Агробизнес

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 15:37, реферат

Описание

Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді.

Содержание

Негізгі бөлім
Ауыл шаруашылығының тарихы
Ауыл шаруашылығының маңызы
Аграрлық қатынастар
Соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығы
Ауылдың өркендеуі- халқымыздың өркендеуі
Ауыл шаруашылығының даму бағыттары
Қазіргі кездегі ауыл шаруашылығының жағдайы
Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Агробизнес РЕФЕРАТ.doc

— 333.50 Кб (Скачать документ)

 

Негізінен Қазақстанның ауылшаруашылығы үшін дамуды экстесивті үлгісі тән. Дегенмен елдің ауыл-шаруашылығы  бүгінгі таңда – ұсақ тауарлы, бұл оның бәсекеге қабілеттілігінің әлсіздігінің басты себебі болып табылады. АӨК өнімдері өндірісінің жеткіліксіз деңгейі және еңбектің төмен өнімділігі республиканың көптеген ауылшаруашылық тауарларына импортқа - шеттен әкелуге жоғары тәуелділіккке алып келді.

Қазақстанның ауылшаруашылығы саласы оның құрылымдағы рөлі мен экономиканың тұтасымен ұдайы өндірістік іс жүргізуі бойынша негізгі болып табылады. 2020 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес агроөндірістік кешен жеті басым секторлардың қатарында өзінің салалық артықшылығын және ауқымды әлеуетін толық жүзеге асыруы тиіс. Ауылшаруашылық шикізатын тереңдете қайта өңдеу есебінен  экономиканың қосылған құнын ұлғайту түпмәтінінде сала үлкен маңызға ие. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар мәселесі, ауыл шаруашылығы саласының нарықтық қатынастарға көшуге байланысты оның жаңа мазмұны мен құрылымы, ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі қарастырылған. Аталмыш мәселе тарихи тұрғыда зерттеліп, оның жетістіктері мен кемшіліктері жан-жақты қарастырылды.

 

Қазіргі кездегі  ауыл шаруашылығының жағдайы

Өндіріс саласы ішінен бірінші  кезекте ауыл шаруашылығындағы табыстарды атап өту қажет. 2011 жылы Қазақстанда 2,26 трлн. теңгенің ауылшаруашылық өнімдері шығарылды, ол 2010 жылға қарағанда 26,7%-ға көп.

      ТМД елдері ішінде ауылшаруашылық өнімі өндірісінің өсуі бойынша біздің еліміз бірінші орын алды. Ресейде 2011 жылы өсім 22%, ал Беларусь пен Өзбекстанда тек – 6,6%, Молдовада 4,6% ғана болды.Қазақстанның аграрлық секторының зор әлеуетін ескере отырып, одан әрі де отандық ауылшаруашылық өнімдері өндірісінің ұлғаятындығын күту қажет.

Ауыл шаруашылығы экономикасы  — экономика ғылымының ауыл шаруашылығындағы өндірістік қарым-қатынастарды зерттейтін саласы. Қазақстанда ауыл шаруашылығымен 50 мыңнан астам фермерлік шаруашылық, 8 мыңдай ауыл шаруашылығы кооперативтері, 500 акцион. қоғам және 50-ден астам ұжымшар айналысады (1997). Осындай шаруашылық құрылымы аймақтық ерекшеліктерді жүйелеуді, өндіріс көлемін анықтауды, шоғырландыру дәрежесін белгілеуді, еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды, экономикалық көрсеткіштерді саралауды, ғылыми нәтижелер мен озық тәжірибелерді талдауды, теориялық-практикалық мәселелерді шешуді қажет етеді. Нарықтық экономика қатынастардың дамуы жаңа ауыл шаруашылығы экономикасы ғылымының алдына жаңа міндеттер қойып отыр (мысалы, жерді иеленудегі жеке меншік қатынастар т.б).

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Еліміздің басты мақсаты – ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру

“ ... Қазақстанда тарихи , әсіресе әміршіл экономика дәуірінде , адамдарды ауылдық жерлерге қоныстандыру нарықтық экономика тұрғысынан да , әлеуметтік және экологиялық жағынан да сәтсіз қалыптасып келеді . Нәтижесінде құлдырау экономикасы көптеген ауылдық аудандардың сипатты белгісіне айналды .  
... Мемлекеттің күллі қаржы – экономикалық саясаты , соның ішінде әлеуметтік және ауыл шаруашылық саясаты адамның тіршілігі мен нарықтың жұмыс істеуі тұрғысынан тек перспективалы аумақтарға ғана іріктеп бағытталуға тиіс “  
Н. Ә. Назарбаев ..

  Бүгінгі таңдағы ауыл шаруашылығындағы алға басулар нарықтық қатынастарға көшу ауыл шаруашылығын реформалауды да талап етеді. Аграрлық салада тың өзгерістер жасау үшін, өткен тарихи кезеңнің келеңді, келеңсіз тәжірибелерінен үйрене отырып алға басқанымыз жөн – деп түсінеміз. Сондықтан да, социализм тұсындағы аграрлық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы кезеңі, нарыққа өтпелі кезеңдегі аграрлық қатынастардың, олардың ішкі құрылымының ерекшеліктерін, аграрлық қатынастардың негізі болып табылатын жер қатынастарының қалыптасу заңдылықтарын, аграрлық өндірістегі дағдарыс себептерін қарастыра отырып, азық-түлік қауіпсіздігі, ғылыми-техникалық прогресс және оның ауыл шаруашылығындағы ерекшеліктерін, кооперация мен жекешелендіру процесінің нәтижелерін, орталықсыздандыру саясатының ауылдық аймақтарға жасаған ықпалы және ауылдың әлеуметтік жағдайын көтеру мәселелері зерттеу тақырыптың өзектілігін анықтайды. Соңғы жылдары осы сала бойынша, қол жеткізген ең үлкен жетістік ретінде агроөнеркәсіптік кешеннің дамуының тұрақты арнаға түскендігін айтуға болады. Осы өткен жылдар ішінде осы салаға қатысты Жер, Орман, Су кодекстері, астық, ветеринария, егіншіліктегі міндетті сақтандыру туралы заңда, көптеген заң аясындағы актілер, сондай-ақ жоғарыдағы сөз болып отырған үш жылдық бағдарламадан тыс Ауылдық аумақтарды дамытудың 2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Міне, осы құжаттар негізінде, еліміздің ауыл шаруашылығы саласының алдағы жүрер жолы да айқындалды.

Қорыта айтқанда, жоғарыда аталған іс-шаралардың нәтижесі ауылдағы ең басты сала болып табылатын ауыл шаруашылығының өнімдерін молайту және оның сапасын арттыру, жерді тоздырмай, ұтымды пайдалану, суландыру көздерін реттеу, жердің меншік иесін толық анықтау арқылы несие жүйесін азаматтарға қызмет етуіне қол жеткізу, шаруаларды қажетті мерзімде қаржыландыру, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту, ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру еліміздің басты міндетіне айналып отыр. Ел болашағы үшін ауылдың маңыздылығын қоғам санасымен сезінсе, биліктің түрлі бұтақтары, жергілікті қауымдастықтар қазақстандық ауылды жандандырудың стратегиялық міндеттерін жүзеге асыру жолында мақсатты қызмет етсе, осы мақсатқа жету тек уақыт мәселесі ғана болар еді.

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Агробизнес