мөлшері 250 мл асса қатты қан кету деп есептеледі.
Белгілері: Жараның аумағы мен шеті тілінген немесе жырымдалған болса, қан көп немесе аз кетеді, сырқырайды, ісінеді.
Сенің әрекетің:
- зардап шегушіні жатқызып, дененің зақымданған бөлігін жүрек деңгейінен жоғары көтеріп қой;
- жараның бетін бөгде заттардан тазала, бірақ жараға терең енген заттарды алуға әрекеттенбе, үлкен жараны сумен немесе антисептикпен шайма;
- алдын ала бетін матамен жауып, жайылған шеттерін біріктіру жолымен жараны қатты бас
- жарада қалған бөгде заттарды тікелей басудан аулақ бол
- жараны басып тұрып, жастықшаны бинтпен немесе матаның<span class="List_0020Paragraph__Char" style=" font-family: 'Times New Roman', 'Arial'; font