В.И. Вернадскийдің ноосфера туралы ілімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 20:14, реферат

Описание


1. Биосфера – географиялық қабықшаның бір компоненті. Биосфера туралы жаңа көзқарастар.�2. Биосфера құрамы мен шекарасы, олардың сипаттамасы (салмағы,химиялық құрамы, геохимиялық энергиясы, биомасса, биологиялық өнімі ) Биологиялық зат және энергия айналымы.�3. В.И. Вернадскийдің биосфера және ноосфера туралы ілімі.

Работа состоит из  1 файл

3.pptx

— 603.33 Кб (Скачать документ)

В.И. Вернадскийдің ноосфера туралы ілімі.

Жоспары:  
1. Биосфера – географиялық қабықшаның бір компоненті. Биосфера туралы жаңа  көзқарастар. 
2. Биосфера құрамы мен шекарасы, олардың сипаттамасы (салмағы,химиялық құрамы, геохимиялық энергиясы, биомасса, биологиялық өнімі ) Биологиялық зат және энергия айналымы. 
3. В.И. Вернадскийдің биосфера және ноосфера туралы ілімі.

Ноосфера туралы ілімнің негізін биосфера және адамзат  бірлігі болып табылады. Адам өзі  табиғатсыз өмір сүре алмайды. Ол әрқашан  табиғаттың құрамында болады ,табиғат  адамға өзіндік әсерін тигізеді.Бұл  жағдай адамзаттың тарихи дамуының биосфера эволюциясындағы рөлін, оның ноосфераға өту мүмкіндігін көрсетеді.Тек  қана табиғат адамға өз әсерін тигізіп  қоймайды, қарама- қарсы әсер де бар. Бұл әсер адамзат ақылы дұрыстап ойластырылған жағдайда ноосфераға  өтуіне негізгі фактор болып табылады.

Жер ғаламшарындағы органикалық дүние эволюциясының  бірнеше кезеңдері ажыратады. “Бірінші кезең” – заттардың биологиялық айналымы пайда болып, биосфераның қалыптаса бастауы. “Екінші кезең” – тіршіліктің күрделене түсіп, көп жасушалы организмдердің пайда болуы. Бұл екі кезеңді ғылымда (биогенез) , яғни тіршіліктің толық мәнінде пайда болу кезеңі деп атайды. Биосфера эволюциясының “үшінші кезеңі” – адам қоғамының пайда болуымен ерекшеленеді. 
“Биосфера эволюциясының келесі жаңа кезеңі – қазіргі деңгейі”. Мұны ғылымда “ноосфера кезеңі” деп атайды.Грекше “noos” -ақыл-ой, сана “sphaira”-шар деген ұғымды білдіріп, “саналық қабық” деп аталады. Ноосфера – адамның санасы, ақыл-ойы шешуші рөл атқаратын биосфераның жаңа эволюциялық деңгейі.

Ноосфера ұғымын ғылымға 1927 жылы Франциз ғалымдары Э. Леруа  мен П. Тейяр де Шарден енгізді.Олардың  ұғымы бойынша ““Ноосфера биосферадан да жоғары деңгейдегі, бүкіл ғаламшарды қамтитын”ойлау қабығы”. 
1930-1940 жылдары Владимир Иванович Вернадский ноосфера туралы ілімді дамытып, тереңдете түсіндірді. ““Ол ноосфераны биосфера эволюциясының жаңа сапалы деңгейі,биосфера мен адам қоғамының байланысында пайда болған деп қорытынды” жасады.”  
В.И. Вернадскийдің пікірі бойынша: Ноосфера – табиғат пен қоғам заңдылықтары өзара бірігіп әсер ететін біртұтас жоғары жүйе.

Ноосфера кезінде  бүкіл адам баласының ақыл-ойы,санасы,ғылымы және әлеуметтік еңбегі бір арнаға түсуі керек. Адам мен табиғат  арасындағы қарым-қатынасты адамның  саналы ақыл-ойы басқарған кезде  ғана жеңіске жетеді деп атап көрсетті. 
Биосфераның ноосфераға ауысу кезеңіне орыс ғалымы М.И. Будыко терең талдау жасаған 1984ж. Ол биосфераның қалыптасуында адамзат қоғамының біртұтас екендігін ұмытпау керектігін ерекше ескертті. 
Қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогресс бүкіл Жер шарын қамтып отыр.

Табиғат құбылыстарын бақылай  отыру нәтижесінде тірі организмдер  қоршаған ортамен байланысқа түсетіндігі  және оны түрлі мөлшерде өзгертетіндігі анықталды. 17 ғасырдың басында биосфера туралы алғашқы мәліметтерді голландиялық ғалымдар  Б. Варениус (1629-1695), Х. Гюйгенс, және де танымал француз журналисті Ж.Бюффон (1707-1788) еңбектерінде кездестіреміз.Кейін, француз журналисті Ж.Кювье (1769-1832) тірі организмдер тек қана қоршаған ортамен  байланысу арқылы ғана өмір сүре алады  деп жариялайды.

Тесттер

1) Жер ғаламшарындағы органикалық дүние эволюциясының қанша кезеңдерінен ажыратылады? 
а) 4 
б) 5 
в) 3 
2) Ноосфера ұғымын ғылымын қай жылы ғалымдар енгізді? 
а) 1927 ж 
б)1929 ж 
в) 1930 ж 
3) 1930-1940 жылдары қай ғалым ноосфера туралы ілімді дамытып, тереңдете түсіндірді? 
а) П. Тейяр де Шарден  
б) Э. Леруа  
в) Владимир Иванович Вернадский

5) Бірінші эволюциялық  қағида әзірле- болды   
а) Гераклит

б) Аристотель

в) Линней 
Жаңа сұрыптың және өсімдіктің және айуанаттың тұқымының шығар- шұғылданушымын.

а) селекция

б) Генетикта

в) физиология


Информация о работе В.И. Вернадскийдің ноосфера туралы ілімі