Химиялық қару
Реферат, 28 Февраля 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание
Химиялық кару - улағыш заттардың (УЗ) уландыру қасиеттеріне негізделген осы заманғы жаппай зақымдау құрал. Химиялық қару адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді жою, жерді (суды), техниканы, материалдық құралдарды, азық-тұлік өнімдерін, су көздерін зақымдау үшін пайдаланылуы мүмкін.
Работа состоит из 1 файл
Онеркасиптик.docx
— 48.60 Кб (Скачать документ)Аймақтың жылжымалылығы ауа ағынының тік және көлбеу қозғалысына байланысты. Ауаның жер бетіндегі қабаты (екі метрге дейінгі биіктік) атмосфераның жоғарғы қабатынан суығырақ (инверсия) және әлсіз (1-2 м/сек), жел болған ауа райының қолайлы жағдайында зақымдалған бұлт тұрақтылығымен ерекшеленіп едәуір қашықтыққа жылжуы мүмкін. Ауаның жер бетіндегі қабатының температурасы (2-30 метрге дейін) тұрақты(изотермия) немесе төменгі қабатының температурасы жоғарғы қабағаттағыдан жоғары (конвенция) және желдің жылдамдығы 3-7 м/сек болган жағдайда зақымдаушы бұлттың таралу тереңдігі мардымсыз.
Химиялық қарудың (ХҚН-дагы авариялардың) әсерінен адамдар мен жануарлардың жаппай зақымдануы болған аймақ химиялық зақымдану ошағы деп аталады. Ошақтың көлемі УЗ (ӘКУЗ)-ның түріне, оны қолданудың ауқымы мен әдісіне, ауа райы жағдайына, жергілікті жердің бедеріне байланысты. Орманда, паркте, сайларда УЗ (ӘКУЗ) ашық жердегіден гөрі ұзақ сақталады.