Алтынсарин тұңғыш қазақ педагогы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 09:10, доклад

Описание

Ежелгі түркілердің арғы ата-тегі саналатын сақтар - қазіргі Қазақстан, Орта Азия мен Шығыс Түркістан жерін біздің заманымыздан бұрынғы (қысқаша - б. з. б.) бірінші мыңжылдықта мекен еткен ежелгі тайпалар. Көне грек тарихшылары сақтарды «скифтер» немесе «азиялық скифтер» деп те атағаны мәлім. Ал парсылар сақтарды кезінде «сақ», «сақа», «саға» деген. Осыған орай, сақтар елін «Сахстан» деп те жазатын болған.

Работа состоит из  1 файл

айкоша.doc

— 291.00 Кб (Скачать документ)

Батыс ғұн империясының атақты королі Ругила 434 жылы қайтыс болды. Патша өлген соң мемлекет билігі оның немере інілері Бледа мен  Аттиланың қолына тиді. Ругила патшаның Мыңзық және Ақтар деп атапатынекі інісі болатын. Аттила – Мыңзықтың баласы, ал Бледа – Ақтардың ұлы еді. Ғұндар империясын біраз уақыт қос патша (Аттила мен Бледа) басқарып тұрды. Ақыры патша тағына Аттила отырды. Бұл кезде Батыс ғұн империясының астанасы Паннония (Венгрия) жеріндегі Аттилабург (Еділқала) қаласына көшірілген еді.

Ардви-Сура бұрын өзін менсінбей, елемей жүрген ақын Паурваның  көзіне сұлу қыз бейнесінде көрінеді: ажарлы әрі сымбатты, Аса тым инабатты, Сұңғақ та түзу жүрісі, Жандь Гбрітеді күлкісі. Дәстүрге сай көркем киінген, Алтын тоқыма көйлегі Тізеден төмен бүрілген. Тал шыбықтай иілген, Су құдайы - Ардви Жас сұлу болып көрінген.

«Авестаның» су құдайы жайындағы  бесінші яштының екінші бөлімінде  Ардви-Сураға қандай құдайлар, әулиелер, батырлар келіп тағзым еткені, Су құдайының құрметіне көптеп құрбандық шалынғаны жырланады.

Настра тайпасынан шыққан бір батыр өзеннен өте алмай  қысылып қалған сәтте Ардви-Сураға мінәжат жасап, одан көмек сұрайды. Сонда Су құдайының мейірімі түсіп, батырға жол ашып береді.

Өзен екіге бөлінді, Ортасы жол боп көрінді. Жауынгер бұған шаттанып, Өзінше мәз мақтанып. Жолмен кетті аттанып.

Ал осы бесінші яштының  қорытынды бөлімінде Ардви-Сураға кімдердің, қандай өтініш жасап келгені  көркем тілмен баяндалады. Бұл яшт  Су құдайының: «Игі жақсыларға тағзым етейік!» - деген сөзімен аяқталады. Ардви-Сураға арналған яшт көркемдік теңеу мен көркемдік қиялға, түрлі сипаттама эпитеттерге, әсерлеп айту әдістеріне мейлінше бай болып келеді.

«Авестадағы» көлемі жағынан ең үлкен, мазмұны тұрғысынан ең бай жырдың бірі -Митраға арналған ән ұран. Митра - келісім-шарт құдайы ретінде бейнеленген ежелгі тайпалар жайлауларды, өзендер мен көлдерді, орман-тоғайларды белгілі бір тәртіп бойынша, яки жеке-жеке тайпалар арасында өзара келісім-шартқа отыру арқылы пайдаланатын болған. Міне, осындай келісім-шартты бұзу тайпалар арасындағы жанжалға, көбінесе дерлік қанды соғыс әрекеттеріне алып келіп отырған. Сол себепті келісім-шарт құдайы Митраның рөлі өте жоғары саналған. «Авестада» Митраның өзі мейлінше адал, сөзінде тұратын, әділ адамды қолдайтын, келісім-шартты бұзғандарды аяусыз жазалайтын бейне ретінде көрінген. Митра келісім-шартты бұзбауға шақырады. Бұған Митраның әділетті Заратуштраға қарата айтқан мынадай сөздері дәлел: айтқан сөзге берік бол, Сатқындарға қатал бол, Жақсыларға адал бол. Келісімді бұзбаған, Екі жаққа тиімді, Әділдікке ел сүйінді.

Келісім-шарт құдайы Митраға  тағзым ету, оған арнап дұға оқу, оның бұйрығын орындау барлық тайпа адамдары үшін қасиетті парыз саналған. Бұл  парызын өтемеген күнәлі пенделер қүдайдың қаһарына, қарғысына ұшырайды деп түсінген.

«Авестадағы» келісім-шарт қүдайы Митраға арналған әнұранның  негізгі идеясы уәдеде тұру, келісімге  адал болу, өтірік айтпау, әділдік үшін жан пида ете білу болып табылады. Ал мұның өзі адам бойын-дағы ең мәртебелі, мейлінше жоғары да ізгі қасиеттердің бірі екені мәлім.

Сонымен, «Авеста» - зороастризм  ілімінің негізгі қағидалары баяндалған киелі кітап. Сонымен бірге «Авеста» ежелгі замандарда өмір сүрген ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігінен, салт-дәстүрінен, наным-сенімінен, діні мен ділінен, көркемдік талғамынан, т. б. мол мәлімет беретін рухани, әдеби жәдігерлік болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. ТҮРКІ  ЖАЗБА ЖӘДІГЕРЛІКТЕРІ (УІІІ-ІХ ғасырлар)

«Күлтегін»  және «Тоныкөк» жырлары

Ұлы Түрік кағанаты Сақтар мен ғұндардан кейін тарих сахнасына шығып бүкіл дүниені дүр сілкіндірген халық ежелгі түркілер болды. Олар батысында Византия елімен, оңтүстігінде Персиямен, тіпті Үндістанмен, ал шығысында Қытаймен шектесіп жататын орасан үлкен мемлекет құрды. Ұлы Түрік мемлекеті осылайша өмірге келді.

«Түрік мемлекетінің құрылуы бүкіл адамзат тарихында  белгілі дәрежеде бетбұрыс кезең  болды. Түркілердің қоғамдық өмірі  мен әлеуметтік институттарының  күрделі түрлері қайран қалдырады: ел, меншіктің сатылық жүйесі, шеңцериерархиясы, әскери тәртіп, елшілік дәстүрі, соңдай-ақ көрші отырған елдердің идеологиялық жүйелеріне қарсы қоятын, мұқият әзірленген дүниетанымның болғандығы таң қалдырады», -деп жазады Л. Н. Гумилев (23, 4-5). 

Рас, әрбір халықтың тарихы қадым замандардан, тіпті есте жоқ ежелгі дәуірлерден басталады. Әйтсе де әрбір халық өз тарихын белгілі бір датадан, белгілі бір оқиға болған кезден бастауды жөн көреді.

Мәселен, Римдіктер өз шежіресін Римнің негізі қаланған күннен бастайды. Арабтар болса Мұхаммед пайғамбардың Меккеден Мәдинаға көшкен жылынан бастап есептейді. Ал француздар өз тарихын ұлы Карлдың империяны бөлген жылынан, яғни 843 жылдан бастайды.

Ал ежелгі түркілер үшін мұндай дата 545-ші жыл болды. Иә, дәл  осы жылы Үлы Түрік қағанаты өмірге келген еді. Сөйтіп, түркілер өздерінің тұңғыш мемлекетін құрды. Тек құдіретті Күнге ғана, Көк аспанға ғана табынып, тағзым ететін Көк түріктер сол күннен бастап-ақ аспан түстес көк байрағын желбіретіп, алғаш рет өздерін ресми түрде бүкіл әлемге танытты.

Ұлы Түрік қағанатының шынайы шежіресі, таңғажайып тарихы бұдан он үш ғасыр бұрын қағазға емес, құлпытастарға қашап жазылған. Оны жазған Түрік қағанатының қабырғалы бектерінің бірі, өз дәуірінің кемеңгер ойшылы, шешендік сөздің жүйрігі, ұлы ақын Йоллығ тегін еді. Бүкіл түркі елін егемендік пен азаттыққа, ерлік пен бірлікке үндейтін бұл дастандардың әрбір әрпі мәңгі өшпестей етіліп, үлкен-үлкен құлпытастарға қашалып жазылған. Демек, бұл дастандар бұдан он үш ғасыр бұрын Түрік мемлекетінде болған сан қилы оқиғаларды бүгінгі күнге ешбір өзгеріссіз, айна-қатесіз күйінде жеткізіп отыр.                                                                  

Дәл осы арада біз  кейбір елдерде әр патшаның тұсында  қайта-қайтақағазға көшіріліп, бертін келе «саясатнамаға» айналып кеткен «шежіре» яки «жылнама» дастандар да бар екенін ескерте кеткеніміз жөн.

Ұлы Түрік қағанатын  ешбір жау әскер күшімен жеңе алмағаны тарихта жақсы жазылған. Алайда жұдырықтай жұмылып отырған  түрік елінің ішіне жау жағы ғасырлар бойы іріткі салып келді. Мұны істеген табғаш (Қытай) елі еді. Ақыры Ұлы Түрік қағанаты екіге бөлініп, бірі – Шығыс түрік қағанаты, ал екіншісі Батыс түрік қағанаты деп аталып кетті.

Орхон-Енисей ескерткіштерінің зерттелуі.          Енисей өзені аңғарынан құпия жазуы бар құлпытастар (ескерткіштер) табылғаны туралы алғашқы хабарды Н. К. Видзен, С. У. Ремезов, сондай-ақ Сібірде айдауда жүрген швед офицері И. Т. Страленберг пен немістің белгілі ғалымы Д. Г. Мессершмидт, т. б. бергенін XVIII ғасырдың бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз.

Скандинавия халықтарының тілінде «рунь», яғни «руна» деген  сөз қазақша аударғанда «сыры  ашылмаған», «қүпия» деген мағына береді. И. Т. Страленберг өзі тапқан құлпытастардағы бұрын-соңды тарихта  белгісіз болып келген, ешкім түсінбейтін  жат жазуды өз елінің тілінде руна жазуы деп атаған еді. Бұл тіл білімінің термині ретінде бертін келе кеңінен тарап кетті.

Орыс География қоғамының  Шығыс Сібір бөлімі 1889 жылы Монғолияға арнайы экспедиция ұйымдастырды. Оны  белгілі орыс саяхатшысы әрі ғалымы Н. М. Ядринцев басқарып барып, Орхон өзені аңғарынан «құпия» жазуы бар үлкен-үлкен екі ескерткіш тапты. Осы құлпытастардағы белгісіз жазулардың сырын ашу үшін В. В. Радлов 1891 жылы сонда барып, бірқатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Бұл кезде Финляндия  археологиялық қоғамы да Енисей өзені бойына, Минусинск қаласына екі мәрте ғылыми экспедиция жасап қайтқан еді. Сөйтіп, 1892 жылы Петербург пен Гельсингфорста орыс және фин ғалымдары жасаған экспедицияларының жұмыс қорытындысы туралы есептері баспасөзде жарияланады. Ғалымдар ескерткіштегі жазуларды суретке түсіріп, атлас жасаған еді.

Алайда бұл руна жазуының құпиясы көпке дейін ашылмай-ақ қой-ды. Ескерткіштердегі жазуды ешкім  оқи алмады. Ол туралы әр түрлі болжам айтыла бастады. Бұл жазудың түп  тамыры ежелгі грек мәдениетіне қатысты деушілерде, оны ежелгі монғол жазуы, фин жазуы, скиф-славян жазуы деп жорамалдаушылар да жазудың сырын ғылыми негізде ашып бере алмады.

Ақыры 1893 жылғы қарашаның 25-і күні Дания корольдік Ғылым  академиясының мәжілісінде Вильгельм  Томсен ғылыми әлемді дүр сілкіндірген мәлімдеме жасады. Ғалым Орхон мен Енисей өзендері бойынан табылған ескерткіштердегі құпия жазуды оқудың кілтін ашқандығын хабарлады. Сондай-ақ ол бүл ескерткіштер түркі халықтарының тілінде жазылғанын мәлімдеді. Ғалымның ең алдымен оқыған сөздері «тәңірі» және «түрік» деген сөздер екен.

Дәл осы кезде академик В. В. Радлов та өз бетінше ізденіп, руна жазуының он беске жуық әрпін анықтап  алған еді. Арада көп уақыт  өтпей-ақ, В. В. Радлов Орхон өзені  бойынан табылған үлкен тастардағы мәтінді толық оқып, сонан соң оны аударып шықты.

Солтүстік Монғолиядағы Орхон өзені бойынан Н.М.Ядринцев тапқан ескерткіштер Шығыс Түрік  қағанатының он жетінші қағаны Білге  қаған (алғашқы аты Могилянь) мен  қағанның інісі, даңқты әскери қолбасшы Күлтегін қабірлеріне қойылған орасан құлпытастарға қашап жазылған ұзақ жыр жолдары еді.

Сөйтіп, руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен  Енисей өзендері алқабынан табылды. Осыған орай руна жазуының өзін бертін келе «Орхон-Енисей» жазуы деп  атап кетті. Бұл жазуды тілі мен сипатына қарай бағалап, оны көне түркі жазуы деп те атай береді.

Белгілі орыс саяхатшысы әрі ғалымы Н. М. Ядринцев көне түркі  ескерткіштерін іздестіруді осымен шектеп қойған жоқ. Тағы да іздене түсті. Ақыры 1891 жылы Монғолияның Онгин деген өзен алқабынан тағы бір қүлпытасқа бедерлеп жазылған ескерткіш тапты. Бұл кейінірек ғылымда «Онгин ескерткіші» деп аталып кетті. Көп ұзамай-ақ түрколог ғалымдар Онгин жәдігерлігін де оқып шықты. Сөйтсе,

әлгі тастағы жазу түрік елінің атақты қағаны Білге қаған мен оның інісі Күлтегіннің әкесі мен шешесіне, яғни Елтеріс қаған мен Елбілге қатынға қойылған ескерткіштер екен.

Кейінірек сол маңайдағы  Селенга өзені аңғарынан түрік  елін билеген бірнеше қағанның кеңесшісі  болған, данышпан қарт Тоныкөк құрметіне қойылған ескерткіш табылды. Оны тапқан ағалы-інілі Клеменцтер еді. Іле-шала түркологтар Тоныкөк ескерткішін жан-жақты зерттей бастады.

Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін оқу, басқа тілдерге аударма жасау  және ғылыми мәтінін дайындау ісіне  В.В.Радлов, В.В.Томсен, Ю.Немет, X.Н.Оркун, т.б. орыс және еуропа ғалымдары қыруар мол үлес қосты. Әсіресе көрнекті ғалым С.Е Маловтың бұл саладағы еңбегі ерекше зор болды. Ол көне түркі жазуындағы мәтіндердің орыс тіліне дұрыс тәржіма жасалу жағына көбірек назар аударады. С.Е.Малов бір қатар аудармаларға едәуір түзетулер енгізді. Ең бастысы - осы мәтіндерге тарихи және филологиялық тұрғыдан түсінік-сипаттама берді.

Көне түркі тілі мен  әдебиетін зерттеушілер әсіресе  Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк  ескерткіштеріне көбірек назар аударды. Бұларды бірнеше Еуропа тілдеріне, орыс тіліне, қазіргі түркі тілдеріне тәржіма жасады. Өйткені бұл жәдігерліктер-түркі тектес ежелгі ру-тайпалардың рухани өмірін бейнелеген көркем әдебиет туындылары болып табылады. Осы аталған үш әдеби ескерткішті бүгінгі әдебиеттану ғылымы тұрғысынан зерттеуде кеңес ғалымы И. В. Стеблева еңбегінің аса жемісті болғанын ерекше атап көрсету керек. Ол түңғыш рет көне түркі тіліндегі жырлардың поэтикасын, өлең құрылысын, ұйқасын, ырғақ пен шумағын, тармақ пен бунағын, т. б. теориялық тұрғыдан зерттеп, бұл жайында бұрын-сонды айтылған түрлі болжам пікірлерді белгілі бір ғылыми жүйеге келтірді. Әсіресе оның ежелгі түрік сөз зергерлерінің образ жасау әдістері, әдеби-эстетикалық байыптаулары, көріктеу құралдары, тарихи шындық пен көркем шындық жайындағы концепциялары туралы айтқан ой-пікірлері бүкіл әдебиеттану ғылымына жаңадан қосылған сүбелі үлес болды.

Жуырда Орхон жазба  жәдігерліктерін ұзақ жылдар бойы түбегейлі  зерттеп келе жатқан білікті ғұламалар  Мырзатай Жолдасбеков пен Қаржаубай Сартқожаұлының бірлесіп жазған іргелі зерттеуі жарық көрді. «Орхон ескерткіштерінің толық Атласы» деп аталатын кітапта «Еуразия Ұлы Даласына үш ғасыр бойы билік жүргізген, мәңгілік ел орнатуды көксеген, өздерінің тарихын, дүниетанымын, даналығын, ой-санасын, болмысын, жазу өнерін, ел басқару жүйесін, ата дәстүрін өшпестей етіп тасқа қашап кеткен, сөйтіп, өркениетке, адамзат мәдениетінө асыл қазына қосқан байырғы түріктердің мұралары түгел қамтылған.

Атласта Монғолия-Чехия, Монғолия-Түркия (ТИКА), Монғолия-Кеңес Одағы біріккен экспедицияларының, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті экспедициясының материалдары, сондай-ақ әлем түркітанушыларының ғасырдан астам уақыт жүргізген зерттеулерінің қорытындысы пайдаланылған.

Атлас авторлары байырғы түрік мәтіндерін қайта көшіріп, қайта оқыған, бұрынғы зерттеушілердің қателері түзетілген, түпнұсқа мәтінінің жаңа транскрипциясы, жаңа аудармасы жасалған, жаңа түсініктемесі берілген: кешенді тарихи-мәдени мүралар Атласта тегіс қарастырылып, олардың археологиялық сипаттамасы, планы, фото, сызба суреттері тұңғыш рет толық берілген» (38, 4). Орхон ескерткіштері туралы мүндай түбегейлі зерттеу түркология ғылымы саласында бұрын-сонды жазылмаған еді.

Бумын қаған. Түрік қағанатының негізін қалаушылардың       бірі – Бумын қаған. Ол 542 жылдан бастап, 558 жылға деиін түрік елінің қағаны болған.

Бумын қаған мен оның інісі Істемі қаған тұсында түрік  қағандығы мейлінше күшейіп, «төрт  бұрыштағы барлық дұшпандарын» жеңеді. Қағанаттың жерін ұлғайтып, халқын көбейтеді.

Информация о работе Алтынсарин тұңғыш қазақ педагогы