Қасиетті «жеті» саны қайдан шыққан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 18:22, реферат

Описание

Баяғы замандардан бері “7” саны халқымыздың ұғымында киелі сандардың бірі ретінде қалыптасып,халықтардың салт-дәстүрлері мен дүниетанымызда өзіндік, ерекше орын алып, әсерін тигізумен келе жатыр. Қазақ ұғымында жетінің киелі сипатқа ие екендігін ерте байқаған және оның себебін түсіндіруге тырысқан ғалымдар көптеп саналады. Олардың басым көпшілігі қазақ ұғымындағы 7-нің киелі мән алу себебін өзге халықтар мәдениетінен іздейді, атап айтсақ, араб-парсы мәдениетінің әсерінен деп қарау орын алған. 7 санының киелі сипат беруі дүниедегі көптеген халықтарға тән құбылыс. Мысалы, ол Ислам дінінде де киелі сан болып есептелінеді.

Работа состоит из  1 файл

7 саны.doc

— 41.50 Кб (Скачать документ)

Қасиетті «жеті» саны қайдан шыққан

 

        Баяғы замандардан бері “7” саны халқымыздың  ұғымында киелі сандардың бірі ретінде қалыптасып,халықтардың салт-дәстүрлері мен дүниетанымызда өзіндік, ерекше орын алып, әсерін тигізумен келе жатыр. Қазақ ұғымында жетінің киелі сипатқа ие екендігін ерте байқаған және оның себебін түсіндіруге тырысқан ғалымдар көптеп саналады. Олардың басым көпшілігі қазақ ұғымындағы 7-нің киелі мән алу себебін өзге халықтар мәдениетінен іздейді, атап айтсақ, араб-парсы мәдениетінің әсерінен деп қарау орын алған.  7 санының киелі сипат беруі дүниедегі көптеген халықтарға тән құбылыс. Мысалы, ол Ислам дінінде де киелі сан болып есептелінеді. Ислам дінінің қасиетті кітабы “Құран”- да “жер бетіндегі нәрсенің бәрін сендер үшін жаратты. Оған жеті қат аспанды үлестірді”, - деген сөз бар. Яғни,”аспан – жеті қабат” деген ұғым ислаи дінінде де бар. Сол Құранда, “Мұхаммед пайғамбард жыл санауымыздың 621-жылы 7-айдың 27-күні түнде елшімен бірге жеті қабат аспанды аралайды. Соңынан ол осы түнді ислам дінінің Мереке күні – Мирад деп белгілейді. Ислам дінінің қасиетті мекені Меккеге барғанда, ел сағат тіліне қарсы бағытта жүріп Сафа тауынан Маруа тауына жеті барып, жеті келеді;онан соң Минаға барып, бір тас діңгекке жеті тас лақтырады”. Христиан дінінде де “Христос жетінші күні аспанға ұшып барып, жетінші күні қайта дүниеге келеді” деген уағыз бар. Үнді Мәдениетінде де “жеті” киелі сипат алған сандар қатарына жатады. “Жеті жан”, “жеті мүше” ұғымын көне Үнділер таратқан. Бұдда дінінің ертедегі әдебиет нұсқаларында “жеті”-ге байланысты құбылыстар көп кезігуде. Бұл туралы Француз ғалымы Лев Болер “Алғашқы адамдардың ойлауы” деген еңбегінде былай дейді: “Біз сонау ертедегі Үнді мәдениетінің қиял-ғажайып ертегілернен жеті ана, жеті мұхит, жеті рихи, жеті адитя, жеті данава, күннің жеті мініс аты сынды осы бір сырлы санның басқа да бірқыдыру қоспаларын жолықтырдық”. Парсы мәдениетінен түркі халықтары қабылдаған “жетілік-апта” деген календарлық ұғым ертеден бері жалғасып келеді. Шындығында жеті күнді бір апта деп белгілеуді вавилондықтар тапқан. Жұлдызшы – астрономдар бір аптадан жеті күннің әр күнін сол кез киелі санап, жеті аспан шырағаның санына сәйкес етіп, апта күндерін белгілеген және “аптадағы әрбір күнді аспан тәңірлері басқарады” деген ұғым қалыптастырған. Олардың осы сөзі дүние жүзіне тарап, жетілік апта календарлық мәдениеті қалыптасқан. Жетілі апта мәдениеті, жалпы Шығыс халықтарының, олардың ішінде парсылардың әсерімен XI-XII ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан жерлерінде де тараған. Парсылардың дүние танымында әлемде жеті аспан шырағы, жеті теңіз, жердің жеті қабаты, жеті қабат аспан әлемі бар делінеді. Қытай мәдениетінде де “жеті” саны – киелі сан. Мәселен, қытайлар адамы қайтыс болғаннан соң 7-ші,21-ші күні, 49-күндері оған арналған аза білдіру салтын  өткізеді. Бұл күндері олар “жетісі”, “үш жетісі”, “жеті айы” деп атап “аруақтар күндері” деп есептейді. Басқаларға сыйлық ұсынғанда жеті саны қатысты зат беруге болмайды. Жапондықтар да “жеті санын” санайды, олардың ойынша “жеті” саны адамға жақсылық әкеледі. Осы сияқты “жетінің” киелі ұғымы, немесе басқа да жоғарыдағылардай мағыналық көріністері орыс, корей, монғол т.б. халықтарда да бар. Демек “жеті”-нің киелі мән алуы түркі халықтарына ғана тән болып қана қоймай, дүниедегі көптеген басқа халықтарға да тән құбылыс.

        ХІІХ ғасырдың ескерткіші саналатын  Күлтегін жырындағы кейбір сандық  цифрларды «жеті»-нің киелі мәніне  бірлестіріп қарау керек. Онда: «Әкем Елтеріс қағанды, шешем  Елбілге қатынды Тәңірі төбесіне  ұстап, жоғары көтерген екен. Әкем  қағанға он жеті ер еріпті. Шетте жортып жүр дегенді естіп, қаладағылар өрлепті, таудағылар індепті, жиылып жетпіс ер болыпты. Тәңірі қуат берген соң әкем қағанның әскері бөрідей бопты, ілгері-кейін аттанып жинапты, көтеріпті, қолы жеті жүз ер болыпты...», «әкем қырық жеті рет аттанды», «Күлтегін қой жылы он жетінші күні өлді; тоғызыншы айдың жиырма жетісінде жерледік, мазарын, ою-өрнегін, жазба тасын бөшін жылы жетінші айдың жиырма жетісінде тегіс аяқтадық. Күлтегін өлгенде қырық жеті жаста еді». «Әкем қырық жеті рет аттанды». Байқасаң, ескерткіштегі адам жасы, оқиғалардың жыл көрсеткіштері көбінде «жеті»-ге байланысты болып тұр. (Тоғыз, қырық деген де түркілерде киелі сандар).

        Халқымыз өреге жайып қойған  құрт, ірімшікті қарға сияқты  құстардың алып кетпеуінен қорғау үшін, жалған адам бейнесін жасап өренің өзіне іліп қоятын болған да, мұны «қарақшы» деп атаған. Мұндай «қарақшыны» әдетте, қора маңына да малды ит-құстан қорғау үшін пайдаланады.

       «Жетіқарақшы» сөзін «Жеті қараушы,  жеті сақтаушы, жеті күзетші» деп түсіну керек. Ел жадында сақталған «Жетіқарақшыны таныған жеті түнде адаспас» - деген сөз осының айғағы болса керек. Халқымыз Жетіқарақшыны – аспан сағты деп атайды. Себебі, ата-бабаларымыз оған қарап түнгі уақыттарын мөлшерлеген, ауа-райын болжаған. Көшпелі халық үшін, әрине, бұдан артық қасиетті аспан шырағы бола ма?

           Қазақ халқында “жеті шелпек”  деген ұғым бар. Үлкендер бір  нәрседен қауіп қылса, үрейленсе,  болмаса жайсыз жатып, жаман   түс көрсе, жеті нан – жеті  шелпек айтады. Жеті нанды қасиетті жұма күндері, сәрсенбінің сәтіне пісіріп, жеті үйге таратады. Алушы: “Қабыл болсын”, - дейді, таратушы: “Әумин!” – деп жауап береді. Жеті нанды таратып болғаннан кейін: “ата-бабаларға тие берсін” деп ауыз тиіп, әруақтарға арнап аят оқып, бата қылады. Сонда әруақтардың мұрнына нанның иісі тиеді. Сосын “Жеті нан әрқашанда әруақ болып желеп-жебеп, бәле-жаладан қорғап жүреді”, - дейді. Бұл жеті санының киелі-қасиеттілігінен болар. Әйтпесе, алты немесе сегіз нан пісіруге де болады ғой.

Жеті  санына байланысты ұғымдар жетерлік:

   Жеті ғалам: Күншығыс, Күнбатыс, Түстік, Терістік, Аспан – жоғарғы ғалам.  Жер – орта ғалам. Жер асты – төменгі ғалам.

   Жеті қат көк: “шексіз аспан” деген мағына береді. Оған жататындар: Ай, Меркурий, Шолпан, Күн, Марс, Юпитер, Сатурн. Осы жеті жарық шығыс астрономиясында “Жеті қат көк” деп аталады.

    Жеті ғашық: Ләйлі-Мәжнүн, Жүсіп-Зылиха, Фархад-Шырын, Бахрам-Күләнда, Сейпілмәлік-Бәдіғұл-Жамал, Бозжігіт-Аиула, Зияда-Қорлы.

    Жеті жұт: Құрғақшылық, жұт, өрт, оба, соғыс, топан су, зілала.

    Жеті күн: Бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күні, соңғы күні, азна. Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі (сәтті күн). Бейсенбі, Жұма (қасиетті күн). Сенбі, Жексенбі.

    Жеті ата: Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.

    Жеті жоқ: Аспанда тіреуіш жоқ, жерде өлшеуіш жоқ, тасбақада талақ жоқ, Аллада бауыр жоқ, құста сүт жоқ, жылқыда өт жоқ.

   Жеті қазына: Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы (ит).

   Жеті шәріп (жеті дүние): Мекке шәріп, Мәдине шәріп, Бұхар шәріп, Шам шәріп, Құдыс шәріп (Мысыр), Қағым шәріп, Кәләм шәріп (құран).                         

       Қорыта келгенде, «Жеті» қазақ халқының ұғымында қалыптасқан киелі сан. Ұлттық түс алған көне мәдениет құбылысы. Бұл құбылыстың басқа халықтарда да кездесуін олардың бір-біріне тигізген әсерінен гөрі әр қайсысының өзіндік дүние танымынан туындаған ортақ құбылыс деп қараған жөн.      

 

 

 

 


Информация о работе Қасиетті «жеті» саны қайдан шыққан