Қылқан жапырақтылардың ормандық сипаттамасы. Бал қарағай мен Май қарағай

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 17:09, реферат

Описание

Май қарағай туысы. Май қарағай қылқан жапырақтылардың құрамындағы қарағайлар тобына кіреді. Көбінесе климаты суық, ылғалды аймақтарда өседі. Май қарағайдың қылқандары шыршаның қылқанына қарағанда ұзын болып келеді

Работа состоит из  1 файл

Майқарағай және Балқарағай реферат.doc

— 35.50 Кб (Скачать документ)

 

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

 

Оңтүстік Қазақстан құқық және салалық технологиялар колледжі

 

РЕФЕРАТ

 

Тақырыбы: Қылқан жапырақтылардың ормандық сипаттамасы. Бал қарағай мен Май қарағай.

 

 

 

 

 

Қабылдаған: Моминова Ш.

 

                                                                                          Орындаған: Нарбекова Ш.

 

                                                                  Тобы: Эр-4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент қаласы

Қылқан  жапырақтылар класы 7 қатардан тұрады. Олар мыналар:

1) вольцилар қатары;

2) подозамиттер қатары;

3) араукариялар қатары;

4) қарағайлар қатары;

5) кипаристер қатары;

6) подокарпустар қараы; 

7) тиссалар қатары. Олардың ішінде  бұрынғы одақтас республикалардың  территориясында үшеуінің (қарағайлар, кипаристер және тиссалар қатарлары), ал Қазақстанда тек екеуінің ғана өкілдері кездеседі.

Қарағайлар қатары бір ғана қарағайлар тұқымдасынан тұрады. Бұл тұқымдаста 10 туыс, 250-дей түр бар. Аса кең  тараған туыстарына мыналар жатады: май қарағай, шырша, бал қарағай, қарағай.

Май қарағай  туысы. Май қарағай қылқан жапырақтылардың құрамындағы қарағайлар тобына кіреді. Көбінесе климаты суық, ылғалды аймақтарда өседі. Май қарағайдың қылқандары шыршаның қылқанына қарағанда ұзын болып келеді. Қылқандарының орналасуын спиральді деп атайды. Май қарағайдың тамыры экстенсивті (әлсіз дамитын) деп аталады. Тамырлары жіңішке және қысқа болады, сол себепті топырақ ылғалын көп мөлшерде қажет етеді. Құрғақ құмды аймақтарда кездеспейді. Бүршіктері әрдайым жоғары қарап тұрады. Қылқандарының ұзындығы 2,3-4,5 см, ені 2-3 мм құрайды. Май қарағайдың дүние жүзі бойынша 40-тай түрі бар. Олар Солтүстік Америкада (15 түрі), Оңтүстік-Шығыс Азияда (7-8 түрі), Жерорта теңізі жағалауында, Орталық Европада, Кавказда және Гималай тауларында, Сібірде өседі. Май қарағайлар аса үлкен ағаштар, бұтақтары топтасып орналасады, оның төменгі жағында, көп жағдайда екі ақ түс балауыздан тұратын жолағы болады. Аналық сторбилі көп жағдайда тік орналасады, бір вегетациялық кезеңде пісіп жетіледі, содан соң шашылып түсіп қалып отырады.

Бұрынғы одақтас республикалардың флорасында май қарағайдың 9 түрі, ал Қазақстанда 2 түрі кездеседі.

Сібір май қарағайы бұрынғы одақтас мемлекеттердің Еуропалық бөлігінің Солтүстік шығысында, Батыс, Орталық және Шығыс Сібірде Тува автономиялы облысында және Монғолияда өседі. Үлкен алқапты қамтып орман түзеді. Тегістікте де, таулы жерлерде де өседі. Ағашы жұмсақ, құрылыс материалы ретінде де, әртүрлі бұйымдар жасауға да пайдаланылады. Сонымен бірге оны қағаз өндірісінде де шикізат ретінде пайдаланады. Қылқанынан лак жасауға қажетті эфир май алынады. Жас бұтақтарында борнеол болады. Май қарағай бальзамы жараны жазуға бірден-бір қажетті дәрі. Ақ май қарағай бұрынғы одақтас мемлекеттердің батыс аудандарында, Орта Азияның, Оңтүстік және Батыс Еуропаның тауларында 2 мың  метр биіктікке дейін орман түзеді. Кавказ май қарағайы бамбукпен қосылып Кавказ тауының батыс бөлігінде, тауларында 2 мың метр биіктікке дейін орман түзеді. Өте сәндік ағаш.

Кәдімгі май қарағай 30 м биіктікке дейін өсетін қылқан жапырақты ағаш. Жапырақтары жұмсақ және тегіс болып келеді. Батыс және Шығыс Сібірде кең таралған, ылғалды топырақта өсуге бейімделген. Құрамында 2-3 % эфир май және борнилацетан, камфен, борнеол, альфа-пинен, бета-пинен, дипентен кезеседі. Емдік қасиетімен ерекшеленеді. Көптеген дерттердің алдын алуға, емдеуге соның ішінде ревматизм, қуық ауруларына, бүйрек ауруларына таптырмайтын шипа.

Ақ май қарағай (Еуропалық) – Карпатта және Орталық және Оңтүстік Еуропа тауларында таралған. Ағаштың ұзындығы 30-60 м және диаметрі 2 м.крон дейін, пішіні конус. Жоғарғы жағы қошқыл жасы және жылтыр, төменгі жағы екі ақ жолақтан тұрады. Бүршіктерінің пішіні сопақ цилиндр тәрізді, қошқыл қоңыр түсті. Бүршіктерінің ұзындығы 10-16 см, қалыңдығы 3-4 см. Өмір сүру уақыты 300-400 жылды қамтиды.Бұл май қарағайдың түрі түтін мен газға сезімтал келеді.

Бал қарағай туысы. Азияда, Еуропада, Солтүстік Америкада кең таралған, 20 шақты түрлері бар. Шыршалы ормандардың құрамына кіреді. Үлкен ағаш, бұтақтары топтасып орналасады, жарықты жақсы көреді. Өсімдік жазда көктеп, қыста қылқандарыын тастап отырады. Жапырақтары ұзарған сабақтарында біреуден, ал қысқарған сабақтарында топтасып орналасады. Тозаңдарының ауа қуыстары болмайды. Аналық стробилдері бір вегетациялық кезеңде пісіп жетіледі, бірақ 2-3 жыл бойы, түспей ағаштың басында тұрады. Ағашы қызылдау, смолаға бай, аса бері, суда шірімей ұзақ уақыт сақталады. Сондықтан да оны шпалдар дайындауға, кемелер жасауға, шахтаның астына тіреу ретінде, отынғ және қағаз алуға қажетті шикізат ретінде кеңінен пайдаланылады.

Бұрынғы одақтас мемлекеттердің флорасында 7 түрі бар, ал Қазақстанда 1 түрі кездеседі. Батыс Еуропа  бал қарағайы Альпі және Карпат тауларында өседі.

Сібір бал қарағайы – емдік қасиеті бар пайдалы және берік қылқан жапырақты ағаш. Сібір бал қарағайы өзінің Отанынан, яғни Батыс пен Шығыс Сібірден өнеге алған сыңайлы. Сібірдің ауа райына төзімді, қайратты және шіру қасеті төмен. Сібір бал қарағайы жүз жылдан астам уақытта өседі, алайда жүз жылдың ішінде оның биіктігі 50 метрді құрайды. Сібір бал қарағайы беріктігімен және керемет емдік қасетімен ерекшеленеді.

Сібір бал қарағайының құрамында  антиоксиданттар (адам ағзасының қартаюын әлсіретеді) болады. Осы арқылы айналасындағы ауаны тазартып отырады.

Сондықтан бал қарағайлар  мен  одан жасалған заттар денсаулықтың табиғи генераторы болып табылады.

Еуропалық бал қарағайы Карпаттың шығысын және Еуропаның орталық территориясын алып жатыр. Бұл бал қарағай ұзақ өмір сүретіндігімен ерекшеленеді. Өмір сүру мерзімі 500 –ден астам жыл. Көптеген түрлері 50 м-ден астам биіктікті құрайды. Еуропада ерте кезден-ақ бұл ағашты құрылыс мақсатында пайдалана бастады. Ежелгі Римнің инженерлері алғаш рет құрылысқа пайдаланды. Бал қарағайды таңдап алудың бірден-бір себебі – жоғары дәрежедегі беріктігі мен шіруге қарсы тұратындығы еді. 400-500 жыл бұрын Польшада әр түрлі ғимараттар бал қарағайдан салына бастады, алайда сол салынған ғимараттар әлі күнге дейін сақталып тұр.


Информация о работе Қылқан жапырақтылардың ормандық сипаттамасы. Бал қарағай мен Май қарағай