Этнопедагогика (ұлттық дәстүр)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 21:01, доклад

Описание

Әр халықтың ғасырлар бойы мысқылдап жиналып, бейне бір арнасы кең өзендей асқар таудай болып қалыптасқан өзіне тән салт-сана, дәстүрлері болады. Бұл салт-сана, достүрлер сол халқықтың адам тәрбиесі, адамгершілік дүниеге, өмірге көзқарасы мен рухани күйінен туған. Сол үшін де ол халықтың жан дүниесінің айнасы, ұрпақтарының кәдір тұтар мұрасы болып қалады.

Работа состоит из  1 файл

Этнопедагогика.docx

— 36.58 Кб (Скачать документ)

 Табиғат құшағындағы  көшпелі елдің тұрмыс-тіршілігі,  ішсе асы, кисе киімі, мінсе  көлігі, алдындағы малы ғана болды.  Мал да табиғаттың адамға тартқан  үлкен сиы. Оны ысыран етпей,  тұрмыс керегіне жаратып пайдалануды,  мейлінше өсіруді ежелден төл  ісіміз деп санаған.

 Малды қорлау, жебірлеу  үлкен қиянат. Кейбір тентектердің  мінген атын сабағынан көрсе  ақсақалдар жерлеп, ұрысып тастайды. Тамақ-тұрмыс қажетіне мал сойса,  қастерлеп, қадірлеп, жақсы сөздерімен  батасын айтып таза, қинамай сояды.  Қанжынына дейін кісі аяғы  баспайтын таза жерлерге төгіп,  көмеді. Бүл дәстүр, біріншіден, хайуанды  қорламау болса, екіншіден, тазалықты  сақтау, ауыл маңына, ас-суға шыбын-шіркей  үймелетпеу — жалпы мәдениет  этикасы болып табылады.

 Аңға, құсқа деген халықтың  көзқарасы, оларды жақсы көрушілікті  біз күні бүгінге дейін еліміздің  өмірінен, тұрмысынан көреміз. Олардың  сүйкімділігін, көріктілігін, момындығы  мен жәбірсіздігін жақсы көріп,  солардай болсын деп перзенттерінің  есімін де солардың атымен  атаған. Ел ішінен Ақмарал, Құралай,  Ботакөз, Бұлғын, Қарлығаш, ал ата-анасы  ер жүрек, қайратты азамат болсын  деген тілекпен қойған Арыстан,  Бүркіт, Қаршыға деген аттарды  естігенде тапқырлығына сүйсінеміз.

 Бүгінгі адамзаттың  асыл мұраты бостандық, тыныш  өмір сүріп өсіп-өну. Сол үшін  де ақ ниетті адамдар озбырлыққа, адамзат баласын жаппай қырып-жоятын  қаруға, шапқыншылық соғысқа қарсы  күресті өрістетіп отыр. Осының  бәрі азаттык, мүддесі. Халықтың  адамгершілікті жанашырлық сипаты  асыл дәстүрлері міне осындай  дүниенің түбегейлі мүддесімен  астасып жатқанын сеземіз. Сеземіз  де осындай қасиетті ойды ұрпақтан-ұрпаққа  тұнық, таза қалпында жеткізуге  қызмет істеуге тырысамыз.

 Басқа бір елдің  рухани байлығына, мәдениетіне,  салт-санасына, дәстүрлеріне, материалдық  қазынасына, табиғат байлықтарына  сырттан келген келімсектердің  жаны ашымайды. Қайта сол басып  кірген жерінің бар байлығын  қайтсе де көбірек тартып алуды  меншіктенуді көксейді. Тегін жатқан  байлық, көлденең олжа жаулап  алушылардың көкейтесті арманы. Олар сол жердің негізгі иссінің,  сол жерді ежелден пайдаланушы  халықтың қамын ойлаған емес. Оны қазақ халқының өмірінен  жақсы көруге болады. Келімсектер  тек өз пайдасын көздейді, қалтасын  толтырып, керегін алып, болмаса  ежелгі жерін, суын тартып алып  өз пайдасына жаратып отырады.  Ауыртпашылықтың нешс түрлі тауқыметін  тартатын сол жерлерде ежелден  тұрып келе жатқан халық болады. Тұрмыстың неше түрлі тауқыметін  біздің қазақ елі тартты ғой.  Жерді отарлау басып алу, зорлық, зомбылық жасау, басьш кіру, тартып  алу, халықтың ежелден келе  жатқан тыныштығын бұзу, асу, ату,  өлтіру сияқты жыртқыштық тәсілдерін  бәрін қазақ халқы’басынан өткізді.

 Бір кезде патшалық  Россия үкіметі де қазақ даласын,  оның байлығын, елдің өзіне тиісті  мол қазынасын әр түрлі әдіс-айламен,  кейде күшпен қорқыту, ығыстырумен  ала беруге кешкені белгілі.

 Сонау он сегізінші  ғасырдың аяқ кезінің езінде  қазақ ауылдарына (руларына), Ертістің  оң жағындағы ата мекеніне  көшіп баруға, ол жерлерді пайдалауға, мал бағуға патша үкіметі тиім  салған болатын. Бұл тәсіл күні  бүгінге дейін, өз тәуелсіздігімізді  алғанға дейін бір күнде толастаған  емес. Тегін жатқан мол жайылым  мен шабындықты, үйір-үйірімен ен  далаға симай жатқан құлан  мен тағы жылқының бір түрі  – тарпанды, сол кезде-ақ ақ  патшаның әскерлері меншіктеніп  алған болатын.

 Әуелде «бейбіт» жолмен  келіп, кейбір аға сұлтандарға  атақ-дәреже беріп, өктем күшін  мықтап орнықтырып алған ақ  патша аға сұлтандардың өз  мекендерінен қуып жіберіп отырды. Міне осындай, дала өміріне  енген зорлық-зомбылық күштері,  ежелден келе жатқан салт-сана  мен дәстүрлерді мүлде жойып  жіберді. Халық өз тілінен мәдениетінен  айырыльш қалғанын қазақ елі  жақсы біледі.

 Адам дүниедегі ең  ақылды жаратьшған Биосфера перзені.  Оның қолынан жақсылық та, зұлымдық  та келеді. Қолында малы көп  болып, не ішейін, не киейін  деп ойламаған кезде андар  мен құстарға, жалпы биосфера  компонентгеріне (жерге, суға, өсімдік  әлеміне, жануарлар дүниесінс)  адамгершілік, қайырымдылық, жақсылық  ойлаған. Қазақ елі жайлауы  мен малынан айрылып, амалсыздан  амалсыз аң, балық аулаудың әр  түрлі айла тәсілдерін қолданып  күн көрсе де ежелгі әдет  және аса бағалы ұлттық дәстүрлерінен  ұлы Абайдың «ақырын жүріп  андьш бас, ұстаздық еткен жалықпас»  деген даналы сөзін басшылыққа  алып, қазақ халқы жастарға валеологиялық  білім және тәрбие беруден  бірде-бір күн жалыққан емес.

 Әуелде үш жүзге  бөлінген қазақ халқының мекендейтін  жерлері «мекендеғен жер-суына  қарай олардың салт-сана, әдет-ғүрып  ерекшеліктері, айырмашылықтары  белгілі дөстүрлері болды. Ондайларды  сөйлеген сөзден, киген киімнен,  пісірілген астан, тіккен киіз  үй мен жасау, ер-тоқымнан байқауға  болады.

 Аңшы жабайы андар  мен құстардың өсіп көбеюін,  жүретін жерін, олардың мекендейтін,  жайылатын орнын, жүріс-тұрысын,  дағдысын білумен қатар, олардың  мінезін жақсы білуге байланысты  нәрсе. Осы асыл дәстүрлерді  қазақ халқы балаларына атап  үйретіп отырған.

 Ескі аңшылық дәстүр  бойынша аңның көбіне еркегін  атады да ұрғашысы мен балаларын  атпайды.

 Қай заман, қай ғасырда  болсын қазақ халқында табиғатқа  тағылықпен қарау болған жоқ,  жабайы аңдар мен құстарға  дейін жанашырлықппен қарады. Өзінің  қолда бар, еңбек етіп асыраған  малына қанағат етті. Табиғат  байлығын жеке меншік емес, қоғамдығы,  халықтікі, болашақ ұрпақтікі  деп қарады.

 Қазақ арасында бұрын  «адам топырақтан жаралды» деген  ұғым болғаны рас. Сондықтан  да топыраққа, жерге, тірі жүрсең  де, өлсең де менің деп ықыласпен  қарады. Жерді қазу, шұқылау берекесін  кетіру – бәрі де оны жаралаумен  тең, оның қаһарына душар болу  деген сез — деп ұқты. Осындай  түсініктер жер бетінің бүтін  болуына, топырақтың тозбауына,  көркінің кетпеуіне үлкен себеп  болды. Халықтың еңбек ері,  дүние жүзіне атағы әйгілі, белгілі  дикан, күріш өсіруші Ыбырай  Жақаев: «Мен рахметті жерге айтар  едім, – дейді – өзімді дүниеге  келтірген, маған бақыт әперген,  жомарт төсінде дән дариясын  тасытқан», «Қасиетті Жер-ана  сенсің менің ардақтым!». Міне  бұл сөздер жерді ұқсатуды  кәсіпеткен сол жердің қасиетін, кереметін, «тілін» түсіне білген  адамның сөзі.

 Осындай дәстүрлі ісімен  қазақ ақсақалы аумағы кішігірім  совхоз орталығындай жерден жыл  сайын күріштің дариясын шалқытып  бір рекорттан бір рекордты  туғызып дүние жүзінің күріші  өсірушілеріне өнеге көрсетіп  жүрген болатын. Кейіннен ол  ұлы адам дүние салды.

 

 Табиғаттың ләззатті  көктемін адам баласыньщ ақын  жанды перзенттерінің жырламағаны  жоқ деуге болады. Ақында, жазушы  да, ғалым да, композитор мен суретші  де табиғат көктемінің сан  алуан сырлы сипатын, сұлулығымен  кереметін дәріптеп, анадай аялап,  сәбидей мәпелеп, көне тарих  жолының басынан бері қарай  із қалдырып келе жатқаны баршаға  белгілі жағдай. Кол-көсір байлықтың  тегі-өсімдік дүниесі екенін біздің  қазақ халқы жақсы білген. «Көкті  жұлма — көктей соларсың» деген  нақыл сөзде көк шөпкс деген  жанашырлық қамқорлық, философиялық  терең мағына жатыр. Бұл нақыл  сөз өсімдік қадірін білгендіктен  туған.

 Тамақ, киім, отын, баспана,  құрылыс өндіріс материалдары, дәрі-дәрімек  бәрінде өсімдіктерден алатыны  баршаға белгілі.

 Жерге, өсімдікке деген  ықылас пен көзқарас әрбір  ауылды белгілі бір жолмен, белгілі^  уақытта кешуге, белгілі құдықтың, немесе бұлақтың басына қонуға, малды үйренген жерге жоюға  қалыптастырып үйретті. Осындай  көшу, қону жағдайларына байланысты  мал жайылымы қыстау, жайлдау,  көктеу, күзеуге бөлініп, жылдың  төрт мезгіліңце әр ауылдың  қоныс ететін бслгілі жерлері  болды. Бұл сияқты жерді, өрісті  бөлу ұзақтан, әріден басталғандықтан  атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа  тараған берік қағида, дағдыға  айналды. Әр жүздің, рудың, ауылдың  мал баққан жерлері солардың  ортақ меншіктеріне айналып кетті. Басқа біреудің айтайық бір ауылдың, екінші ауылдың жеріне мал жаюы, немесе, ұлықсатсыз келіп көшіп алуы үлкен дау-жанжалға айналатын болған.

 Абайдың: «Ерте барсам  жерімді жеп қоямындеп, ықтырма  мен күзеуде отырар бай» –  деуі, бір жағынан байдың сарандығын  сықақтаса, екіншіден мал жаятын  жердің қатаң есептелуі екенін, жердің шөбін де тиімді пайдаланудың  қажеттігін көрсетеді.

 Жер бетіндегі өсіп  тұрған өсімдікке шапағатты көзқарас  халықтың қасиетті сезімі қазақ  халқы ұғымында жер өртеу, үлкен  кылмыс. Жер мен оның өсімдігі  заласыз, зардапсыз, пөк әлем. Пісіп тұрған шалғында өртсу  елге деген орны толмайтын  зиян. Сол үшін де даныяшан  Абай «Атың шықпаса, жер өрте»  деген сөзді түйреп, «Жер өртеп  шығарған атың құрысын» дейді.  Көшпелі қазақ ауылдарындағы  үлкендср ертеден-ақ кейінгілерге  «Отпен ойнама» ден өсиет айтқан. Қадірлі өсиетпен тәрбиеленген  қазақ баласы соғыс өртін ешқашанда  тудырған емес.

 Жан иесі ғана емес, жер бетінс шығып көгеріп тұрған  өсімдіктерідің дс тіршілігі  бар. Кесілген ағаштың немесе  жұлынған шөптің аққан сөлі  – көз жасы сияқты жас ағаштың  сынғанын, гүл-бәйшешектің мезгілсіз  жұлынғанын көрсек аяныш білдіреміз.

 «Көкті жұлма, көктей  соларсың», немесе «көктей солғыр»,  «өспегір» деп біреуге лағынет  айту да осындай ұғымынан туғаны  өзінен-өзі белгілі. Әрине мұндағы  негізгі философиялық мағына  тіршілік еткісі келген дүниені  тиіспе, залал келтірме, зақымдама  деген аталы ақыл. Шынына келетін  болсақ өсіп түрған «әдемі  ағаштың, гүл, жеміс» ағаштарының  адам баласына, түрлі жан-жануарларға,  жер көркіне келтірер пайдасы  сан алуан.

 Біреуге риза болғанда  «көсегең көгерсін», «өркенің  өссін» дейді. Қазақ қандай  тамаша жүрекке жылы тиетін  тілек. Халықтын өз туындысымен  түсіндіргенде: «Бұтақ жайған  ағаш қартаймайды, ұрпақ жайған  адам қартаймайды» деген мағынада.

 Оңтүстікте «Атаңнан  мал қалғанша, тал қалсын» деген  создер бар. Әкесінің егіп кеткен  жас шыбығы кейін өсе келе  жемісті, саялы баққа айналып  ұрпағынан-ұрпағына дәулет болып  келе жатқандар да аз еемес.

 Ғасырлар бойы көшіп  жүріп малды жайып, бағу биосфера  компоненттерігі тиімді пайдаланудың  дәстүрлі жолдарын туғызды.

 Ауыл ақсақалдары жұрттың  шаңы шығып, тақырға айналып  кетуіне жол бермегсн. Құлындар  байлайтын желілерді, қозылар  көгенделінетін көгендерді ауыстырып  отыру әдетке айналдырған өмір  тәжірибесімен істелген мұндай  жұмыстардың табиғатты қорғау  жөнінен ғылыми негізі бар.  Шөп тамырымен жойылса, ондай  жерге ендігі жылы шөп шықпай  қалады. Жұртты тақырға айналдырып  жіберу табиғатты орынды пайдаланбағанның, жерге жаны ашымағаның ісі.

 Сондықтан да ауыл  қонып отырған жұртты тоздырмай,  қарайтып шаңын шығармай тұрып  көшу басқа жерге жүрт аударып  отыру, ел көшкен кезде қазылған  жер ошақ, шұңқыр, апандарда көміп  тегістеп, кететін қазақ шаруаларының  ежелден келе жатқан аса бір  пайдалы дәстүрі. Бұндай жаңашырлықтың  бүгінгі шаруашылыққа да үлкен  пайдасы тиеді.

 Жайылым мен жердің  жасыл шебі ғана емес, қазақ  дәстүрінде орман-тоғайды қорғау  мен пайдаланудың да өзіндік,  қағидалары бар. «Ағаш көркі  жапырақ адам көркі шүберек»  деген нақыл сөзде, адам меп  ағашты бірдей тіршілік ететін  табиғат деп қараудан туған.

 Көшпелі елдің өмірі  бөлек-салақ, күнделікті тұрмысқа  қажеті жоқ артық заттардан  аулақ болуды талап етеді. Керегі  жоқ болса, ағашты кеспеу, шөпті  шаппау, бүлдірмеу, жемейтін болсаң  жемісті үзбеу сияқты толып  жатқан «обалға» барып тірелетін  өсиет кеңінен таралғанын да  білеміз.

 Орман-тоғай арасынан  қазақ шаруалары қажеті үшін  жеміс беретін ағашты әсте  кеспеген. Жерімізде бар табиғат  байлықтарының кейбірінің осы  күндері аса мол болуы, біздерден  бұрын осы жерді мекендсген  адамдар еңбегінің жемісі. Әрбір  ұрпақ өзінен бұрын өмір сүрген  ұрпаққа сын көзімен қарайтыны,  басым болады. Ол да зандылық. Ондағы мақсат – өткен қателікті  қайталамау.

 Қазақтың дәстүрлі  өсетін – өсімдіктерді «жұлма»,  «өртеме», «таптама», «кеспе» деп  ғасырлар бойы қолдағы барды  сақтағысы келсе, ендігі ұрпақ  өскелең өмірдің бар мүмкіншіліктерін  қолдана отырып, табиғатты одан  әрі мол да. Көрікті, сүлу да  берекелі ету үшін шел даланы  құлпырған орман алқаптарына  айландыруда.

 Табиғат қоры адам  үшін тегін дүние сияқты. Бірақ  табиғатта керексіз, қалай болса  солай жұмсап пайдалана беретін,  не ысырап қыла беретін тегін  ештеңе жоқ. Бәрінің де өз  міндеті керек орны бар. Қандай  зәт болмасын, өзінің молшьшығымен  бағалы. Молшылықты қадірлемеу, бағаламаудан  тапшылықтың тақсіретін тартқан  кездерде болған. Міне халық сол  өмір тәжірибесінен дұрыс қорытынды  шығармағандықтан «ой шырағым,  байқа, ағып жатқан суды тегін  деме, судың да сұрауы бар»  деген даналық сөз тастаған  үрпағына.

 Қазақ халқының суды  қадірлемеу, қорламау жөнінде де  неше түрлі аталы сөздер естиміз.  Талшыбықты ат қып мініп ойнап  жүрген балаларға ата-анасы, үлкендер  «суды сабама», «бұлақты лайлама», «көң-қоқырды су басынан аулақ  төк», «суды сапырма» деп жасынан  үйретеді. Осы сөздерден тегінде  су тазалығын сақтауға қаншама  мән берілгендігін көреміз.

Информация о работе Этнопедагогика (ұлттық дәстүр)