қазба байлықтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 15:41, реферат

Описание

Жер қыртысы-биосфераның минералдық заттар жинақталған көлемді бөлігі.Жер қыртысында қазба байлықтар деп аталатын өте құнды заттар бар.Қазба байлықтарға тас көмір, мұнай, құрылыс материалдары, кен рудалары жатады. Жер қыртысының қазба байлықтарына су мен газ да жатады.

Работа состоит из  1 файл

қазба байлықтар.docx

— 23.90 Кб (Скачать документ)

 

 Жер қыртысы-биосфераның минералдық заттар жинақталған көлемді бөлігі.Жер қыртысында қазба байлықтар деп аталатын өте құнды заттар бар.Қазба байлықтарға тас көмір, мұнай, құрылыс материалдары, кен рудалары жатады. Жер қыртысының қазба байлықтарына су мен газ да жатады.

Қазақсатан  жерінде қазба байлықтар өте көп. Әлі беті ашылмаған мұнай, тас көмір, газ, металдардың, құрылыс материалдарының кеніші де баршылық. Геологиялық барлау жұмыстары бүгінге дейін жүріп жатыр,геологтар жыл сайын жаңа кен орындарын ашуда. Бұдан біраз ғана жыл бұрын Батыс Сібірде газ жоқ деп есептелген болса, бүгінгі күні ол жерден бай газ қоры  табылуда.Бұл одақ бойынша жылу энергиясының жақсаруына мүмкіндік берді. Арзанға түсетін газ дәстүрлі отындардың орнын басып,өндірісте,тұрмыста орын теуіп алды.

Қазақстан минералдық ресурстарға  бай. Қазақстан дүние жүзінің 186 елінің ішінде вольфрам, қорғасын және барийдің ұоры бойынша екінші, марганец және молибден- үшінші, мыс- төртінші, уран-  бесінші, алтын- алтыншы, темір  кені- жетінші, қалайы мен никель- сегізінші,  көмір мен табиғи  газ- тоғызыншы,  мұнай бойынша он үшінші орында.

  Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бір,уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан.

Қазақстанда барланған тас көмір және қоңыр көмірдің қоры  200млрд.тоннадан астам. Көмір бассейндеріне Қарағанды, Екібастұз, Майкөбен, Обаған, Жіліншік,Теңіз-Қорғалжын, Шу, Іле, Төменгі Іле және Орал-Каспий жатады.

  Қазір Қазақстан көмірсулардың қоры бойынша дүние жүзіндегі ірі елдердің бірі болып табылады. Мұнайдың барланған қорының көлемі бойынша 12-орында, газ бен газды конденсат – 15ші, мұнай өндіру-23 орында. Қазақстанның үлесіне барланған әлемдік мұнай қорының2 %-ына дейін келеді. 200-ден астам мұнай мен газ кен орындарының өндірілетін қоры 2,2млрд. тонна, конденсат- шамамен 700 млн. тоннаны құрайды. Еліміздің болжанып отырған мұнай ресурстары шамамен 13млрд. тонна.

    Қазақстанның  жер қыртысы мұнай мен табиғи газдарға бай. Каспий маңы ойпаты,Каспий маңы ойпаты, Каспий теңізінің жағалауын қоса алғанда мұнай қоры 7млрд. тонна. Бұл мұнай өндірісін жыл сайын 50-100млн. тоннаға дейін көтеруге мүмкіндік береді. Қарашығанақ кен орнындағы табиғи газ қоры 1,3 триллион куб метрді құрайды.Арал маңында мұнай мен газдың үлкен қоры табылған.

Темір кендерінің қоры 8 млрд. тоннадан астам.Оның 80%  Торғай теміркен бассейнінде орналасқан. Басейннің ірі кен орындарына Соколов, Сарыбай, Қашар, Лисаков және Аят кен орындары жатады.Металлургиялық процесте темір кенінен басқа ванадий, алюминий оксиді, фосфаттық шлактар алынады. Олар минералдық тыңайтқыш ретінде пайдаланылады.

Марганец кендері Атасу темір марганец бассейнінен басқа Сарыарқада, Ұлытауда, Қаратауда, Маңғыстау мен Семейде анықталған.

Хромит кендері негізінен Ақтөбеде табылған. Хромит кенін өндіру бойынша Қазақстан дүние жүзі бойынша бірінші орын алады. Хромит кендері Қостанайдағы Жетіқарада, Құндыбайда, Аққарғада, Ақтауда, Семейде табылған.

Ванадий кендері Қаратау мен Жабағылтауда табылған. Кендегі ванадийдің мөлшері шамамен 1% және молибден 0,22%. Кеннің сапасы жоғары емес . Ванадий бар кендер Шыңғыс  тауларында, Бетпақдалада, Кіндіктаста, Теріскей Алатауы мен Жезқазған аймағында кездеседі.

Титан кендері Қостанайда, Көкшетауда, Ақмола мен Ақтөбе облыстарында барланған. Ұлытау,Оңтүстік Алтайда және Жезқазған облысындағы қоры белгілі. Қазақстан түсті, бағалы жіне сирек металдардың көптүрлілігімен, байлығымен  сипатталады.

Алюминий кендерінің ішінде бокситтер ерекше орын алады. Келешегі бар аудандарға Сарыарқаның батысы мен солтүстігі, Торғай ойпаты, Сырдария өзенінің бассейіңі, Каспий маңы және Арал маңы ойпаты, Аманкелді,Обаған, Жоғарғы Тобыл,Теңіз,Таскөл  және Шаған, Мұғалжар,Шымкент қаласының маңындағы кен орындарын атауға болады. Алюминий шикізатының бокситтен басқа түрлері де барланған.

Никель және кобальт кендері Ақтөбе, Қостанай, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Семей және Жамбыл облыстарында таралған, Ақтөбедегі Кемпірсай бассейнінде никель кен орындарының 30-ның ішінен 14-і жұмыс істейді.Жоғары сапалы никель кенінің үлкен қоры Қостанай облысындағы Аққарға мен Ақтауда шоғырланған. Силикатты никель кендері Кемпірсайдан басқа Семей жіне Жезқазған облыстарында ашылған. Олардан металлургиялық өңдеу барысында кобальт та алынады.

Мыс кендері Қазақстанның көптеген территорияларында таралған. Кенді Алтай тауларынан бастап республикамыздың батыс шекараларына дейін мыс кендері барланған. Мыстың ірі кен орындары Сарыарқада, Жетісу, Жоңғар Алатауында, Шығыс жіне Мұғалжар тауларында, Батыс Торғайда, Теңіз ойпаңында, Ақтөбе маңында, Тарбағатай, Сәуір тауларында және т.б. орнадасқан. Дүние жүзіне белгілі мыс кен орындары Қоңырат, Бозшакөл, Саяқ, Шиелісай және т.б. еліміздің ұлттық байлығы болып табылады.

Мысты кендерден, сонымен  қатар, қорғасын, цинк, молибден, күкірт және т.б. компоненттер алынады.

Қорғасын-мырыш(полиметалл) кендері Кенді Алтайда, Сарыарқада, Қаратау мен Жоңғар Алатауында таралған. Олардың негізінде ірі тау-кен байыту және металлургиялық кәсіпорындар Лениногорскіде,  Зыряновскіде,

Полиметалл кендерінің құрамына қорғасын мен мырыш немесе мыс  пен мырыш немесе  қорғасын мен  мырыщ немесе тек мырыш болады.

Қаратауда Ащысайдан басқа  Аралтау, Ақсораң, Байжансай кен  орындары бар. Шу мен Іле тауында  да полиметалл  кен орындары табылған

  Алтын мен күміс ертеден Қазақстанның шығысы мен оңтүстігінде өндіріліп келген. Солтүстікте – Ақсу, Майқайық, Жусалы, Жаңғабыл және т.б. кен орындары. Шығыста- Қалбы алтынды ауданы. Алтын Оңтүстік Қазақстанда Жоңғар Алатауы мен Шу және Іле тауларында табылған.

Металл  рудалары. Қазақстан темір рудасына бай өлкенің бірі.Темір рудасының қоры 77,8 процент, оның 10 проценті байытуды қажет етпейді, 45 проценті жеңіл байитын рудаларға жатады.

  Қазақстандағы бір темір рудасының ашылуының қызықты жайы бар.Ұшқыш М. Сургутанов жаңа ауа жолымен ұшып келе жатып авиация компасының тілінің дұрыс көрсетпей тұрғанын байқады. Бұдан кейін ұшқыш ұшып өткен жерде аса ірі темір кені бар деген жорамал шықты. Біраз уақыт өткеннен кейін геологтар Соколов-Сарыбай кен орнын ашты.

    Марганец рудалары негізінен Жезқазған облысына шоғырланған, онда марганец бар. Ең ірі Жезді кен орнында мыспен бірге сирек элементтер де кездеседі. Хромит рудалары Ақтөбе облысындағы Кемпірсай кен орнында бар. Жер жүзіндегі ең ірі никель рудасының бірі Кемпірсай кенді алқабында орналасқан. Никель рудалары бұл жерде ұя тәрізденіп орналасқан. Ол ашық әдіспен өндіріледі, бұл әдіс арзанға түседі. Алайда көп мөлшерде кенсіз тау жыныстары үйіндіге кетеді. Руда құрамында 1,3, кейбір жерлерде 1,5-2 процент никель бар. Балқаш көлінің солтүстік жағында Қоңырат кен орны орналасқан.Оның рудасының құрамында вольфрам, молибден бар.

     Қазақстан түсті және сирек металдарға да бай өлке. Мыс рудасы негізінен Орталық Қазақстанға шоғырланған. Жезқазған мыс рудасы 1771 жылы ашылған. 1931-1934 жылдары академик Қ.И. Сатпаевтың басшылығымен жүргізілген барлау жұмыстарынан кейін Жезқазған аймағында мыс кенінің қоры әлдеқайда көп екендігі белгілі болды. Руда құрамында 1,5-1,6 процент мыс, кей жерлерде 1 процентке дейін цинк, күміс кездеседі. Қазақстан жерінде ондаған өндірістік мәні бар цинк, қорғасын кеніштері табылды. Олар кенді Алтайда, Қаратау аймағында шоғырланған.Кенді Алтай байлығы XVIII ғасырдың ортасынан бастап өндіріле бастаған. Шығыс Қазақстан кенінің бір ерекшелігі-кен құрамында қорғасын мен мырыштан басқа мыс, алтын, күміс, кадмий, висмут, молибден кездеседі. Лениногор кен орнындағы кен құрамында 10-15 процент қорғасын, 15-20 процент мырыш және әр тоннасында жүздеген грамм күміс табылады.

     Қазақстандағы түсті металлургияның орталығы-Өскемен қаласы. Мұнда В.И. Ленин атындағы қорғасын-мырыш комбинаты жұмыс істейді Комбинат көп мөлшерде мырыш пен қорғасын қорытады.

      Қазақстанда алтын кен орындары да көп, бірақ олар ұсақ. Орталық Қазақстан қырқаралында алтындары ұсақ болғандықтан топыраққа аралас болады. Мұндай алтын кездесетін кен орындарына Жетіқара, Майқайың, Төртқұдық, Жолымбет, Бестөбе, Ақсу жатады. Майқайың кенішінде алтын ашық әдіспен өндіріледі. Байыту фабрикасында алтын мен күмісті бөліп алып қорыту үшін Оралға жіберіледі.Боксит кен орны Торғай облысынан табылды. Қазақстан жерінде жүздеген көмір кен орындары бар. Олардың көбі карбон, юра, қалғаны перм және үштік дәуірлерде пайда болған көмірлер. Қарағанды және Екібастұз көмір кен орындарының мәні өте күшті. Торғай, Майкүбен көмір кеніштерінен қоңыр көмір өндіріледі.

      Қазақстандағы мұнай және табиғи газ кен орындарының шоғырланған жерлері Волга мен Мұғаджар тауларының арасындағы Солтүстік Каспий ойпаты және Маңғышылақ түбегіндегі ірі газ және мұнай кен орындарына Жетібай мен Өзен жатады.  

     Қазақстандағы химиялық шикізаттар кен орнының ең негізгісі Қаратауда. Бұл дүние жүзінде фосфоритке ең бай кен орнының бірі. Кенді қабат 120 километрге созылады.

    Минералдық қордың бәрі қайтадан қалпына келмейтін байлыққа жататындығы белгілі. Бұлардың өзі қуат беретін қорға жататын мұнай,көмір, табиғи газ, сланец сияқты заттарды қайтадан қалпына келетін қорға жатқызуға болар еді, алайда олардың жасалуы өте баяу, миллиондаған жылға созылатындықтан адамның ол заттарды пайдалану болашағы жоқ. Екінші топқа жататын кендер мен минералдық байлықтардың бұрынғы кездескен жерінде қайтадан қалпына келуі мүмкін емес, бірақ олар жер бетінен жойылып та кетпейді.

     Қазба байлықтарды пайдаланудағы кемшілік-оны түгелдей немесе комплексті пайдаланбау болып табылады. Тау-кен өндірістері кеннің өзіндік құнының арзандығына қызығып кен байлығының қаймағын ғана сыпырып алады, яғни тау жынысының кенге бай жерін ғана пайдаланады.Кенге кедей тау жыныстары кені жоқ тау жыныстарымен араласып үйіндіге кетеді.

      Жекелей бағалы қазба байлықтарды өндіру кезінде, онымен бірге кездесетін басқа кен ескерілмейтін жағдай болады. Жер қыртысынан өндірілетін қазба байлықтардың мөлшері шыңырау шегіне жетті, мөлшері он миллиард тоннаға жетіп қалды. Пайдалы қазбаларды өндірудің көлемі аса көп көлемге артты. Жер шарындағы өзендер мұхиттарға 15 миллиард тонна тау жыныстарын ағызып әкеп төгеді, 3-4 миллиард тонна тау жынысы желмен ұшып, жоқ болады.

         Пайдалы қазба байлықтарды өндіру, байыту, әрі қарай өңдеу процестерінде және адам әрекетінің барлық түрлерінде минералдық байлықтардың ысырап болмауын естен шығармау қажет.

Өндіріс қалдықтарын пайдалану. Қоршаған ортаны қорғап, таза ұстау жұмыстарында өндіріс қалдықтарын пайдалану жұмыстарының айтарлықтай мәні бар. Бұл экономикалық жағынан да тиімді екендігін көрсетті. Ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық институттардың қызметкерлері темір-терсек металл тозаңы, шлак сияқты заттарды пайдаланудың жаңа әдістерін ойлап тауып, тиімді пайдалану жағын қарастыруда. Апатит кендерін байытқан кезде құрамында натрий, калий, алюминий, кремний бар қатты қалдық қалады. Бұларды өңдеу арқылы сода, цемент, глинозем алады. Калий өндіру үшін өңдеу және байыту жұмыстары жүргізілген кезде миллиондаған тонна хлорлы натрийден, кальцийден, магнийден, кальций сульфатынан тұратын қатты қалдықтар шығады. Калий өндірісінде бұл қалдықтарға әлгі элементтерді іске асыру үшін комплексті өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде калий тыңайтқыштары, ас, мал азықтық және техникалық  тұздар т.б. заттар алынады.

Көптеген қуат қондырғылары алынған қуаттың жартысына жетпейтін  бөлігін ғана пайдаланатындығын  ескеретін болсақ қалған қуат атмосфераға  тарап кетеді. Көп мөлшерде қуаттың  ауаға таралуының әсерінен ірі қалалар мен кәсіпорын айналасында ауа температурасы белгілі мөлшерде артады. Бұл жалпы жер шарындағы ауа температурасының артуына да ықпалын тигізеді. Су қоймаларына құйылған өндірістің жылы сулары тірі организмдердің тіршілік процесіне қауіп төндіреді. Артық қалатын қуатты пайдаға асырған жағдайда бұл қолайсыз жағдайларды болдырмауға мүмкіндік бар. Пайдаланылған ыстық газдар өндірістен бірден сыртқа шықпай бірнеше агрегаттарға жылуын беріп отырады.Мысалы, ыстық газ алдымен кептіру агрегатына барып әр түрлі сұйық заттарды кептіреді. Одан жылыту ваннасына өтіп оны да жылытады. Мұндай жұмыстар бір жағынан экономикалық тиімді болса, екіншіден, ауаның таза сақталуына айтарлықтай үлес қосады.

 

 

 

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Пайдаланған әдебиеттер:

 

“Табиғатты  қорғау” Е.Мамбетқазиева, Қ.Сыбанбеков

 

 Google - интернет желісі


Информация о работе қазба байлықтар