Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыру арқылы оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 05:46, дипломная работа

Описание

Қазіргі заман талабына сай, жан – жақты, білімді, саналы, өз бетімен ойлай білуге талпынатын, өзінің көз - қарасы ой - тұжырымы бар бала тәрбиелеу - ұстаз алдындағы ұлы іс. Әр мұғалімнің мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, оқушылардың пәнге қызығуын арттыру, ізденуін, таным деңгейін көтеру, осыған байланысты мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандырудың түрлерін дамыту. Сыныптан тыс жүргізілетін ақпараттық жұмыстар химия пәнінің негіздерін оқушыларға үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар болашақ жастарды өмірге әзірлеп,

Содержание

Кіріспе …………………………………………………………………………….3-4

1. Әдебиеттік шолу. Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыруға жалпы сипаттама
1.1 Сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыруды дамыту бағыттарының маңызы…………………………………………………………5-7
1.2 Сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыруды ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттері……………………………………………………..7-8
1.3 Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері…………………………………10-12
1.4 Сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандырудың негізгі түрі-үйірме
……………………………………………………………………………………13-18
1.5.Мектептегі химия кештерінің түрлері және оларды
өткізу жолдары ……………………………………………………………19-22
1.6 Факультативтік сабақтарды оқытудың формалары мен
әдістері…………………………………………………………………………..23-27
1.7 Факультативтік сабақтарды өткізу әдістемесі ………………………..28-30

2. Эксперименттік бөлімі. Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандырудың тиімділігін зерттеу.
2.1 Химияның негізгі курсын тереңдетуге байланысты факультативтік сабақтардың бағдарламасын құрастырып, үлгісін ұсыну.------------25-28
2.2Химиялық кештерде танымдық ойындар, сөзжұмбақтар, викториналарды және қызықты тәжірибелерді көрнекі көрсетудің маңызы---------------------------------------------------------------------------------29-42
2.3 «XXI –ғасыр білгірі » ойынының жоспарын ұсыну .----------------43-47
2.4 Сыныптан тыс ойын КВН жоспарын ұсыну.---------------------------48-49
3. Нәтижелерді талқылау-----------------------------------------------50

Қорытынды---------------------------------------------------------------------------51

Қолданылған әдебиеттер----------------------------------------------------------52

Работа состоит из  1 файл

Химияны оқытуда сыныптан тыс жұьыстарды ақпараттандыру01.doc

— 607.00 Кб (Скачать документ)

 

ҚҰПИЯ СӨЗ-ол гректің крипко – жасырын, құпия және грамма-жазу, әріп деген сөздерінен шыққан. Құпиясөз күрделі танымдық жұмбақ сөз ойыны. Оны кейде күпия сөз деп те атап жүр. Құпиясөзге енетін текст әріптері тек цифрлармен белгіленеді жасырылады. Оны  табу үшін белгілі бір жүйемен берілген балама-сөздердің жауаптарын рет-ретімен дұрыс орналастыру керек.

Құпиясөзге нақыл сөздер, тәрбиелік мәні бар дәйексөздер, мақал- мәтелдер алынады. Нақыл сөздердің ара – арасы ашық етіп жазылады да, алғашқы әріптен бастап сонғы дыбысқа дейін цифрмен танбаланады, бірдей дыбысқа, бірақ цифр беріледі.

                             Ғ а ж а й ы п   н  ә р   с  е     х   и  м   и   я

                              1 2 3  2 4 5 6   7   8 9 10 11  12 13 14 1215

Т  ұ  ң  ғ  и  ы  қ    с   ы  р  ы    ә   р     а  л    у   а   н

161718 1 13 5 19    10 5  9  5     8   9      2 20 21  2   7

Ж  о   ғ   а   л    ы п     б    і    р    з   а  т    з    ы   м   з    ы   я

3  22  1    2  20  5  6    24  24  9  25  2  16  25  5  14  25  5   15

Ж  а  ң   а    л    а   п    б    і    р   і    ж    а    р  а   л   ғ    а    н

3   2  18  2   20  2   6    23 24   9 24   3   2     9  2  20  1   2     7

 

 

Енді осындағы әріптерді камтитын сөздер құрастырылады. Сол сөздердің құрамына енетін әріптерді өздері таңбаланған цифрлармен белгілейді. Алынған сөздердің жалпы ретін рим цифрларымен орналастырады.

1.Хлор-12,20,22,9.

2.Мыс-14,5,10.

3.Жез-3,11,25.

4.Уран-21,9,2,7.

5.Протон-6,9,22,16.

6.Темір-16,11,14,24,9.

7.Зинин-25,13,7,13,7.

8.Мұнай-14,1,7,7,2,4.

9.Әтір-8,16,24,9.

10.Қоңыр-19,22,18,5,9.

11.Аллотропия-2,20,20,22,16,9,22,6,13,15

Осыдан кейін құрастырылған сөздердің өздеріне тең баламасы беріледі. Баламаға сәйкес жауап сөздердің тек цифрларын ғана көрсетеді.

1Жасыл сары түсті галоген-12,20,22,9.

2.Ертеден белгілі металл-14,5,10.

3.Мыс құймасының бір түрі-3,11,25.

4.Актиноитар тобындағы металл-21,9,2,7.

5.Атом ядросындағы бөлшек-6,9,22,16,22,7.

6.VIII топтағы металл-16,11,14,24,9.

7.Әйгілі химик-25,13,7,13,7.

8.Сұйық отын алатын өнім-14,17,7,2,4.

9.Органикалық иісті су-8,16,24,9.

10.Тас көмірдің бір түрі-19,22,18,5,9.

11.Элементтердің түр өзгерісі-2,20,20,22,16,9,22,6,13,15.

Құпия сөзде алынып отырған сөздерді цифрлағанда кейбір дыбыстар ( әріп) әлденеше рет қайталануы мүмкін. Қайталанған дыбыс алғашқы танбаланған цифрмен белгіленеді, ол ілгеріде айтылған. Сөйлемдегі әрбір сөз жеке – жеке қара тор көздермен бөлініп отырады. Олай болмаса сөздер не оны анықтайтын цифрлар бір бірімен қосылып, түсініксіз болып шығады. Осылардан кейін құпия сөз суреті салынады.

1

2

3

?

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

13

15

?

16

17

18

1

13

5

19

10

5

9

5

8

9

2

20

21

2

7

.

3

2

18

2

20

2

6

23

24

9

25

2

16

25

5

14

-

25

5

15

 

3

2

18

2

20

2

6

23

24

9

24

3

2

9

2

20

1

2

7

 

Суретсөз-латын сөзі, аудармасы зат , бейне деген мағына береді.Алынған накыл сөздердің мағынасын суреттермен бейнелеп беретін танымдык ойынның бір түрі. Демек бейнелі сөз деген ұғымды білдіреді. Сурет сөз кұрастырудан бұрын тәрбиелік мәні бар мақал - мәтелдер, нақыл сөздер, таңдап алынады.

Суретсөзді құрастыру және шешу үшін аса күрделі емес бірнеше ережені білу керек:1. Үтірлерді пайдалану. Егер суреттің алдынан немесе соңынан үтір қойылса, үтірдің санына сәйкес сол заттың артынан сонша әріпті алып тастау кажет. Егер үтір екеу болса, екі әріпті алып тастайды.

Химиялық викториналар оқыту барысында әр түрлі кезеңдерінде сабақ үстінде және сабақтан тыс химия кештерінде, ойлан-тап жарыстарында пайдаланылады. Викториналарды өткізудің оқу-тәрбиелік мәні аса зор, ол оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, танымдық қабілетін кеңейтеді, байқампаздыққа, тапқырлыққа, ойланып ойлы сөйлеуге үйретеді. Викторина оқушыларды тез, тапқыр жауап беруге тәрбиелейтін сұрақ-жауап түріндегі білім жарысы. Викторинаны өткізудегі басты мақсат оқушылардың теориялық, сарамандық білімін шығармашылықпен пайдалана білуге даярлау. Викторина сұрақтарын әр түрлі қызықты етіп құру оңай шаруа емес , пайдалану мақсаттарына қарай викторина сұрақтарын бірнеше түрге бөлуге болады:жай сұрақ, өлең сұрақ, реакция теңдеулерін жаздыру, тәжірибенің нәтижесін немесе құбылысты талдау сұрақтары, сурет, сызба-нұсқаны дәлелдеу сұрақтары немесе әзіл-сықақтардың мәнін анықтау және кейде сұрақтар ойлануға да беріледі ,т.б. Әсіресе өлең түрінде берілетін сұрақтар оқушыларды қатты  қызықтырады, кейде сондай викториналарды оқушылардың өздері де құрастырғысы келеді. Өкінішке орай химиялық тақырытарға арналған өлең түріндегі викториналар бізде өте аз жазылады. Тек кейбір педагогтар өздері өткізген кештерде ондай викториналарды пайдаланғанын айтады. Оқушылар викториналардың тәжірибе түріндегі, сурет сызба-нұсқа түріне де қатты қызығады. Сұрақтарды қызықты етіп құра білу викторина дайындаудағы басты шарт.

Викториналар белгілі тақырыпқа  арналып, жеке кластарға немесе  бүкіл сыныпты қамтитындай етіп құрылады. Викторина сұрақтары өтілу тәртібіне қарай ауызша да ,  жазбаша да беріледі. Кейде викторина сұрақтары үлкен қағазға жазылып түрлі-түсті суреттермен әдебиеттерді оқу арқылы табуға болатына кеңес беріп , әдебиеттері көрсетіледі. Викториналарды өткізудің де көптеген нұсқалары бар ,соның бірі викторинаны химия кешінде пайдалану, оны мұғалім немесе дайындығы бар жоғары класс оқушысы жүргізеді. Викторина сұрақтары жеке карточкаларға жазылып, билет тәрізді қойылады. Жауап бергісі келген оқушылар еріктілік негізі бойынша шақырылады. Оқушылардың жауабы балдық өлшем бойынша есептеледі. Ол үшін күні бұрын жюрилер сайланады, оған химия мұғалімі,сынып жетекшілері, бір, екі жоғары сынып оқушылары кіреді. Әділқазылар мүшелерінің бірі викторина өткізудің тәртібін таныстырады, жүлде көп викторина өткізудің тәртібін таныстырады, көп балл алғандарға жүлде берілетінін ескертеді. Ұйымдастыру жұмыстарынан кейін викторина сұрақтарына жауап бергісі келетін оқушылар шақырылады. Оқушы өзі алған карточкадағы сұрақты дауыстап оқиды. Сол сұраққа жауап қайтарады, егер жауап беруге қиналса, қол көтеру арқылы залдағы оқушылардың бірі айтады. Шақырылған оқушы тек бір ғана карточка алады,оқушы жауабы сапасына қарай жартылай немесе толық балмен бағаланады. Кейде викторина сұрағы эксперименттік сипатта болуы, ондай жағдайда экспериментті орындаудың тәртібін түсіндіріп, сонан-соң әділқазылардың рұқсаты бойынша тәжірибені орындауға кіріседі. Викторина жүргізуші оқушылардың жауабындағы кемшіліктерді түзетіп отырады. Сол кешке жоспарланған сұрақтарбіткеннен кейін әділқазы мүшелері қорытындысын шығарып озып шыққандарға жүлделер беріледі. Кейде викторина карточкасыз ауызша сұрақ қою арқылы да жүргізіледі. Мұндай тәсіл оқушылардың белсенділігін арттырады да, шулатып жібереді, кейбір оқушылар орынында отырып орынсыз жауап бере бастайды. Ондай жағдайда викторинаны жүргізуші оқушыларды тәртіпке шақырып, жауаптарын аты-жөндерімен жазып беруін сұрайды немесе викторина жүргізудің түрін өзгертеді.Викторина сұрақтарын кұруға периодтық басылым да шыққан әдістемелік және ғылыми-көпшілік әдебиеттер көп септігін тигізеді. Мұғалімдерге арналған Андреев Б. және Гаврусейко Н.П. мен Дебалтовская В.И. « Химиялық викториналар » деген кітап көптеген белгілі,оларда 250-ден-300-ге дейін кызыкты  сұрактар және олардың жауаптары бар. Дегенмен бұл әдебиеттерде химиялық викториналар ұйымдастырудың және өткізудің әдістемесі жөнінде ешбір нұскау келтірмеген. Бұл кітаптарды пайдалану кезінде көптеген қызықты деректерді кездестіруге болады, ол сұрақтардың бірсыпырасы оқушылардың теориялық біліміне негіздей ойналып жауап беруіне құрылған. Викториналық сұрақтарды қызықты етіп құруда Химия и жизнь, Знание-сила, Техника-молодежи, Юный техник, Зерде, т.б. журналдарды пайдалануға болады.

Химиялық викториналарды құрастыруда ғылыми көпшілікке арналған әдебиеттер, химиялық тақырыптарға жазылған кейбір кітаптар да көп септігін тигізеді. Химиялық викториналарды басқа пәндермен байланысты құрастыру пән аралық байланысты дамытып, оқушылар білімін бұрынғыдан да кеңейте түседі. Пән аралық байланыстағы викториналарды химиялық элементтердің ашылу тарихынан, химиялық заттардың қолдануынан көп кездестіруге болады. Химиялық викториналарды оқулықта берілген жеке тақырыптарға, химия тарихына, ғылымдардың өмірі мен ғылыми қызметіне, химиялық заттардың өмірде, өндірісте қолданылуына, химиялық элементтердің ашылу тарихына, қалай аталатынына химия жаңалықтарына, т.б. тақырыптарды таңдап алып, әр түрлі нұсқада құрастыра беруге болады.

 

 

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МАРАФОН

 

"XXI ғасыр көшбасшысы" интеллектуалды марафонына әр сыныптан озып, іріктеліп шыққан білімді, алғыр оқушылар қатысадты.

Жүргізуші: - XXI ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Отанымыздың саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтеретін білімді де, мәдениетті, парасатты, денсаулығымыз мықты болып өссек, егемен елімізді әлемге танытарымыз анық.

 

XXI ғасыр - химия ғасыры.

Ақын Құланбай Көпішев:

Химия - ырыс бұлағы Аялдама, алға умтыл,

Шалқыған байлық, мол дәулет Қудіретті біздің ой!

Аялап күтіп туралыда Сенде байлық, сенде ырыс

Болашағымыз - нүр сәулет. Сенімен өмір сәнді ғой, -деп жырлайды.

Сонымен XXI ғасыр білгірлерін, құрметті ойыншыларымызды ортаға шақырып, қарсы аламыз.

Сайысқа қатысушылар ойын бөлімдерімен, шарттарымен таныстырылады. (әр дұрыс жауапқа 10 ұпай)

 

I. Бәйге.

1. Атомның планетарлық моделін ұсынған қай ғалым? (Резер-форд)

2. Электролиттік диссоциация теориясын ашқан ғалым? (С. Ар-рениус)

3. Азот молекуласындағы химиялық байланыс түрі. (ковалентті полюссіз)

4. Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл. (йод)

5. Металдардың бұзылуы. (коррозия)

6. Заттың құрамы мен қасиеті сақталатын ең кіші бөлшегі. (молекула)

7. Бір элементтің бірнеше жай зат түзу қасиеті. (аллотропия)

8. Кремний қышқылының тұздары қалай аталады? (силикаттар)

9. Қазақстанның қазба байлықтарының картасын жасаған кім? (Қ. Сәтбаев)

10. Ауа құрамында оттектің қанша пайызы бар? (21%)

11. Ең ауыр металл. (осмий)

12. Сұйық металл. (сынап)

13. Зат массасының сақтапу заңын кім ашты? (Ломоносов)

14. Электр тоғын өткізетін қышқыл, тұздар ерітінділері қалай аталады? (электролиттер)

15. Бейэлектролиттер дегеніміз не? (электр тоғын өткізетіндер). Бұл сайыстан барлығы келесі сайыстың бөліміне өтеді. Келесі әр сайыстың бөлімінде ең аз ұпай жинаған ойыншы ойыннан шығады.

II. Полиглот (екі бөлімнен тұрады)

1-ші бөлім. Жеті жұрттың тілін біл. (химиялық элементтерге жұмбақ жасырылады, тапқан химиялық элементтің атын қазақша, орысша, латынша атау керек).

1. Өзім газбын менімен демаласың, Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың.

(оттек, кислород, оксигениум).

2. Осы затпен ескі үйді аластайды,

Түсіне қарасаң алтынға уқсайды. (күкірт, сера, сульфур.)

3. Ең жеңіл элемент саналады, Периодтық жүйе осыдан бастау алады.

(сутек, водород, гидрогениум)

4. Өзі ауыр металға жатады, Балалар осы металл құйған сақамен атады.

(қорғасын, свинец, плюмбум.)

5. Машина мен трактордың жаны, Қара металлургияның наны.         (темір, железо, феррум)

6. Аспандағы айды осы элементпен теңестірөді, Салмақты адамды мақтауды да келістіреді. (күміс, серебро, аргентиум).

7. Өзі жылтыр күмістей Жеңілдігін ескерсөң, Жүмсақтығы тағы бар.             Пайдаланар жері табылар. (алюминий, алюминиум)

2-ші балім. Жұмбақ жасырылады, табылған заттың атын, формуласын атайды.

1. Ол болмаса асыңныңдәмі кірмес, Кім бар ортада оны білмес. (ас түзы - NaСІ)

2. Шыдасаңда алты күн ассыз мүлде, Шыдау қиын бүл затсыз екі күнге. (су - Н2О).

3. Ес-түссіз адам талып қалса кейде, Иіскетсең есін жияр ол лезде. (мүсәтір спирті - NН4ОН)

4. Адаммен жануардан бөлінеді,Өсімдіктің торына ілігеді. (көмірқышқыл газы - СО2)

5. Жер бетін күннің ультракүлгін сәулесінен қорғайды, Өзін оттектің үш атомы қурайды. (озон - О3)

6. Аяғыңның астында жататын зат, Тауға айналып, тас болып қататын зат. (кремнезем, құм -SiO2)

7. Қурғақ жерде сақтайсың, Онсыз тамақ татпайсың (ас түзы - NаСІ)

III. "Ғажайып жетілік"

Сайыстың бұл бөлімінде сұрақтың күрделісіне қарай ұпай саны әр түрлі болады.

1.20. Тайқазан 7 металдан құйылған, ол қандай металдар? (төмір, мырыш, қалайы, қорғасын, мыс, күміс, алтын).

2.30. Табиғатта сом күйінде кездесетін металдар. (мыс, күміс, алтын, платина).

3.20. Халькогендер деп нені айтамыз және халькогендерге қандай металл жатады? (оттөк, кукірт, селен, теллур).

4.30. Табиғатта таралуы бойынша бірінші орында тұрған металл. (алюминий)

Информация о работе Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыру арқылы оқыту