Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес Фразеологизмдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Сентября 2013 в 17:54, курсовая работа

Описание

Жалпы кез-келген ғылымда қарама-қарсылық ұғымы кеңінен сипатталынып, ауқымды түрде түсіндіріледі. Аталмыш ұғым туралы ғылыми бастама ежелгі замандарда ғылымдардың атасы философия ілімінде өте күрделі категориялар қатарынан орын алған. Сөйтіп ғылымның психология, логика, лингвистика салаларында өзіндік сипатқа ие болды. Тілдегі қарама-қарсылық ұғымының пайда болуының негізі философиядағы “қарама-қарсылықтың бірлігі мен күресі заңынан” бастау алады.

Содержание

Кіріспе .................................................................................................
3

І
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес


Фразеологизмдер ................................................................................
5

1.1.
Қарсы мәндес фразеологизмдердің зерттелу тарихы .....................
5

1.2.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес


фразеологизмдердің жасалу жолдары ..............................................
11

1.3.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі лексикалық антонимдер мен


фразеологиялық антонимдердің айырмашылықтары мен


ұқсастықтары ......................................................................................
12

ІІ.
Қос тілдегі фразологиялық антонимдік-синонимдік


парадигмалар ......................................................................................
14

2.1.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі антонимдік


фразеологизмдердің болымсыздық категориясымен байланысы .
14

2.2.
Қарсы мәндес фразеологизмдердің полисемия құбылысымен


байланысы ...........................................................................................
16

2.3.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес


фразеологизмдердің контексте орын алуы ......................................
19


Қорытынды .........................................................................................
22


Қолданылған әдебиеттер ...................................................................

Работа состоит из  1 файл

Сакен курсовая.doc

— 219.00 Кб (Скачать документ)

 Қуану ↔ қайғыру антонимінің фразеологизмде ұшырасатын антонимдік

 қатарын жинақтасақ, ол төмендегідей болады:

 қуану қайғыру

әйелі ұл тапқандай  қуану   ↔  әкесі өлендей қайғыру

тұла бойы алып ұшу   ↔  жүрегі от боп жану

бөркін аспанға  ату   ↔  қан жұту

жерден жеті қоян тапқандай қуану ↔ сары уайымға салыну

бойын құаныш билеу  ↔  көкірегі шерге толу

екі құлағы езуіне жету  ↔  қайғымен қан жұту

қуаныштан жүрегі жарыла жаздау ↔ қағыдан улану

Aғылшын тіліндегі to be rich ↔ to be poor антонимдерінің фразеологизмде ұшырасатын антонимдік қатары мынадай сипатқа ие:

 to be rich to be poor

be well off ↔ be badly off

live like a fighting cock ↔ live on air

get on the world ↔  fall on evil days

in easy street ↔  in deep waters

in low keep ↔ in bad keep

 Қос тілдегі лексикалық  антонимдер мен фразеологиялық  антонимдердің бірінші ұқсастығы  – олардың семантикалық категориялармен  тығыз байланысты болуында. Екінші  ұқсастығы – лексикалық антонимдердегі сияқты фразеологиялық антонимдерде аралық дәнекер ұғым болады.

 

ІІ тарау 
Қос тілдегі фразологиялық антонимдік-синонимдік парадигмалар

 

2.1 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі антонимдік фразеологизмдердің болымсыздық категориясымен байланысы

 

Этномәдени лексиканы құрайтын сөздер фразеологизм құрамында жұмсалып, концептуалдық мән туғызады және доминант ретінде жұмсалады. Олар қатысымдық мағынаның өрісін кеңейтіп, қатысымдық бірліктердің аксиологиялық моделін құрайды. Этностың мәдени өмірін, болмысын, ұлттық ерекшелігін, этникалық танымның тілдегі көрінісін ашатын тұрмыс-салт жырлары қатысымдық бірліктердің этноментальды моделін түзеді. Ақиқатты бейнелеу, білімді сақтау, жаңа білім алу, арнаулы ақпарат беру қызметіндегі сөздер қатысымдық бірліктердің гносеологиялық моделін жасайды. Табиғат пен адамзат дүниесінің әсемдігін танытатын, қабылдаушы санасына ерекше тілдік кодты ашатын мәтіндер метаментальды модельдер жүйесін құрайды.

Қос тілдегі қарсы  мәнді фразеологизмдердің синонимия, полисимия сияқты семантикалық және болымсыздық категориясымен байланысы көрсетілді. Сонымен қатар, қарсы мәнді фразеологизмдерді анықтау құрылымдық ерекшеліктері негізінде емес, тұрақты тіркестердің мағынасын салыстыру, қарсы қою нәтижесінде пайда болады (А.И. Алехина, Л.Н. Зимина, С.А. Быкова, Е.Н. Миллер, Ж. Мусин) деген бағыттағы пікірді басшылыққа алып, қос тілдегі қарсы мәнді фразеологизмдерде ортақ және қосымша компоненттердің болатыны туралы мәселелер талданды.

Антонимдер мен синонимдер туралы зерттеуші З.Г. Лукина: “Антонимдік жұптардың қалыптасуына синонимдердің тигізер ықпалы өте зор”, [4, 105.] – деген тұжырым жасайды.

1. Фразеологизмдердің  бір қатарлы антонимдік-синонимдік  топтары. Мұнда бір фразеологизмге синонимдік қатардағы фразеолгизмдер түгелдей антоним болып келеді:

 

қаз.:

 көңілі көтерілу  көңілі құлазу


 

 көңілі  жер болу 

 


 көңілі  жүдеу

 


 иығы жауыр  болу 

 

aғыл.:

 keep one’s temper lose one’s temper


   


lose one’s hair


   

to be out of temper

   


 to be in bad humour

 

2. Фразеологизмдердің екі қатарлы антонимдік – синонимдік топтары.

Байланыстың бұл түрінде  синонимдік фразеологизмдердің екі  қатары алынады да, бір-бірімен аноним болып жұмсалады.

Қаз.:

 айтқан сөз құлағынан ағып кету ↔ айтқызбай-ақ түсіну;

 айтқан  сөз құлағынан ағып кету ↔ ернінің емеурінінен білу;

 айтқан  сөз құлағынан ағып кету ↔  құлағының тесігі бар;

 немесе:

 бас десе  құлақ деу ↔ айтқызбай-ақ түсіну;

 бас десе  құлақ деу ↔ ернінің емеурінінен  білу;

 бас десе  құлақ деу ↔ құлағының тесігі  бар;

Ағыл.:

 be in health ↔ be in poor;

be in health ↔  feel seed;

be in health ↔  keep one’s bed;

 немесе:

 be red about the gills ↔ be in poor;

be red about the gills ↔ feel seed;

be red about the gills ↔ keep one’s bed.

 Синоним фразеологизмдер  мағына жағынан бiр-бiрiне жақын болғанымен, үнемi бiрiнiң орнына бiрi колданыла бермейтiнiн ескерген жөн. Ой жүгiртiп карасаңыз, әр синонимдiк фразеологизмнiң аздап болса да өз бояуы-сыры бар екендігіне көз жеткіземіз.

Тіл біліміндегі тұрақты  тіркестерге барлық құбылыстар тән. Бұл тараушада тіл біліміндегі фразеологизмдердің болымсыздық категориясымен байланысы сарапқа салынады. Жалпы тілдегі қайшылықты ұғымдар мен қарама-қарсы ұғымдардың ара-жігі ажыратылып, олардың қызметі мен сипаттары талданады. Фразеологиялық антонимдер жасауға негіз болатын – болымсыздық аффикстері деген тұжырымды Е.Н. Миллер. З.Г. Ураксин ұсынады. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологиялық антонимдерге бұл құбылыс тән бе деген мәселе анықтауды қажет етеді. Тіпті болымсыздық аффикстерінің лексикалық антонимдерге қатысы жалпы тіл білімінде зерттеушілердің қайшы пікір таласын тудырды. Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің ішінде : бағы жану – бағы жанбау (бақытты - бақытсыз); бас ию – бас имеу (мойынсұну - мойынсұнбау); көз іліндіру – көз іліндірме (ұйықтау - ұйықтамау); селт ету – селт етпеу (қорқып кету – қорықпау); ыңғайы келу – ыңғайы келмеу (орайы табылу – оралымы жоқ); кіріптар болу – кіріптар емес (тәуелді – тәуелді емес); бой салды – бой салдырмау (сенді - сенбеді); бүйірі шығу – бүйірі шықпау (тою - тоймау); сабыр қылу – сабыр қылмау (шыдам-төзім білдірді – шыдам-төзімі құрыды); сөз беру – сөз бермеу (уәде байласты – уәде байласпады).

Осы аталған жұптар антоним  болады ма, жоқ па деген сауал  туындайды. Берілген мысалдағы фразеологизмдер  – ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе, аффикстері арқылы жасалған. Бұл аффикстер жаңа сөз тудыра алмайды, тек сөз түрлендіруші жұрнақтар ретінде қызмет атқарады.

Aғылшын тілінде төмендегідей  фразеологиялық тізбектерді кездестіруге  болады: of much account – of no account; on account – on no account; have a ballast – have no ballast; play one’s cards – not to play one’s cards; stand a chance – stand no chance; be a stranger to smth – be no stranger to smth; have no feeling – have a feeling; have a great future – have no future; come to good – come to no good; be in a hurry – be in no hurry.

 Көрсетілген қарсы  мәндес фразеологизмдер “no”  немесе “not” сөздері арқылы  берілген. Мұнда да сөз тудырушы  жұрнақтардан жасалғандықтан антонимдік  қасиетке ие бола алмайды. Мәселен, have a great future - have no future сөзбе сөз: “болашағы зор - болашағы жоқ” деген мағынаны білдіріп тұр. Have a great future фразеологизмі have no future тіркесінің мағынасын жоққа шығарғанымен, адамға тән жаңа сипат бере алмайды. Аталмыш фразеологизмге қарсы мағынада have a bleak future (сөзбе сөз: “болашағы бұлыңғыр”) тұрақты сөз тіркесі сәйкес келеді.

 Демек, әр сөздің  болымсыз формасын жасауға болады, алайда оны қарама -қарсылықпен  шатастыру қате. Себебі тілдегі  «болымсыздық» қайшы ұғымдармен  сәйкес. Қазақ тіліндегі болымсыздық аффикстері мен ағылшын тіліндегі no, not сөздері фразеологиялық антонтимдер жасауға негіз болмайды.

 

2.2. Қарсы мәндес фразеологизмдердің полисемия құбылысымен байланысы

 

Тіл білімінде тұрақты  сөз тіркестерге көп мағыналы құбылыстың қатысы жөнінде ғалым Ә. Қайдаров пен Р. Жайсақованың: “Полисемия негізінен лексикалық бірліктерге тән құбылыс. Бұл құбылыс фразеологиялық бірліктерде ұшырасады. Бірақ лексикалық бірліктер мен фразеологизмдерде көп мағыналықтың туындауының себептері бірдей емес”, [6, 10.] – десе, Ю.Р. Гепнердің айтқан пікірі жоғарыдағы тұжырымдарға қайшы келеді. Ол: “Фразеологизмдердің бір қасиеті – онық мағына тұрақтылығы, бір ғана мағыналығы болып танылады. Көп мағыналы бола алатын лексикалық бірлік – сөзбен салыстырғанда, бұл қасиет фразеологиялық бірліктерге тән емес”, [7, 102.] – деп тұжырымдайды.

 Дәл осы мәселені  терең зерттеген ғалым В.П.  Жуков: Фразеологизмдердің көп  мағыналы құбылысы ақиқат және  болуға тиісті нәрсе екенін  нақтылай айтқан болатын. [8, 43.].

 Біздіңше, фразеологизмдерде үнемі бір мағынада жұмсалатындығымен қоса, бірнеше мағынада жұмсалатындары кездеседі.

1. Көп мағыналы фразеологизмнің  бір мағынасының антоним болуы.  Қазақ тілінде: қолға түсіру тіркесінің 1) ұсталды, тұтқындалды; 2) тап болды, табылды деген көп мағыналары бар. Бұл фразеологиялық бірлік алғашқы мағынасында тұрып, қолдан шығып кету фразеологизмімен антонимдік жұп құрады. Have a thick skin ағылшын тіліндегі тұрақты тіркесі 1) to accept criticism (айтылған сынды қабылдай білу), 2) to be not sensitive (ешнәрсені сезінбеу) секілді екі мағынаны білдіріп, алғашқы мағынасына сәйкес have a thin skin тұрақты тіркесіне антоним ретінде жұмсалады.

Көп мағыналы тіркестердің әр мағынасының бір мағыналы фразеологизммен  антоним болуы. Қазақ тіліндегі: беті бері қарау тіркесі:

1) аурудан  айыға бастау; 2) ашуы тарады мағыналарын білдіреді, осы мағыналар негізінде беті бері қарау (1) ↔ сары жамбас болу, беті бері қарау (2) ↔ ашуға булығу деген қарсы мәндегі фразеологиялық жұптар жасалады.

 

ағыл.:

 

 әлсіз, күші жоқ,  арық ↔ as strong as a horse


 

 as weak as water “аяқ қолы балғадай болу”


 

 

 еріксіз,  мейірімсіз ↔ as hard as a flint

 

“ тастай қатты, қатігез”

 

2. Көп мағыналы фразеологизмнің  мағынасы келесі көп мағыналы  фразеологизмнің әр мағынасына  қарама-қарсы келеді. Мыс, қазақ тіліндегі: сабасына түсу тіркесі 1) су бұрынғы қалпына келді, 2) ашу ызасы басылу деген мағыналарды білдірсе, сабасына сыймау тіркесінің 1) су ернеуінен асу, 2) ашу ыза кернеді деген көп мағыналары бар.

Ағыл.:

off the track ↔ be in the track off smb


 


“жолын қумау” “жолын қуу”

 

be off the be on the


 

 

scent scent

 

 go off the track ↔ on the right track

 “жаман жолға түсіп кету” “дұрыс жолға түсу”

«Қазақ және ағылшын  тілдеріндегі қарсы мәндес фразеологизмдер  және контекст» атты үшінші бөлімде контексте қарсы мәнді фразеологиялық тіркестердің қолданылу сипаты мен олардың стильдік фигуралар арқылы берілуі, прагматикалық қызметі жайлы мәселелер қамтылады.

Қарама-қарсылық құбылысындағы  контекст ұғымы. Р.С. Әміров сөйлемнің ой-пікір алысу үшін жұмсалатын тілдік тұлға екендігін айта келе, сөйлеу үстінде оның құрылысы, құрамы сөйлесу ситуациясына, контекстке бағынышты болатындығын айтады. Ғалым: “Сөйлесу ситуациясы дегеніміз – пікір алысудың диалог, монолог түрінде болуына байланысты. Контекст – сөйлемнің ой айту үстінде басқа сөйлемдермен қатынасты болуы”, [9, 52] – дейді.

Айтылған тұжырымды  сараптай келе, контекст тіл мен  адамның сөйлеуіне қатысты белгілерді түгелдей қамтидығына көз жеткізуге  болады. Сөйтіп, контекст ұғымын “мәтіннің  бөлігі” немесе “мәтіннің аяқталмаған бөлігі”, тұрақты сөз тіркесінің сөйлем не мәтіннің ішінде түсіндірілуі, қолданылу сипаты, деп түсіне аламыз.

Әр тілдің өзіндік  ерекшеліктері бар. Ғалымдардың  пікіріне сүйенсек, ағылшын тілінде  лексикалық антонимдер ғана контексте  жұп болып қолданылады, ал бір сөйлемнің ішінде антоним фразеологизмдердің қатар келуі мүлдем ұшыраспайды. “Ағылшын тілінің антонимдер сөздігінің” авторы В.Н. Комиссаров осы тілдегі антонимдердің контексте 5-түрлі жолмен қолданылатынын көрсетеді:

Контекстің 1-түрі: қарсы мағыналарының жалпылығымен ерекшеленеді (барлық А/ немесе Б).

Контекстің 2-түрі: мағыналарды тура мәнде қарама-қарсы қоюмен ерекшеленеді (А-Б емес, керісінше В).

Контекстің 3-түрі: альтернативтік мағына арқылы ерекшеленеді (А немесе В).

 Контекстің 4-түрі: контрастық сипаттың болуы арқылы ерекшеленеді (А деген Б, ал В керісінше Г).

Контекстің 5-түрі: айқын құрылымдық формуланы игермейтін қарапайым жұптардың бірге қолданылумен сипатталады [10, 8.].

Бұл топтастыру өзге тілдерде де антоним сөздердің контексте қолданылу сипатын анықтауға негіз болды.

Антонимдер сөздер сияқты фразеологиялық антонимдердің де мән-мағынасын, қызметі мен тұлғасын контексте  анықтай аламыз. Бұл ретте тіл  білімінде: “Фразеолгизмдердің бір  сөздің балауына жүре беретіндігі, еркін сөз тіркестермен омонимдес болатындығы белгілі. Сондықтан да сөзге тән мағыналық құбылыстар фразеолгизмдерге де жат емес. Контекстің фразеолгизмдерге әсер-ықпалына осы тұрғыдан келген жөн”, [11, 41.] – деген ойды да кездестіруге болады.

 Фразеологизмдердің мәнінің ашылар тұсы – контекст ауқымы. Өйткені, тіркестер де сөздер сияқты көп мағыналы, қарсы мағыналы, мәндес мағыналы болып келеді. Сол себептен де, фразеологизмнің білдіретін мағынасын, тұлғасы мен қызметін тек контексте ғана анықтау мүмкіндігі туындайды.

3.3. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес фразеологизмдердің контексте орын алуы

 

Қазақ және ағылшын тіл  білімінде фразеологиялық антонимдерді зерттеудегі өзекті мәселелердің бірі – олардың контексте көрінуі. Сондықтан фразеологиялық бірліктердегі антонимияны контексте қолданылу аясына қарай анықтау маңызды деп танимыз. Контекст – тұрақты тіркестердегі қарама-қарсылықты анықтаудың негізгі критерийлерінің бірі болып табылады. Фразеологиялық антонимдерді контекст ауқымында қарастыру, олардың стилистикалық қасиетін анықтауға, фразеологиялық бірліктердің арасында болуы мүмкін антонимдік өзара қатынастардың формаларын ажыратуға негіз бола алады. Фразеологизмдердің антонимдік қатынасын көркем шығарма тілінде айқын және нақтырақ болып келеді. Контексте фразеологиялық антонимдерді ұтымды қолдана білу жазушы шеберлігімен тығыз байланысты. Олай болса, фразеологиялық антонимдердің көркем шығармада қолданылуына қатысты мысалдарды топтастыра келе, олардың контексте қолданылу формаларының екі деңгейін көрсетеміз:

  1. Тар көлемдегі фразеологиялық антонимдік контекст;
  2. Кең көлемдегі фразеологиялық антонимдік контекст деп қарастыруды ұйғардық.

Информация о работе Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес Фразеологизмдер