Гигиена туралы жалпы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2011 в 13:51, курсовая работа

Описание

Гигиена грек сөзі - Gugieinos – емдеу, денсаулық әкеледі деген мағына береді, профилактика деген ұғым. Адам ағзасына айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары мен әлеуметтік жағдайларының тигізетін әсерін зерттейтін медициналық ғылым. Медицина ғылымдарының өте көрнекті салаларының бірі. Медициналық оқу орындарында санитарлық-гигиеналық факультеттері мен кафедралар бар. Арнаулы түрде маман дәрігерлер – гигиенистер дайындалады.

Работа состоит из  1 файл

Гигиена туралы жалпы түсінік.doc

— 142.00 Кб (Скачать документ)

Темекі  шегудің зияны  қаншалықты?

19.11.2004

Әселім ҚАЛКЕНҚЫЗЫ

Темекі шегіп  жүргеніне отыз жыл болған дәрігер, сенатор Бексұлтан Тұтқышев: темекі жүрек пен өкпеге үлкен зиянын тигізеді. Соны біле тұра өзім темекі шегуді тоқтауға қанша талпынсам да , қиынға түсіп жүр-дейді: -Өкінішке орай өзім дәрігер бола тұра темекі шегем. Қанша қоям деп талпынсам да болмайды. Күніне бір қорап темекі шегемін. Оның жүрек пен өкпеге тигізер зияны зор. Темекі шеккенше күніне 50 г арақ ішкен жөн. Ол қан айналымының жақсы жүруіне көмектеседі. Бүгінде әйел адамдардың темекі шегуде белсенділік танытып жүргені белгілі. Депутат Бексұлтан Тұтқышев болашақ ана-қыз балалардың темекіге жақын болуы жанға батады дейді. -Әсіресе қазақ қыздары арасында темекі шегушілер кьбейді. Ол денсаулыққа зиян. Қыз деген болашақ ана, ертең одан туған бала да аурушаң болады. Темекіні бір бастаса тоқтату қиын. Жүкті болғанда да әйел адамдар шеге береді. Күніне төрт темекі шегетін Айя есімді қазақ қызы: Темекі шегуді мектеп қабырғасынан , 11-ші сыныпта оқып жүріп бастадым. Темекіні еріккеннен шегемін.Қазір қыз балардың шылым шегетініне ешкім таң қалмайды, шеккің келе ме өз еркің. Оның денсаулыққа зиян екенін де білемін- дейді. Темекі шегуді тоқтатқанына он бес жыл болған Мәжіліс депутаты Ұзақбай Қараманов темекіні отыз жыл шектім, бірақ оны қою оңайға түскен жоқ дейді: -Темекіні қою қиын. Оны шекпесең ұйықтап жатқанда түсіңе кіреді. Темекінің адам денсаулығына әкелер зияны көп. Өзім осы темекінден қолқа ауруына шалдықтым. Темекіні қйоғанан бері темекі шегетіндерді жек көрем. Біздің Парламенттің Мәжіліс залының алдында темекі шегушілерден ол жер көк түтінге айналған. Темекі шегудің алдын алу және тиым салу туралы заңда көрсетілгендей темекіні жалпы жарнамалаудан алып тастау мәселесі бар. Алайда қазір Астана көшелерінде темекі жарнамалары жаңбырдан кейінгі саңырау құлақ құсап қаптап кеткен.Бір өкініштісі Парламентке қабылданған заңды қадағалауға мүмкіндік берілмеген дейді депутат Ұзақбай Қарманов: -Бізге қабылданған заңды қадағалау құқығы берілмеген. Заң бойынша тиым салынғанмен көшелерде темекі жарнамалары әлі күнге дейін ілініп тұр. Оларды жауапқа тартып, айып-пұл төлетіп жатқандар да жоқ. Егер заңның орындалуын талап етіп, жауапқа тартса онда заң жүзеге асар еді. Астана қаласындағы жанұялық дәргерлік амбулаторияда қызмет етін дәрігер Алмагүл Ахмедияқызының айтуынша, анкологиялық ісік ауруларының, өкпе ауруының тууына себеп болатын осы темекі. Темекіні көп жылдар бойы шегетін адамдарда өкпе ауруы асқынып, оның арты анкологиялық ісік ауруының пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін. Туберкулез ауруының асықнуы да осы темекі шегуден болады. Қазір жасөспірімдер арасында темекі шегу етек жаюда. Ол денсаулықтарына зиян. Темекіге қарсы күрес мәселесіне байланысты Темекі шегудің алдын алу және тиым салу туралы заң осыдан екі жыл бұрын қабылданған болатын.  

«Қазақстан заңнамасын Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясына сәйкес үйлестіру» деген тақырыпта Парламент Мәжілісінде өткен жиында темекіге қарсы күресте заң қабылдауда Қазақстанның ТМД елдерінің көшбасында тұрғандығы атап көрсетілді.

Отырыста халық  қалаулысы Д.Нөкетаева: «Елімізде 4,2 миллион азамат темекі шегеді. Қазақстандықтардың темекі тұтыну деңгейі соңғы жылдары күрт артты. Бүгінде трансұлттық темекі өндіретін корпорациялар әрбір қазақстандыққа күніне 7 темекі бере алатын жағдайға жетті» -десе, депутат Г.Сейітмағамбетова Қазақстандағы темекі өнімдеріне салынатын салықтардың төмендігі балалар мен жасөспірімдер арасында шылымқорлар санының артуына ықпал етіп отырғанын тілге тиек етті. «Темекі өнімдеріне салынатын салық көлемі елдегі барлық салықтардың 28 пайызын құрайды. Ал темекі өнімдеріне берілетін акциздің бағасы не бары 11 пайыз. Осыған дейін елімізде темекі өнімдерін 40-50 теңгеге сатып алуға болатын еді. Соңғы рет аталмыш өнімдердің бірқатарының бағасы көтерілді. Бірақ бұл мүлдем аз. Темекі бағасының 20-ақ пайызға көтерілуі мемлекетке емес, керісінше темекі өндіретін компанияларға тиімді болып отыр», - деді ол.

Г.Сейітмағамбетованың  айтуынша, ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттерде  темекіге салынатын салық 55 пайыздан кем емес. Бүкіләлемдік Денсаулық  сақтау ұйымы темекі өнімдеріне салынатын  акциздердің деңгейі бойынша Қазақстанның ТМД мемлекеттері арасында 10-шы, ал жалпы салынатын салық бойынша 12-орында тұрғандығын айтып отыр.

Дөңгелек үстелде  Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының «Темекісіз өмір» жаһандық бастамасының директоры Д.Бетчерд темекі өндіретін компаниялардың қандай да бір іс-шараларға демеуші болуына тосқауыл қою керектігін мәселе етіп көтеріп, «Қазақстан темекі өнімдерін жарнамалауға тыйым салу, арнайы белгіленген орындарда ғана темекі шегу сияқты темекіге қарсы бағытталған кешенді шараларды жүзеге асырды. Алайда Қазақстан тарапынан қолға алынуы тиіс тағы бір мәселе бар. Темекі өнімдерін өндіретін компаниялар демеушілік көмек көрсету арқылы өздерінің өнімдерін өткізудің амалын тауып жүр. Бұл - темекінің тарауына ықпал ететін бірден-бір фактор. Сондықтан осы мүмкіндікті болдырмауға күш салу қажет» - десе, Денсаулық сақтау министрлігінің Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығының бас директоры С. Диқанбаева «Темекі жылына әлем бойынша 5 миллионнан астам адамның өмірін қияды. Ал Қазақстанда жылына темекімен байланысты аурулардың салдарынан 25 мыңнан астам адам көз жұмады. Темекі шегу - қауіпті деген жұқпалы аурулардың өзінен де қатерлі», - деді.

2006 жылы Парламент  Дүниежүзілік Денсаулық сақтау  ұйымының темекіге қарсы күрес  жөніндегі негіздемелік конвенциясын заңды түрде бекітіп, «Жарнама туралы» заңға темекі өнімдерін жарнамалауға қатаң тыйым салынатыны туралы құқықтық негіз берді. Ізінше «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс қабылданды. Темекіге қарсы күресте атқарылып жатқан іс-шаралардың барлығы жоғарыда аты аталған конвенция мен кодекс негізінде жүргізіліп жатыр.

Информация о работе Гигиена туралы жалпы түсінік