BIOS енгізу-шығару базалық жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 16:02, курсовая работа

Описание

Қашан да болмасын кез келген дербес компьютер қолданушы алдында BIOS Setup күйге келтірулерін ықшамдау мақсаты туады. Бұл жүктегіш дискіні алмыстыру, сондай-ақ компьютердің өнімділігін арттыру үшін жедел-жад, шина, чипсеттің жұмыс жасау тәртібін жаңарту. Айталық жаңа жүтегіш дискіні көрсету оңай болса, ал BIOS Setup параметрлерін құру оңай жұмыс емес. Егер компьютер компаненттерінің ара қатынасын ескемесек, онда параметрлердің ретсіз өзгерісі жылдамдықтың артуын ғана емес, копьютердің уақытша істен шығуына әкеп соқтыруы мүмкін.

Содержание

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
І ТАРАУ. КОМПЬЮТЕРДІҢ ЖҰМЫС ЖАСАУ ТӘРТІБІ. . . . . . . . . . . . 6
1.1 Орталық процессор, кэш-жады және жүйелік шина. . . . . . . 7
1.2 Чипсет. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
1.3Жедел жад. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
1.4 Бейнекарта . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
1.5 Қатқыл диск . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
1.6 Дискжетек . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
1.7 CD және DVD дискілерін оқу құрылғысы . . . . . . . . . . . . . . . 11
1.8 Егнізу-шығару порттары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11
ІІ ТАРАУ. BIOS-ТЫҢ ӘР ТҮРЛІ НҰСҚАЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12
2.1. BIOS-тың соңғы нұсқалары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12
2.2. BIOS Features Setup . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
2.3 Chipset Feature Setup . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 29

Работа состоит из  1 файл

BIOSказ.doc

— 213.00 Кб (Скачать документ)

BIOS-тың жаңа нұсқасы бар файлды аналық плата өндірушілердің сайтынан алған дұрыс. Әдетте оның аты нұсқаның нөмірін, аналық платаның атын немесе екеуін де көрсетіп тұрады. Файл сіздің аналық платаңызға арналған болуы керек екенін есте сақтаңыз. Егер сіз басқа аналық платаның (тіпті ұқсас болса да) BIOS-ын қондырмақшы болсаңыз, сіздің компьютеріңіз қалыпты жұмыс жасамауы мүмкін, немесе тіптен жүктелмей қалуы мүмкін.

Ескерту. Нұсқаның утилитін аналық плата өндірушілер сайтынан табуға болады.

BIOS-ты жаңарту үшін ешқандай драйверсіз Windows жүктеуге болатын болса да, бұл үшін дискет ашып алған дұрыс. Егер сіздің компьютеріңізде Windows 95,98,Me операциялық жүйесі орнатылған болса MS-DOS терезесін ашып, дискетаны салыңыз да командалық жолдан мынаны теріңіз:

format a:/s

Форматталу аяқталған соң, дискетаға утилит пен сіздің компьютеріңізге арналған BIOS файлын жазып алыңыз. Болды, дискета дайын.

Ескерту !

Дикетте ешқандай драйвер немесе қосымша бағдарламалар болмауы тиіс.

Егер сіздің компьютеріңіздегі операциялық жүйе Windows NT,2000,XP немесе UNIX бірі болса, дискі жасау үшін сізге Windows 95,98,Me бар басқа компьютер табу қажет, себебі жоғарыда аталыған операциялық жүйелер MS-DOS режиміндегі жүктеуіш дискілер жасауға мүмкіндік бермейді. Ал қалған әрекеттердің ретінде еш өзгеріс жоқ.

BIOS-ты жаңарту тәртібі.

Дайындалған дискіні дискжетекке салып компьютерді қайта жүктеңіз. Бастапқы жүктелі кезінде BIOS Setup-ты шақырып, дискетадан жүктеуді іске қосыңыз. Сонымен қатар міндетті түрде System BIOS Cacheable және Video BIOS Cacheable функцияларының мәндерін Disabled етіп ауыстырыңыз. Егер олай жасамаса, BIOS-тың жаңа нұсқасы толық орнатылмай, нәтижесінде аналық платаны жөндеуге тура келеді.

Ескерту !

Жоғарда келтірілген нұсқауларты бұзбаңыз.

Барлық енгізілген өзгерістерді сақтап, BIOS Setup жұмысын аяқтаңыз. Осы өзгерістерден кейін компьютердің қайта жүктелуі кезінде, дискідегі операциялық жүйенің жүктелуі жүзеге асады.

AWARD BIOS үшін командалық жолда төмендегі сөзді енгізіңіз:

awdflash bios.bin

Бұл жерде awdflash-утилит аты, ал bios.bin – BIOS файлының аты.

AMIBIOS үшін:

Amiflash bios.bin

Бұл жерде Amiflash -утилит аты, ал bios.bin – BIOS файлының аты.

Осдан соң утилитті орнату басталады. Ең алдымен, BIOS-тың бұрынғы нұсқасын сақтап қалу ұсынылады. Оған, мысалы undo.bin. деген ат беріп, міндетті түрде келісіңіз.

Осыдан соң ғана BIOS-тың жаңа нұсқасы орнатыла бастайды. Бұның алдында кейінгі іс-әрекеттерге байланысты бірнеше мақұлдамалар сұралуы мүмкін, немесе BIOS-тың жаңа нұсқасын орнатуды өзіңіз жіберуіңіз мүмкін.

Ескерту !

Қандайма жағдай болмасын Flash-жадын жаңарту кезінде компьютерді қайта жүктемеңіз, бұл сәтте тоқ көзін ажыратпаңыз, пернетақтаны қозғамаңыз. Аталған талаптарды орындамау жұмысты апатты жағдайда аяқтап, BIOS толықтай орнатылмағандықтан, аналық платаны жөндетуге әкеп соқтыруы мүмкін.

Flash-жады құрамы жаңартылғаннан соң экранда осған сай хабарлама пайда болады. Компьютерді қайта жүктеп, BIOS-Setup-ты шақырыңыз. Бастапқы мәнді жүктеп, егер қажет болған жағдайда опциялардың мәнін қадағалаңыз. Барлық енгізілген өзгерістерді сақтап BIOS-Setup жұмысын аяқтаңыз. Осын іс-әрекеттерден кейінгі компьютердің қайта жүктелуі нәтижесінде BIOS жаңаруы аяқталады.

29

 



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. А. Микляев. «Все настройки BIOS Setup»

2. Антон Трасковский                                       «Секреты BIOS»

3. Баурн С. Операционная система UNIX. - М., Мир, 1986

4. Кристиан К. Операционная система UNIX. - М., Финансы и статистика, 1985, 320 стр.

5. Станислав Васильев, Адриан Вонг             «Полные настройки BIOS»

6. Aho A.V., Kernighan B.W., Weinberger P.J. Awk - A Pattern Scanning and Text Processing Language (2d Edition). - Bell Labs, Murray Hill, N.J.

7. Feldman S.I. Make - a program for maintaining computer programs. - Bell Labs, Murray Hill, N.J. (а также в журнале Software - Practice and Experience, vol.9).

 

 

29

 



Информация о работе BIOS енгізу-шығару базалық жүйесі