Қарым-қатынас және оның қызметтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 16:06, контрольная работа

Описание

Қарым-қатынас психологиясының пәні адамдардың қарым-қатынастары болып табылады. Сондықтан, қарым-қатынас психологиясы адамдардың өзара қарым-қатынас заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Қарым-қатынас психологиясы қамтитын сұрақтар: Адами қатынас деген не? Оның ерекшеліктері мен механизмдері қандай?
-Жеке адам белгілі бір топ мүшесі болған сәтте қандай өзгеріске ұшырайды, өзін қалай ұстайды? Неге оның мінез-құлқында өзгерістер пайда болады?

Работа состоит из  1 файл

Қарым - қатынас.doc

— 199.00 Кб (Скачать документ)

   Қарым-қатынас психологиясының пәні адамдардың қарым-қатынастары болып табылады. Сондықтан, қарым-қатынас психологиясы адамдардың өзара қарым-қатынас    заңдылықтарын  зерттейтін ғылым.

   Қарым-қатынас психологиясы қамтитын сұрақтар: Адами    қатынас    деген    не?    Оның  ерекшеліктері мен механизмдері қандай?

   -Жеке  адам белгілі бір топ мүшесі  болған сәтте қандай өзгеріске ұшырайды, өзін қалай ұстайды? Неге оның мінез-құлқында өзгерістер пайда болады?

   Қарым-қатынас психологиясының негізгі бағыт-бағдарлары:

   "Мен"-"Басқа" жүйесіндегі арақатынас. Қарым-қатынас барысында пайда болатын тұлғааралық қатынастарды танып білу, адамдардың бірін-бірі тану мен түсіну механизмін зерттеу, олардың ортақ қызметін ұйымдастыру тәсілін анықтау, бір адамның екінші адамға ықпал етуінің жолдары мен мүмкіндіктерін айқындау.

   "Топ" - "Мен" жүйесіндегі  арақатынас. Әртүрлі әлеуметтік жағдайлардың адамның мінез-құлқы мен тұлғалық ерекшеліктеріне ықпалын зерттеу. Адамның әлеуметтік ұстанымдары, әлеуметтік көзқарастары, топ және қоғам адамның тұлғасын қандай жолдармен қалыптастырады және өзгертеді? Әлеуметтану - даму барысында әлеуметтік құндылықтарды, нормаларды әр адамның өз бойына сіңіру үрдісі.

    "Мен" - "Топ". Жеке адамның әлеуметтік жағдайларға, қоршаған ортаға жасаған белсенді ықпалы. Әрбір адам - өз өмірінің, өз әлеуметтік байланыстарының қожасы, басқа адамдармен қарым-қатынастағы рөлдері мен орындарының жасаушысы ретінде қарастырылады.

   Сонымен, қарым-қатынас психологиясының негізгі мәселесі - адами қарым-қатынастың тұлға аралық және топаралык формаларын танып-білу, қарым-қатынастың пайда болуы мен қызмет етуін және жеке тұлғаның қарым-қатынас барысында әлеуметтік-психологиялық қасиеттерінің қалыптасуын зерттеу.

   Қарым-қатынас психологиясы адамдар мен топтардың әлеуметтік мінез-құлықтарының зандылықтарын зерттейтін ғылым. Қарым-қатынас психологиясы - мінез-құлыққа әлеуметтік ықпал етудің тиімді тәсілдері мен технологияларының жиынтығы.

   Қарым-қатынас қарым-қатынассыз, психологиясының маңызы зор.   Адам    өмірін арақатынассыз, топішіндік және топаралық катынассыз елестетудің өзі қиын.

АДАМИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Қарым-қатынас және оның қызметтері

   Қарым-қатынас қарым-қатынас психологиясының негізгі ұғымы. Қарым-қатынассыз жеке адамның тұлғалық қалыптасуы үрдісін, жалпы қоғам дамуын түсініп талдауға болмайды. Қарым-қатынас, Г. М. Андрееваның пікірі бойынша, адамдарды біріктіру және дамыту тәсілі.

   Қарым-қатынас формалары:

   Тікелей қарым-қатынас - табиғи бетпе-бет, сөздік және бейсөздік (ым, қимыл) құралдар көмегімен жасалынатын толық психологиялық контакт, кері байланыс бір мезгілде өтеді. Бұл - адамдардың бір-бірімен қатынас жасау тарихындағы бірінші формасы.

   Жанама  қарым-қатынас —қатысушылардың кері байланыс уақытын ұзартатын, не кешіктіретін жазу және техника құралдары арқылы жасалынатын толықсыз психологиялык контакт. Хат жазу, кітап шығару, радиодан сейлеу т.с. адами қарым-қатынасды күрделеңдіріп жіберді.

   Тұлғааралық қарым-қатынас - екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың тікелей контактлары. Тұлғааралық қарым-қатынастың белгілері: қатысушылардың психологиялық жақындығы, бір-бірінің ерекшеліктерін білуі, бірігіп күйзелуі, өзара түсінушілігі, ортақ қызметтестігі.

   Бүқаралық қарым-қатынас - бейтаныс адамдардың тікелей не жанама (бұқаралық ақпарат құралдары арқылы болатын) контакттары. Мысалы, стадионда, театрда, шеру - бұқаралық тікелей қарым-қатынас, телемарафон, радиохабар — жанама қарым-қатынас, вагонда — бұқаралық тікелей не жанама болса, купеде — тұлғааралық.

   Персонааралық қарым-қатынас — ортақ іс-әрекет үрдісінде жеке қасиеттерін ашатын белгілі тұлғалардың психологиялық контакттары (чемпиондар, ғарышкерлер, президенттер).

   Рөлдік қарым-қатынас - белгілі әлеуметтік рөлдерді орындаушылардың психологиялық контакттары, мысалы, оқушы — оқытушы, әке — бала, сатушы — алушы, көрші — көрші, дәрігер — ауру, бастық –бағынушы. Әрбір адам әр сәтте әртүрлі рөлдерді орындайды, сол рөлдерге байланысты қоғамда өз орнын табады. Сол рөлдерді орындағанда адамның өзгешеліктері назарға алынбайды, тек әлеуметтік рөлге қажетті іс-әрекеттері маңызды болып саналады. Әрине, әлеуметтік рөл адамның мінез-құлқының егжей-тегжейін анықтамайды. Адам өз рөлін, басқалардың рөлдерін қалай түсінеді? Ол рөлдерге кандай қатынаста болады? Адамдар өз рөлдерін орындаған сәттерінде қайталанбас өзіндік өрнек пен таңба енгізеді.

   Қарым-қатынас барысында адамдар өзі және басқалар үшін өзіндік психологиялық ерекшеліктерді ашады, көрсетеді, түсінеді. Адамның психологиялық қасиеттері қарым-қатынас нәтижесінде пайда болады, дамиды, өзгереді. Басқалармен арақатынас жасағанда адам қоғамдық ережелерді, нұсқаларды, білім мен іс-әрекет тәсілдерін, жалпы әлеуметтік тәжірибені өз бойына сіңіреді. Қарым-қатынас нәтижесінде адам жеке тұлға болып қалыптасады.

   Қарым-қатынас - адамның психикалық дамуының және мінезінің алғышарты, негізі. Сонымен, қарым-қатынас — адамның психологиялық дамуының факторы:

   -    қарым-қатынас үрдісінде басқалардан өзгешелігі қалыптасады, адам тек қана қарым-қатынас арқылы адам болады (джунглида өсіп адам болған Маугли - қияли оқиға, ертегі);

   -    қарым-қатынас үрдісінде өзге үшін, өзі үшін адамның психологиялық қасиеттері ашылады (ғашық болған адам өзін-өзі жаңа қырынан танып-біледі);

   -    қарым-қатынас   үрдісінде   жеке   адам   жалпы адамдық   тәжірибені меңгереді   (орыс  философы  Чадаев  айтуынша,   қарым-қатынассыз шөпті шайнап жүре беретін едік).

   Қарым-қатынастың қызметтері (функциялары);

   1.  байланыстыру, практикалық қызметі. Қарым-қатынас бүл жерде кез-келген    бірлескен   іс-әрекет   барысында    адамдардың бірігуінің шарты болып табылады Вавилон мұнарасы туралы аңызда адамдар бірін-бірі түсінбеу салдарынан қүрылысты бітіре алмағандығы жөніндегі оқиға тегін емес.

   2.  қалыптастыру,   дамыту   қызметі.   Бұл   жерде   арақатынас адамның психикалық бейнесінің қалыптасуы мен өзгеруінің алғы шарты   болып   танылады.   Кішкентай баланың даму барысында оның  мінез-қүлқы, іс-әрекеті, өмірге көзқарастары   үлкен   адамдармен   жасаған   арақатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы қарым-қатынас нәтижелері ішкі   психикалық   құбылыстарға   және   баланың   өзіндік сыртқы қимылдарына айналады. Мысалы, "ЗитаТита" үнді кинофильмінде   егіз   қыздар   әртүрлі   ортада   өскендіктен мінездері бір-біріне ұқсамайды. Сыртқы қарым-қатынассыз балалар      ой-өрісі     өспейді.      Балалар      үйінде      өскен жасөспірімдердің ой-өрістері өздерінің ата-аналарының бауырында өскен құрбыларынан едәуір төмен болады. Олардың бүкіл өмірі туған-туысқандарымен, жақсы көрген адамдарымен қарым-қатынаста өтсе, психологиялық қасиеттері адами сапаға жақынырақ болары анық. Бірақ осыған байланысты еске алатын бір жайт: бала үлкендердің барлык. насихаттарын, ойларын, көзқарастарын өз бойына тікелей құйып алатын ыдыс емес! Бала мен ересек адамның арақатынасы тек үлкеннен кішіге ететін білім, біліктілік, дағдылар емес, бұл - неғұрлым күрделі өзара ықпалдау, өзара өзгеру, бірін-бірі байыту құбылысы. Бала басқаның тәжірибесін өз ішкі дүниесіне белсенді түрде тез өткізіп қабылдайды.

   3. растау қызметі. Басқалармен жасаған қарым-қатынас барысында : адам өзін-өзі танып білуге, бекітуге,  өзінің бар екендігін дәлелдеуге мүмкіндік алады. Адам өзінің бар екендігін, өз түлғасының құндылығын басқа адамдар арқылы біледі. Адам -   үшін ауыр жазаның бірі - жападан жалғыз қалу, ешкіммен араласпау, басқалардың    назарынан    тыс    қалу.     "Сен жамансың",    "Сенікі   дүрыс   емес"   деп   адамды   жаман бағалаудың өзінде оны қабылдап, бар екенін растап тұрудың белгісі   бар.   Ал   қабылдамаудың,   барлығын   растамаудың белгілері "Сен бұл жерде жоқсың", "Сен өмір сүрмейсің". Осы әдісті А. Макаренко өз коммунасында жиі қолданатын еді кінәлі балаға басқалар байкот жариялайтын. Растамау көп психикалық аурулардың, мысалы, шизофренияның себепшісі. Нәресте, сәби әке-шешесінен "сен жақсы", "сен біз үшін барсың" деген дәлелдерді естімесе, оның санасында қалған іздер ердогендік психозға жол ашады.  Күнделікті тіршілік адами арақатынасқа, "растау терапиясына" толы: танысу мен сәлемдесу рәсімдері, құшақтау мен ізет көрсету, т.б. Осының барлығы әр адамның бар екендігін растайтын делел екені сөзсіз.

   4. тұлғааралық эмоциялық қатынастарды ұйымдастыру мен тіректеу қызметі. Басқаларды қабылдау, олармен сан қилы қатынастар (тұлғалықтан іскерлікке дейін) жасау кезінде адамдар бірін-бірі бағалап, бірімен бірі не жағымды (симпатия, ұнату), не жағымсыз (антипатия, ұнатпау) эмоциялық қарым-қатынас орнатады. Заманауи адамдардың әлеуметтік байланыстары тек эмоциялық қатынастармен шектелмесе де, эмоциялық қатынастар іскерлік, ұжымдык., рөлдік қарым-қатынастарға өз әсерін тигізеді.

   5. тұлға ішіндегі  қызмет.  Адам  өз-өзімен  іштей,   не дауыстап сөйлесіп диалог арқылы арақатынас жасайды. Тұлға ішіндегі қарым-қатынасты адам ойлауының әмбебап тәсілі деуге болады. Л.С.Выготский    жазғандай,    жеке  қалғанда   да  адам қарым-қатынастың қызметін сақтап қалады.

   Сонымен, біз қарым-қатынасдьң түрлерін, қызметтерін қарастырдық. Қарым-қатынас психологиясында көбірек дәстүрлі мәселе — тұлғааралық тікелей қарым-қатынас.

   Тұлғааралык қарым-қатынас түрлері

   Мақсатына қарай қарым-катынас психологиясы тұлғааралық қарым-қатынастың үш түрін ажыратады: императив (бұйрық), манипуляция (айла), диалог (қос сөз, қос тіл).

   Императивтік немесе әміршіл қарым-қатынас —өз қарым-қатынас серігінің тәртібі мен іс-әрекетіне бакылау жасау мақсатындағы әсер етудің авторитарлық, директивтік формасы. Қарым-қатынас партнері тек әсер етудің  нысанасы,  пассив  ретінде қарастырылады.   Императивтің ерекшелігі,  партнерды бағындыру жөніндегі негізгі мақсатының жасырынбай    айқын    көрініп    тұратындығында.    Әсер    етудің құралдары   ретінде   бұйрық,   талап,   әмір,   тиым   салу,   нұсқау пайдаланылады (Отыр! Түр! Әкел!). Сонымен, әміршіл қарым-қатынас -басқаны өзіне қажетті белгілі әрекетке күшпен бағдарлау.

   Қоғамдық  қарым-қатынастарда императивтік қарым-қатынастың өз орны бар. Мысалы, әскери қатынастар, төтенше жағдайлардағы бастық-қызметкер қатынастары, қиын-қыстау, зілзала, операция кезіндегі  қатынастар. Осындай салаларда императивтік қарым-қатынасты пайдалану нәтижелі әрі қолайлы.

   Сонымен    қатар    мұндай    қарым-қатынасты    мүлде    қолдануға болмайтын салалар да баршылық. Ең алдымен қарым-қатынастың бұл түрін достар және жұбайлар арасында, ата-ана мен бала арасында, тәрбие   мен   педагогика   саласында    пайдалану   ыңғайсыз   әрі нәтижесіз. Бұйрық, тиым көмегімен ұстаздар мен ата-аналар балаға өз сөзін өткізе алады. Бірақ ол сөздерді бала тек сырттай қабылдап орындайды. Бала өз еркімен қаламаған соң, оның құлағына құйған үлкендердің ережелері, қағидалары, қоғамдық нормалары санасының тез жойылып кететін мазмұны болмақ. Бұйрық түрінде берілген -тілектер баланың ішкі құндылылығы бола алмайды.

   Манипуляция, алдап-арбау қарым-қатынасы — жиі кездесетін тұлғааралық қарым-қатынас түрі, қарым-қатынас партнерін өзінің жасырын ниетіне бағындыруды көздеген іс-әрекет. Өз мақсатына жету үшін манииулятор қарым-қатынас партнерін нысана ретінде қарастырады.

   Манипуляциялық  қарым-қатынас -  басканы өз  мақсатын жасырып өзіне қажетті іс-әрекетке баулу.

   Императив пен манипуляцияның ұқсастығы екеуінің мақсаты бірдейлігінде: яғни, қатынас серігінің ойы мен бойын билеу, бақылау. Айырмасы: манипуляциялық стильде шынайы мақсат жарияланбайды, жасырылады не ауыстырылады.

   Алдап-арбау  қарым-қатынасының қоғамдағы ресми орны - бизнес, сауда-саттық, іскерлік, насихат, оқыту болып табылады. Бүл түрдегі қарым-қатынастың демеу берушісі, жаршысы Дейл Карнеги.

   Оқыту барысында (төрбиелеуде емес!) сабақты  қызықты өткізу, оқушының назары мен  ынтасын көтеру үшін манипуляцияны  пайдалануға болады. Кейде осыған дағдыланған мүғалімдер басқаларға түсіндіру, далелдеу, үйрету үшін осыны өзінің тұлғалық ұстанымына айналдырып алады. Оқытуда нәтижелі болған бұл жайт, тәрбиелеуде, жеке тұлғалық қатынастарды орнатуда жарамсыз болып қалады да, ұстаздың еңбегі өз мақсатына жетудің орнына зиян келтіреді. Жұмысында манипуляцияға әдеттенген адам сондай арақатынасты отбасына да әкелуге мәжбүр болады. Сүйіспеншілік, достық, ізгілікке негізделген қарым-қатынасты манипуляция жолы тиімсіз де нәтижесіз.

   Арбаушылық  барысында қатынас серігі жеке тұлға ретінде емес, тек манипудяторға керек қасиеттердің иесі ретінде қарастырылады. Мысалы, манипулятор мейірімді адамның мейірімін, әлсіздің әлсіздігін өз мақсатында пайдалануға тырысады. Арбаушы өз арбаушылығының құрбаны болып қалады. Өзін өзі біртұтас тұлға ретінде емес, кейбір рөлдердің орындаушысы ретінде қабылдап жалған ниеттер мен мақсаттарға бас ұрады. Манипуляторды сипаттайтын қасиеттер: өтірік, зерігу, сезімдердің қарапайымдылығы, өзін қадағалау, өзіне де, басқаға да сенбеушілік. Манипуляцияға қарсы шыққан ғалым Ә. Шостром "Анти-Карнеги" кітабын шығарды.

Информация о работе Қарым-қатынас және оның қызметтері