Қазақстан Республикасының техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 19:12, реферат

Описание

Стандарттау,метрология және сертификаттау жүйесіндегі, мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі заңының қолданылу саласы
Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары мен принциптер

Работа состоит из  1 файл

тәжірбие.doc

— 476.00 Кб (Скачать документ)

Қайта құрылған стандарттың моральдық тұрғыдан тозбауы үшін, стандартқа болашағы бар талаптардың, және халықаралық, сондай - ақ аймақтық стандарттардың, өзге елдердің озық ұлттық стандарттарының енуімен қамтамасыз етілетін озық дамудың мақсаттары міндетті түрде сақталуы тиіс.

Стандартқа  деген басты талап - оның сертификаттау  мақсаттары үшін қажеттілігі болып табылады. Мәтін бойынша нақты ажыратылған міндетті талаптар мен олардың нысанды түрде тексерілуінің әдістерін мазмұндайтын стандарттар, көрсетілген талаптарға жауап береді.

Жүйелілік рәсімі стандарттаудың әрбір нысанын күрделі  жүйенің бөлігі, кешенділік рәсімі - күрделі жүйенің барлық элементтерінің сиымдылығы ретінде қарастыруын болжайды.

Динамикалық стандарттадың кезеңділікпен тексерілуін, оларға өзгеріс пен кейінге қалдырудың енгізілуін қамтамасыз етеді.

Стандарттар талаптары түсініктерінің нақтылығын қамтамасыз ету үшін олар нақты және анық болуы тиіс.

Әлеуметтік  және  техникалық -  экономикалық  мақсаттарға  жету  үшін, стандарттар белгілі бір қызметтерді орындайды.

  Реттеу қызметі - ақылға сыймайтын нысан (өнім, құжат және т.б. номенклатурасы) түрлерін жеңу. Ол жеңілдетілу мен шектелуге келіп тіреледі. Неғұрылым нысан реттелген сайын, соғұрылым қоршаған заттық немесе өзіндік талаптары мен заңдары бар табиғи ортаға жақсы үйлеседі.

Қорғау   (әлеуметтік)   қызметі   -   өнім   (үрдіс,   жүмыс,   қызмет) тұтынушыларын,    дайындаушылар    мен    мемлекетті,    техногендік    әсерден қоршаған ортаны қорғау қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

  Өркениеттендіретін қызмет - өмір сапасын қүрайтын өнім (үрдіс, жүмыс,   қызмет)   сапасының   жоғарылауына   бағытталған.   Мысалы, халық өмірінің ұзақтығы, өз кезегінде елдің даму немесе өркениеттену деңгейіне әсер ете   отырып,    тұтынушы   тауарларына   деген    нормативтік   құжаттардағы қауіпсіздік талаптарының қатаңдығына тікелей байланысты.

Қор   сақтандырушы   қызмет  материалдық,  қуаттық,  еңбектік  және табиғи қорлардың шектелуімен негізделіп, қорлардың шығындалуына арналған шектеулері бар нормативті қүжаттардағы шешімдерде көрініс табады.

Ақпараттық  қызмет адамдардың, оның ішінде мамандардың 
өзара пікір алысуы мен қызметтік қарым - қатынастарын қамтамасыз етеді. Аталмыш қызмет саудадағы тосқауылдарды жеңуге, сондай - ақ ғылыми-техникалық және экономикалық қызметтестікпен бірлесе жұмыс жасауға бағытталған.

Ақпараттық  қызмет қызметтің әртүрлі саласының  техникалық және басқару ақпараттарына ие нормативті құжаттар, каталогтар және эталондармен қамтамасыз етілуінде көрініс табады.

Нормалы     шығармашылық    және    құқықты    қолдану    қызметі талаптардың   стандартталу   нысаны   мен   олардың   жалпы   қолданылуының заңдастырылуында көрініс табады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Стандарт дегеніміз не?
  2. Мемлекеттік стандарттар  дегеніміз не?
  3. Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктегіштері дегеніміз не?
  4. Фирмалық стандарттар дегеніміз не?
  5. Ғылыми-техникалық, инженерлік қоғамдардың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің стандарттары  дегеніміз не?
  6. Техникалық шарттар дегеніміз не?
  7. Ұсынымдардегеніміз не?
  8. Негіз алынатын стандарт дегеніміз не?
  9. Өнім стандарты  - дегеніміз не?
  10. Үрдіс (жұмыс) стандарты дегеніміз не?
  11. Бақылау (сынау) әдістері стандарты дегеніміз не?
  12. Терминдер мен анықтамалар стандарты дегеніміз не?
  13. Стандарттар кешені дегеніміз не?

 

Қолданылатын  әдебиеттер:

1. « Техникалық  реттеу туралы» : РҚ заңы алматы 2004

2. Лифиц И.М  Основы стандартизации, метрологии, сертисфикации. Учебник 2-е изд.  М. Юрайт М 2001-272 с

3. Крылова Г.Д    Основы стандартизации, метрологии, сертисфикации. М : Изд ЮНИТИ-ДАНА 2000-487

4. Авторский  коллектив под. ред. Тазабекова К. А   Основы стандартизации, метрологии, сертисфикации  и менеджмента качества . Алматы: Казахстанская ассоцияция маркетинга, 2003 г

5.  Смагулов А. К. И др Качество и безопастность с/х пищевой продукции  Алматы 2002 г

6.   Швандар В. А. др Стандартизация  и управление качеством продукции Москва 1999 г

7. Таныгин В.А  Основы стандартизации и управление качеством .Москва издательств стандартов 1989 г

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№3 тәжірбиелік сабақ

Тақырып:Объектілерді каталогтеу (белгiлеу және таңбалау)

 

Сабақтың  мақсаты: Объектілерді каталогтеуді студенттерге таныстыру.

Сабақтың  жоспары:

  1. Тауарларды белгiлеу және таңбалау
  2. Етті таңбалау
  1. Қоян  етін таңбалау

Кілті сөздер:

МЕМСТ- мемлекеттік  стандарт

ИСО- халықаралық  стандарт

ТШ- техникалық шарт

ҚР- Қазақстан  Республикасы

 

Тауарларды  белгiлеу және таңбалау. Таңбалау белгілері бірнеше түрге бөлінеді, олар-тауарды, жүкті жөнелтетiн көлiктiк және  арнаулы болып бөлінеді. Тауарды белгілеу жалпы ережеге сүйенеді. Тауарды таңбалауды мемлекеттік стандартқа, не болмаса техникалық шартқа байланысты жасайды.

Тауар таңбасы — алдымен тауардың атауы, оны шығарған мекеменің, мекен-жайы, зауыдтың маркасы, сорты, МЕМСТ бойынша жасалған тауардың, сандық нөмірі. Осы таңбалау түрін, тауар өндірушінің өзі жасайды. Жүкті жөнелтетін таңба. Бөлшек ретінде жасалады, бөлшектің алымында орынның нөмірімен өзінің белгісi салынады, ал бөлімінде жалпы орындардың саны көрсетіледі, сонымен қатар жіберуші мен қабылдаушының аты-жөні, стансаның, жолдардың аты жазылады. Осы таңбалауды жүкті жөнелтетін мекеме жасайды және оның дұрыстығына да сол жауапты.

Көлiктік таңба. Мұны жасайтын жүк таситын мекеме, станса не болмаса порт. Мұнда да таңбалау бөлшек ретінде жасалады. Бөлшектің алымында номерлік саны көрсетіледі де, сызықшадан кейін жалпы орынның саны жазылады, ал бөлімінде баратын стансаның нөмірі, аты көрсетіледі.

Арнаулы таңба. Тек қана арнаулы жүктерге ғана жасалады. Ол радиоактивті, қопарылғыш, жарылғыш заттар болуы мүмкін. Бұл жағдайда қосымша таңбалау жасалынады. Осындай қауіпті жүктерді таңбалау МЕМСТ 19433-88 бойынша жүргізіледі. Табиғатты қорғауда, экотаңбалау өз орнын тапты. Бұұ негізгi сегіз қағидаларының бірі адамдар табиғатты қорғауда, әрі таза сыртқы ортада өмір сүруіне құқығы бар екендігі айқындайды. Ауылшаруашылық және жабайы жануарлардың еттері және ет өнімдері /субпродуктілер/ етті ветеринарлы таңбалау нұсқауына /1992/ сәйкес міндетті түрде ветеринарлық таңбалармен және штамптармен таңбалануы қажет. Етті тек кана жануарлардың ішкі мүшелерін және ұшаларын ветеринарлы-санитарлық сараптаудан өткізгенен кейін ғана таңбалайды.

Етті  таңбалауға және ветеринарлық штамптар мен таңбаларды жасауға рұқсат берілген ветеринарлық дәрігерлер мен ветеринарлық фельдшерлер тізімін облыстың, қаланың, республиканың мемлекеттік Бас инспекторы бекітеді. Таңба, етті таңбалауға рұқсат құқық алған ветеринар дәрігерде /ветфельдшерде/ сақталынады.

Етті таңбалау үшін, Мемсанэпидбақылау органы рұқсат берілген бояғыш заттарды қолданылады.

Етті  тұтыну мақсатында жарамдылығын таңбалу  үшін ветеринарлық таңбалар мен штамптар жасалған. Сопақ формадағы ветеринарлы таңбаның ортасында 3 реттік сандары бар, оның біріншісi республиканың, облыстың, екіншісi - ауданның,  үшіншісi ұйымның, кәсіпкердің реттік сандарын көрсетеді.

Таңбаның  жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасы, төменгi бөлігінде “Мемветбақылау” деген жазу болады. сопақ ветеринарлық таңба ветеринарлы-санитарлық сараптаудан ет және ет өнімдерінің толық көлемде тексеруден өткендігін және ол өнім тұтыну мақсатына шектеусіз жіберілетінін көрсетеді.

Қоян  және құс еттерін таңбалау үшін ветеринарлық таңбаның сопақ формасының кішілеу түрі қолданылады. Құс еті комбинатында электрлі таңбасын қолдануға болады, онда бір немесе екі /категориясына қарай/ сандары көрсетіледі. Таңбаны құстың сирағының сыртқы бет жағына басады.

Тікбұрышты формадағы ветеринарлық таңбаның жоғары бөлігінде ңВетқызметң, ортасында “Алдын ала тексеру” жазулары бар, ал астында үш реттік сандары болады. Біріншісi-Республиканың, облыстың, екіншісi - қаланың, ауданның және үшіншісi-кәсiпкерлiктiң, ұжымның реттік нөмірін көрсетеді.

Тікбұрышты  таңбаның “Алдын ала тексеру” жануар етінің сойылғанға дейін және сойылғанан кейін тексеруден өткендігін және әртүрлі аурулардан сау екендігін көрсетеді. Бірақ бұл таңба еттің ветеринарлы-санитаралық сараптаудан толық өтпейінше тарауына құқық бере алмайды.

Залалсыздандыратын  етке тек қана ветеринарлық штамп  қояды. Ол етті ветсанитарлық немесе санитарлы-гигиеналық нормаға сәйкес қолдану ретін көрсетеді.

Тікбұрышты формадағы ветеринарлық штамптың жоғары бөлігінде “Ветқызмет”, ортасында залалсыздандыру түрінің белгіленуі болады: “Қайнатылған шұжыққа”, “Етті нанға”, “консервілерге”, “Финноз”, “Туберкулез”, “Утиль” төменгі бөлігінде үш қос сандар болады: 1-сі - мемлекеттің, облыстың, екіншісi -ауданның және үшіншісi кәсіпкердің, ұжымның реттік сандарының нөмiрiн көрсетеді.

Тікбұрышты формалы штамптың қосымша түрінің ортасында әр түрлі еттердің белгілері, мысалы “жылқы етің, “түйе етің, аю еті” және т.б. болады.

Ветеринарлық  таңбалар мен штамптардың бірінші  қос саны Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Ветеринария Департаментімен; екіншісi - облыстың Мемлекеттік ветеринарлық Бас инспекторымен; үшіншісi - ауданның /қаланың/ мемлекеттік ветсанитарлық инспекторымен енгізіледі. Республиканың, облыстың мемлекеттік ветеринарлық Бас инспекторы, Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринарлық Департаментіне жаңа ветеринарлық таңбалар мен штамптардың түрлерін ұсынады.

Етті таңбалаудың тәртібі. Жануарлардың барлық түрлерінің еттеріне ветеринарлық таңбалар мен штамптар төменгі тәртіппен қойылады:

  • ет ұшалары мен жартылай ұшаға - жауырын және сан аймағына бір-бірден;
  • шпик кесегінің әрбір төрттен бір бөлігiне - бір таңба; жүрек, тіл, өкпе, бауыр, бүйрек, басқа  бір таңбадан; қояндардың ұшасына - екі таңбадан /біреуі санның сыртқы бетіне, екіншісi жауырынына/;
  • малдәрігерлік сараптау зертханасында құс етіне санның үстіңгі қабатына бір таңба қояды;
  • ет комбинаттарында, құс комбинаттарында және құс фабрикаларында сирақтың үстіңгі қабатына электр таңбасын қояды;
  • балапан, тауық, үйрек балапандарына - бір аяғына; қаз, үйрек, қаз балапандары және күрке тауықтардың екі аяғына;
  • өндірісте қайта өнделуге жататын құс еттеріне, арқа бөлігіне “П” электр таңбасы қойылады.

Малдәрігерлік санитарлық сараптаудан өткен жылқы, түйе, аю, бұғы, қашыр еттерін ветеринарлық таңбамен таңбалайды және оған қосымша жанына ет түрін көрсететін таңба қойылады.

Малдәрігерлік санитарлық тексеруден толық өтпеген  жануарлардың етін және субөнiмдерiн “Алғашқы тексеру” деген тік үшбұрышты таңбамен таңбалап, мемлекеттік ветеринарлық мекеменің біреуіне толық көлемде сараптаудан өтуге жібереді.

Шұжық және тағы басқа өнімдерді өндіруге жіберілген ет және қосымша өнімдерге малдәрігерлік штампы қойылуы тиіс, онда залалсыздандыру түрі және диагнозы көрсетiледi.

Залалсыздандырылған құс етінің қорабына, ңконсервігең сияқты бірнеше этикеттерді жапсырады. Ал, барлық жануарлар /құс және қоян етін қосқанда/ еттеріне малдәрігерлік-санитарлық сараптаудың қортындысы бойынша тұтынуға жарамсыз деп табылған етке “Утиль” жазуы бар штампы қойылады.

Егер ет өзінің малдәрігерлік санитарлық сақтау қасиетін тасымалдау барысында өзгертсе, онда ол қайтадан сарапталады, таңбаланады.

Етті таңбалау. Етті таңбалау тек қана Мемлекеттік малдәрігерлік қызметтің штампы мен таңбасы барын білгеннен кейін ғана өткізіледі.

Құстың  бүтін етін маркілеу үшін 1 және 2 саны бар электр-таңбасын немесе қызғылт және жасыл түстi қағаз этикеткаларын қолданады. Этикетканың көлемі 15x90 мм, соның ішінде боялған бөлігінің ұзындығы 60 мм. Этикеткаларда кәсіпорынның нөмірі көрсетіледі, ал құс фабрикаларында олардың аттары көрсетіледі.

Таңбалар  мен этикеткалардың баспа таңбасы  етті сақтағанда және салқын өңдеуден өткенде анық сақталуы тиіс. Етті таңбалау үшін Мемсанэпидбақылау  органы рұқсат еткен бояғыштар қолданылады. Етті таңбалауды және тауарлық бақылауды арнайы оқыған мамандар өткізеді.

Информация о работе Қазақстан Республикасының техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі