Агробизнес

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 15:37, реферат

Описание

Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді.

Содержание

Негізгі бөлім
Ауыл шаруашылығының тарихы
Ауыл шаруашылығының маңызы
Аграрлық қатынастар
Соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығы
Ауылдың өркендеуі- халқымыздың өркендеуі
Ауыл шаруашылығының даму бағыттары
Қазіргі кездегі ауыл шаруашылығының жағдайы
Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Агробизнес РЕФЕРАТ.doc

— 333.50 Кб (Скачать документ)

 

Тың игеру. Одақ ведомстволары  қабылдаған «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру туралы, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы»  қаулы бойынша Қазақстанның солтүстік  аудандарында, Сібірде, Оралда және Солтүстік Кавказда дәнді дақылдар егуді шұғыл арада арттыру туралы шешім шығарылды. Жаңа жерлерді игеру есебінен 1954-1955 жылдарда 13 млн гектар жер жыртылып, 1955 жылы одан 1100-1200 млн пұт астық алу жоспарланды.

 

КСРО-да тың көтеруге байланысты белгіленген тапсырма 1954 жылғы тамыздың басына қарай орындалды: 13,4 млн гектар жер немесе жоспар бойынша 103,2%, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн гектардан аса тың жер жыртылды. Тамызда «Астық өндіруді молайту үшін тың және тыңайған жерлерді одан әрі қарай игеру туралы» жаңа қаулы қабылданды. Онда 1956 жылы тың жерлердегі дәнді дақылдар егуге арналған аудан көлемін 28-30 млн гектарға дейін жеткізу міндеті қойылды. Ғалымдардың тың жерлерді осыншама кең көлемде игеру өзін-өзі ақтамайтындығы туралы пікірлерін ешкім есепке алмады. 1955 жылы тың жерлерде жоспарланған 7,5 млн гектардың орнына 9,4 млн гектар жер жыртылды. Тың жерлерді игерудің басым көпшілігі негізінен Қазақстанның солтустігіндегі алты облыста - Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай және Павлодар облыстарында жузеге асырылды.

 

Республика еңбекшілерінің алдында 6,3 млн гектар тың және тыңайған жерді игеру арқылы дәнді дақылдар өнімін арттыру міндеті тұрды.

 

Партия комитеттерінің қысымымен жалпы жиындарда жоғарылатылған міндеттемелер қабылданды, олар әрдайым орындала бермеді және жүзеге аспады. Нәтижесінде тек 1954 жылдың өзінде қосьмша 636 мың гектар тың және тыңайған жерлер жыртылды. Тек сол жылы ғана колхоздар және МТС-тап 4847 мың, ал совхоздар 3 684 мың гектар жаңа жерлерді игерді. Осылайша, тың және тыңайған жерлерді көтеру туралы екі жылға есептелген мемлекеттік жоспар елеулі қарқынмен бір жыл ішінде жүзеге асты. Республикада жаппай жолдар салынып, жаңа елді мекендер тұрғызылды.

 

Қазақстан аумағына тың  игерушілерді қоныстандыру. Тың жерлерді игеру үшін мыңдаған ауыл шаруашылық өндірісінің мамандары, ұйымдастырушылары аттандырылды. Тың игеру кезінде бұрын-сонды болмаған көлемде жаппай коныстандыру ісі жүзеге асырылды. Қоныстандыру ісін ұйымдастыру 1938 жылы құрылған Бас қоныстандыру басқармасына жүктелді. 1954 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Жер халық комиссариатының құрамында миграциялық үрдістерді реттеу енгізілді. 1954 жылдан 1963 жылға дейін Қазакстанға Одақтың әр түрлі республикаларынан - Украина, РКФСР, Белоруссия, Молдавия және Литвадан мыңдаған отбасылар қоныстандырылды. Қазақстандық тың игеруге Болгария азаматтары және Қытай Халық Республикасының қазақ репатрианттары да қатысты. 1954 жылдың бірінші жартысында тек Ақмола облысына ғана 20 мыңнан астам адам тың көтеруге келді. Бұған қоса, өнеркәсіп орындарының ұжымдары ауыл шаруашылығына, тың және тыңайған жерлерді игеруге 1 386 маман мен механизаторлар жіберді. Осылайша, мысалы, Ақмола облысының ауыл шаруашылық кәсіподағының облыстық комитетінен 300, «Қазсельмаш» зауытынан 121 адам, оның ішінде дипломы бар 5 инженер келді. 1954-1955 жылдары совхоздарға 4,5 мың маман жіберілсе, 1959 жылы оларда 15 мыңнан астам жоғары және орта білімді мамандар еңбек етті. Тек 1953-1958 жылдары ауыл шаруашылығына 266,6 мың механизатор мамандар жіберілді. Ең танымал тың игерушілердің бірі Михаил Довжик болды. Ол Қазакстанға 1954 жылы наурызда алғашқы тың игерушілердің қатарында келді. Ынтымақты бригада құрған М.Довжик Ақмола облысындағы ауыл шаруашылық техникасын пайдалануда жаңашыл болды. Ерен еңбегі үшін М.Довжик Социалистік Еңбек Ері атағына ие болып, жоғарғы заң шығарушы орган - Қазакстанның Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды.

 

Еңбекшілерге, келіп жатқан тың игерушілерге елеулі жеңілдіктер  көрсету, сондай-ақ өндірістік жоспарды орындаған совхоз жұмысшыларына және олардың еңбек сіңірген жылдары үшін елеулі сыйақылар беру арқылы тың игеруге қолдау көрсетілді. Тың игерушілер қоныстану орнына жеке мүлкімен тегін көшіп келді, отағасына бір жолғы берілетін ақшалай жәрдем келемі 500-1000, ал отбасының әр мүшесіне берілетін жәрдем келемі 150-200 сом болды, үй салуға 10 жылға 10 мың сом несие берілді (оның 35%-ын мемлекет ез мойнына алды), мал алуға 1500-2000 сом көлемінде несие берілді, 1,5 центнер астық немесе үн түріндегі азық-түлік қарызы беріліп, тың игерушілер ауыл шаруашылығы салығынан 2-5 жылға босатылды. 1954-1959 жылдары Қазақстанның тың жерлерін игеруге 20 млрд-тай сом қаражат жұмсалды.

 

Қазақстан аумағына жұмыс  күші, көлік құралдарын, құрал-саймандар  жұмылдырылды. Осының бәрін үйлестіру, адамдарды орналастырып, оларды азық-түлікпен және тұрғын үймен қамтамасыз ету, мәдени-көпшілік мекемелерінің жүйесін жолға қою қажет болды.

 

Тың жерлерді игеруге  байланысты кеңес кезіндегі еңбектер мен басылымдарда көптеген қателесушілік, бұрмалаушылық және бұра тартушылық айтылмады. Тың игеру тек мамандар мен шынайы энтузиастарды ғана емес, көп ақша табуды ойлаған кездейсоқ адамдарды да өзіне тартты. Мысалы, зерттеушілердің пікірі бойынша, алгашқы 2 жылда Солтустік Қазақстанға келген 650 мың адамның тек 130 мыңы ғана тың игеру ушін қажет болды. Тың игерілген облыстардың бірқатарында осының салдарынан құқық тәртібі бұзылып, мемлекет қаржысын талантаражға салу, урлау орын алды.

 

Тың игерудің жағымсыз салдарлары. Тың және тыңайған жерлерді жаппай игеру кезінде дамудың интенсивті жолына түсу туралы жиі айтылды, тыңдағы колхоздар мен совхоздардың материалдық-техникалық базасын күшейтуге байланысты қыруар жұмыстар атқарылғанымен, ауыл шаруашылығы өзінің экстенсивті мәнін жоя алған жоқ. Тыңда ұйымдасқан совхоздарға бөлінген тракторлар мен басқа да машиналар ауыл шаруашылығын интенсификациялау жолындағы ірі қадам ретінде кең дәріптелгенмен, сол кезде ірілендірілген колхоздарға тозығы жеткен комбайндар, тракторлар мен автомашиналар берілгендігі туралы еш нәрсе айтылмады. Көрсеткішті «жоғарылатып керсету» үшін орасан зор аумақ жыртылды. Экологиялық тепе-тендіктің бұзылуы ауыр салдарларға әкеп соқты: топырақ эрозиясы күшейді, топырақтың құнарлы қабатын жел ұшырып кетті. Жалпы жаппай тың игеру үшін егіншілікті жүргізудің тиімді әдістері екі онжылдық өткеннен кейін ғана ұйымдастырыла бастады. Егін үшін жыртылған миллиондаған гектар жер шабындық пен жайылымдық алқаптардың көлемін тарылтты. Мыңдаған гектар жерлер елді мекендер салуға тартып алынып, олардың инфрақұрылымын жүргізу үшін құнарлы жерлердің елеулі көлемі бөлінді. Нәтижесінде ауыл шаруашылығының дәстүрлі саласы - мал шаруашылығы орны толмас шығынға үшырады. Мал шаруашылығының даму деңгейінің төмендеуі өз кезегінде республикадағы ет-сүт енімдерінің тапшылығын туғызды. Мамандар сырттан республикаға ағылып келді. Мұндай жағдай тың игерілген облыстардың бәріне дерлік тән болды.

 

Ресей зерттеушісі А.Тюринаның  пікірі бойынша, «... 50-жылдардың аяғы - 60-жылдардың басында әлі де экономикасы  нығаймаған колхоздарға ауыр да әділетсіз шарттармен таратылған МТС-тердің техникасын сату ауыл шаруашылығы өнімдерінің құрт төмендеуіне әкеп соқты. Бұл елдегі ауыл шаруашылық өнімін өндірудегі қарқынның шұғыл төмендеуіне алып келді. Жетіжылдыққа (1959-1965) белгіленген. жалпы өнімді 70% - га өсірудің орнына 15% ғана өнім алынды».

 

Көптеген уақыт бойы тыңнан тек «қажырсыздар» мен  «жігерсіздер» ғана кетті деген  ұғым қалыптасқан еді. Бірақ жаңа жерлерді игеру кезінде мамандардың  тұрақтамауының себептерін талдау мұндай адамдардың көп болмағанын көрсетті. Материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейі адамдардың үлкен құлшынысына, олардың еңбегінің қоғамдык бағасына сәйкес келмеді. Тұрғын үй және мәдени-тұрмыстық құрылыстар салу ауыл шаруашылық өндірісі дамуының және халық санының өсуінің қарқындарынан айтарлықтай артта қалды.

 

Соған қоса, тың жерлерді игеру басқа республикалардан халықтың кешіп келуіне жәрдем жасады, ұлттық салт-дәстүрлердің рөлі төмендеді, қазақ  мектептерінің саны құрт азайып, ұлттық әдебиет пен мерзімдік баспасөз басылымы кеміді. Қазақ халқының әдет-ғүрпына, салт-дәстүріне, оның мәдени ескерткіштеріне «жоғарыдан» менсінбей қараушылық орын алды. Тың игеруді желеу етіп 2 млн-ға жуық орыстардың, украиндардың т.б. ұлт өкілдерінің көшіп келуі Қазақстанның солтүстік облыстарында тілдік және демографиялық проблемаларды ушықтырды.

 

Мал шаруашылығының жағдайы. Қазақстан ежелгі кезден-ақ мал шаруашылығын дамытуға қолайлы өлке болды. Бірақ  үкіметтін, ауыл шаруашылығында қолданған  ойластырылмаған шаралары оған да кері әсерін тигізді. Мал шаруашылығының артта қалуының басты себептері мыналар: өмір шындығына жанасымсыз, ғылыми негізделмеген экономикалық заңдардың қолданылуы, саланың нашар материалды-техникалық базасы, жерді жырту нәтижесінде жайылымдықтардың азаюы. Күштеп жүргізілген ұжымдастырудың жағымсыз салдарлары да қолайсыз әсер етті.

 

1951-1952 жылдары республикада мал  басының шығыны көп болды. 1954 жылдың  басына қарай мал басы саны  алдыңғы жылдармен салыстырғанда  мардымсыз ғана өсті. Мал шаруашылығындағы  жұмыстың ауыртпалығы мен қиындықтарын шабаңдар көрді. Олар өте ауыр жағдайларда жұмыс істеді, көптеген өркениет жетістіктерінен қол үзіп қалды, соған қарамастан еңбекте үлкен табыстарға қол жеткізді. Бұл жылдары Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Айдарлы ауылының шабаны Жазылбек Қуанышбаевтың атағы кең жайылды. Бригадада жүйелі селекциялық жұмыстар жүргізу арқылы ол жүннің және қаракел елтірісінің сапасын елеулі түрде көтере алды. Оның қаракөлі халықаралық көрмелер мен жөрмеңкелерде көрсетілді. Дели, Бухарест, Познань және Нью-Йорк аукциондарына қойылды. Ерен еңбегі және аса кернекті табыстары үшін ол 1958 жылы екінші рет елдің жоғары наградасы «Орақ және балға» алтын медалімен марапатталды. Танымал механизатор, тың игеруші Кәмшат Дөненбаева ауыл шаруашылығын дамытуға елеулі улес қосты. Ыбырай Жақаев, Кәмшат Дөненбаева, И. Головацких, Я. Геринг т. б. ауыл еңбекшілері Социалистік Еңбек Ері деген атақка ие болды.

 

Республика ауыл шаруашылығының даму барысы. Колхоздар мен совхоздарды  нығайту, оларды езінің техникасымен жабдықтау  МТС рөлінің төмендеуіне алып келді. Шаруашылықтар енді өнімділігі жоғары техниканы сатып ала алатын және колданатын болды. Мұндай жағдайда МТС-тар өз рөлін жойып, қажетсіз болып қалды. Ел Үкіметінің қаулысы бойынша МТС-тар қайта ұйымдастырылып, жөндеу-техникалық станцияларға айналды, ал ауыл шаруашылық техникасы колхоздарға сатылды. Кейіннен жөндеу-техникалық станциялар да жойылып, олардың міндеттері республикада жаңа құрылған «Казсельхозтехника» өндірістік-техникалық жабдықтау бірлестігіне жүктелді.

 

50-жылдары, кейін 60-жылдары да Қазақстанда ұсак колхоздар негізінде жаңа совхоздар ұйымдастыру кең көлемде жүргізілді. Ірі шаруашылықтар халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету міндетін атқара алады деп саналды. Экономикалық жағынан нашар колхоздар ірілендіріліп жаппай совхоздар ұйымдастыру 1957 жылдың көктемінен басталды. Осы жыл ішінде 198, ал 1958 жылдың соңына қарай 500-ден астам осындай шаруашылық құрылды. Ет-сүт, астық, мақта-мата т.с.с. өндіретін совхоздар дами бастады. Келесі жылдар көрсеткендей, бұл қайта ұйымдастыру басты мәселені шеше алмады, бұрынғы колхоздар да, олардың негізінде құрылған совхоздар да негізгі міндетті: халықты азық-түлікпен толық қамтамасыз етуді біржолата шеше алмады. Оның үстіне жағдай осы кезде мемлекеттік-партиялық органдардың жеке қосымша шаруашылықтарды жою жөніндегі науқанды жүргізе бастауымен күрделене түсті. 1957-1958 жылдары колхоз, совхоздардағы мал басын көбейту мақсатымен ауыл тұрғындарынан ірі қара мал алына бастады.

 

Ауыл шаруашылығының маңызы

 

Ауыл шаруашылығы — шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы — неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Ғалымдар шамамен онын 50-ге жуық түрін бөліп көрсетеді. Қазіргі мәлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1,3 млрд-тан астам адам еңбек етеді, оған ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткіш 2,6 млрд адамға жетеді. Еңбекке жарамды ер адамдардың ауыл шаруашылығындағы үлесіне сәйкес елдер индустриялы, постиндустриялы және аграрлы болып жіктеледі. Дүниежүзінде экономикалық белсенді халықтың (ЭБХ) 46%-ы осы салада еңбек етеді.

Ауыл шаруашылығы —  шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей  тәуелді саласы. Сонымен қатар  ауыл шаруашылығы — неғұрлым көп  тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі  салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Ғалымдар шамамен онын 50-ге жуық түрін бөліп көрсетеді. Қазіргі мәлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1,3 млрд-тан астам адам еңбек етеді, оған ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткіш 2,6 млрд адамға жетеді. Еңбекке жарамды ер адамдардың ауыл шаруашылығындағы үлесіне сәйкес елдер индустриялы, постиндустриялы және аграрлы болып жіктеледі. Дүниежүзінде экономикалық белсенді халықтың (ЭБХ) 46%-ы осы салада еңбек етеді.

Жеке елдер бойынша  ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндер  саны үлкен айырма жасайды. Мысалы, Батыс Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш  — 8%, АҚШ- та — 3%, Канадада — 4%, Ресейде — 14%, Қазақстанда 40%-ға жуық болса, ал дамушы елдерде ол өте жоғары (44-сызбанұсқаға қараңдар).

 

Ауылшаруашылық географиясы  климаттық, әлеуметтік және өндірістік факторлары әсерінен ұзақ тарихи уақыт  аралығында қалыптасып, дамып отырды. Соңғы уақытқа дейін ауыл шаруашылығы климаттық факторларға тікелей тәуелді болып келді. Олар: вегетациялық мерзімнің ұзақтығы; өсімдіктердің өсуіне мүмкіндік туғызатын 10°С-тан жоғары температуралар жиынтығы; жылдық жауын-шашынның мөлшері мен түсу мерзімі; топырақтың механикалық құрамы мен құнарлылығы сияқты мәселелер. Жер шарындағы ең құнарлы топырақ қатарына құрамында карашірігі мол қара топырақ, минералды заттары мол жанартаулық топырақ және тұнба жыныстардан түзілген өзен анғарлары бойындағы топырақтар жатады. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың озық жетістіктері ауыл шаруашылығында кеңінен колданылып отырған еллерде климаттық жағдайға тәуелділік әлдеқайда төмендейді. Мысалы, Сауд Арабиясы көпшілік бөлігін шөлдер алып жатқанына қарамастан, соңғы жылдары бидаймен өзін толық қамтамасыз етіп, тіпті оны экспортқа шығара бастады.

 

Ауылдың өркендеуі- халқымыздың өркендеуі

 

Ауыл шаруашылығын дамытудың  зор әлеуеті бар Қазақстан  ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеуде әлемдік көшбасшылардың қатарында бола алады десек , қате айтпағанымыз . Таяудағы 7-8 жылда Шығыс Еуропалық елдердің ауыл шаруашылығының даму деңгейіне жету біздің еліміздің қалпына келуі деп санаймын . Осы мақсатқа жету үшін Отандық ауыл шаруашылығының өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажет.  
“ Ауылым – алтын бесігім “ деген сөз бәрімізге жарыса айтылытын қанатты сөзге айналғалы қашан . Шындығында ауыл – қазақ рухының , дәстүрлі шаруашылығының алтын бесігі . Ендеше ауылды түлетуді , ауыл шаруашылығын өркендетуді өнген халқымыз бен өскен Отанымызды түлету деп түсінген жөн . Сол ауыл мен ауыл шаруашылығының алдында тұрған еңселі міндеттеріне сәл де болса өзімнің зерттеу жұмысымда талдап , үлесімді қоссам деймін . Ауылдың өркендеуі – халқымыздың өркендеуі .

Президенттің Қазақстан Халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2005 жылдарға арналған стратегиялық бағытында ауыл проблемалары  басымдық болып айқындалды . 2003-2005 ауыл жылдары болып жарияланғаннан бастап бұл бағытта кеңінен жүргізілген іргелі іс – шаралар қоғамның ауыл проблемаларына бет бұрып , ағымдағы мәселелерді шешуге бағытталған тапсырыстардың қалыптасуына себеп болды . Осы бағыттар аясында ауылдың ең бір елеулі проблемаларын игеруге орай , мына мәселелерге аса көңіл бөлінді .  
- жергілікті әкімшілік нарықтық қатынастарға араласудан шеттету .  
- жеке меншік пен тиесілі бөлістерді заттай айқын , күмәнді жеке шаруашылықтарға жекелендіру жүргізу .  
- банкроттық тетіктері арқылы ауыл экономикасын сауықтыру .  
- ең алдымен фермерлер мен нағыз жеке шаруашылықтар үшін кредиттерді арзандату .  
- азия мен Еуропа қайта жаңарту және даму банктері заемдарының , басқа ұйымдар мен тілеуқор елдердің көмегінің есебінен ауылдағы орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту .  
- 25-30 мың теңге көлемінде кіші кредиттер үлестіру . Үкімет үш жыл ішінде мал мен мүлік сатып алу үшін , заңда тиым салынбаған кез – келген бизнеспен шұғылдануы үшін , өздерінің іскерлік дағдыларын ұштауы үшін өте қиын жағдацда қалған кемінде 150 мың ауыл адамына қажетті осындай қаражатпен қамтамасыз етуге .  
- тікелей отандық және шетел инвестицияларын тарту .  
- фермерлерге өнімдерін өткізуге жәрдем көрсету .  
- сумен жабдықтау және иррегация проблемаларын шешу .  
- барлық министрліктер мен қорлар желі бойынша ауыл проблемаларын басымдықпен қаржыландырылуының қадағалау .  
Осы мәселелер қарастырылған . Бұл мемлекеттік қолдаудың мөлшерін жыл сайын көбейтуге толық мүмкіндік туғызып отыр . Егер ауыл жылдары басталардан бұрын аграрлық саланы қолдауға 27 миллиард теңге қаржы бөлінсе , соңғы екі жылда оның мөлшері екі есеге артып 57,5 миллиард теңгені құрады .  
Ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты түрде өсуі бұл саланы тиімді бизнес көзіне айналдырып , оған инвестициялық ағымдарының құйылуына оң жағдай туғызды . Өткен жылы екінші деңгейдегі банктердің өзі осы салаға 125 милиярд теңге құйды . Ауылда өндірісті шоғырландыру процестері басталып іріленген өндіріс құрылымдары қанат жаюда . Соңғй екі жылда ауыл шаруашылығы бойынша алынған пайданың мөлшері 20 миллиярд теңгеге артты . Ауылдағы әлеуметтік саланың даму мәселелеріне де аса назар аударылуда . Ауылдық аймақтарды дамытудың 2004- 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес өткен жылы әлеуметтік дамудың нормативтік негізі қалыптастырылып , оның мониторингін жүргізу жұмыстары жүзеге асты . Осы бағдарлама бойынша ауылдық әсерлердің әуеуметтік мәселелерін шешуге мемлекет тарапынан бағытталған 51,3 милиярд теңгенің игерілу жұмыстары қадағаланып сарапталды .  
Қазіргі ашық әлемдік экономика жағдайында жұмыс істеуге биімделе бастаған Республикамыздың ауыл шаруашылығы өзінің одан әрі тиімді дамуын қамтамасыз ететін жаңа кезеңге аяқ басты . Мемлекет басшысы атап өткендей , ауыл шаруашылығын реформалауда таңдалған жолдың дұрыстығын сала дмуындағы нақты қорытындылар дәлелдеп отыр . Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі ауылға қолдау көрсету үшін қабылданған үш жылдық бағдарламаның алғашқы жылы 2003 жылы 534 миллиярд теңге болса , 2005 жылы 693 миллиярд теңгеге өсті . Ауыл шаруашылығында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 600 миллион АҚШ доллорына өсті . Азық – түлік бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2007 – 2009 жылдары 90 миллиярд теңге бөлінді .  
Оң жетістіктермен қатар , ауыл шаруашылығында әлі де болса көптеген шешілмеген проблемалар да бар . олар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге өнімділік пен тиімділікті арттыруға , соған сәйкес селодағы табыстардың өсуіне кедергілер келтіруде . Осы және басқада проблемаларды шешу қарастырылған .

Информация о работе Агробизнес