Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынас психологиялық тренингін ұйымдастырудың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2012 в 20:20, дипломная работа

Описание

Өзектілігі. Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде, оқу тәрбие жұмысының жаңару заманнында ағарту саласының мектеп жасына дейінгі жасына дейінгі тәрбиелеу, білім беру барысында шешуін күткен келелі мәселелер тұр. Атап айтқанда, ол балалардың жеке басына дамыту, психикалық дамуын, даралық ерекшеліктерін, ішкі потенциалын анықтап, жан-жақты зерттеу негізінде оқу-тәрбие жұмысын балалардың жақын арадаға даму аймағына бағыттау. Ал балалар тәрбиесіне, бастауыш сынып оқушыларының кездің ықпалы аса зор екені белгілі.
Мектеп жасындағы балалар тәрбиесі, оқуы және дамуы жайлы теория мен тәжірибе қарым-қатынас мәселесінде қиылысады. Ал балардың психикалық қасиеттерін, танымдық үрдістерін, және психикалық қалып-кейіптерін тұтас қамтитын, балалар психикасының дамуындағы басты көрсеткіш әрі фактор болатын, әмбебап ерекшелік – балалардың қарым-қатынас саласы.

Содержание

Кіріспе .........................................................................................................................3
I – Тарау Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасын жетілдірудің теориялық мәселелері
I.1 Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасының
психологиялық негіздері ...........................................................................................6
I.2 Әлеуметтік – психологиялық тренингтің түрлері,
оны қолдану ерекшеліктері......................................................................................11
I.3 Қазақтың ұлттық ойындарының, әдептілік және мәдени
құндылықтарының оқушылар қарым-қатынасын
дамытудағы ролі .......................................................................................................16
II – Тарау Бастауыш класс оқушыларының ұйымдастырылған қарым-қатынас тренингінің нәтижелері
II.1 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынасын зерттеу
әдістері мен ұйымдастыру барысы .........................................................................26
II.2 Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасын
зерттеу нәтижелері ...................................................................................................32
Қорытынды ............................................................................................................42
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................................46

Работа состоит из  1 файл

Тренинг дип. Жандос.doc

— 424.50 Кб (Скачать документ)

      Кластағы  балалардың ересек және басқа балалармен коммуникативті іс-әрекетінің мотивтерінің айырмашылығын кесте түрінде бейнелейміз (5кесте).  

Мотив түрлері Коммуникативтілік мотивтерінің жүйелі көрінісі
«Бала-ерсек» «бала-бала»
Іскерлік 25 15,6
Танымдық  34,4 9,4
Жеке бастық 50 37,5

 

      Кестеден кластағы балалардың ересек адамдармен қарым-қатынас жасау мотивтерінің басқа балалармен коммуникативтік іс-әрекет құру мативтерінен

  38

басым екендігі көрінеді. Оқушылардың тіпті ойын кезінде де қоммуникативтік мотивтерінің қай түрі болмасын ересек адамдарға бағытталатындығы белгілі болды. 6-7 жастағы балалардың ересектермен де балалармен де қарым-қатынасында ең жетекші мотивтер – жеке бастық мотивтер болып шықты. Ал

ең қалыңқы  коммуникативтілік мотиві «бала-бала»  жүйесіндегі танымдық мотивтер- 9,4%.

      Сонымен қатар, 6-7 жастағы оқушылардың қарым-қатынас мотивтерінің қай түрі болмасын жоғары деңгейде қалыптаспағаны көрінеді:  ең максимальды эксперименттік көрсеткіш 50% болып отыр.

      Қарым-қатынас  құралдары мен  тәсілдері.  Бұл орайда қолданылған әдіс-тәсілдер 6-7 жастағы оқушылардың коммуникативтілік біліктерін, 2.1 тармақта анықтауға арналған. Эксперимент нәтижесі 5 кестеде бейнеленген. Әрбір біліктілік  5  баллды жүйе бойынша ойын барысында және экспериметтен тыс уақытта педагог тарапынан бағаланды.    

 

6 - кесте                                                                                                                                                                                                                                              

                       6-7 жастағы оқушылардың коммуникативтілік біліктерінің

                              қалыптасу деңгейі

  Коммуникативтілік

            біліктер

Ойын барысындағы

               баға

Эксперименттен  тыс

уақытта  қойылған

    баға

 
                 1

                 2

                 3

                 4

                 5

                 6

                 7

                 8

                 9

         

 
            1,08

    1,07

    1,04

    1,04

    1,04

    1,01

    1,02

    1,02

    1,02

 
      1,01

      1,01

      1

      1,01

      1,01

      1,01

      1,01

      1,01

      1,02

Орталық мәні:                         1,04
      1,01

                                                                                                    

       Кестеде 6-7 жастағы оқушылардың коммуникативті біліктерінің экспериментатордың және педагогтың бағасы бойынша төменгі деңгейде қалыптасқаны белгілі болды. Мұнда барлық коммуникативтілік біліктерінің арифметикалық орта мәні есептелінеді. Ойын барысындағы коммуникативті біліктер көрінісінің орта мәні 1.04, ал эксперименттен тыс кездегі педагогтың

бағалауы  орташа 1,01 болды.  Бұл  2 мән арасындағы айырмашылық кездейсоқ емес, ұлттық ойын түрлері баланың қарым-қатынас жасауда біліктерінің  

39

айшықты болып, дамуына психолгиялық әсер ететіндігі статистикалық мәнді болатыныны сериялық критериі бойынша анықталды. (S=5; S 0,05 (9,9) >S).

      Коммуникативтік біліктер қарым-қатынас құралдары  мен тәсілдерін (2.1 тармақ) анықтайтындықтан, біз бұл эксперимент нәтижесінің  объективтілігін қамтамасыз етіп, тиянақты жүргізу үшін 9 байқау кесімін алдық.

      Қазақтың  ұлттық ойындарының ерекшеліктерін пайдаланып, біліктілік қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерін анықтағаннан соң келесі тарауда мектеп жасына жейінгі қазақ балаларымен ұйымдастырылған қарым-қатынас тренингтерінің нәтижелеріне тоқталамыз.

                                          
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

40

2тарау  тұжырымы 

      6-7 жастағы оқушылардың қарым-қатынасын зерттеу үшін әр жағын анықтауға мүмкіндік беретіндей қазақтың ұлттық ойындары қолданылды.

      Қазақтың  ұлттық ойындары ерекше сөзбен, тілмен, вербалдылықпен сипатталатындығын ескере отырып біздің зерттеу жұмысымызда ойындардың екі тобы сөздің ойынға жетекшілік және қосалқылық рөліне қарай алынды.

      Ұлттық  ойындар арқылы 6-7 жастағы оқушылардың қарым-қатынасын зерттеуде екі бағыт болды. Біріншіден, таңдап алынған ойын мен балалардың белсенді ойнауына жағдай жасалынды.

      Ал  екіншіден қазіргі кездегі балалардың ойнауындағы, ойын ұйымдастырып, оларды лайықтап, модификациялаудағы енжерлығы (Е.Е.Кравцова) мен ұлттық ойындардың аса маңыздылығы ескеріліп, ережелерге сәйкес ойындар жаңғыртылды.

      Зерттеу жұмысында қазақтың халақ ертегілерін, аңыздарын, айтыс жырларын қолдандық. Олардың жүзеге асырылуына ойластырылған  талаптар қоря отырып, мазмұнының тартымдылығымен, қызықтылығымен ойын қызметін атқаруға жағдай жасадық. Соның нәтижесінде мазмұны байыған, диагностикалық мәні жоғары рөлдік-сюжеттік және ережеге сәйкес ойындар ұйымдастырылды.

      Ойынның қандай түрі қолданылса да, 6-7 жастағы оқушылардың коммуникативті іс-әрекетін анықтаудың бірнеше шарттары тағайындалды.

      1. Қарым-қатынас қажеттілігі «жоғары, төменгі» деңгейде дамығандығын 14 параметрлер арқылы анықталды.

      Әрбір критерий 6-7 жастағы оқушылардың ересектермен және басқа балалармен қарым-қатынас қажеттілігінің «жоғары» және «төмен» деңгейде дамығандығын берді.

      2. Қарым-қатынастағы таңдамалылық. 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынасында таңдамалылық ойын барысында айқын көрінеді. (Х.Т. Шерьязданова). 6-7 жастағы оқушылардың қарым-қатынастағы таңдамалылығы ересек адамға бауыр басу (С. В. Корницкая) мен басқа балалармен достасуынан көрінеді (П. А. Смирнова). Айтылғандар негізінде балалардың қарым-қатынастағы таңдамалығын анықтауға болады. Біздің зерттеуде «бала-бала» жүйесіндегі таңдамалылық феномені анықталды.

         3. Коммуникативтілік мотивтерін зерттеу. Мұнда диагностиканың негізінен әдістеме алынды. Эксперименталды жұмыс мазмұны екі түрлі жағдайдағы оқушының инициативалық және белсенділік әрекеттерін анықтап, қарым-қатынастағы танымдық және іскерлік мотивтері және әрбір баланың қарым-қатынас жасаудағы жеке бас мотивтерінің дамуы анықталды.

      Қарым-қатынас  тәсілдерінің бастысы коммуникативтілік  біліктілік құрамына қарым-қатынас  құралдарын  тиімді қолдану кірді. Осы екі мәселені біріктіру арқылы оқушының коммуникативті біліктілігі зерттелінді. Эксперимент нәтижесінің объективтілігін қамтамсыз ету мақсатымен біліктіліктер екі жақты: экспериментатор және педагогтар, тәрбиеші тарапынан

41

бағаланып отырды, эксперимент нәтижелерінің  дәлелдігі статистикалық әдістер  арқылы дәйектелді.

      4. Зерттеу нәтижесін талдауда ер балалар мен қыздардың қарым-қатынастағы таңдамалылығы мен байланыс жасау ерекшеліктері байқалды.

      Оқушылардың 25% ересектермен қарым-қатынасты іскерлік мотивтер негізінде жасайтындығы тағайындалды.

      Оқушылар ересектермен және басқа балалармен қарым-қатынас жасау мотивтерінің іскерлік түрінің «бала-ересек» жүйесінде артық болуын түсіндіруде М. И. Лисина зерттеулеріне жүгіндік. Яғни, 6-7 жастағы оқушылардың қарым-қатынасында ересек адам ерекше орын алды. Эксперимент нәтижелерінен көрінді. Танымдық мотивтер негізінде ересек адамдармен қарым-қатынас жасайтын барлық балалардың 34,4% ал басқа балалармен – 9,4% болды. Қыздардың қарым-қатынас үрдісіндегі активиаторлық, инициаторлық қасиеттерінің ер балалармен салыстырғанда артық болатындығынан деп санаймыз.

      Сонымен арнаулы ұйымдастырылған қарым-қатынасты зерттеу әдістері 6-7 жастағы балалар үшін қазақтың ұлттық ойындарының ерекшеліктерін пайдаланып, қарым-қатынастың бірнеше міндеттерін ойдағыдай шешуге болатынын көрсетті.

                                          
 
 
 
 
 
 

                                                                                  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  42

                              ҚОРЫТЫНДЫ

                                   

           Бастуыш класс оқушыларының қарым-қатынасының дамуы - баланың белсенділігінің бірден бір алғы шарты. Оқушылардың коммуникативті іс-әрекетті қарым-қатынас қажеттілігі, мативтері, мазмұны, тәсілдері, құралдары, формалары және коммуникативті біліктілік арқылы сипатталады. Қарым-қатынастың бұл сипаттамаларының балалардың жас ерекшелігіне байланысты әр түрі, әр деңгейі болады.

      6-7 жастағы оқушыларының қарым-қатынасын зерттеуде олардың коммуникативті дағдылары мен біліктіліктері, вербалды және вербалы емес қарым-қатынас жасау ерекшеліктері басты назарда болды. Эксперимент нәтижелерін жалпылағанда 6-7 жастағы оқушылардың қазіргі кезде коммуникативті іс-әрекетті:  1) төменгі деңгейде жұзеге асырылатындықтары анықталы.  2) 6-7 жастағы балалардың көбінде қарым-қатынас жасауы танымдық жағдайдан тыс форма негізінде болатынын тағайындадық . Осыған орай соңғы кездері психологияда кеңінен қолданылып жүрген топтық жұмысқа негізделген интенсивті оқыту әдісі-тренингтік сабақтарды ұйымдастырудың қажеттілігі болжанды. Бүгінгі күнге дейін мектеп жасындағы балалар үшін арнайы тренинг бағдарламалары тарала қойған жоқ. Егер болса да, тренингтің ерекшелігі ескеріліп, қазақ балаларына арналған сабақтар әдістемесі ғылыми қорға түсе қойған жоқ. Осы позициядан балалардың ұлттық санасын, жас ерекшелігін ескере отырып тренингтік сабақтың бір жаңа нұсқасы (варианты) жасалды. Тренингтің құрамдас компоненттері: 1)  қыздырушы жаттығулар;  2) рольдік-импровизациялық және сюжеттік ойындар; 3) ойын-пікірталас пен шығармашылыққа негізделген, драматизациялауды қажет ететін тапсырмалар болды. Сонымен қатар рәсім түрлерін де қазақ балаларының қарым-қатынас жасау ерекшелігіне лайықтап енгіздік. Мұнда қыздырушы жаттығулар қазақтың ұлттық ойындарыннан тұрады. Ал ойын түрлері оқушылардың әлеуметтік ортасы, өзіне қатысты мәселелер аймағынан алынды.

      Қазақтың  ұлттық ойындарының көптеген түрлерінің арасында топтық ойындар, барлық вербалдылыққа бағытталған ойындардың психологиялық мәліметтік немесе психодиагностикалық мәнділікке ие болды. Мұндай бағыттағы ойындарды ұйымдастыруда рольдік – сюжеттік және ережеге сәйкес ойындар 6-7 жастағы балалар үшін тартылымдығы, әрі көкейтестілігі бойынша қолданылды.

      Іріктелініп алынған ұлттық ойындар арқылы 6-7 жастағы қазақ балаларының ересектермен және басқа балалармен қарым-қатынас жасау себебі болды. Ол балалардың басқаларды және өзін-өзі бағалауға ұмтылуыннан шығатын көрінеді.

      Эксперимент барысында 6-7 жастағы оқушыларының коммуникативті біліктілігін қалыптасырып, оның интенсивті дамуында басты құрал ойын түрлері болатындығы тағайындалды. Ал балалардың ойындағы белсенділігін, инициативалық, мадақтау, стимулдарының актуализациялайтындығы белгілі болды: 

                                                                               43

     1. 6-7 жастағы оқушылары қарым-қатынас үрдісінде өзіне сыйқұрыметпен эмпатиялық, идентификациялық қатынас жасауды алға қоятын болып шықты. Әсіресе балалар үшін қарым-қатынастағы референттік тұлға ересек адам екені айқындалды.

         2.    6-7 жастағы оқушылардың коммуникативті іс-әрекетті таңдамалылық феноменімен сипатталатыны көрінді. Эксперимент қазақтың балаларындағы таңдап қарым-қатынас жасау, байланыс құруда жыныстық деморфизімді байқатты. Ұлттық ойын өткізу барысында таңдамаған, таңдалынбай қалған, яғни байланыс (контакт) жасамайтын балалар болмайтындығы тағайындалды.

     3. 6-7 жастағы оқушыларының қарым-қатынас құралдарды меңгеруі төменгі деңгейде көрінеді. Тіл шұбарлылығы, тілдік қордың таза ана тілінде қарым-қатынас жасауға жеткіліксіз болуынан балаларды вербалды қарым-қатынасқа даярлау қажеттігі шықты. Сол сияқты вербалды емес қарым-қатынас құралының көбінде әрлілігі төмен, дұрыс қолданылмайтындығы көрінеді.

          Сонымен 6-7 жастағы оқушыларды жағдайдан тыс-жеке бастық қарым-қатынас формасында коммуникативті іс-әрекет жасай алмайтындары бар болатындары анықталды.

      Алайда, мақсат-бағдарлы ұйыидастырылған ұлттық ойындарда балалардың қарым-қатынас  формасын жедел жетілдірудің потенциалдық мүмкіндіктері тіркелді.

      Осылайша 6-7 жастағы оқушылардың коммуникативті іс-әрекетіне ұлттық ойын тек диагностикалық құндылығымен ғана емес, психологиялық әсерімен байқалды.

Информация о работе Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынас психологиялық тренингін ұйымдастырудың ерекшеліктері