BIOS енгізу-шығару базалық жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 16:02, курсовая работа

Описание

Қашан да болмасын кез келген дербес компьютер қолданушы алдында BIOS Setup күйге келтірулерін ықшамдау мақсаты туады. Бұл жүктегіш дискіні алмыстыру, сондай-ақ компьютердің өнімділігін арттыру үшін жедел-жад, шина, чипсеттің жұмыс жасау тәртібін жаңарту. Айталық жаңа жүтегіш дискіні көрсету оңай болса, ал BIOS Setup параметрлерін құру оңай жұмыс емес. Егер компьютер компаненттерінің ара қатынасын ескемесек, онда параметрлердің ретсіз өзгерісі жылдамдықтың артуын ғана емес, копьютердің уақытша істен шығуына әкеп соқтыруы мүмкін.

Содержание

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
І ТАРАУ. КОМПЬЮТЕРДІҢ ЖҰМЫС ЖАСАУ ТӘРТІБІ. . . . . . . . . . . . 6
1.1 Орталық процессор, кэш-жады және жүйелік шина. . . . . . . 7
1.2 Чипсет. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
1.3Жедел жад. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
1.4 Бейнекарта . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
1.5 Қатқыл диск . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
1.6 Дискжетек . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
1.7 CD және DVD дискілерін оқу құрылғысы . . . . . . . . . . . . . . . 11
1.8 Егнізу-шығару порттары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11
ІІ ТАРАУ. BIOS-ТЫҢ ӘР ТҮРЛІ НҰСҚАЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12
2.1. BIOS-тың соңғы нұсқалары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12
2.2. BIOS Features Setup . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
2.3 Chipset Feature Setup . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 29

Работа состоит из  1 файл

BIOSказ.doc

— 213.00 Кб (Скачать документ)

 

1.4 Бейнекарта

 

Бейнекарта, біз монитор экранынан коретін, бейнені қалыптастырады. Бейнекарта мен басқа құрылғылар арасындағы мәлімет алмасу көлемі үлкен болғандықтан, бейнекартаны қосу үшін жоғарғы өткізгіштік қасиеті бар AGP– шиналары қолданылады. Әрине BIOS Setup арқылы AGP шинасының жұмыс жасау тәсілін көрсетуге болады, бейнекартамен қатынасты жеделдету үшін BIOS бейнекартасын компьютердің жедел жадына ауыстыруды қосу, басқа параметрлерді өзгерту.

Ескерту: бейнекарта, басқа да құрылғылар секілді, өзіндік BIOS бар. Онда бейнекартаның графикалық процессорына арналған нұсқаулар, кейбір бейнелерді мониторға шығаруға қажетті әріптер және т.б. бар.

 

1.5 Қатқыл диск

 

Қатқыл диск мәліметтерді ұзақ уақыт сақтау үшін арналған. Шынында да қуат көзінен ажыратылған кезде жедел жадтағы мәліметтер жойылатындықтан оларды бір жерге сақтау қажет. Және де жедел жадтың көлемі барлық қолданылатын программалар мен мәліметтерді сақтауға жеткіліксіз. Қатқыл дискіні функционалды контроллермен байланыстыру үшін IDE интерфейсі қолданылады.

BIOS Setup-та қатқыл дискінің жұмыс жасау тәртібін көрсетуге болады.

 

1.6 Дискжетек

 

Дискжетек   алғашқы  дербес   компьютерлерден   қалған   мұра   десе  де

болады. Ол қазіргі өлшем бойынша кішігірім көлемдегі ақпараттарды дискіге жазуға мүмкіндік береді. Оның танымалдылығын кез келген компьютерде дискжетектің бар болуымен түсіндіруге болады.

Дискжетекке қатысты, BIOS Setup-та дискілерге жазуға рұқсат бермеуге болады.

 

1.7 CD және DVD дискілерін оқу құрылғысы

 

Соңғы үлгідегі барлық компьютерлер CD және CD-ROM дискілерін оқу құрылғысымен жабдықталған. Дербес компьютерлердің көпшілігі CD дискілерін оқу құрылғысының орнына DVD-диск, DVD-ROM оқу құрылғыларымен жабдықталуда. Қатқыл диск секілді, екеуі де функционалды контроллермен байланысу үшін IDE интервейсін қолданады.

 

1.8 Енгізу-шығару порттары

 

Енгізу-шығару порттары принтер, сканер, сыртқы ақпарат тасымалдаушы құралдарды қосу үшін қажет. Пернетақта мен тышқан да өз порттарына қосылады. Осылайша, қазіргі заманғы компьютерлердің құрамына кіретіндер:

1.        пернетақта мен тышқан қосуға арналған порттар;

2.        принтер немесе сканер қосуға арнылған бір порт;

3.        бір бос, бір сыртқы модем қосуға арналған порттар;

4.        2-6 дейін USB порттары, оларға әр-түрлі құрылғылар қосылады: принтер, сканер, сыртқы қатқыл диск. Тіпті USB-пернетақта мен USB-тышқан да қосылады.

Әрине, BIOS Setup порттарға түзетулер енгізуге мүмкіндік береді, ал егер кей бөліктері қажетсіз болса, қолданылмай тұрған порттарды ажыратып тастауға мүмкіндік береді, осы арқылы басқа құрылғылардың жұмысын жеңілдетеміз.

29

 



ІІ ТАРАУ. BIOS – ТЫҢ ӘРТҮРЛІ НҰСҚАЛАРЫ

2.1. BIOS-тың соңғы нұсқалары

 

Қазіргі кезде көп таралған, BIOS-тың нақты нұсқаларына тоқталатын кез келді. BIOS-тың нұсқалары мен өндірушілеріне қарамастан BIOS-тың атқаратын жұмысы бірдей болса да, айырмашылықтары бар. Оның ішіндегі ең бастысы – интерфейс.

BIOS өндіріушілері.

Қазіргі сәтте дербес компьютерлерге арналған BIOS өндірумен екі фирма айналысады.

Біріншіден бұл Award Software, Inc. Бұл фирманың BIOS өнімдері (AWARD BIOS) дербес компьютерлердің басым көпшілігінде орналасқан.

Ескерту:

Қазіргі сәтте Award Software,Inc. – Phoenix фирмасының бір бөлігі.

American Megatrends,Inc. фирмасының BIOS өнімдері сирек кездеседі. Бұл фирманың BIOS өнімі (AMIBIOS) 386 процессор кезеңінде компьютерлердің барлығында дерлерлік орнатылған болатын, бірақ оларды Award Software,Inc.-тың BIOS өнімдері ығыстыра бастады. Сондықтан, қазіргі сәтте, соңғы үлгідегі компьютерлерде AMIBIOS жиі кездеспейді.

Ескерту:

AMIBIOS-ты оқтын-оқтын Gigabyte, MSI, Super Micro, Tyan секілді аналық плата өндірушілер қолдануда.

Біраз уақыт бұрын, Phoenix дербес компьютерлеріне арналған BIOS өнімдерін өндіретін тағы бір фирма белсенді болатын. Бұл фирманың BIOS өнімін өте жаңа емес компьютерлерден көруге болады. Оның ең басты кемшілігі – пайдаланушылық күйге келтірудің жоқтығы, нәтижесінде: жүйені өз қалауыңша ықшамдау мүмкін емес. Қазіргі сәтте, Award Software,Inc.-ты өз қол астына алған соң, Phoenix белгісі тек көппроцессорлы серверлер мен жұмыс станциясында орнатылған. BIOS-тың дербес компьютерлерге арналған барлық нұсқалары Award Software,Inc белгісі арқылы жарыққа шығуда.

Ескерту:

Алайда, бір аналық плата өндіруші, әліде Phoenix белгісіндегі BIOS өнімін қолданады – бұл intel фирмасы. өкінішке орай, бұрынғы секілді, күйге келтіру саны өте аз. Оның үстіне, олардың көбіне кіру үшін, арнайы джампер (ұстатқыш) қажет.

Осыдан үш-төрт жыл бұрын шыққан компьютерлерде, көбінесе Award фирмасының 4.51 PG нұсқалы BIOS-ы орнатылған.

Соңғы үлгідегі дербес компьютерлер, әдетте, Award фирмасының соңғы нұсқасындағы BIOS-тың екі түрінің біреуін қолданады: 6.0 немесе 6.0 PG. олардың басты айырмашылығы – интерфейс. Егер 6.0 нұсқасы Phoenix фирмасының BIOS-на ұқсайтын болса, 6.0 PG нұсқасы 4.51PG нұсқасына ұқсас.

Ескерту:

BIOS нұсқасы мен өндірушісі көмпьютерді өндіріске жіберген сәтте беріледі.

AMI жаңа (және ескі) компьютерлерге BIOS-тың 1.24 нұсқасының бірнеше модефикациясын ұсынады. AMIBIOS-та қолданылатын навигация түрі, көбіне-көп AWARD BIOS-тың 4.51 нұсқасына ұқсас.

АМІ BIOS-тың соңғы 1.45 нұсқасы алдынғысын түгелдей дерлік қайталайды. Онда енгізілген өзгерістер, көбінесе, әсемдік және интерфейске қатысты.

 

2.2.           BIOS Features Setup

 

Virus Warning / Anti-Virus Protection (вирус туралы хабарлау / вирустан қорғау)

Опциялары: Enabled, Disabled, Chip Away

Virus Warning опциясы қосылған болса, жүктеуіш сектор немесе бөлімдер кестесіне жүгінген кезде, BIOS әрдайым ескерту береді. Әрине, мүмкіндік болса бұл опцияны қосып қойған дұрыс. Назар аударыңыз, бұл ретте бүкіл венчестерді емес, тек қана жүктеуіш сектор мен бөлімдер кестесін қорғауға болады.

Бірақ, кейбір, компьютер жұмысын қамтамасыз ететін, бағдарламаларды орнатқанда кедергі жасауы мүмкін. Бұған қарапайым Win95/98 операциялық жүйесін орнату үлгі бола алады. Бұл опция қосулы тұрған кезде, Win95/98 орнатудан бас тартудың себебі бола алады. Осы секілді бағдарламаларды орнату кезінде оны өшіру қажет.

Сол секілді, жүктеуіш секторға жүгінген көптеген диагностикалық утилиттер, қателіктер туралы хабарламалар беруі мүмкін. Бұл утилиттерді қолданар алдында, бұл опцияны өшіру қажет.

Нәтижесінде, бұл опция өз BIOS-ы арқылы ішкі контроллерлерді басқаратын винчестер үшін қауіпсіз. Жүктелуші вирустар BIOS жүйесін айналып өтіп, винчестерге бірден тіркеледі. Мысалы: SCSI контроллерлері және UltraDMA 66 контроллерлері.

Кейбір аналық платаларда, BIOS ішінде өз (ChipAway) корғау механизімі болуы мүмкін. Егер оны қосып қойсақ, ол жүйенің, қосымша, вирустан қорғануына мұмкіндік береді. Себебі ол, вирусты винчестордағы boot sector жұқтырмас бұрын, таба алады. Бұл тағы да, контроллерлерді өз BIOS-мен басқарып отырған, винчестерге қауіпсіз.

CPU Level 1 Cache (CPU-дың бірінші сатылы кэшы).

Опциялары: Enabled, Disabled

BIOS-тың бұл құрылымы бірінші сатылы кэшты қосу немесе ажырату үшін қолданылады. Әрине, бастапқы құрылым Enabled болады.

Бұл опция қолайсыз «үдеудің» себебін анықтау үшін қолайлы. Қалай болғанда да, егер CPU бірінші сатылы кэш қосулы тұрған кезде 500 MHz-ке жетсе және керісінше; онда CPU-дың 500 MHz жиілікте тұрақты жұмыс жасамауының себебі L1 cache болмақ.

Бірақ, CPU-дың үдеуін арттыру үшін L1 cache-ті ажыратудың өзін жақсы ой деп айту қиын, әсіресе Intel`s P6 (Pentium Pro, Celeron, Pentium II, Pentium !!!) процессорлар жанұясы үшін.

CPU Level 2 Cache (CPU-дың екінші деңгейлі кэшы)

Опциялары: Enabled, Disabled

BIOS-тың бұл құрылымы екінші сатылы кэшты қосу немесе ажырату үшін қолданылады. Әрине, бастапқы құрылым Enabled болады.

Бұл опция қолайсыз «үдеудің» себебін анықтау үшін қолайлы. Қалай болғанда да, егер CPU екінші сатылы кэш қосулы тұрған кезде 500 MHz-ке жетсе және керісінше; онда CPU-дың 500 MHz жиілікте тұрақты жұмыс жасамауының себебі L2 cache болмақ.

Қолданушы процессорды жоғарғы дәрежеде «үдету» үшін L2 cache-ты ажыратуы (disable) мүмкін, бірақ ол соған тұра ма?

CPU L2 Cache ECC Checking (қателіктерді түзету коды)

Опциялары: Enabled, Disabled

Бұл опция қателіктер түзету коды (ECC - Error Correction Code) функциясын қосады және ажыратады. Әдетте бұл функцияны қосу ұсынылады, себебі ол екінші сатылы кэшта сақталған мәліметтердің бірінші дәрежелі қателіктерін тауып, оны түзетеді. Ол екінші дәрежелі қателіктерді де таба алады, бірақ оларды түзетпейді. Әйтсе де, ECC checking жүйені тұрақтандырады, әсіресе «үдемелі» компьютерлерде.

Өнімділікті арттыру үшін кейбіреулер ECC checking қосудан бас тартады. Өнімділіктің айырмашылығы (егер бар болса) мардымсыз екендігін айта кеткен жөн. Есесіне, ECC checking қосулы тұрғандағы тұрақтылық пен сенімділік айқын және маңыздырақ. Бұл сізге ECC checking ажыратулы тұрғаннан да жоғарғы көрсеткіште үдеуге мүмкіншілік береуі мүмкін. Сондықтанда, тұрақты әрі сенімді жұмысты қамтамасыз ету үшін оны қосып қойған дұрыс.

Quick Power On Self Test (Power On жедел авто-тест)

Опциялары: Enabled, Disabled

Қосулы күйінде кейбір тесттілердің уақытын азайтады және жүктелу кезінде тексерілетіндерді өткізіп жібереді. Осылайша, жүйе тезірек жүктеледі. Тез жүктелу үшін қосып, жүйедегі өзгерістерден кейін, жедел тесттен өтіп кететін кейбір қателіктерді табу үшін, ажыратқан жөн. Бірнеше түзету (error-free) тестілірінен (test runs) соң, жүйенің тұрақтылығына еш кедергісіз, жедел жүктелу үшін оны қосып қоюға болады.

Boot Sequence (жүктелу реті)

Опциялары: A, C, SCISI/EXT

C

A

SCSI/EXT

C

CD-ROM

A

CD-ROM

C

A

D

A

SCSI/EXT

E

A

SCSI/EXT

F

A

SCSI

SCSI/EXT

A

C

SCSI/EXT

C

A

A

SCSI/EXT

C

LS/ZIP

C

 

Бұл опция BIOS-тың операциялық жүйені іздеу ретін орнатуға мүмкіндік береді. Ең жылдам жүктелу уақытын орнату үшін, ең алдымен операциялық жүйесі бар, винчестер бөлімін белгілеген дұрыс. Әдетте, бұл С дискісі: егер сізде SCSI қатты дискісі болса, SCSI бөлімін белгілеңіз.

Қосымша: кейбір аналық платаларда (мысалы ABIT BE6 және BP6) қосымша IDE контроллер орнатылған. Бұл платаның BIOS опциясы SCSI опциясын EXT опциясына ауыстырады. Бұл, компьютерге, үшінші немесе төртінші IDE портында, IDE винчестерінен немесе SCSI винчестерінен жүктелуге мүмкіндік береді. Егер сізге бірінші немесе екінші IDE портта жұмыс жасап тұрған IDE винчесторынан жүктелу қажет болса, жүктелу ретін EXT-дан басталатын етіп орнатпаған жөн. Бұл функциямен көршілес Boot Sequence EXT Means функциясында жұмыс жасауға тура келетіндігіне назар аударыңыз.

Boot Sequence EXT Means (қосымша қондырғылардың жүктелу реті)

Опциялары: IDE, SCSI

Бұл функция жоғарыда айтылған Boot Sequence функциясында EXT құрылымы болып, Boot Sequence функциясымен бірге жұмыс жасайтын болса ғана қолданлады. Бұл функция, кейбір аналық платаларда (ABIT BE6 және BP6) кездесетін қосымша IDE порттарына жалғанған IDE винчестерінен немесе SCSI винчестерінен жүктелу жүйесін шешеді.

Үшінші немесе төртінші IDE портына жалғанған IDE вичестерінен жүктелу үшін, сізге алдымен жоғарыда айтылған Boot Sequence функциясын ЕХТ-дан басталатын етіп құру қажет. Мысалы, ЕХТ, С, А. Бұдан соң, сізге бұл функцияны (Boot Sequence EXT Means) IDE мәнінде құру қажет.

SCSI вичестерінен жүктелу үшін, сізге алдымен жоғарыда айтылған Boot Sequence функциясын ЕХТ-дан басталатын етіп құру қажет. Мысалы, ЕХТ, С, А. Бұдан соң, сізге бұл функцияны (Boot Sequence EXT Means) SCSI мәнінде құру қажет.

First Boot Device (бірінші жүктелу құрылғысы)

Опциялары: Floppy, LS/ZIP, HDD-0, SCSI, CDROM, HDD-1, HDD-2, HDD-3, LAN, Disabled

Бұл функция BIOS-қа операциялық жүйені жүктейтін алғашқы құрылғыны көрсетуге мүмкіндік береді. Егер BIOS жүйені функцияда берілген құрылғыдан жүктейтін болса, басқа құрылғыда орналасқан басқа операциялық жүйені жүктей алмайтындығына назар аударыңыз.

Мысалы, бірінші жүктелу құрылғысы ретінде флоппи-диск дискжетегі белгіленген болса, BIOS флоппи-дискідегі DOS 3.3 жүйесін жүктейді, бірақ С қатты дискісінде орналасқан Win2k жүйесін жүктемейді.

Бастапқы нұсқау флоппи-диск дискжетегін белгілеген. Бірақ бірінші жүктелу құрылғысы ретінде қатты дискіні (HDD-0) белгілеген жөн. Бұл компьютердің жүктелу процесін жеңілдетеді.

Second Boot Device (екінші жүктелу құрылғысы)

Опциялары: Floppy, LS/ZIP, HDD-0, SCSI, CDROM, HDD-1, HDD-2, HDD-3, LAN, Disabled

Бұл функция BIOS-қа операциялық жүйені жүктейтін екінші құрылғыны көрсетуге мүмкіндік береді. Егер BIOS операциялық жүйені бірінші жүктелу құрылғысынан жүктесе, онда бұл күйге келтіру өз күшін жоятындығына назар аударыңыз. Егер BIOS операциялық жүйені бірінші жүктелу құрылғысынан таба алмаса ғана, жүйені екінші жүктеу құрылғысынан тауып, жүктеуге тырысады.

Информация о работе BIOS енгізу-шығару базалық жүйесі