Этнопедагогика (ұлттық дәстүр)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 21:01, доклад

Описание

Әр халықтың ғасырлар бойы мысқылдап жиналып, бейне бір арнасы кең өзендей асқар таудай болып қалыптасқан өзіне тән салт-сана, дәстүрлері болады. Бұл салт-сана, достүрлер сол халқықтың адам тәрбиесі, адамгершілік дүниеге, өмірге көзқарасы мен рухани күйінен туған. Сол үшін де ол халықтың жан дүниесінің айнасы, ұрпақтарының кәдір тұтар мұрасы болып қалады.

Работа состоит из  1 файл

Этнопедагогика.docx

— 36.58 Кб (Скачать документ)

 Суды ылайламау, суды  сабаламау, былғамау, әрбір дала  тұрғының тікелей борышына айналған. Мұның өзі тек судың ғана  қамы емсс, ондағы балықтардың,  су бойын мекендеген құстардың  қамы. Соларға тыныштық, өрісті өмір  жайлы тіршілік тілегінен туған  дәстүрлі сөздер.

 Казақ ауылдары құдық,  бұлақ суларының тазалығына қатты  көңіл бөлген. Қыстау, көктеу не  жайлау мен күзеуде құдық болса  ел көшкенде шегендеп кетіп,  көшіп келгенде аршып отырған.  Ал мал суаты болған бұлақ  бастарын таза ұстап, оның көзін  жыл сайын балдыр-батпақтан тазалап,  су көзінің бітеліп қалуынан, не құрып кетуінен сақтаған.

 Қазақ елі қанша  жасампаз болса, ол соншама  өзгертуші де. Ғасырлар қатарында  жатқан жер-өлкелер тарихына қарап,  ежелгі географияларға зер салсақ, бір кездс жайқалып жатқан  талай-талай арналы өзен, өлкелі  сулардың жоқ болып ксткенін  көреміз. Ал ежелден малшы жүрт  көшіп,-қонып, қоныстап жүрген  жерлердегі кішкентай бұлақтар  мен су көздерінің сол ғасырлар  бойы сақталып келе жатқанынына  да куә боламыз. Мұнын себебі, қамқорлық жасамаса тозбайтын  дүние жоқ. Тек адам ойы өзгерместен  өмір кеше береді.

 Жолаушы қазақ ат  шалдырған жерінде кездестірген  кішкентай тұнбаның көзін көрсе  жарықтықай» деп, алақаны мен,  не тастың жарқашымен болса  да аршып, көзін кеңейтіп кетеді. Аға алмай жатқан туманның  көзін ашып кеңейтіп қайда  жүрсе өзіне борыш санайды.  Мысалы, мал баққан елдің ежелгі  және қазіргі мекендерін аралап  жүрсеңіз осындай оқиғаларға  байланысты қойылған жер-су аттарын  жиі кездестіреміз. Арқада Құланбұлақ, Айнабұлақ, Құлан өтпес, «Май-құдық  т.б. су аттары, Жидебай, Көкен  т.б. Жер аттары санай берсек толып жатыр. Осының бәрінің де қызықты өз тарихы тәлім-тәрбиелік мәні бар.

 Қазақ халқы суды  қадірлеумен қатар оны жалпы  халыққа, тіршілікке, орман-тоғай  өсімдіктер дүниесіне ортақ тіршілік  беруші деп қараған. Су бермеу, судан тарықтыру ең үлкен қылмыс  саналған. Сол үшін атам заманнан  бері қазақ үйіндегі су, қымыз,  айран-шалап, кеже, сүт сияқты  сусындар тегін. Айдалада мал  бағып отырған жалғыз үй болса  да белдеуіне ат байлаған жолаушыға  ең алдымен сусын беріп аттандырады,  қонса, не түстенсе сусынымен  қоса қонақысы да тегін. Бұл  тіпті сол жолаушыны үй иесінің  тану-танымауына немесе оның кім,  не істеп жүрген пенде екеніне  байланысты емес.

 Ал бір ауылда той  болып, не ас беріліп жатса,  басқа ауылдар сол ауылға сусын  үшін, саба-саба қымызын өздері  ішпей, жиып тегін артып барады. Әрине, мұндай дәстүрлер біріншіден  қасиетті ел берекесі болса,  екіншіден суды, сусынды қадірлеу  дәстүрі,. Біздіңше мұндай аса  биік адамгершілікті дәстүр, еш  уақытта да берекелі ел арасынан  жоғалмақ емес. Қайта халықтың  әл-ауқаты, мәдениеті, тұрмыс салты  өскен сайын жаңа мағына алып, тұлғаланып есе бермек.

 Орыстың атақты ғалымы  Нобель сыйлығын алған И.И.Мечниковтың  теориясына қарағанда, әрбір халықтың, елдің цивилизацияға, мәдениетке  жетуіне басты әсер етуші, мүмкіндік  беруші ~ су байлығы болып саналатын  көрінеді. Тереңірек алып қарағанда  ең ерте замандардағы цивилизациямыздың  өзі Нил, Тигр, Евфрат, Ганга, Хуанхэ, Янцзы өзендері бойында пайда  болған. Одан ксйін Жерорта теңізі  маңайындағы гректермен римдіктердің  цивилизациясы, сосын Американың  ашылу дәуіріне байланысты «океандық  цивилизацияның пайда балғаны  белгілі».

 Ал біздің Қазақстан  жерін, оның елін алып қарайтын  болсақ сонау ертеден келіп  жеткен эпикалық дастандардағы  тұрмыс сурсттері, әдет-ғұрып,  қақтығыс-тартыстарда Еділ мен  Жайықтың, Сырдария мсн Ертістің, Аягөз бен Есілдің жағалаларында  «Арал, Балхаш, Зайсан сияқты көлдер  айналасындағы жерлерде өтксні  байқалады. Өйткені кейбір көшпелі  елдің де жайлайтын жері көшіп  жүрсе дс ұзап кете алмайтын  жерлері, өзендер мен көлдердің  маңайы еді. Мыңғырған мал,  жайқалған егін. Су бар жердің  айналасынан табылған.

 Дені мал бағып,  азы егін егіп, көшіп – конып  ен даланы жайлаған қазақ халқы  үшін, әсірссе, судың қадірі қымбат  еді. Бірақ олар аққан өзен  мен көл, бұлақ, суларын ешкімнің  меншігіне жатпайтын қасиетті  дүние санаған. Әркім өз ыдысына  құйып алған суды ғана қажетіне  ғана айдалаға құдық қазып,  қалың елді мал-жанымен шөлден  аман алып қалған, немесе күн  көрісіне себеп болған жекелеген  адамдарды, батырларды, аңызға айналдырып, олардың бейтінің басына барып  тағзым етіп бас иетін, дастан, жыр етіп айтып жүретін болған.

 Қорыта келе айтарымыз,  қазақтың ежелгі дәстүрлерінде  суға дегсн көзқарас — оны  бүлдіру, былғау, ластау емес, қайта  оны қадірлеу, қасиеттеу, аса жоғары  бағалау болған.

 Табиғат қорғау және  экология проблемаларын дер кезінде  және тиімді шешу үшін, әрине  маман кадрлар керек, Халық  шаруашылығы салаларында табиғат  байлықтарын пайдалану процестеріне  тікелей қатысатын, басқаратын  адамдардың экология және табиғатты  қорғау жүйелерінен хабары, тиісті  білімі болуы керек.

 Табиғатқа жанашыр  болу — адамзат қоғамына оның  келешегіне жанашырлық жасау  болып табылады. Сондықтан табиғат  қорғау және экология мәселелерін  негізінен мектептен бастап, жоғарғы  оқу орындарын бітіріп халық  шаруашылығына жолдама алатын  мамандардың өзі мен бірге  ала жүретін төл ісіне айландыру  керек.

 Қазіргі кезде халықаралық  табиғат қорғау және экология  қоғамы жер жүзіндегі әрбір  халықтың ежелден бері қарай,  сонау алыс дәуірлерден бастап, өз өмірінде қолданып келе  жатқан табигатты қорғау экология  мәселелерін шешу дәстүрлерін  жинауға кірісті. Әрбір халықтың  халық болып тарихта белгілі  бола бастауына, олардың географиялық  орналасуына, әлеуметтік-экономикалық  жағдайларына, кәсіп етіп келген  шаруашылығына байланысты әр  халықтың табиғатты қорғауға  және экологияға деген көзқарасы  бұрын да әр түрлі болғаны,  қазіргі кезде әр түрлі екені  белгілі бола бастады.

 Жер шарында табиғи  ресурстар мол болғанымен ол  сарқылмайтын дүние емес. Адам  өмірі үшін шикізат күннен  күнге көп керек. Тіпті жекелеген  адамдардың табиғатқа немқұрайлы, селқос қарауы қаншама зиянды  екенін әрбір адам борышындай  сезінуі керек. Қазақ жерінің  биосферасын пайдалануға біздің  ғана емес, кейінгі ұрпақтардың  да мүмкіндігі болуға тиіс  екенін ұмытпауға міндеттіміз.

 Халықтың табиғатты  қорғауға және экологияға деген  дәстүрлерін жинақтау, оны кеңінен  тарату адамдарды табиғатты сүюгс  ғана емес, оны сақтауға, қорғауға  тәрбиелеу — аса маңызды мәселе. Табиғатты сүю — Отанды, туған  елді, жерді сүю деген сөз, оның  барлық табиғатын еселендіріп  көбейту, байлығын тасыту деген  сөз.

 Бұрынғы ата-бабаларымыз  өз елінің табиғатына қалай  қарады, біз ата-баба жақсы дәстүрін, қалдырған мұрасын орындап жүрміз  бе, жоқ па деген сұрақты әркім  өзіне ғана қоймай, басқаға да, әсіресе жастарға үйрете білсе,  туған жер табиғаты бұрынғыдан  да бетер жайнай түсуіне, байи  түсуінде көбейе беруінде күмөн  жоқ.

 Саялы орман-тоғайсыз, айдынды шалқар келсіз, бітік  шыққан егінсіз мыңғырған төрт  түлік малсыз адамзат қоғамының  шарықтап өсуі мүмкін емес. Сондықтан  да табиғи ресурстарды үнемді  пайдалану кезек күттірмейтін  мәселе.

 Өмірлік тәжірибесі  мол, ересек адамның жастарға  үлгі-өнеге болуы занды десек,  кейде керісінше, жас адамның  да өзінен үлкен кісіге ықпал  етуі мүмкін. Мысалы Шоқан Ф.М.Достоевскийден  көп нәрсені үйренумен қатар,  оған да ерекше қабілеттілігімен  ықпал етті. Сондықтан да Ф.М.Достоевский  Шығыс мәдениеті жөнінен Шоқанға  тәнті болды. Оның «Шоқан табиғаттың  өзі тудырған дара тұлға» деп  бағалауы да тегін емес. Шоқан  туралы Г.Потанин «біздің жасымыз  одан үлкен болса да, ол білім  жағынан бізге аға сияқты еді,  біз оның қасында жалаңаяқ  бала сияқты едік, … ол біздің  жолдастарымызға және маған да  білім жағынан «Европаға қарайтын  терезе сияқты еді…. Деген болатын.

 Адамның жан-жақты  үйлесімді жетіліуіне, яғни біліміне, кәсіптік ебдейлігіне, өндірістік  дағдысын дамуына, творчестволық  қажеттілігінің өсуіне халық  дәстүрлерінің тигізетін әсері  ерекше. Кадрлар даярлауда, және  олардың біліктілігін арттыруда  халық дөстүрлері айрықша роль  атқарады. Үздіксіз экологиялық  білім беруде де қазақ халқының  ұлттық дәстүрлерін естен шығармауымыз  керек. Сондай-ақ, жастарға белгілі  бір немесе бірнеше мамандықтарға  ие болуға, оларды меңгеруге, еңбек  дағдыларын қалыптастыруға халық  дәстүрлерінің атқаратын ролі  орасан зор.

 Осы айтылғандардың  бәрі казақ халқының дәстүрлерінің  барлық салаларын педагогикалық,  психологиялық, экономикалық және  философиялық тұрғыдан комплексті  түрде зерттеуді қажет ететіні  өзінен-өзі белгілі.

 Халық дәстүрлерінің  теориялық жағдайын және практикалық  актуальдығын жан-жақты зерттеу  Абай атындағы Алматы мемлекеттік  университетінің міндеті. Қазақ  халқының дәстүрлері

1 Г.Потанин биографические  сведения о Ч.Валиханове. В. Кн. Ч.Ч.Валиханов. Собранные сочин.  В томт., Алма-Ата, 1985, С.354.

 Жеке адамның үйлесімді  дамуы мен қабілеттілігі, әртүрлі  кәсіби мамандықтардың ебдейліктері  мен дағдыларының жүйесі, өнді-рістік  шеберлігі туралы теориялық және  практикалық мәселелерді қазіргі  заман талабына сай шешіп береді  және халық шаруа-шылығына үлкен  экономикалық пайда келтіретініне  сеніміміз мол.

 Демократияны жетілдіру,  яғни өндіргіш күштердің өрге  басуы еңбек өнімділігінің өсуі, өндірісті ұйымдастыруды жақсарту, қоғамдық белсенділіктің артуы,  халықтың әл-ауқатының жақсаратыны  т.б. ұлан-байтақ міндеттерді жүзеге  асыру үшін жастарға қабілеттілік, ебдейлілік, кәсіби шеберлік сияқты  іскерлік қасисттерді меңгерудің  ғылыми негізі халықтық дәстүрлерінде  жатқанын әрқашанда еске алып  отырған жөн.

 Сондықтан да осы  еңбекте халық дәстүрлерінің  жастардың қабілеттілік, дағды, ебдейлік  және шеберлік мәселелерін же-тілдіруге  тигізетін пайдасын арнайы қойып,  зерттеп, зерттеулердін нәтижелерін  баяндауымыз осы тараудың (‘Теориялық  жағдайы мен практикалық»), актуалдылығының  негізгі мақсаты болды. Әрбір  жастың жан-жақты үйлесімді дамуы  мен өзінің дарындылық қасиеттерін  жетілдіре түсутс қазақ елінің  салт-саналары, әдст-ғұрыптары мен  дәстүрлерінің педагогикалық, психологиялық,  философиялық және эконоимкалық  ғылым саналарының дамуына қосатын  ролі орасан зор.

 Осы мақсатқа сәйкес  Абай атындағы Алматы мемлекеттік  университетінде қоғамдық негізде  ұйымдастырылған «өмір мектебі»  жұмыс істеп келеді. Ол қазіргі  кезде өзінің көлемін кеңейтіп, басқа да мектептерде ұйымдастырылып, қарқынды жұмыс істеуде. Ол  әр түрлі игіліктердің негізгі  орынына айналып отыр.


Информация о работе Этнопедагогика (ұлттық дәстүр)