Өзін-өзі тану сабағын экскурсия түрінде өткізу ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2014 в 13:15, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Қазіргі кезде оқыту теориясы мен практикасында сабаққа дамып отыратын жүйе ретінде қарайтын көзқарас қалыптасқан. Сабақты үнемі бір сарынмен қалыптасқан әдіс бойынша өткізу мүмкін емес.Себебі, сабақ – сыртқы ортамен ақпараттық және басқа да арналар арқылы байланысатын жүйе. Осы сыртқы байланыстар мен ішкі қайшылықтар ықпалы арқылы сабақ дамып, жетіліп отырады. Сабақ – өзара тығыз байланысқан, өзара әрекеттесетін бөліктерден тұратын бүтін жүйе. Оқушыға сабақты түсіндірудің түрлі жолдары бар. Қазіргі заман талабына сай түрлі әдіс-тәсілдердерді қолданып сабақтың мазмұнын ашуға болады.Өзін-өзі тану сабағы әр сабақты жаңашылдықпен өтуді қажет етеді. Әр бір сабақ қызықты және басқа сабақтардан ерекше бір әдіспен өткізу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................4

I ТАРАУ. ЭКСКУРИЯ ҰҒЫМЫ МЕН ЭКСКУРЦИЯ САБАҒЫ

Экскурция сабағы туралы жалпы түсінік ............................................5-6

1.1 Экскурция сабағының құрылымы......................................................7-9

II ТАРАУ. ЭКСКУРЦИЯ САБАҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Экскурция сабағының өткізілуі мен ерекшеліктері........................... 10-14

2.1 Өзін-өзі тану сабағын экскурсия түрінде өткізу ерекшеліктері ...........15-18

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................19-

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................

Работа состоит из  1 файл

Махмут Индира Экскурсия сабағы оның ерекшеліктері.docx

— 71.55 Кб (Скачать документ)

«Адам болам десеңіз...» атты екінші тарау мазмұнында жалпыадамгершілік құндылықтар мен қасиеттер туралы түсініктер беріліп, олардың адами қарым-қатынаста алатын орны нақты мысалдармен дәлелденеді. Тарау оқушылардың адамдар арасындағы қарым-қатынас барысында туындайтын өмірлік этикалық коллизияларға саналы тұрғыдан қарау дағдыларын дамытуға бағытталған. Тарау мазмұнында оқушылардың бұрын меңгерген үміт пен сенім, намыс пен абырой, қайсарлық пен батырлық, арман мен ақиқат, жауапкершілік пен парыз, қанағат пен рақым және т.б. сияқты құндылықтар мен ұғымдар түсініктерін кеңейту және тереңдету көзделеді. 

Бұл тарауда да оқушыларды қазақ батырларының өмірлерімен таныстыру мақсатында Б.Момышұлы сияқты батыр бабаларымыздың музейіне экскурцияға апару арқылы оқушылардың бойында батырлық, сабырлылық, ержүректік пен намысшылдық т.б рухани құндылықтарды сіңіруге ықпал етеді. 
          «Жарасымды өмір салтанаты» атты үшінші тараудың тақырыптарында оқушылардың дүниетанымын кеңейтуді адамның әлемге ашық бола білуі мен әлемді тану мен түсінуді оған жоғары адамгершілік ұстаныммен қатынас жасай алу білігі арқылы кеңейту мен тереңдету қарастырылған. Тарау мазмұнында әлемнің көпқырлылығы, уақыттың өткіншілігі, тарих пен адамның өзара байланысы, адам мен Әлемнің байланысы, адам мен жер және тағы басқа мәселелер орын алған.

Бұл тарау арқылы оқушылардың әлемдік жаңалықтарға қызығушылығын арттыру мақсатында әлем елдеріне экскурцияға шығуға мүмкіндік болмағанымен сыныпта ойша әлем елдеріне саяхат жасау арқылы әлем  елдерімен таныстыру. Сонымен қатар әлем елдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрлерімен таныстырып, басқа елдің мәдениетімен танысып, эстетикалық талғамның қалыптасуына ерекше ықпал етуге мүмкіндік туындайды.

Оқушылардың есею кезеңіне сәйкес жастық шақ сияқты ұғымдардың мағынасын ашуға баса назар аударылады. Өз жақындарының, отбасының, сыныптастарының ортасында моральдық климат орнату үшін жауапкершілік шегін сезінуіне, адами тұрғыдан өмірдегі отбасылық, ұжымдық және қоғамдық рөлдер туралы өз көзқарасын реттеуіне көңіл бөлінеді.  
        «Кең дүние келбеті» атты төртінші тарауда оқушылардың қоршаған әлем құндылықтары туралы түсініктерін, жаратылыстың сырларын, құпиясын білуге ұмтылысын тереңдетіп, кеңейте түседі. Өмірдің баға жетпес сый екендігі мен мән, мағынасы және адам үшін әлемді танудың, жасампаздық еңбектің маңызы ашылады. Пән мазмұны әлемді құндылық тұрғысынан қабылдау дүниетанымның негізі ретінде, адамның қоршаған әлеммен қатынасын, қоршаған әлем сұлулығын адамның ішкі жан-дүниесімен өзара байланыста сезінуге мүмкіндік береді.

Бұл тарауда  оқушыларды табиғат тылсымдарымен, табиғаттың әсем көріністерімен таныстыру, табиғат аясында серуендеу арқылы оқушыларға ішкі жан тыныштығын сезіндіруге мүмкіндік орнайды.

Мысалы: 5, 6, 7  сыныптарда «Табиғат ғажаптары», «Табиғат тылсымы» т.б тақырыптар барысында  «өзін-өзі тану» сабақтарын  сыныппен   мектеп ауласында өткізуге болады. Яғни, осы сабақта тақырып «Табиғат» туралы болғандықтан баяу әуенмен табиғат аясында отырып, «Орманға саяхат» атты тыныштық сәтін ұйымдастыру оқушыларға ерекше әсер қалдырады. Табиғат аясында отырып, табиғат туралы шығарма жазып немесе сурет салу, өлең шығару оқушыларға ерекше шабыт сыйлайды. Себебі өзін-өзі тану сабағын табиғат аясында өткізуөте қызықты болады. Таза ауада, әсем табиғат аясында соқушылардың бойында сергектік пен сенімділік арта түседі. Сонымен қатар табиғат аясында «Сергіту сәтін» ұйымдастыру да ерекше әсерлі болады. Өйткені, оқушылар табиғат аясында емін-еркін ойнап серги алады.

Яғни, өзін – өзі тану сабағының кез-келген  бөлімін табиғат аясында өткізу қиындық туындатпайды. Керісінше өте тиімді болып табылады.  Осылайша табиғатқа байланысты тақырыпты оқушылар тез түсініп, ерекше әсер алуға мүмкіндік туындайды.

Оқушылардың адамзаттың мәдени мұраларына сүйене отырып, өздерінің адамдық болмысын сезінуге және бейбітшілік үшін жауапкершілікке одан әрі қарай ізгілікті қатынасын дамытуға алғышарттар жасалады. 
 
Адам мен қоғамның бөлінбейтін байланысы мен өз Отанының, отандастарының гүлденуіне адамның жасампаздық белсенділігінің маңыздылығын түсінуге негізгі басымдылық беріледі. Аталған тараудың мазмұны мен оқыту әдістері маңызды адамдық ақиқатты оқушылардың жалпы адамзаттық құндылықтар туралы мәліметтерді, адамзаттың тарихи, мәдени және рухани жолын түсінуін, адамның бүгінгі және болашақтағы мұраттарын тереңірек түсініп қорытындылап, жүйелеу арқылы тұжырымдауын көздейді. Аталған тарау орта мектептегі өзін-өзі танудың соңғы курсы болып табылады және әрбір оқушының шексіз өмірлік кеңістіктегі өз рөлін сезінуіне, адамзаттың маңызды міндеттерін орындаудағы өзіндік мәнділігін және әркімнің еңбегі шығармашылығы, таланты қолданылатындай болашақты жасауға бағытталады. Осының барлығы жоғары сынып оқушыларына әрбір адам үшін «адамгершілік, ізгілік» ұғымының маңыздылығын ұғынуға көмектеседі. 

10-11- сынып оқушыларына арналған  өзін-өзі тану бойынша білім  беру мазмұнының ерекшелігі бұрын  меңгергендерін жинақтау, оқушылардың  жалпы адамзаттық құндылықтар  туралы білімі мен түсінігін  тереңдету мен оларды мұнан  былайғы иеленуін, ересек өмірге  енетін орта мектеп түлегінің  қажетті қоры болатын құзiреттiлiктерге  ие болуын бағдарлау болып  табылады. 
 
Бұл қорыта келгенде, белгілі бір білім, білік, дағдыларды меңгеруді ізгі және мейірімді адамды, сүйікті және қамқоршы бола алатын отбасы мүшесін, адал досты, сенімді серіктесті, жауапкершілікті азаматты, денсаулығы мықты, толық жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеуді қарастырады.  
 
Өзін-өзі тану пәнінде экскурция сабағын ұйымдастыру әдісі өзіндік ерекшеліктеріне орай оқыту интерактивтік әдіс негізінде білім беру үдерісіне қатысушылардың әрқайсысының қайталанбайтын тұлға екендіктерін ескере отырып жүргізіледі. Сонымен қатар түрлі әдістемелік тәсілдер мен денсаулықты сақтайтын мүмкіндігі мол дәстүрден тыс сабақ түрлері, арқылы сенімді, эмоциялық жайлы жағдайда мұғаліммен ашық пікір алмасу жүргізіледі, әлеуметтік-рөлдік ойындар мен тренингтерде адами қарым-қатынастар зерттеліп, өмірлік түйгендерімен алмасып, қоғамға қызмет етудің практикалық дағдылары дамытылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 


Информация о работе Өзін-өзі тану сабағын экскурсия түрінде өткізу ерекшеліктері