Психологическая диагностика
Реферат, 31 Января 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание
6.1.2. «Отбасылық социограмма» тесті.
6.1.3.Телімелі суретті тесті «Отбасының кинетикалық суреті»
6.2. Балаларға әлеуметтік – психологиялық зерттеуді жүргізу негіздері.
7.6. Отбасымен жұмыс жүргізу кезеңдері
Работа состоит из 1 файл
6.docx
— 138.01 Кб (Скачать документ)-
^ Отбасымен жұмыс .Мақсат пен міндеттер қоя білуі
Психотерапевтік кез-келген жұмысты
жүргізер алдында қандай мақсат пен
міндеттер қарастырады соны анықтап
алуы керек. Психологиялық әдебиеттерде
соңғы кездерді осы мәселеге аса
назар аударуда. Көптеген мақалаларда
психологиялық келісім және отбасымен
мақсат қою, маман мен отбасы арасындағы
келесімнен туындайтыны айтылады.
Психотерапевт міндеттерді нақтылауда
отбасы мүшелеріне, жалпы және жеке әрқайсысына
көмектесу оның басты мақсаты екеніне
көз жеткізуіп отыруы шарт. Отбасы жүйесі
бірлік пен автономды жеке дамуға, сондай-ақ
оны бекітуде маңызды орын алатыны жайлы
ескертіп отыруы қажет.
Отбасы жұмысында басты екі міндет қаралады:
-
Отбасы мүшелері көбірек тәуелсіздікке жетуге көмек көрсету: -
Отбасы мүшелері арасындағы байланысты бекіту және ынтымағын арттыру:
Алғашқы көз-қараста бұл міндеттер
қарама –қайшы болып көрінуі мүмкін.Отбасы
мүмкіндігі өзара әрекетте бір-бірімен
тығыз байланыста болу, сондай-ақ өз
дербестігін сақтай білу. Көп отбасында
осы тепе-теңдікке жетуі үшін күрделі
қиындықтар туындауы мүмкін. Оларда тәуелсіздікке
жету үшін бір құндылықты жоғалтып
барып, онда екіншісі мүшенің қызығушылығы
мен әрекетіне келіспеу, не болмаса
негізгі ойдан алшақтап, ұйымшылдыққа
жетуі мүмкін. Отбасы теңдестігі көп
жағдайда автономдылық пен бірлестікке
жетуде мәселе туындатады, ал отбасы психотерапиясы
осы мәселемен нақты
-
Отбасы ішілік қатынасты жақсарту: -
Отбасы мүшесіне, оның қажеттілігі мен қызығушылығын басқаларының түсінетіні және құрметпен қарайтыны туралы түсінікке әкелу; -
Отбасы мәселесіне байланысты бір мүшесін кінәлау көз-қарасын өзгертіп, оны жеңдіру; -
Кез-келген жағдайда көшбасшы кім болса, онымен қатынасқа түсуде икемді болу қалыптастыру; -
өзара түсіністік пен эмпатия қабілетін дамыту; -
көз-қарас пен бағалаудың түрлі болатынын түсініп, оны солай қабылдауды дамыту; -
мәселені жеке және бірге шешуде дағдыны жетілдіру; -
«бас шұлғыту» ролінен отбасы мүшелерін арылту; -
өз уайымы мен қажеттілігі туралы талдай және бақылай білуді дамыту; -
тәуелсіздікті нығайту; -
отбасының бір жағынан бірлестік пен екінші жағынан тәуелсіздік теңдесуіне жеткізу,
Отбасы психотерапиясының
Отбасының басты мәселе деп сапалы қабылдауы,
маманның жұмысында нақты ескеріліп, сол
есепке алынады. Отбасы оны түсінбесе
психологиялық көмек алуға келмес еді.
Психолог алғашқы кездесулерде мәселенің
осы жақтарына аса назар аударуы керек.Бұл
мәселенің шешілу тәсілі қайсысына психотерапевтік
жұмыс жүргізілуінде емес, басты психотерапияның
міндетін отбасының қабылдауынан, олар
қандай нәтиже күтеді соған байланысты
болады.
^ 7.6. Отбасымен жұмыс
жүргізу кезеңдері
Көптеген пікірлер бойынша отбасында
жүргізілетін түзеу және психотерапия
процесі алғашқы сұхбаттасу процесінен
басталады. Шын мәнінде ол маманның қандай
да бір отбасы мүшесімен алғашқы кездесуінен-ақ
басталып кетеді. Олардың біреуі, яғни
отбасы мүшесі мектеп психологы, дәрігер,
достары немесе қандай да бір таныстарының
сілтеулері бойынша көмекке жүгінеді.
Отбасы мүшесінде көмек алуға келместен,
қандай түрдегі көмек алғысы келетіні
туралы белгілі бір түсініктері қалыптасқан.
Көп жағдайларда көмек сұраушы отбасылық
мәселенің шешілуі үшін өзіне көп жауапкершілік
алатын адам болып табылады.
Отбасы ның қай мүшесін бірінші сессияға
шақыруды анықтау, өте үлкен маңызға ие.
Мұны психолог көмек сұрауға келген отбасы
мүшесінің берген мәліметтері негізінде
анықтайды. Бірінші әңгімелесу барысында,
психолог отбасы құрамы туралы сұрастырып,
қай мүшесін мәселе көбірек толғандыратынын
анықтауға кіріседі.
Жалпы, бірінші кездесуді белгілеу және
жұмысты бастау қажеттігін шешуден бұрын,
ең алдымен маман негізгі мәліметтерді
алуы қажет:
1. Отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің немесе
олармен бірге тұратын басқада адамдардың
жасы, жынысы).
2. Осыған дейін отбасы мүшелерімен қандай
да бір психологиялық (түзету, жеке кеңес
алу) жұмыс түрлері жүргізілді ме, жүргізілсе
қандай түрде және қашан?
3. Осы немесе басқа мәселеге қатысты отбасының
қай мүшесінің мазасыздануы жоғары, және
қайыссында оның байқалуы басым?
4. Тағы кімнің осы мәселеге қатысы бар?
5. Бұл мәселе қай уақыттан басталды?
6. Отбасының қай мүшесі психотерапияға
қатысуға дайын?
Бірінші сессияға кімді шақыру керектігін
анықтауда, бұл деректер маман үшін қажетті
ең қарапайым мәлліметтер ретін құрайды.