Химиялық қару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 08:07, реферат

Описание

Ресей, осы елдің 9 мың 633 тонна химиялық қаруының көзін жойды.
"Новости" ақпараттық агенттігінің мәліметінше, Ресейдің химиялық қаруларды жою кеңсесінің орынбасары Андрей Шевченко, химиялық қаруларға тыйым салатын конвенцияның орындалуы жөнінде: Ресей бұл орайдағы өз міндеттерін толық орындады,-деп айтты.

Работа состоит из  1 файл

Химиялық қару.doc

— 26.50 Кб (Скачать документ)

Химиялық  қару

Ресей өзінің химиялық қаруларының 24 пайызын жойды  

    Ресей, осы елдің 9 мың 633 тонна химиялық қаруының көзін жойды.

    "Новости"  ақпараттық агенттігінің мәліметінше,  Ресейдің химиялық қаруларды  жою кеңсесінің орынбасары Андрей  Шевченко, химиялық қаруларға тыйым салатын конвенцияның орындалуы жөнінде: Ресей бұл орайдағы өз міндеттерін толық орындады,-деп айтты.

    "Саратов  облысының Горный аймағындағы  бір химиялық зауытта 1143 тонна,  Ресейдегі Удмуртия республикасындағы  Камбарк қаласының жанындағы  бір орталықта 4333 тонна және 4157 тонна Киров облысының Марадик аймағындағы бір зауытта түрлі химиялық қарудың көзі жойылды", -деді Шевченко.

    Ресей 10 жыл бұрын химиялық қаруларды  жасауға, сақтауға, қолдануға және таратуға тыйым салатын конвенцияға қосылды. Ол бойынша Мәскеу 2012 жылға дейін өзінің химиялық қарулар арсеналын толық жоюға міндетті.

    Ресей химиялық қаруларды жоюдағы өз міндеттерін  төрт кезеңде орындайды, осылайша қазіргі (үшінші) кезеңнің соңына дейін яғни 2009 жылдың желтоқсанның 31-іне дейін өзінің химиялық қарулар арсеналының 45 пайызын жоймақшы.

    Ресейдің  химиялық қарулар арсеналын, Кеңес  одағынан қалған 40 мың тонна түрлі  химиялық қарулар құрайды.  
 

  ҚР  химиялық әскерлер 

  Жаппай  қырып жоятын ядролық қарулардың және басқа да құралдардың пайда болуына байланысты аталған қарулар қолданылған жағдайда әскерлерді қорғайтын шаралар қолдану қажет. Мұндай мәселелерді шешуде химиялық әскерлер маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты бөлімдер мен бөлімшелерді емдеу үшін арнайы машиналармен, қондырғылармен келіп, көмек көрсетеді. 

Информация о работе Химиялық қару