Алгоритмдердің концепциялары мен қасиеттері, алгоритмдерді жүзеге асыру

Автор работы: m******@gmail.com, 28 Ноября 2011 в 05:54, реферат

Описание

«Алгоритм» ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар қатарына жатады. Олай болса алгоритм дегеніміз не?Алгоритм атауы араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл – Хорезми(763-850) есімінің латынша Algorithmi болып жазылуынан шыққан.Ол санаудың ондық жүйесінде көп орвынды сандар мен ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған.Әл-Хорзми көп орынды сандардың бәріне ортақ және барлық сандарға жарамды ереже ұсынды.

Содержание

1.Алгоритм, программа ұғымдары.
2.Алгоритмдердің орындалуы мен қасиеттері.
3.Алгоритм жазу жолдары мен оның график түрінде кескінделуі.
4.Алгоритмдік тілі және программалау тілі ұғымы.
5.Алгоритмдік тілідің жалпы ережесі.
6.Алгоритм командалары мен құрылымы.

Работа состоит из  1 файл

Алгоритм реферат.doc

— 136.50 Кб (Скачать документ)

 
 

 

 
 

 

 
 
 

   Алгоритмдер  құрылымы блоктардың өзара байланысуы  бойынша 3 түрге: сызықтық, тармақтық  және циклдік болып бөлінеді. Олар осы есепте көрсетілген  блоктар мен қатар шарт тексеру арқылы таңдау, цикл басы блоктармен кескінделеді.

     Мектепте  оқып үйренуге арналған алгоритмдік  тіл деп - орындалатын әрекеттерді,  амалдарды бірыңғай  және дәл  жазуға арналған, өз тіліміздің кейбір сөздерін пайдаланатын белгілер мен ережелер жүйесін айтады.Алгоритмдік тіл бір жағынан табиғи тілге жақын, сондықтан оны қарапайым мәтін түрінде жазады және оқиды. Алгоритмдік тіл – материялық белгілер: сандар, шамалар мен фунция атаулары, арифметикалық амал белгілері, жақша және басқада символдармен қатар белгілі бір қызмет атқаратын терминдерді қамтиды.

       Алгоритмдерді және алгоритмдік  тілде құрылған амалдар тізбегін  компьютерге түсінікті крмандалар  мәтіні түрінде жазуға арналған  жасанды тәсілдер программалау  тілдері деп айтады. Әр компьютердің өзінің маши - налық тілі болады, ол командалар тілі немесе кодттар тілі деп аталады. Алгоритмдік және программалау тілінде программа жазу ыңғайлы болып табылады. Оларды белгілі бір машинада (компьютерде) орындау үшін сол праграммалау тілін машина тіліне автоматты түрде аударатын түрлендіргіш (аудармашы) программалар болуы керек, оларды тарансляторлар деп атайды. Трансляторлар үш түрге бөлінеді, олар : интерпретатор , компилятор және ассемблер.

Интерпретатор- берілген программаның әрбір жолын (командасын ) жеке- жеке аударып отырып орындайтын трслятор түрі.

Комплятор- бірден барлық программа мәтін толық  аударып машина тіліндегі бір  модуль түрінде келтіреді де, сондықтан  соң сол модульді компьютер жадына қайта жазып алып, оны кейін  тек біздің қалауымыз бойынша орындайды.

      Ассемблер – тек автокод түрінде,  яғни ассемблер тілінде жазылған  программаларды ғана машина тіліне  аударады.

       Қазіргі кездегі кең тараған  программалау түрлері: Бейсик, Си, Дельфи, Паскаль т.б. болып табылады .

 

 
 
 

Алгоритмдік тілде  өрнектелген әрбір алгоритмнің  мазмұндық сипатын ашатын атауы, яғни тақырыбы болады. Тақырыпта арнайы бөліп көрсету үшін оның алдына алг түйінді сөзі жазылады. Алгоритмнің тақырыбынан кейін, жаңа жолдан оның командалары жазылады. Ал алгоритм командаларының басталуы мен аяқталуын көрсету үшін басы және соңы түйінді сөздері қолданылады.Командалар осы екі түйінді сөздің арасына жазылады да, сол жазылу реті бойынша орындалады.

Алгоритмнің бірінен  кейін бірі орындалатын, белгілі  бір нәтиже беретін бірнеше командасының тізбегін серия деп атайды.

     Алгоритм  тақырыбынан кейінгі бөлігі  алгоритм тұлғасы деп аталады, ол басы және соңы түйінді сөздерімен шектеліп тұрады. Сонымен, айтылған ережеге сәйкес алгоритімнің жалпы өрнектелуі мынадай болады:

алг алгоритмнің атауы

арг А, В, С, D, X

нәт Y, R1, R2

басы

    Алгоритм  командалары

   .......

    Соңы

      Алгоритм командалары есеп шартына  байланысты жай және құрама командалардан тұрады.

Жай команда.  Кез-келген алгоритмнің қарапайым бір қадамы ақпаратты өңдеудің немесе өрнектеудің бір қарапайым операциясын орындайтын жай командадан тұрады.Жай командаларға меншіктеу, мәлімет енгізу және нәтиже алу командалары жатады.

Құрама  командалар.  Жай командалардан құрылымы күрделі құрама командалар құалады. Құрама командалар құрылымына байланысты тізбекті, тармақталу және циклдік топтардан немесе бірыңғайланған алгоритмдік құрамалардан тұрады.

  Алгоритмнің құрылымы:

1.Сызықтық  немесе тізбекті  алгоритм.сызықтық алгоритм тізбектеле орналасқан командалардан, ал блок – схемалар бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм – сызықтық алгоритм деп аталады.

 Мысалы:

  алг үй тапсырмасын орындау

  басы

   

         Күнделікті алу 

        тиісті бетін ашу, үй тапсырмасын анықтау

       үй тапсырмасын орындау

       күнделікті орнына қою

 соңы 

 

 

 

 

 

 
 

2.Тармақталу алгоритмдері.Тармақталу алгоритмінде көбінесе арифмети-калық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер ол орын- далса , онда алгоритм бір тармақпен , ал орындалмаса екінші тармақпен жүзеге асырылады да, соңында екі тармақ қайта бірігеді. Мұндай алгоритм- дерде шартты тексеру тармақталу командасы деп аталады. Оны алгоритм- дік тілде өрнектелгенде егер, онда, әйтпесе, бітті түйінді сөздері пайдаланы- лады. Орындау тәсіліне байланысты тармақталу командасы «таңдау» және «аттап өту» болып екі түрге бөлінеді.

егер  шарт

        онда  1- серия                                         иә                                                     жоқ

        әйтпесе 2- серия

бітті 

 
 

 

3.Күрделі  тармақталу. Кейбір есепте үш және одан көп тармақ, яғни шығу сызықтары бар шарттарды тексеруге тура келетін сөздер кездеседі. Гегр мүмкіндік саны үштен артық болса, онда көбінесе «таңдау» немесе «таңдау-әйтпесе» құрылымы қолданылады.

4.Күрделі шарттар пайдалану.Қатынас таңбалары (>, <, = , < >)бар шарттар логикалық айнымалылыар ретінде қарастырылады да, олар шарт орындалса, АҚИҚАТ мәніне ие болады, ал ол орындалмаса – ЖАЛҒАН мәнін қабылдайды.

5.Циклдік  алгоритмдер. Қайталану командасын алгоритмдік тілде жазу үшін әзірше, цикл, басы және цикл соңы түйінді сөздері қолданылады: әзірше сөзінен кейін қойылатын шарт, ал цикл басы мен цикл соңы түйінді сөздері арасындағы цикл аздап оңға ығыстырылып жазылады, олай ығыстыру қайталанылатын командалардың орындалу реттілігін түсінуді оңайлатады.

   Қайталану санының алдын ала белгілі және белгісіз болуына байланысты цикл екі түрге бөлінеді.Қайталану саны алдын ала белгілі цикл – арифметика- лық цикл деп, ал орындалу саны белгісіз цикл- қадамдық цикл деп аталады.

6.Арифметикалық  цикл. Арифметикалық цикл ең қарапайым цикл болып табылады және практикада жиі қолданылады. Қайталану барысында цикл параметрі арифметикалық прогрессяның заңы бойынша тұрақты шамаға өзгеріп отырады.

7.Итерациялық  цикл.Цикл орындалмас бұрын, оның қайталану саны белгісіз болған жағдайда, итерациялық цикл пайдаланылады. Циклді аяқтау үшін белгілі бір шарт тексеріледі. Егер шарт орындалмаса, онда қайталану командасы орындалады. 
 
 
 
 

Пайдаланған әдебиет 

  1. Г. Мадиярова ,. Бөрібаев Б., Нақысбеков Б.,  «Информатика»  жалпы білі беретін мектептерге  арналған оқулық.  – Алматы , МЕКТЕП, 2005
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Физология ғылымының дамуы 

1.Адам ми сауытын және оның жалпақ сүйектерінің бір бірімен жіктер арқылы байлынысатындығын толық сипаттаған ғалым.

(Гиппократ) 

2. Адамның миынан тарайтын 12 жұп жүйкенің 7 жұбын толық сипаттаған ғалым.  (Клавдий Гален) 

3. «Медицина ақиқат негіздерге сүйеніп , адам ағзасы мен оның әрбір мүшесінің аман – саулығын қамтамасыз ететін өнер»,-деп айтқан ұлы ғалым. (Әбу Насыр Әл - Фараби) 

4. «Анатомия мен физологияға кіріспе», «Дәрігерлік ғылымының ережелері» еңбектерінің авторы. (Әбу Әли Ибн Сина) 

5. Ми мен сезім мүшелерін  жүйелеген ғалым.(Андреас Везолий) 

6. Физологияның атасы болып саналатын «Ми рефлекстері» еңбегінің авторы. (И.М.Сеченов) 

7. Асқорыту физологиясын зерттеп, шартты рефлексті ашқаны үшін нобель сыйлығының иегері.  (Иван Петрович Павлов) 

8. Адам мүшелерінің құрылысы мен қызыметін талдап, гигиенаға көп көңіл бөлген ғалым. (Досмухамедов Халел) 

9.Қазақстанда алғаш ғылыми зерттеу физология институтын ашқан ғалым. (Полосухин А.П.)

Информация о работе Алгоритмдердің концепциялары мен қасиеттері, алгоритмдерді жүзеге асыру