Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2013 в 13:56, курс лекций

Описание

Басқа адамның мінез-құлқын қалай түсінуге болады? Адамдардың әр түрлі қабілетке ие болуының себебі неде? Жан дегеніміз не және оның табиғаты қалай? Осындай және басқа да сұрақтар адамдардың ойында болған, сонымен бірге уақыт озған сайын адам және оның мінез-құлқына деген қызығушылық артып отырған.

Работа состоит из  1 файл

Алия Жалпы психология.doc

— 1.22 Мб (Скачать документ)

1.Мiнездiң тереңдiгi. Бұл қасиет  адамның қоғам тарапына орай  көпшiлiкке, ұжымға, еңбекке деген қатынасын бiлдiредi.

2.Адамның жеке басының ерекшелiгi, белсендiлiгi. Бұл қасиет мiнездiң  күшi. Осыған орай, адам мықты,  жақсы, тұрақты және нашар мiнездi болып келедi.

3.Мiнездiң тұрақтылығының, бейiмделгiштiгiнiң  ерекше мәнi бар. Мұндай адамдар әрқилы қиыншылықтарға ұшырағанда табандылық, төзiмдiлiк пен бейiмделгiштiлiк көрсетiп,мiнездiң күшiн аңғартады.

 

 

§  3.  Мiнездiң қалыптасу ерекшелiгi

Мiнез өмiр барысында түзелетiн, қалыптасатын психикалық қасиет болып  табылады. Бұл мiнез бала туылғаннан кейiн қалыптасатынын бiлдiредi. Адам мiнезiнiң қайнар көзiн және оның ең алғашқы белгiлерiнiң көрiнуiн өмiрдiң алғашқы кездерiнен iздеу керек. 

Жалпы жеке адамның мiнезiнiң қалыптасуына, дамуына оның қоршаған ортамен,әсiресе адамдармен қарым-қатынасы өте үлкен әсер етедi және оның ролi өте маңызды. Әсiресе, кiшкентай бала мiнезiнiң дамуында өз туған-туыстары, жақындары, оларға ұқсауға тырысулары мен елiктеулерi байқалады. Олар елiктеу арқылы үлкендердiң мiнез-құлқын үйренедi. Яғни бала мiнезiнiң қалыптасуы мен дамуына қоршаған адамдармен көп және белсендi қарым-қатынас жасау да ықпал етедi. Үлкен адамдар балалар сенiмiне кiрiп, оған сөзбен, iс-әрекетпен әсер ете алса,бала мiнез-құлқының белгiлi бiр түрiнiң қалыптасуы мүмкiн.Үлкендердiң бiр бiрiмен қарым-қатынасы, қарым-қатынас жасау ерекшелiктерi бала мiнез-құлқының қалыптасуына әсер етедi. Сонымен адам мiнезi еңбекке, жұмысқа, басқа адамдарға деген қатынаста,өз iсiне деген қатынасында пайда болады.

Мiнез қалыптасуында сензитивтi кезең екi-үш жастан тоғыз-он жасқа дейiнгi кезең болып табылады, себебi осы кезде бала өз құрбы-құрдастарымен, үлкендермен белсендi қатынасқа түседi. Осы кезеңде балаға әсер етуге болады, олар оны жақсы қабылдайды, елiктейдi. Осы уақытта үлкен адамдар баланың сенiмiне кiре отырып, мiнез-құлықтың керектi формаларының қалыптасуына сөзбен, әрекеттерiмен әсер ете алу мүмкiншiлiгi жоғары.

Баланың мiнезiнiң қалыптасуына үлкендердiң  бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасау  стилi, сонымен қатар үлкендердiң  баланың өзiмен қатынас жасау  ерекшелiгi де өте маңызды. Ең бiрiншiден бұл ата-анаға, әсiресе анасының баласымен қатынасына байланысты болады. Ата-анасының баласымен қарым-қатынасы баланың өскен кездегi өз баласымен қатынас жасау ерекшелiгiне үлкен әсер етедi.

Баланың мектепке дейiн кезеңiнде мiнездiң келесi қырлары қалыптасады: ақ көңiлдiлiк, көпшiлдiк, қайырымдылық және оған қарама-қарсы өзiмшiлдiк, мейiрiмсiздiк, байыпсыздық. Ал, бастауыш сынып кезiнде адамдармен қарым-қатынас кезiнде көрiнетiн қырлар қалыптасады. Егер баланың мiнезiндегi белгiлi бiр қырлар отбасында қалыптасып, ол мектеп кезiнде қолдауға ие болса бұл мiнез қыры одан ары қарай дамып, тұрақталады. Егер қолдау таппаса мiнез қырларында өзгерiстер болады. Жасөспiрiмдiк шақта мiнездiң ерiктi қырлары, ал жастық шақта адамгершiлiктiк т.б. дамиды және қалыптасады. 

Мiнез адам өмiрiнiң барлық жолдарында қалыптасады және өзгередi. Адам мiнезiнiң  қалыптасуында ең үлкен орынды еңбек  алады. Сондықтан да, мiнез басқа  да тұлғаның қырлары сияқты iс-әрекет кезiнде қалыптасады деп айта аламыз.

Адамның мiнезiнiң өзгерiп отыруына әлеуметтiк жағдайдың үнемi ықпал  етiп,оның жаңа сапаларын қалыптастырып  отырғандығы ғылыми тұрғыдан анықталған тарихи шындық және обьективтi фактор екендiгi еш дау тудырмайды.

 

Семинар сабақтарына берiлетiн тапсырмалар:

1 тақырып. Мiнез туралы түсiнiк

А)Мiнез түсiнiгi.

Б)Мiнез және темперамент.

В)Мiне құрылымы.

2 тақырып.Мiнез типологиясы

А)Адамның дене құрылымына байланысты мiнез түрлерi.

Б)А.Е.Личко бойынша мiнез акцентуациясы.

В)К.Леонгард бойынша мiнез типтерi.

3 тақырып. Мiнездiң қалыптасу  ерекшелiгi.

А)Адам мiнезiнiң қайнар көзi.

Б)Мiнездiң қалыптасу ерекшелiктерi.

В)Мiнез бiтiстерiнiң жасқа сай  ерекшелiктерi.

 

4 тақырып.Жеке адам және мiнез.

А)Жеке адам құрылымындағы мiнез.

Б)Мiнез бiтiстерi және жеке адамның басқа қасиеттерi.

В)Мiнез бiтiстерiнiң экстраверттi және интраверттi түрi. 

 

Студенттердiң өзiндiк жұмыс тапсырмалары:

1.Адам мiнезiнiң  ерекшелiктерi.

2.Мiнез типологиясы.

3.Мiнездiң қалыптасу заңдылықтары  жайлы не бiлесiз.

4.Жеке адам құрылымындағы – мiнез.

5.Iс-әрекет арқылы мiнез қалай  көрiнедi.

6.Мiнез зерттеулерiндегi теориялық  және эксперименталды бағыттарды  сипаттаңыз.

7.К.Леонгард және А.Е.Личко көрсеткен  мiнез тұжырымдамаларына тоқтаңыз.

8.Темперамент пен мiнез арақатынасы.

9.Мiнез қалыптасуындағы ерекшелiктер.

10.Өзiндiк тәрбие дегенiмiз не.

Қолданылатын әдебиеттер тiзiмi.

1.Гиппенрейтер Ю.Б. Введения  в общую психологию. М.,1988.

2.Рубинштейн С.Л. Основы общей  психологии.М.,1989.

3. Немов Р.С. Психология:В 3 т.М.,1998.

4.Аймауытов Ж.. Психология. Алматы. Рауан, 1995.

5.Жарыкбаев Қ.Б. Психология. Алматы. “Бiлiм” 1993.

6.Тәжiбаев Т. Жалпы психология. Алматы,“Казак унив-тi” 1993.

7.Левитов Н.Д.Психология  характера.М.,1969.

8.Мерлин В.С:Структура личности.Пермь.,1990.

9.Страхов И.В.Психология характера. Саратов.,1970

10.Галин А.Л.Личность и творчество.Новосибирск.,1989.

11.Бодалев А.А.Психология о личности.М.,1988.

12.Личко А.Е. Психопатии и акцентуации характера у подростков.Л.,198

XV  ТАРАУ.    ҚАБІЛЕТ ПСИХОЛОГИЯСЫ

 

Адамның қабілетінің жалпы сипаттамасы. Қабілет туралы ұғым. Б.М.Теплов бойынша қабілетті анықтау. Оқытудың табыстылығы мен қабілетінің сәйкестігі. Адамның қабілеті мен дамуы. Қабілеттің жіктелуі. Жалпы қабілеттің сипаттамасы. Теориялық және тәжірибелік қабілеттер.

Қабілетті дамыту дейгейлері және дербес ерекшеліктері. Қабілетті дамыту деңгейлерінің негізгі жіктелімі. Туа біткен талаптылық пен генотип. Бейімділікті әлеуметтік шарттастырылған үрдісте дамыту. Потенциалды және актуалды қабілеттер. Жалпы және арнайы қабілеттердің сәйкестігі. Дарындылық. К.А. Гельвецияның қабілет тұжырымдамасы. Шеберлік және талант. Данышпандық.

Адами қабілеттің жаратылысы. Қабілеттің алғашқы теориясы. Френология. Ф.Галлей және Ф. Гальтонның қабілет тұжырымдамасы. Қабілетті зерттеудегі Егіздер әдістемесі. Қабілетті дамытудағы тәрбиелеу ерекшелігінің маңызы. К.А.Гельвецияның қабілет тұжырымдамасы.  Адам қабілетінің биоәлеуемттік жаратылысы.

Қабілетті дамыту. Қабілетті дамытудың негізгі кезеңдері. Қабілетті қалыптастырудағы ойынның маңызы. Қабілетті дамыту және жанұялық тәрбиедегі өзгешеліктер. Қабілетті дамыту және макроортаның шарттары. Үгіт-насихаттың мәселелері. Е.А.Климов бойынша мамандықты жіктеу және кәсіби жарамдылықты жіктеу.

 

 

§  1.  Адам қабілетінің жалпы сипаттамасы

     Біз  жеке немесе  жекелеген жағдайларда қалатын адамдардың неге әр түрлі табыстарға қол жеткізетінін түсіндіруге талаптанған кезде, көбінесе, қабілет ұғымын негізге аламыз, адамдар табысының әр тектілігін тек осымен ғана түсіндіруге болатына тоқталамыз. Бұл ұғым біреулердің дағдылар мен іскерлікті тез игеру немесе білімді жылдам қабылдап алуының немесе басқалардың ұзақ, тіптен қиналып үйренуінің себептерін зерттеген кезде пайдаланады. Қабілет дегеніміз не?

Тәжірибеде  “қабілетң  сөзінің алуан түрлі салада кең  қолданыста қолданылатын сөз екенін атап өтуіміз керек. Әдетте, қабілетпен қандайда бір немесе бірнеше іс-әрекеттің табысты орындалу шарттары болып табылатын   дербес ерекшеліктер түсіндіріледі. Алайда, “қабілет” термині психологияда оның бұрыннан және кеңінен қолданғанына қарамастан, көптеген авторлар бірнеше мәнде түсіндіреді. Егер қазіргі кездегі  қабілетті зерттеу  барлық мүмкін нұсқаларды жинақтаса, онда оларды үш негізгі типке бөлуге болады. Бірінші жағдайда қабілетпен барлық мүмкін психикалық процестер мен жағдайлардың жиынтығын түсіндіріледі. Бұл “қабілет” терминінің неғұрлым кеңірек және ең көне түсіндірмесі. Екіншіден қабілетпен іс-әрекеттің сан алуан түрлерін адамдардың табысты орындауын қамтамасыз ететін іскерлік пен дағдылар, жалпы және арнайы білімнің дамуының жоғары деңгейі түсіндіріледі. Аталмыш анықтама XVІІІ-XІX ғасырдың психологиясында пайда болып, қабылданған және де қазіргі кезде де жеткілікті дәрежеде жиі кездеседі. Үшінші  бұл – біліммен, іскерлікпен және дағдымен сәйкес келмейтін, тек қана олардың тәжірибеде тиімді пайдалануына негізделген .

Отандық психологияда қабілетті  тәжірибелік зерттеу көбінесе соңғы    ықпал негізінде құрылуда. Оның дамуына  елеулі үлес қосқан отандық белгілі  ғалым Б.М.Теплов. Ол “қабілеттің” төмендегідей  негізгі үш түрін бөліп көрсетті.

Біріншіден, қабілетпен бір адамның келесісінен өзгешеленетін  дербес-психологиялық ерекшеліктер түсіндіріледі; барлық адамдар бірдей болатын қатынаста қасиеттілік  туралы сөз болған жерде қабілеттілік туралы ешкім сөз етпейді.

Екіншіден, қабілет деп қандайда бір немесе көптеген әрекеттердің орындалуының табыстылығына қатысы бар жалпы алғанда дербес ерекшеліктерді атайды.

    Үшіншіден,  “қабілет” түсінігі аталмыш  адамда қалыптастырылған дағдылармен  немесе іскерлікпен, сол білімділікпен сәйкес келмейді.

      Қабілеттің  онтогенезде даму мәселесі бойынша  профессор С.М. Джакупов өзінің  еңбектерінде көрсетеді:    Қабілеттердің нышандар негізінде  қалыптасуы туралы мәселе әлі  күнге дейін шешілген жоқ. Іс- әрекет барысында нышан қабілетке  айналады дегентұжырымның өзі де әлі дәлелденбеген. Өйткені қабілетке айналуы үшін нышандар іс- әрекетте қандай орын алатынын көрсету керек.

      Қабілеттің  генезис мәселесінің мәні , оны  тек шешу арқылы қабілеттің  даму механизмін түсіну нәтижесінде  олардың мақсатты қалыптасуы мен  диагностикасын жасауға мүмкіндік береді. Бұл мәселені шешудегі ерекше жетістіктер С.Л. Рубинштейннің еңбектерінде көрінеді.Ол адамды жануарлардан бөлетін қабілеттер оның табиғатын құрайды деген.Бірақ адам табиғаты – тарихи өнім болып табылады. Сондықтан да адам табиғатының қалыптасуы мен өзгеруі тарихи процесс негізінде жүреді.( адамның еңбек іс- әрекеті нәтижесінде қалыптасады) Бірақ Рубинштейн осы мәселені нақтылағысы келгенмен, сол мәселенің шешімінен алшақтайды.” Нышандар- қабілеттің алғышарты,- дейді С.Л. Рубинштейн. Қабілет нышандар негізіндн дамымағанмен, кабілет бәрі бір нышанның функциясы болып табылмайды, керісінше нышандар алғышарт негізінде дамудың функциясы болып табылады. Ол индивидтің даму негізіне кіріп, олар өздері дамиды, яғни ауысып және өзгеріп отырады.

      Ең қызығы  көптеген зерттеушілер қолданбалы  есептерді шешуде қабілеттер  генезисі мәселесін пайдаланбайды.  Н.С. Лейтес бойынша: балалық  шақта жас ерекшелік дамудың  ішкі жағдайлары қабілеттердің  қалыптасу факторы болып табылады.лейтес жастық шақта дамудың ішкі жағдайы ретінде бейімділікті көрсетеді. Оның рольі: бейімділік қабілеттің алдында жүреді және дамудың алдында жүреді және дамудың негізгі факторларының бірі- ми қатысатын процесстерге жағымды эмоциялық күй береді, еңбекқорлықты жоғарлатады, ұйқыдағы күштерді оятады.

      Бұл  мәселе туралы Крутецский В.А  неғұрлым анығырақ: „ Оқушыда  математикаға ешқандай қабілеті  байқалмаса, онда математиканы меңгеруге  еш қабілеттері де көмектесе  алмайды. Осындағы бейімділіктің рольі – қызығушылық болып табылады. Математикаға қызыққан оқушы көп ізденеді, оқиды, демен өз қабілеттерін дамытып, жаттықтырады.” Өзіміз көріп отырғандай, қабілеттер генезисі мәселесі мүлдем қарастырылмайды.Өйткені қабілет мұнда бейімділікке тәуелділікте көрсетіледі, ал бейімділік қызығушылыққа негізделеді.

     Неліктен  зерттеушілер қабілеттердің генезис  мәселесінен қашып, оның қалыптасқан  түріне көбірек жүгінеді? Онда  қажеттіліктің органикалық алғышарты  мен нышандар мен қабілеттердің  функционалды көріністері арасындағы өтпелілік қайда деген сұрақ туындайды.

     Жоғарыда  айтылғандай, бұл мәселені шешуде  ерекше жетістіктерге жеткен  С.Л. Рубинштейн еді, бірақ он  нақтылауға тырысқанда шешімнен  алшақтағанын көруге болады. Оның  осы мәселені шешуге жақындағаны қабілетті еңбек іс- әрекеті нәтижесінде құрылатын және өзгеретін адам табиғаты деп ашуында. Мұнда еңбек іс- әрекетін тарихи тұрғыда, Энгельстің” Маймылдың адам болу процесіндегі еңбектің рольі” деген еңбегін пайдалана, қарастырса, қабілеттің құрылымын оңай көрсетуге болар еді. Бірақ бұл сол уақыттағы материализм мен идеализмнің тартысы, іс- әрекетті „субьект- обьект” тұрғысында қараудың ықпалынан жүзеге асқан жоқ.

     Басқаша  айтқанда, зерттеуші психикалық  функцияның құрылымына, соның ішіндегі  қабілеттілікке, индивидуалды іс- әрекет тұрғысынан келеді. Сөз арасында айта кетсек, іс- әрекетті субьект- обьект қатынасында қарастыру тұрғысында ( жоғарыда айтып кеткендей) көптеген психологтар болды. Солай бола тұра Л.С. Выготский психикалық функцияның интерпсихикалық мінезін көрсетті. А.Н. Леонтев бұл жөнінде былай жазды: „ ... адамның сыртқы спецификалық психологиялық процес стер тек адам мен адам арасындағы қарым- қатынасында туады; басқаша айтқанда интерпсихологиялық болып табылады.” Тек одан соң ғана жеке адам өзінің өмір жолын бастайды, соның барысында кейбіреулері бастапқы сыртқы формаларын жояды, яғни интрапсихологиялық процесстерге айналады.

      Осылайша, зерттеушілердің қабілет генезисінің  мәселесінен алшақтауы кездейсоқ  емес, заңды түрде болады.Өйткені бұл мәселені әрекетті зерттеудегі индвидуалды және обьект- субьект тұрғысында қарастыру барысында шешу мүмкін емес.

       Қабілеттегі  нышанның қайта құрылу механизмін  түсіну үшін қабілеттерді біріккен  іс-әрекет тұрғысында және субъект  – объект қатынасында қарастыру қажет. Мәселені тарихи аспектте қарастырғанда, еңбек іс-әрекетін жүйелейтін қасиеттердің бірі болып табылатыын, оның бірлескен мінездемесін еске түсіру жеткілікті. Бастапқы кезеңде адам іс-әрекетіне потенциалды алғышарт (нышандар комплексі) ретінде тек еңбек іс-әрекетінде өзі мәтіндермен біріксе ғана өзекті алғышарт (қабілеттер комплексі) бола алады. Бұл процестің гипотетикалық нақтылауларын қалдырып, қорытынды жасайтын болсақ  - адамның органикалық нышанның алғышартын функционалды активті жүйеге қайта құрылуының шарты- нышандардың бірлескен еңбек іс-әрекетіне енуі болып табылады.   

Информация о работе Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері