Экология және тұрақты даму

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2012 в 05:51, контрольная работа

Описание

Бұрын балық аулайтын кемелер аз, тоңазытқыш жабдықтары жоқ кезде олар жағадан алыс кетпейтін. Қазір балық аулайтын үлкен кемелер, арнаулы тоңазытқыш кемелер пайда болғасын балықты алыстан аулап, жарты жыл - бір жылға қайтпайтын, аулаған балықты мұхит, үстінде өңдеп басқа кемелермен елге жіберетін болды. Өздері басқа балық аулауды жалғастыра берді. ХХ ғасырдың басында балықтың 80 проценті жағадағы сулардан ауланса, қазір 45 процентке дейін кеміді.

Содержание

1.Биосферадағы заттар айналымы
2.Әлемдік биогеохимиялы циклдар
3.В.И.Вернадскийдіі негізгі биогеохимиялық заңдары
4.Қазіргі биосфера
5. Өндірістің дамуы және қоршаған ортаға түсетін салмақтың артуы

Работа состоит из  1 файл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ш.docx

— 36.53 Кб (Скачать документ)

Пестицидтерді қолданғанда өте сақтық қажет. Қоршаған ортаға және адамдарға әсері көп. Өсімдіктерді биологиялық әдістермен қорғау нақтылы нәтиже бергенде ғана пестицидтерді қажетті мөлшерден  асырмай пайдалануға болады.

Пестицидтердің  ішінде ең қауіптісі хлор мен органикалық  заттар қосындысынан тұратын ДДТ, диэлдрин, элдрин, полихлордиофенил сияқты түрлері. Олар ұзақ уақыт бұзылмай, ерімей, шірімей  сақталып болғандықтан топырақта, теңіз  суларында көп жиналады. Мысалы ДДТ 50 жыл бойы сақталады. Жыл сайын 100 мың тонна, жарты ғасырда 3 миллион  тонна ДДТ өндіріледі. Оның қаншасы  топырақта, қаншасы теңіз суына  жиналғанын ешкім білмейді. Антарктидада жүрген пингвиннің бауырынан ДДТ  табылғанын ескерсек жер жүзіне қалай  кең тарағанын түсінуге болады.

АҚШ, Венгрия, Швеция, бұрынғы Кеңестер одағы, т.б. бірқатар елдерде ДДТ-ны қолдануға  тыйым салынған. Ал дамушы елдерде  оны безгек, бөртпе сүзек ауруларына қарсы қолданып келеді.

Дүние жүзінде 20 жыл бұрын 4 миллион тонна пестицидтер  шығарылған. Қазір қанша шығарылғаны  жөнінде мәліметтер толық емес, өйткені  көптеген мемлекеттер өнім мөлшерін жасырып, жарияламайтын болды. Экологиялық  жүйелер үшін өте қауіпті пестицидтер  өндіруді жасыру, әрине адамзат алдындағы  өз қылмыстарына жауап беруден қашудың  бір түрі ғой.

Америка әскерлері  Вьетнаммен соғысқанда 600-мың гектар ағаштарды пестицидтер қолданып түгел жойып жібергенін әлем ұмытқан  жоқ.

Гербицид, дефолиант, десикант, дефлорант т.б. улы химиялық заттар Орта Азия мен Қазақстанда, әсіресе  мақта, күріш, бидай алқаптарында ұзақ жылдар бойы қолданылып келеді. Соның  салдарынан Оңтүстік облыстарда кісі өлімі, әсіресе жас сәбилердің өлімі, ауыру сырқауы, жарымжан болып тууы өте көбейіп кетті.

Деттергенттер жинақтау әдісімен (синтез) алынған химиялық заттар. Олардың негізгі қасиеті заттардың сыртқы қабатына тез әсер етіп өзгерту немесе тазарту. өндірісте, тұрмыстық қызметте оларды кір кетіру, жуу үшін, сыртын бояу, әшекейлеу ұшін қолданады. Детергенттер суда ерімей ұзақ сақталады, ұсақ организмдер ірітіп-шіріте алмайды. Бір литр суда 1 мг түссе су көбіктене бастайды. Детергенттердің рұқсат етілген шегі (ПДК) 1 литр суда 0,3 мг-нан аспау керек. Ал қалдық суларда бұл мөлшер 5-10 есе асып кетіп жатады.

Дүние жүзінде  жылына 4 млн тоннадан астам детергенттер өндіріледі.

Минералды тыңайтқыштар, әсіресе азот пен фосфор, жыл сайын 300 миллион тоннадан астам егістік пен шабындықтарға қолданылады. Олардың бәрін өсімдіктер пайдаланбай топыраққа, жаңбырмен, ағын сулар мен көлдерге, теңіздерге жиналып жатады. Су беті көктеп, көк жасыл балдыр болып кеткен көлдер осының белгісі.

Қоршаған  орта көп ластаушы заттар қатарына сынап, қорғасын, кадмий, мышьяк т.б. улы  химиялық заттар мен олардың қосындылары  жатады.

Қоршаған  ортаға көп тараған көмір қышқыл газ, көміртек тотығы, күкірттің, азоттың, хлордың түрлі қоспалары да табиғатты  ластаушы заттар болып саналады.

Адамдардың  ар-ұяты, сана-сезімі, қайрат-жігері қоршаған ортаның қасіретті жағдайын тез  түсініп, табиғаттың бұзылуын, азып-тозуын тоқтатуға жұмсалса жер жүзінде  қызықты өмір жалғаса берері сөзсіз.

 


Информация о работе Экология және тұрақты даму