Қазақстан Республикасының техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 19:12, реферат

Описание

Стандарттау,метрология және сертификаттау жүйесіндегі, мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі заңының қолданылу саласы
Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары мен принциптер

Работа состоит из  1 файл

тәжірбие.doc

— 476.00 Кб (Скачать документ)
  • біртекті өнімдер тобының бірдейлігінің негізгі нышандарын анықтау;
  • бірдейлікті өткізу ережесін анықтау;
  • өнімді сертификаттау мақсатында сынақ көрсеткіштерін анықтау;
  • өнімнің бірдейлік тәсілін жасау.

Бірдейлік нышаны ретінде тағамдық өнімді кешенді  түрде бағалау үшін қажетті көрсеткіштер таңдап алынады, оған:

- нақтылы түрінің, атауының немесе біртекті өнім тобының типтілігі;

  • объективтілігі мен салыстырмалылығы;
  • тексерушілігі;
  • жалғандауға қиындығы.

сертификатгау органы, инспекциялық бақылау органы, сынақ лабораториясы және эксперт-аудиторлар өнімнің ұқсастығы тәсілін өз бетінше айқындайды.

Тағамдық  өнімдердің бірдейлігі қабылданған сертификаттау желісі бойынша /ҚР СТ 3.4-94. В қосымшасы/ бекітілген талап бойынша мына деңгейде жүргізіледі: 

  • өнімнің типтігiне /2,3,4,5 желі/;
  • өнiмнiң партиясына /7 желі/.

Тағамдық  өнімдерге типтік деңгейінде бірдейлік  алынған өнім үлгісі осы өнім типіне қойылатын талаптарға сәйкес екендігін анықтау үшін жүргізіледі.

Тағамдық  өнімдер партия деңгейінде жүргізілетін бірдейлігінің тауар жолдамасы кұжаттарына және сәйкестік сертификатында /егер болса/ көрсетілген бұйымдар саны өзара соғатынын анықтау үшін қосымша жүргізіледі.

сертификаттау үшін өнімді сынаған кезде көрсеткіштерді үш топқа бөлуге болады:

бірінші-бірдейлігін  анықтау үшін;

екінші-міндетті сертификаттау үшін қауіпсіздігі мен басқа міндетті талаптарына көз жеткізу үшін;

үшінші-өз еркімен сертифкаттауда басқа көрсеткіштері үшін.

Тағамдық  өнімдердің бірдейлігін анықтау  үш сатыдан тұрады:

  • тауар жолдама құжатын талдау;
  • партияны алдын-ала және өнімнің белгілеуі мен оралуын 
    қарау;

- өнімді органолептикалық және физикалық-химиялық 
көрсеткіштері бойынша сынау.

Тауар-жолдама  құжатына өнім тегінің сертификаты, тасымалдау куәлігі, дайындаушының сапа куәлігі, сәйкетік сертификатын талдау жатады, ол құжаттағы мәліметтерді қатар қою арқылы жүргізіледі.

Тағамдық  өнімдердің тобына қарағанда мынаған  назар аудару керек:

- белгілеу этикеткасына, тарасына және тұтыну орамына;

-: этикетка таза, тығыз және желімденген, мынадай  мәліметгер болуы керек-жасаушы /қоюшы/ ел, жасаушы кәсіпорын, штрих коды, өнімнің аты және оның құрамы, массасы неттомен, жасалған уақыты және сақтағанда,  жарамдылық мерзімі, сақтау жағдайы /егер өнім арнаулы сақтағанды қажет етсе/, тағамдық және қуаттылық бағалылығы, нормалық құжаттың белгілері, пайдаланған тағамдық қоспалар туралы класы көрсетілген мәлімет, сЭс елдерінің код индексі бойынша қоспалар немесе олардың белгілері.

Тағамдық  өнімдердің белгілеуі мен оралу  нормалық кұжаттарға және қоюға, келiсiм-шарт талабына сәйкес екендігі тексеріледі. Оралым түрі, тасымалдау тарасындағы тұтыну тарасының саны, массасы, тұтыну тарасының сиымдылығы, партияның счет-фактурасы  бойынша тексеріледі.

Тасымалдау тұтыну тарасында көрсетілген өнімді дайындаушы /дайындаушы ел/ өнім партиясының жолдамасындағы өнімнің тегі туралы сертификат және басқа құжаттармен  салыстырылады.

Партияның көлемі тауар-көлік счет-фактура, өнім тегінің сертификаты бойынша тексеріледі. Өнімнің дайындау уақыты, жарамдылық мерзімі сапа куәлігі немесе өнімнің этикеткасындағы, орамындағы штампы бойынша тексеріледі. кейбір жағдайда, дайындаушы-кәсіпорынның сапа куәлігінде, өнімді шығару жөніндегі нормалық құжаттардың, өнімнің құрамы жөнінде мәлімет болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасында шығарылатын өнімнің органо-лептикалық, физикалық-химиялық көрсеткіштері жұмыс жасап тұрған нормалық құжаттар талабына сәйкес анықталады.

Әкелінген өнімнің органолептикалық және физикалық-химиялық көрсеткіштері дайындаушы елдің нормалық құжатына сай екендігіне, егер ол жоқ болса, Қазақстан Реепубликасында өндірілетін сондай өнімнің нормалық құжатымен, келiсiм-шарт талабына немесе белгісі мен келiсiм-шартта көрсетілген кейбір көрсеткіштерімен бағаланады.

Өнімді  органолептикалық бағалағанда мынадай  тәсілдер қол- 
данылады: 

  • сырттай қарау тәсілі-көру органымен өнімнің сыртқы түрі 
    және түсі, ішкі құрылымы және басқа көрсеткіштерін анықтау;
  • дәмді тәсіл — тіл мен таңдайдың дәмдік нүктелері бойынша өнімнің дәмін анықтау;
  • иістік тәсілі - иіс сезімдері арқылы   анықтау /хош иісі,букет/;
  • көру тәсілі - өнімді көру арқылы консистенциясын анықтау.

Физикалық-химиялық көрсеткіштері /өлшеу тәсілі/ бойынша сынақ - ол көрсеткіштерді техникалық өлшеу құралдары арқылы анықтау тәсілі.

Бұл тәсіл, пайдаланатын өлшеу құралдары бойынша мынандай топтарға бөлінеді:

физикалық тәсiлдерi - өлшеу құралдарының көмегімен физикалық көрсеткіштерін анықтау үшін /масса, көлем т.б./;

химиялық  тәсілдер - стандартты заттар, үлгілер, өлшеу құралдары мен жабдықтары арқылы химиялық көрсеткіштерін анықтау үшін.

Физикалық және химиялық тәсілдер әртүрлі болады: микроскоптау, фотометрия, фотоэлектрокалориметрия, хроматография, спектрография, понометрия, флюроэсенция және т.б./.1кесте/

  • кесте 1

  • Бірдейлікті өткізу тәсілдерін салыстырып талдау.

    Тәсілдер тобы

    Тәсілдердiң артықшылығы

    Тәсiлдердiң  жетпеушiлiгi

    Органолеп-тикалық

    Қарапайым, тездігі, арзандығы

    Бағалауды  салыстырмалы нәтиженiң жоқтығы. Өлшеу нәтижесі жазбаша түрде

    Өлшеу тәсілі

    Объективті  нәтиженің салыстырмалығы және қайталанғыштығы нәтиженiң жалпы қабылданған өлшеу бірлігімен беру.

    Өлшеуге көп материалдың және уақыт шығындары /техникалық өлшеу құралдарын пайдалану қажеттілігі және сынақтың ұзақтығы/. квалификациясы жоғары маман және сынақ қажеттігі


    Егер, тағамдық өнімдердің жоғарыда көрсетілген тәсілмен бірдейлігін анықтаса, анықтаудың екі топтық тәсілдерін кешенді түрде жүргізу керек. ұзақ мерзімді келiсiм-шарт белгілі бір тағамдық өнім елімізге әкелінетін болса, онда сертификаттау органы бірдейлігін бақылау үлгісі немесе бұрын өткізілген сынақ бойынша жүргізуіне болады.

    Бақылау сұрақтары:

    1. Тағамдық ауыл шаруашылық өнiмдерiн бiрдейлендiру
    2. Бірдейлікті өткізу тәсілдерін салыстырып талдау.

     

     

    Қолданылатын  әдебиеттер:

    1. « Техникалық  реттеу туралы» : РҚ заңы алматы 2004

    2. Лифиц И.М  Основы стандартизации, метрологии, сертисфикации. Учебник 2-е изд. М. Юрайт М 2001-272 с

    3. Крылова Г.Д    Основы стандартизации, метрологии, сертисфикации. М : Изд ЮНИТИ-ДАНА 2000-487

    4. Авторский  коллектив под. ред. Тазабекова К. А   Основы стандартизации, метрологии, сертисфикации  и менеджмента качества . Алматы: Казахстанская ассоцияция маркетинга, 2003 г

    5.  Смагулов А. К. И др Качество и безопастность с/х пищевой продукции  Алматы 2002 г

    6.   Швандар В. А. др Стандартизация  и управление качеством продукции Москва 1999 г

    7. Таныгин В.А  Основы стандартизации и управление качеством .Москва издательств стандартов 1989 г

    8. Артистов О.В.  Упровление качеством . Учебник  М ИНФРА –М 2003-237 с

    9. Гончаров Э.Н  Статистические методы  контроля качества продукции М Издат  Стандартов 1983

    10. Стицнадель  В.Н Системы качества в соответствии с международными стандартами   ISO 9000 Учебное пособие СНб : издательский дом « Бизнес-пресса» 2000-336 с

    11 ВАракута С.А.  Управление качеством продукции  : Учебное пособие М- ИНФРА –М  2002-207с

    12. Мишин В.Н  Управление качеством : Учебное  пособие для ВУЗов М ЮНИТИ-ДАНА 2000-303 с

    13 СТ  РК 1.17-2000 ГСС РК Методика проведение государственного контроля деятельности аккредитованных органов по сертификации и испытательных лабораторий( центров)

    14. СТ РК 1.9-99-  ГСС РК Порядок приминения международных региональных и национальных нормативных документов по стандартизации и сертификации

    15. СТ РК 3.0-94 ГСС РК Основные положения

    16. СТ  РК 3.1-94  ГСС  РК Знак соответствия . Тех. Требования и порядок применения

    17СТ РК 3.2-94  ГСС РК Требования к органом по сертификации порядок их аккредитации

    18 СТ РК 3.4-94  ГСС РК   Порядок проведения сертификации продукции

    Общие требования

    19. СТ РК 3.9-97 ГСС РК Сертификация импортипуемой  продукции  Общие положения

    20 . РД 50 РК 3.4-94 ГСС  порядок проведения сертификации системы качества и производств

     

     

     

    Тәжірбие  №5

    Тақырып:Объектілерді кодттау және классификациялау

    Сабақтың  мақсаты:Объектілерді кодттау және классификациялауды студенттерге таныстыру.

    Сабақтың  жоспары:

    1. Тауар кодтары
    2. Объектілерді кодттау және классификациялау
    3. Тауардың цифрлық коды.

    Кілті сөздер:

    МЕМСТ- мемлекеттік  стандарт

    ИСО- халықаралық стандарт

    ТШ- техникалық шарт

    ҚР- Қазақстан Республикасы

    EAN - Еуропалық  кодтау жүйесi 

    Тауар кодтары

    Азық - түлік тауарларды таңбалау ҚР-ның  тауарлардың таңбалау заңы, МЕМСТ бойынша жүзеге асырылады. Осы мемлекеттік стандарттың талабы бойынша тұтынушыларға өндіруші толық әрі дұрыс мәлімет беруі тиіс. Мәліметтер азық-түліктің өзінде, қабында не болмаса қосымша қағазында болуы тиіс. көрсетілетін мәліметтер мыналар: өнімнің, азық-түліктің аты, оның құндылығы, жарамды мерзімі, сатылу уақыты.

    Тағам өнімдерін  таңбалау ол-тағамдардың сапасын тексеріп, сараптау ретінде әрі сәйкестендіру үшін қажет.

    Тағам өнімдерін  кодпен белгілеу жалпы кеңінен таралған әдіс болып табылады, код ретінде түрлі белгілер қолданылады: цифрлар, сызықшалар, квадраттар т. с. с, оларда мәліметтер толық жиналған. кодтардың ішінде ең көп таралғаны мына жүйелер: Еуропаның Е.А.N. Батыс Германиялық В.А.М; Америкалық И.R.C. Ал қазіргі жағдайда осы жүйелердің барлығын қосып бір түрге келтіру туралы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өйткені сату операциялары бірдей болуы керек. Жүйелердің талабы бойынша әрбір бұйымға өз номері беріледі, ол 13 цифрдан түрады, мысалы соса-соla цифрлік коды былай: 5449000000996; 54 жасап шығарған мемлекетті көрсетеді, 4900- мекемені көрсетеді, 00099-тауардың атын көрсетеді, ал 6-бақылау цифры болып табылады,    ол   арнайы оқу құралдарына, сканерге қажет. Ал кейбір жағдайда тауарды шығаратын елге 3 цифр, өндіріске 4 цифр беріледі. Мысалы: Ет, балық, сүт консервілерінде олардың этикеткасында шығарған мекеменің мәліметі көрсетіледі, мекен-жайы, консервінің, аты, сорты, нетто массасы, нормативті құжаттардың талабына сай өнімнің сапасы, консервілердің тағамдық, энергетикалық құндылығы, сақтау мерзімі және жеуге дайындаудың түрлері.Объектілерді кодттау және классификациялауда тағамдық өнiмдердi белгiлеу талабы МЕМ СТ 51074-97 стандарт талабы бойынша дайындаушы /сатушы/, тұтынушыға қажет уақытта тағамдық өнiм жөнiнде, дұрыс таңдап алатынын қамтамасыз ететiн, қажеттi шын мәлiметтердi беруге тиiстi. Мәлiмет тағамдық өнiммен бiрге орамындағы, этикеткадағы, жарлық, қосымша бет қағазында болуы тиiс. Белгiдегi жазу қазақ немесе орыс тiлдерiнде жазылады, Ал шет тiлiндегi аударылып жазылуы мүмкiн. Орамындағы, этикеткадағы мәлiметтер түсiнiктi, толық және нақтылы болуы керек. Тағамдық өнiмдер жөнiндегi мәлiметтер төмендегiдей болуы керек:

    өнiмнiң  атауы. өнiмнiң атауы кез келген жүйеде жазылған өнiмнiң тобы, жартылай тобы, өнiмнiң түрi жазылған сөздерден тұрады.

     Дайындаушының орны /мекен-жайы/, елiнiң атауы және шығу орны.

     Дайындаушының тауарлық  белгiсi /егер болса/. өнiмнiң массасы  /нетто/, көлемi немесе мөлшерi.

    өнiмнiң құрамы. Бiр компоненттi болмаса, құрамына кiретiн заттардың тiзiмi. Құрамының тiзiмi «Тiзiмi» деген басынан басталып, құрамындағы заттардың массалық мөлшерiнiң кему ретiмен жазылады. Егер дәмiн және иiсiн күшейтетiндер «Хош иiстендiрушi», «Тағам дәмдеушi қосылған» пайдаланылса, онда «Табиғи», «Табиғатта сәйкес» немесе «Жасанды» деген анықтамалармен қоса жүредi.

    өнiмнiң арнаулы тағамдық қасиетi, емдеуге немесе профилактикаға пайдаланатын биологиялық белсендi заттар, зиянды заттардың жоқ екендiгi жөнiндегi мәлiмет этикеткаға тек  қана Қазақстан Республикасының  денсаулық сақтау орындарының ұлықсатымен жазылады.

    Информация о работе Қазақстан Республикасының техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі