Жалпы техникалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі бойынша

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 13:37, курсовая работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі. Егеменді Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктері, халықаралық қарым-қатынасының кеңеюі экономиканың қай саласында болсын жұмыс пен қызметті ұйымдастыруды әлемдік талаптармен үйлестіруді қажет етеді. Елімізде кәсіби оқыту мамандарының кәсіби дайындығын зерттеу мәселесі жағынан бірқатар тәжірибелер жиналған. Қазіргі кезде кәсіби білім саяси-қоғамдық және психологиялық-педагогикалық білім саласында кеңінен өріс алады. Әсіресе, болашақ мамандарды ғылыми теория және іс-тәжірибе бағытында дайындауға зерттеулер педагогика ғылымдары жүйесінің әр саласында жүргізіліп келеді. Бұл кең етек алып келе жатқан еңбек нарығындағы құбылыстың бір көрінісі. Бұл үздіксіз процесс, оны тоқтату мүмкін емес. Сондықтан білім саласын қоғамның осы ерекшеліктеріне қарай бейімдеу қажет [1].

Содержание

КІРІСПЕ..........................................................................................................................3
І. КӘСІБИ ЛИЦЕЙДЕГІ ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ.........................5
1.1 Техникалық және кәсіби білім жүйесіне кредиттік технологияларды
оқытудың ерекшеліктері.............................................................................................7
1.2 Оқу процесін ұйымдастырудың формалары.................................................11
ІІ. АРНАЙЫ ПӘНДЕРДІ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ АҚПАРАТТАНДЫРУ...........16
2.1 Кәсіби лицейдегі арнайы пәндерді ақпараттандыру....................................18
2.2 Жаңа заман технологиясы көмегімен болашақ мамандардың кәсіби
қасиеттерін арттыру...................................................................................................22
2.3 Техника қауіпсіздігі.............................................................................................. 25
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................28
СӨЗДІК..........................................................................................................................29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................30

Работа состоит из  1 файл

курсовая работа копиясы.doc

— 217.50 Кб (Скачать документ)

     Кабинеттің  жабдығы құрамына тиісті материалдары бар аптечкада кіреді. Кабинетке  қолжуғыш орнатылады. Кабинетті түрліше  стенд және плакаттармен безендіру қажет, онда оқушылар орындаған жұмыстардың тұрақты көрмесін ұйымдастырған жөн.

     Мектеп  гигиенасы – өсіп келе жатқан ұрпақтың, балалармен жас өспірімдердің денсаулығын қорғау, нығайту және дамыту жайындағы ғылым.

     Мектеп  гигиенасы мектеп оқушысының даму ерекшеліктерін және гигиенасын, сыртқы ортаның табиғат факторларының гигиеналық маңызы және оларды мектеп оқушыларын шынықтыру үшін пайдаланады,  кәсіптік мектептегі санитарлық-гигиеналық талаптар арнайы пәндерді оқыту  сабағында:

     - оқушылардың шеберханаларда өтілетін апта сайынғы екі сағаттық арнайы пәндер сабағы дағдыларын, тәртіптілікті қалыптастыруды, арнайы пәндерге деген ынтаны дамытуды көздейді, сөйтіп олар осы арқылы мектептегі оқуды өмір талаптарына жақындастырады.

     Арнайы  пәндер сабақтарының гигиеналық жағынан нәтижелігі бір қатар жағдайларға: оларды өткізу жағдайларына, оқушылардың жұмыс режиміне, сабақтардың құрылымына, оқушылардың ынтасына байланысты.

     Жаңа  кәсіптік мектептерде шеберханалар үшін ауданы 16 м2 бөлмелер бөлінеді. Ондағы ауаның температурасы 16-тан аспауы тиіс, ал ауаның салыстырмалы ылғалдығы 40-60%  болуы мүмкін.

     Шеберхана ауасы температураның көтерілуі  және салыстырмалы ылғалдығының өзгеруі  класс бөлмесіндегіден гөрі сабақтан сабаққа үдей түседі, бұл еңбек  сабақтарында мектеп оқушылары организмнің көп жылу шығаруына байланысты болады. Мектеп шеберханаларында ауаның ауысуы класс бөлмесіндегіден гөрі сабақтан сабаққа барған сайын жеделдетіле түсуге тиіс [28].

     Шеберханаларға  жарықтың жақсы түсуі оқушылар жанарының  өткірлігін сақтау үшін ғана емес, сондай-ақ жұмыс кезінде тез шаршауды болдырмау үшін де қажет. Жарықтың бір қалыпты түсуінің маңызы бар: онсыз көру органының қалыпты жұмысы бұзылады және еңбек өнімділігі нашарлайды, мұның өзі жарақаттануға әкеп соғуы мүмкін. Қабырғалар мен жабдықтарды ашық түскебояу арқылы жарықтың мол түсуін, жарықтың шағылысуының жоғарғы коэффицентін қамтамасыз  етуге болады.

     Шеберханаларда  кейде у-шу көп болуы мүмкін, сондықтан  оларды бірінші этажға орналастырған  жөн. Оқу кластарын шеберхана  үйлерінің астына немесе үстіне орналастыруға болмайды.

     Күш-қуат шығыны жұмыс кезінде дененің  дұрыс қалыбын сақтап отыруға  да байланысты. Дұрыс жұмыс қалыбы сақталғанда оқушы аз шаршайды және жұмыс операцияларын оңай  меңгереді.

     Оқушылардың жұмыс сипатына сабақ өткізу методикасы үлкен әсерін тигізеді. Түрлі операциялардың жиі ауысып отыруын талап ететін жұмыс-тарды орындаған жөн. Еңбек сабақтарында ұзақ уақыт орындауды керек ететін біркелкі операциялар бар жұмыстарды істеген кезде оқушылыр тез шаршайды.

     А) Бұл жұмыстарды ұзақтығы жағынан нормалау;

     Ә) Оқушылардың өмірі мен денсаулығы үшін орындалатын жұмыстардың толық  қауіпсіздігі;

     Б) Жұмыстардың оқушылардың денсаулық  жағдайына және жас ерекшеліктеріне, мүмкіндіктеріне, іскерліктеріне сәйкес келуі;

     В) Бұл жұмыстарды оқушылардың күн режиміне дұрыс енгізу;

     Г) Оқушыларды арнаулы киіммен, жылы сумен  қамтамассыз ету және басқа жағдайлар  жасау;.  

       4.2 Қауіпсіздік техникасы

      18 жасқа толмаған адамдар үшін  қабыл алынған еңбек нормаларымен  шек қоюлардың көптеген мәселелерге  қатысы бар; жұмыс күнінің ұзақтығы, өндірістік үйлердің тазалық жағдайлары, шумен, шаң-тозаңмен күресу шараларының мәселелері, ауыр жүктерді қолмен және көлікпен тасу, бірқатар жұмыстардағы жеке адамдық қорғану құралдары, станоктарды, машиналар мен жүргізу механизмдерін қоршау, электр қондырғыларын пайдаланғандағы сақтық шараларын қолдану. Қауіпсіздік техникасының ережелерінде әр алуан жұмыс түрлерін орындағанда оқушылар үшін жеке адамдық қорғану құралдары ұсынылған. Ауада шаң мен газ болғанда тыныс алу органдарын қорғау үшін сүзгіш приборлар-респираторлар қолданылады. Әдеттегі жұмыс кезінде көздерін қорғау үшін оқушылар көзілдірік киюлері, ал газ бен бу бар жерде герметикалық ілгектері бар көзілдіріктерді пайдалану керек.

       Қауіпсіздік техникасының жоғары класс оқушыларының еңбегін қорғаудың аса маңызды талаптарының бірі оларды жұмыс істеудің дұрыс та қауіпсіз әдістеріне мұқият үйрету болып табылады. Тек осы білімдері мен  іскерліктерді меңгергеннен кейін ғана оқушылар жеке бастың гигиенасы туралы және жабдықтарды қорғайтын тетіктер туралы қажетті білім алады.

       Өрт қауіпсіздігін сақтау

     А) Ғимаратты салғанда өрт сөндірушілердің  талаптары мен нормативтері  мұқият сақталуы керек.

     Ә) Өрт жағдайында  ғимараттардан  шығатын қосымша есіктер болуы  міндетті шарт.

     Б) Өрт қаупі жөніндегі арнайы нұсқаулармен жеке плакаттармен танысу қажет.

     В) Жабдықтарды сүртетін шүберектер арнайы қораптарға салынып, уақтылы әкетілуі тиіс.

     Г) Электр қозғалтқыштарына шамадан тыс  күш түсудің және олар ұзақ уақыт үздіксіз жұмыс істеп қызудың әсерінен өрт шығатынын білген жөн.

     Д) Өртті сумен сөндіргеннен арнайы көпіршікті өрт сөндіргішпен сөндіру  керек.

     Е) Өрт шыға бастағанда дер кезінде  өрт сөндірушілерге хабарлау керек.

     Өртті өшіргеннен гөрі, оны болдырмаған  абзал, сондықтан өрттен сақ болған жөн.

     Оқу шеберханасында өрт қауіпсіздігіне арналған арнаулы құралдар міндетті түрде болуға тиіс. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ 
 

          Сонымен, кәсіби лицейдегі білім беру бағдарламасын жүзеге асыруды ұйымдастыру түрі – бұл оқу процесіндегі арнайы пәндер бойынша берілетін білімді жалғастыруға және тереңдетуге, сонымен қоса оқушының тәжірибелік дайындығын жүргізуге мүмкіндік туғызады.  Ал, сол ұйымдастыруда кредиттік оқыту технологиясын қолдану — бұл білім беру технологиясы болғандықтан, оқушының не студенттің өз бетімен білім алу деңгейін көтереді және дара негізінде шығармашылық білімді меңгеруін қамтамасыз етеді.

     Жаңа  экономикалық жағдай және тенденция  қоғам дамуының ерекшелігіне байланысты білім беру жүйесін түбірімен  өзгертуді талап етеді. Ол біздің еліміздегі прогресивті технологияның дамуы. Білім берудің сапасы қазіргі білім алып жатқан оқушыларға болашақта бүкіл дүние жүзіндегі білім алу дәрежесіне көтерілуіне мүмкіндік береді.

    Қазақстан Республикасындағы оқу мен тәрбие жүйесін техникаландыру мен автоматтандыру тенденциясының болашақ қарқыны мен қадамдары іздеумен және ақпараттық жүйені оқу-тәрбие үрдісіне енгізумен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында қазіргі замандағы білім беру жүйесінің жаңа технологияларымен қамтамасыз етілуі міндеттелген.

     Жаңа  технологиялық біліммен қарулану функциясы  арқылы оқушылар бойындағы еңбекке  деген алуан түрлі қабілеті ерік-жігердің дамуына әкеледі.  Сол жаң технологияның ең қарқынды дамып келе жатқан түрі- ақпараттық технология болып табылады. Ақпараттық технология арқылы мамандардың кәсіби маңызды қасиеттерін жетілдіру бойынша ұйымдастырылған іс-шаралар кәсiби шеберлiгiн, мобильділігін қалыптастырумен байланыстыруға бағытталған. Басқаша айтқанда, ақпараттық технология арқылы болашақ мамандардың кәсіби маңызды қасиеттерін жетілдіру мәселесі өздiгiнен бiлiм алуына және өзiн-өзi дамуына жағдай жасау арқылы бiлiм сапасын көтерудiң негiзгi шарттарының бiрiне айналмақ.

     Білім беруді ақпараттандыру – бұл ақпараттық технологияның құралдарын білім беру саласына қолданудың методологиялық және тәжірибелік құндылықтарын зерттеп, оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық және педагогикалық мақсаттарына бағыттап қамтамасыз ету процесі.

     Қоғамда ақпараттандыру, есептеу техникасы  құралдары кеңінен таралуымен байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етеді.

     Қазір білім беру мекемелерінің алдында күрделі инновациялық міндеттер тұр. Білім беру жүйесін түбегейлі түрде ғылымға, теорияға, тәжірибеге негіздеп, ізгілік және педагогикалық қарым- қатынаста болатын, тұлғаның ішкі сұранысын қамтамасыз ететін, қоғамға қажет, бәсекеге қабілетті мамандарды жетілдіріп, бейінді білім беруге жағдай жасау. Егер де осы міндеттер толығымен орындалып, практика жүзінде іске асса нұр үстіне нұр болар еді. 
 

     СӨЗДІК 
 

      Кәсіптік лицей - бұл жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті кадрларын даярлау жөнінде техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.

      Сабақ- оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі түрі.

      Сабақ оқу- тәрбие барысының нақты түрі.

      Сабақ беру- білім беру және тәрбиелеу мақсаттарына бағытталған мұғалім ұйымдастыратын оқушылар іс- әрекетінің күйі.

      Дидактика (гр. Didaktikos – оқытушы, didasko – оқушы, үйренуші) – оқыту мен білім берудің мәселелерін қарастыратын педагогиканың бөлімі.

      Саяхат - пәндер бойынша жоспарланып, мектептің жалпы іс жоспарларына кіреді.

         Семинар сабағы – бұл арнайы немесе жекелеген  пәндер бойнша өткізіледі.              

         Практикумдар – курс тарауы аяқталғаннан кейін оқушылардың өз бетімен орындайтын зертханалық жұмысының кешендісі.

          Факультативтік сабақтар – оқудың формасы оқушылардың қалауы бойынша жүргізіледі.

          Үй жұмысы – бұл жұмыста оқушылардың дербес қасиеті және қабілеті байқалады.

          Ақпараттық жүйе  - ақпараттық процестердi жүзеге асыратын ақпараттық технологиядағы реттелген құжаттар мен бiрнеше құжаттар жиынтығы.

          Білім берудің  мазмұны – мектеп оқушыларының ақыл, дене қабілеттерінің жан-жақты дамуына, көзқарасының, мінезқұлқының қалыптасуына, қоғамдық өмір мен еңбекке даяр болуына қажетті ғылыми білімдер, білік және дағдылардың жүйесі.

          Кәсіби білім беру - өнеркәсіп, ғылым, техника және мәдениеттің әр түрлі салалары үшін жоғары, орта және төменгі білікті мамандар даярлау оқу орны.

          Бiлiм берудi ақпараттандыру - бiлiм беру саласының теориясы мен практикасына жаңа ақпараттық технологияны жан-жақты пайдалану және оқыту мен тәрбиелеудiң психологиялық-педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыратындай жағдайда оның мүмкiндiктерiн қолдану процесi.

          Ақпараттық технология - оқытудың арнайы жиынтығы мен әдістемесін, әдісін және тәрбие құралдарын анықтайтын технологиялық-педагогикалық процесті ұйымдастырудың ең тиімді жолы болып табылады. 
 
 
 
 
 
 
 

     ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

     
  1. Рыскельдина А.А.  Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында тіл   
    маманы студенттерінің  кәсіби бағыттылығын  дамыту. Афтореферат дис...пед.наук.-Алматы,2010.-45б.
  2. Олжабаева Л.К  12-жылдық  білім көшу жағдайында филолог -мұғалімнің әлеуетін арттыру. Мақала.-2010.-10 б.
  3. Білім туралы заң//Егемен Қазақстан.-2008.-5-7 беттер.
  4. http://kasipkerlikatyrau.kz/kaz/uploads/start_pl/upr_predpr4.doc
  5. Әбиева Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. Алматы: Дарын, 2004ж.
  6. О.А. Цапова Кредиттік жүйе. Біліктілігін арттыру курстарының лекция материалдары «Кредиттік оқыту технологиясы»
  7. Қаланова Ш.М., С.М. Өмірбаев Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына кредиттік оқыту технологиясын енгізу туралы. Жоғары кәсіби білімге сынақтар өлшемдерінің жұйесін енгізудің мәселесі: Бүкілресейлік кеңестің мағұматтары. 23 сәуір 2003 ж., Мәскеу қ., В.Н. Чистохвалова — М., 2003 ж. — 100 б.
  8. С.М. Өмірбаев Кредиттік оқыту жүйесі: принциптер мен концепциялардың маңызы. Білім Алматы — 2006 ж. №  (29) Ғылыми-педагогикалық журнал
  9. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың  2005 - 2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.   Қазан, 2004.
  10. Сарбасова Қ.А., Шаушекова Б.Қ. Педагогика негіздері. Қарағанды, 2004.
  11. Ж.А. Кулекеева, Г.Н. Гамарник, Б.С. Әбдрасилова — Алматы: Қазақ университеті, 2004. — 198 б.
  12. Тұлғаның кәсіби бағыттылығын дамыту үрдісінің моделі.- Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері Хабаршысы журналы, Педагогика ғылымдары сериясы, 2008, - №  2 (19).

Информация о работе Жалпы техникалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі бойынша