Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2013 в 13:56, курс лекций
Басқа адамның мінез-құлқын қалай түсінуге болады? Адамдардың әр түрлі қабілетке ие болуының себебі неде? Жан дегеніміз не және оның табиғаты қалай? Осындай және басқа да сұрақтар адамдардың ойында болған, сонымен бірге уақыт озған сайын адам және оның мінез-құлқына деген қызығушылық артып отырған.
Қиялдың дамуының келесі
этапы оның белсенді формаларының пайда
болуымен байланысты. Бұл этапта қиял
процессі ырықты сипат алады. Қиялдың
белсенді формаларының пайда болуы
үлкен адамдар жағынан
Себебі, сәби оны бақылауға тырысады. Кейін сәби ерікті қиялды ешбір ересектің қатысуынсыз қолдана бастайды. Бұл ең алдымен баланың ойында көрінеді. Олар мақсатқа бағытталған және сюжетті бала бастайды. Баланы қоршаған нәрселер оның қиялындағы образдарды іске асыру үшін материал ретінде қолданылады. Сәби төрт бес жасында сурет сала бастайды. Бір нәрсені жасап бір-біріне қосып өз ойына сәйкес іс-әрекет жасайды.
Қиялдағы маңызды қадам мектеп жасында болады. Білімді меңгеру үшін сәби өз қиялын белсенді қолданады.
Мектеп жылдарындағы
қиялдың дамуының тағы бір себебі
оқыту процессінде бала шынайы әлемнің
объектілерімен құбылыстар туралы жаңа
және жан-жақты түсінік ала
§ 5. Қиял және шығармашылық
Шығармашылық қиялмен тығыз байланысты. Қиялдың даму деңгейімен ерекшеліктері шығармашылық үшін өте маңызды.
Шығармашылықтың психологиясы оның барлық нақты түрлерінде көрінеді. Сурет, ғылыми, әдебиет көркем өнерде т.б. Нақты адамның шығармашылық мүмкіндігін қандай факторлар айқындайды. Шығармашылықтың мүмкіндігі адамның білімімен және олардың қабілеттілігімен сипатталады. Шығармашылық мәселесі тек психологтарға ғана қызықты болған жоқ. Неге бір адамдар бір нәрсені ойлап табады. Екіншілерінде бұндай мүмкіндік жоқ деген сұрақ көптеген ғалымдарды толғандырады. Ұзақ уақыт белгілі психологы Т.Рибоның негізделген алгоритмизация мен шығармашылық процесске үйретудің мүмкін еместігі туралы көзқарас үстем болды. Алайда бұл көзқарасқа кейін күмәндана қарай бастайды. Бірінші орынға шығармашылыққа қабілеттілікті дамытуға болады деген гипотеза шықты.
Ағылшын оқымыстысы Г.Уоллес шығармашылық процесін зерттеуге тырысты. Нәтижесінде ол төрт кезіңін бөліп шығарды.
Г.С. Альтимуллер шығармашылық міндеттерді шешудің тұтас бір теориясын жасап шығарды. Ол шығармашылықтың бес деңгейін көрсетеді. Бірінші деңгейдің мәселесі осы мақсатқа тікелей бағытталған құралдармен шешіледі. Объекті бұл жағдайда өзгермейді. Мұндай міндеттерді шешудің құралдары бір ғана арнайы саланың шеңберінде ғана болады. Екінші деңгейдің міндеттері қежетті эффекті алу үшін объектіні өзгертуді қажет етеді. Мұндай түрдегі міндеттерді шешудің құралы бір білім саласына жатады.
Үшінші деңгейдің міндеттері дұрыс шешімі жүздеген дұрыс емес шешімдердің арасында жасырылған. Төртінші деңгейдің міндеттерін шешуде объекті толықтай өзгереді. Шешімді ғылым саласында өте сирек кездесетін эффектілермен құбылыстар арасында іздеуге тұра келеді. Бесінші деңгейде міндетті шешуде барлық жүйе өзгереді. Мұнда қателіктер көп болады. Міндетті шешудің құралы бүгінгі күнгі ғылымның мүмкіндігінен тыс жатуы мүмкін. Сондықтан да бірінші жаңалық ашу керек, содан соң жаңа ғылыми негіздерге сүйене отырып шығармашылық міндетті шешу керек.
Альтилуллердің пікірі бойынша шығармашылық міндеттерді шешудің маңызды әдістерінің бірі олардың жоғарғы деңгейден төменге түсуі борлып табылады. Мысалы: егер төртінші немесе бесінші деңгейдің міндетін арнайы әдістер арқылы бірінші немесе екінші деңгейге ауыстырса, онда ары қарай варианттардың әдеттегі салмағы асып кетеді. Бұндағы бар мәселе ізденіс жиегін тез тарылту болып табылады.
Осылайша, пайда болған
образдардың жеңілдігіне
Семинар сұрақтары
Әдебиеттер тiзiмi:
Қысқаша мазмұны
Эмоция қызметтерi. Эмоцияның алгашқы және маңызды функциясы - бастапқы бағалау. Эмоциялар адамға оның қажеттiлiгiнiң күйi туралы сигнал берушi функциясы. Эмоциялардың оятушы фукциясы, яғни белсендiлiктiң қайнар көзi. Эмоциялардың өмiрлiк бағдар беруi (×уприкова Н.И.). Эмоциялардың коммуникативтi қызметi. Эмоциялардың адамның физиологиялық функцияларына әсер етеуi.
Эмоция формалары және негiзгi түрлерi. К.Изард фундаменталды он эмоциялардың түрi. Қуаныш эмоциясы. Эмоцианалды азаптың туындауы және адамға әсерi. өялу эмоциясы және оған қарама-қарсы эмоциялық күй – мақтаныш эмоциясы. Айну эмоциясы және оған мағнасы ұқсас - жек көру эмоциясы. Өзiн кiнәлау эмоциясы. Қорқыныш эмоциясы.
Эмоциялық күйзелiстердiң негiзгi қасиеттерi. Адамның эмоциялық өмiрiнiң әр-алуандығы мен қайталанбастығы. Эмоциялардың ортақ қасиеттерi: сапалы белгi, интенсивтiлiгi мен ұзақтығы. Эмоцияның көрiнiсi. Жағымды және жағымсыз эмоциялардың негiзгi қасиеттерi. Балалардың эмоцианалды сферасы.
Жоғары сезiмдер: Адамның ақыл - ой, эстетикалық және адамгершiлiк сезiмдерi.
Сезiмдердiң психологиялық сипаттамасы. Сезiмдер туралы жалпы ұғым. Сезiмдердiң пайда болуы. Жалпылау аккумуляциялау механизiмi. Әйгiлi орыс психологы В.И. Мясищевтiң сезiмдердi тұлғаның эмоционалды негiзi ретiнде қарастыруы. Сезiмдердiң ояту, мағыналық бағасы, жүрiс-тұрысты реттеу, ағза жұмысын реттеу, адамның жан дүниесiн реттеу қызметтерi. Сезiмдердi тәрбиелеу және адекватты өзгерту.
Эмоция адамның психикалық өмiрiнде ең алғаш пайда болды және бала эмоцияның арқасында психикалық өмiрге бейiмделедi. Демек, баланы әлеуметтiк айналамен эмоция ғана бiрiктiредi.
Адамдардың рухани өмiрiндегi ұят, қуаныш, үрейлену, таң қалу т.б. түрлi уайымдар бiр-бiрiн өзара орын ауыстырумен толықсуын эмоция деп атаймыз.
Эмоция
- бұл ерекше психикалық құбылыс,
Эмоционалдық құбылыс
Эмоция пәнiне адамның өмiрiнде эмоционалдық уайымдардың тууына байланысты кез-келген адамға мәндi құбылыстардың көрiнiсi. Олар мынадай болуы мүмкiн: емтиханда алған баға, жұмысқа кешiгу, табиғат құбылысы, бiреулердiң қылығы және ой-пiкiрлер т.б. Мұндай мағыналы уақиғалар мен жағдаяттар эмоциогендiк деп аталады. Бұл эмоциогендiк жағдайлар кездейсоқ ойламаған (стихиялық) немесе бiреудiң көздеген ойынан тууы мүмкiн. Уайымдар эмоция пәнiнiң мазмұнын анықтайды.
Эмоционалды уайымдар эмоционалдық құбылыстардың негiзгi компонентiн құрайды, яғни адамдардағы эмоциогендiк жағдаяттарда кездесетiн қақтығыстар: түсiнбеушiлiк, шошу, таң қалу т.б. субьективтi реакциялар туғызады. Эмоционалдық уайымдар адамдарда әрқашан ырықсыз және ырықты саналы түрде туып отырады. Эмоционалды уайым түрлi деңгейде саналы және адамның iшкi рухани әлемiн (зейiнiн, ойлауын, есiн, қабылдауын), физиологиялық процестерiн (жүрек қан—тамырларын, тыныс алу, ас қорыту т.б.) өзгертедi.
Қажеттiлiк эмоционалды құбылыстың үшiншi компонентiн құрайды. Қажеттiлiк адамның iшкi психологиялық негiзi (көрсеткiштерi) болып бағаланады. Болып жатқан немесе өтiп кеткен жағдаяттардың мәнi қәзiргi жағдайда өзектi қажеттiлiгiмен белгiлi бiр мөлшерде байланысы, қажеттiлiктерге кедергi немесе қанағаттандыруға жағдай жасау. Мағыналық әрқашанда қажеттiлiктермен белгiленедi. Мағыналық жағдайлардың болмауында эмоция көрiнбейдi. Мысалы, аш адамда эмоциялық уайымдармен байланысты көп жағдаяттар туындайды. Бiрақта сол жағдаяттар тек тамақ қажеттiлiгiн қанағаттандырғаннан кейiн адамға мағынасы мәнсiз болуы мүмкiн.
Қорыта айтқанда, эмоционалды уайымды адамға мағыналы қажеттiлiктердi қанағаттандыру үшiн және адамның өмiрлiк түрлi жағдаяттарының түрткiлерiне субьективтi реакция болып қарастырылады.
Тұрақсыз әлеуметтiк, экономикалық, саяси, экологиялық жағдай өскелең ұрпақтың және тұлға дамуындағы әртүрлi ауытқулардың өсуiне бейiмделтедi. Бiрiншiден, зорлық-зомбылық, ұрыс-тартыс, қажеттiлiктерiн қанағаттандырмаған жағдайда, криминалды оқиғалар жиi ұшырасқанда адамдарда эмоционалды шиеленiсу болады. Екiншiден, әлеуметтiк ортадағы жағымсыз, қолайсыз оқиғаларды көрсету психикалық денсаулыққа, психикалық көңiл-күйге, яғни осы өмiрге деген қорқыныш, сенiмсiздiк пайда болады. Мысалы, қоғамда қауiптiжағдай кездескен жағдайда, мен өзiмдi осы жағдаймен күресудiң әдiс-тәсiлдерiн, ыңғайын iздестiруiм керек.
Эмоциялар адамның әлеуметтiк болмысын қамтамасыз ететiн маңызды психологиялық құрал болып табылады. Сондықтан да олар адамда оның iшкi (жан) дүниесiнiң қажеттi жағы ретiнде пайда болады және онда өмiр сүредi. Эмоциялар мынадай функцияларды атқарады: бағалаушы, сигналдық, оятушы және коммуникативтi, сонымен қатар физиологиялық және танымдық процестерге әсер ету функциясын атқарады.
Эмоцияның алгашқы және маңызды функциясы адам үшiн қоршаған заттардың, құбылыстардың адамдардың әсерлi оқиғалардың өз ойларының жоспарларының шешiмдерiнiң және т.б. субъективтi мәнiн бастапқы бағалау болып табылады. Эмоциялар адам үшiн әртүрлi өмiрдегi оқиғаларда, адамдарға және өзiне, заттар мен құбылыстарға жылдам және сенiмдi бағдар жасауға мүмкiндiк беретiн өзiнше бiр iштегi компас ролiн атқарады. Бiзге эмоциялық бағалаулар интеллектуалды бағалауға қарағанда сенiмдiрек және жеке мәнге ие болады. Сондықтан да бiз оларға сенуге және бағынуға бейiмбiз. Мысалы, кез-келген темекi шегетiн адам никотиннiң зияндығын бiле тұрса да, темекiнi тастамайды. Бұл бiлiмi оған қатысы жоқ абстракция сияқты болады. Адамның темекiге деген қарым-қатынасын өзгерту үшiн сол адам темекiнiң зияндығын эмоциялық тұрғыда басынан кешiру керек.
Эмоциялар адамға оның қажеттiлiгiнiң күйi туралы сигнал берiп тұрады. Бiр нәрсеге деген мәжбүрлiк өзектiлiгiнен, сәйкесiнше эмоциялық күйзелiстер (ашығу, қызығу) туады. Олар қажеттiлiктер деп аталады. Қажеттiлiктiң күйiне байланысты күшеюi, азаюы, мүлдем жоғалып кетуi, белгiсi бойынша қарама-қарсыға ауысуы мұмкiн. Қажеттiлiктiң өмiр сүруiнiң эмоциялық негiзi мен субъективтi формасын құрайды.
Эмоциялар оятушы фукцияларды да атқарады, яғни белсендiлiктiң қайнар көзi болып табылады. Эмоциялардың оятушы мүмкiндiктерi тiкелей олардың күшi мен белгiсiне байланысты. Мысалы, бұл жерде қатты және жай ауруды, үрейдi, ұятты және кез-келген басқа эмоцияларды салыстыруға болады. Белсендiлiктiң бағыты эмоцияның белгiсiмен анықталады. Жағымды эмоциялар эмоциялық жағдайға бағытталған әрекеттердi оятады.
Информация о работе Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері