Алтынсарин тұңғыш қазақ педагогы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 09:10, доклад

Описание

Ежелгі түркілердің арғы ата-тегі саналатын сақтар - қазіргі Қазақстан, Орта Азия мен Шығыс Түркістан жерін біздің заманымыздан бұрынғы (қысқаша - б. з. б.) бірінші мыңжылдықта мекен еткен ежелгі тайпалар. Көне грек тарихшылары сақтарды «скифтер» немесе «азиялық скифтер» деп те атағаны мәлім. Ал парсылар сақтарды кезінде «сақ», «сақа», «саға» деген. Осыған орай, сақтар елін «Сахстан» деп те жазатын болған.

Работа состоит из  1 файл

айкоша.doc

— 291.00 Кб (Скачать документ)

«Оғыз-қаған» дастанының зерттелу тарихына қысқаша тоқталып өтелік. Оғыз қаған  туралы аңыз-әңгімелер мен тарихи шын-дық жайында кезінде В.В.Радлов, Г.Н.Потанин, П.Пелльо, И. Н. Березин, Л. Лигети, Ю. Немет, Н. Я. Бичурин, В. В. Бартольд, А. М. Щербак, А. Н. Кононов сияқты зерттеушілер сан алуан құнды пікірлер айтқаны мәлім. Бұл пікірлердің бәрін түйіндеп айтсақ, төмендегі жәйттерге келіп саяды. «Оғыз-қаған» эпосының ауызша тараған нұсқалары негізінде кейінірек қайта жазылған екі түрлі нұсқасы бар. Бірі ұйғыр әрпімен көшіріліп жазылған. «Оғыз-қаған» дастанының осы нұсқасы Париждің ұлттық кітапханасының қорында сақталып келеді. Ал екіншісі араб әрпімен жазылған. Оғыз батыр туралы аңыздардың араб әрпімен жазылған нұсқасының авторы - атақты тарихшы, белгілі әскери қолбасшы, Хиуаның ханы Әбілғазы бин Араб Мұхаммедхан (1603-1663). Тарихшы-ғалым ретінде Әбілғазының жазып қалдырған екі еңбегі бар. Бірі -«Шежіре-й терекіме» («Түркімен шежіресі»), екіншісі - «Шежіре-й түрік» («Түрік шежіресі»). Бұл екі шығармасы да Оғыз хан жайында деуге болады. Бұлар Оғыз батырдың ерлік-жорықтары, оның ұрпақтары атқарған игілікті істері; оғыз тайпаларының шығу тегі, тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, т. б. туралы болып келеді. Әбілғазы жазған «Түрік шежіресінің» түпнұсқасы бізге сол күйінде жетпеген. Бұл шығарманың әр уақытта, әр жерде, әр түрлі хұснихатшылар тарапынан көшірілген жеті нұсқасы сақталған. Белгілі орыс түркологі А. Н. Кононов соның бәрін жинап, егжей-тегжейлі зерттеді, ғылыми негіздегі мәтінін әзірлеп, бір ізге түсірді, әрі оны орыс тіліне аударып шықты. Әбілғазының «Түрік шежіресінде» жер бетінде адамзаттың пайда болуы, Оғыздың тууы, патшалық етуі, оның жорықтары, Оғыз батырдың өз еліне оралып, үлкен той жасауы, Оғыз ханның үлкен ұлы Күн ханның таққа отыруы, оның өзіне қарасты жиырма төрт аймақты інілері мен балаларына бөліп беруі, Оғыз ұрпағының таңбасы мен тамғасы, т. б. туралы ғажайып хикаялар айтылады. Мұның бәрі бірдей аңыз емес. Шежіреде түркі елінің ежелгі тарихына тікелей қатысты нақты деректер де көп. Соның бәрін автор тарихшы ретінде ғана емес, көркем сөз зергері ретінде де шебер бейнелеп, әңгімелеп береді.

Әбілғазы өз шығармасының жазылуы жайында айта келіп: «бұл кітапты біз «Түрік шежіресі» деп атадық. Бізге дейін түріктердің тарихын жазғандардың бәрі халыққа өзінің таланты мен өнерін көрсету үшін араб сөздерін араластырып, сондай-ақ парсы сөздерін қосып жазды, түркі тілін ұйқасты қара сөзге айналдырып жіберді. Біз ондай ешнәрсе істеген жоқпыз. Өйткені бұл кітапты оқитын яки тыңдайтын кісі, әрине, түрік болатыны хақ. Әрбір адамға түсінікті болу үшін түрікпен түрікше сөйлесу керек қой», - деп жазады(10, 36).

Ал «0ғыз-қаған» дастанының ұйғыр әрпімен жазылып, Париждің ұлттық кітапханасында сақталып келген нұсқасын тілдік түрғыдан зерттеп, оған ғылыми түсініктеме берген ғалым түркі тілдерінің көрнекті маманы А. М. Щербак болды. Ол «Оғыз-қаған» дастанының транскрипцияланған мәтінін дайындады, оны орыс тіліне жолма-жол аударма жасады.

Әрине, Оғыз батыр жайындағы  аңыздардың жоғарыда біз айтқан екі  нұсқасы сюжеті жағынан бір-біріне жақын. Дегенмен, әрқайсысының өзіндік  ерекшеліктері де бар. Мәселен, Оғыз қағанның билік пен байлықты өз балаларына бөліп беру эпизоды екі нұсқада екі түрлі суреттеледі. Ұйғыр әрпімен жазылған нұсқасында алтын садақ пен күміс жебелердің бар екенін ұлы Түрік түс көріп біледі. Ал «Түрік шежіресінде» садақ пен жебені нөкерлер құмға көміп тастаған болып шығады.

Әбілғазы «Түрік шежіресін» жазу үстінде атақты Рашид-ад-диннің шежіре кітабындағы кейбір мәліметтерді пайдаланған. Сонымен бірге тарихшы-ғалым  біздің заманымызға дейін сақталмаған, яғни бүгінгі ғылымға белгісіз бірқатар шежірелермен кезінде жақсы таныс  болған сияқты. «Түрік шежіресі» оғыздар жайындағы нақты тарихи деректерге мейлінше бай екені даусыз.

«Оғыз-қаған» дастанының біз атап кеткен екі нұсқасынан басқа  да бірқатар варианттары бар. Мәселен, Оғыз жөніндегі деректер атақты тарихшы  Хондамирдің (1475-1535) «Хуласат ал-ахбар» («Тарихи мәліметтер жинағы») атты еңбегінде де бар. Ал енді Стамбул нұсқасында «Оғыз-қаған» аңызы «Қорқыт ата кітабымен» біріктіріліп берілген. Шынында да «Оғыз-қаған» мен «Қорқыт ата кітабының» кейбір тұстары өзара үндесіп жатады. «Оғыз-қаған» аңызынын,бұлардан басқа да көптеген нұсқалары бар. Әйтсе де соның бәрі біз жоғарыда атап айтқан екі нұсқаның бірінен үйғыр әрпімен көшірілген Париж нүсқасына немесе араб әрпімен көшірілген Әбілғазы нұсқасына әкеліп саяды. «Оғыз-қаған» дастанының ұйғыр әрпімен көшірілген нұсқасы тарихи шежіреден гөрі көркем шығармаға жақын. Сондықтан біз енді негізінен «Оғыз-қаған» дастанының ұйғыр әрпімен көшірілген нүсқасын әдеби-тарихи тұрғыдан танып-білуге әрекет жасадық.

Міне, «Оғыз-қаған» дастанының осы біз айтып отырған нұсқасы тілі көркем, көріктеу құралдары сан түрлі, композициялық құрылысы ширақ жасалған, бейнелі, қанатты сөздерге бай болып келеді. «Оғыз-қаған» дастанының Париж Ұлттық кітапханасында сақталған нұсқасы көлемі жағынан онша үлкен емес. Қолжазба небәрі 21 парақ немесе 42 бет болып келеді. Әрбір бетке 9 жолдан ғана жазыл-ған. Мұның өзі кездейсоқ жәйт емес, «Оғыз-қаған» дастаны өзінің композициялық құрылысы жағынан жазба әдебиеттің ғажайып үлгісі болып табылатын «Күлтегін» жырына өте-мөте ұқсас деуге болады. Тегінде түркі халықтары ауыз әдебиетінде шығарма сюжетін баяндап айтып берудің қалыптасқан өзіндік жүйесі болған сияқты. Бұл дәстүр эпостық туындыларда ғана емес, сонымен бірге жазба әдебиетте де өз жалғасын тапқан. Бұған «Оғыз-қаған» эпосы мен «Күлтегін» жырын өзара салыстыра отырып көз жеткізуге болады. «Күлтегін» жырында суреттелетін күллі оқиғалар рет-ретімен жүйеленіп, мазмұндалып, бірнеше топтамаға (цикл) бөлініп-бөлініп берілген. Мәселен, мұнда Бумын қаған, Істемі қағандардың таққа отыруы, ел-жұртын басқаруы, айналасындағы жаулармен соғысуы, жеңісі, қартайып о дүниелік болуы, бірақ «ұлдары әкесіндей болмағаны», біліксіз қағандардың ел басқарғаны, жеңілісі, ақыры ел билігіне Білге қаған мен Күлтегін батырдың келуі жеке-жеке топтама бойынша баяндалады.

Дәл сол сияқты «Оғыз-қаған» дастанында да әрбір циклдың өзі  үш элеменгті қамтиды, олар: біріншісі  –оқиғаның басталуы; екіншісі – оқиға желісінің ұлғайып, өрістеуі; үшіншісі – оқиғаның түйіні, қорытындысы.

Міне, осы тұрғыдан алып қарағанда, зерттеуші Қ. Өмірәлиевтің «Оғыз-қаған» дастанын сюжеттік желісіне орай, шығарманың ішкі табиғатына сәйкес түрде 17 циклға бөліп қарастыруы ерекше назар аударады. Мүнда әрбір*циклға қойылған тақырыптың өзі-ақ сол циклда айтылатын оқиғаны толық аңғартып тұрған сияқты. Атап айтқанда: Оғыз қағанның тууы мен балалық шағы баяны; Оғыз қаған-ның жігіт болуы және ерлік көрсету үшін аттану баяны; Оғыз қағанның үйлену баяны; Ай, Күн, Жұлдыз, Тау, Көк, Теңіз деген балаларының тууы баяны; Оғыздың қаған болуы және үлкен той жасауы, төрт тараптағы елдерге елшілер жіберуінің баяны; Оғыз қағанның Урум қағанға қарсы аттануының баяны; Оғыз әскерін көк бөрінің бастап жүруінің баяны; Оғыз қағанның Урум қағанмен соғысы баяны; Урум қағанды жеңуі және елін қарату баяны; Оғыз қағанға Урусбектің ұлы Сақлаптың тарту-таралғымен келу баяны; Оғыз қағанның Етіл суынан өтуі. Етіл суынан өту амалын тапқан ұлуғ Орду бекке Оғыз қағанның «Қыпчақ» деп ат беру баяны; Оғыз қағанға көк бөрінің екінші рет келуі баяны; Оғыз қағанның Шауқартаң атының жоғалуы және ол атты белгісіз ердің Мұзтауынан табуы баяны; Оғыз қағанның тағы ілгері жол шегуі, жолай бір алтын сарайға кездесуі, осы сарайды ашқан ерге «Қалач» деп ат беруі баяны; Оғыз қаған қолын көк бөрінің үшінші жолы бастап жүруі баяны; Одан әрі Оғыз қолының Шүршіттермен соғысуы, жеңуі баяны; Оғыз қаған қолына ұрыста көп олжа түскені баяны; Олжаны алып жүру үшін қаңға жасаған шеберге «Қаңғалуғ» деп ат бергені баяны; Оғыз қағанның Көк бөрі бастап Сынду, Таңғут, Шағам жұрттарына аттануы және ол жұрттарды жеңуі баяны; Оғыз қағанның күнтүстіктегі Барақа деген жердегі Масар қағанға қарсы аттануы, Масар қағанды жеңуі, өз жүртына қайта жүруі баяны; Оғыз қағанның аян айтатын жырауы Улуғ Түріктің түс көруі және бұл түсін Оғыз қағанға айтып жоруы баяны; Оғыз қағанның балаларын аң аулауға жұмсау баяны; Балаларының жолай алтын жай және үш күміс оқ тауып алуы, оны аталарына алып келуі баяны; Оғыз қағанның ұлы құрылтай шақырып, бектерін, ел-жұртын жиып той беруі баяны; Балаларына жұртын бөліп беруі баяны; Оғыз қағанның өсиет сөзі (84, 203-213).

«Оғыз-қаған» дастанында діни-мифологиялық көріністер едәуір орын алған. Алғашқы қауымдық құрылыста  өмір сүрген адамдар өзін қоршаған табиғаттың дүлей күші жайында сан  қилы аңыздар шығарғаны мәлім. Сол  рулық-тайпалық қоғамда адамдар тобының шығу тегін белгілі бір табиғат қүбылыстарына немесе кейбір жануарларға тікелей байланысты деп қараған. Көрнекті ғалым Н. Я. Бичурин көне түркілер жөніндегі аңыз-әфсаналарға сүйене отырып, түркілер өздерін көк бөріден тарағанбыз дейтін ойын дәлел етеді. Көне қытай жазбаларына сүйенген ғалым түркі тайпаларының Көк тәңірге табынып, жақсылықты да, жамандықты да Көктен, яғни аспаннан күтетінін айтады(109, 230). Бұл сөзімізге Оғыз қағанның үйлену салты және оның Ай, Күн, Жұлдыз, Тау, Көк, Теңіз деп балаларына ат қоюы дәлел. Мәселен, дастанда бір күні Оғыз батыр Көк тәңірісіне жалбарынып отырған сәтте көктен бір жарық сәуле жарқ етіп жерге түседі. Батыр әлгі жерге барып қараса, Көктен түскен нұрлы сәуленің ішінде бір ғажайып сұлу қыз отыр екен. Бүл туралы «Оғыз-қаған» дастанында былай деп жырлайды:

Қараңғылық түсіп, Көктен бір көк жарык, түсті. ...Осы жарықтың арасында Жалғыз қыз отыр. (82, 38)

Ежелгі түркі аңыз-әфсаналарында  бақытты болатын адамның төбесінен  нұр-шуғыла жауатыны туралы көп айтылады. Бұл дәстүр түркі халықтарының ерлік дастандарынан да орын алған. Мәселен, қырғыздың «Манас» эпосында болашақ батыр Манас та жолына нұр төгілген, ал өзін көкжал бөрі қоршап, қорғап жүрген қаһарман болып келеді:

Арқасында баланың

Қара көк жалы көрінді:

...Нұр төгіліп жолына

Бәрі ойлаған баланың

Манас деп аты табылды. (79, 118)

Манастың есіміне жиі  қосылып айтылатын теңеулердің  бірі - «көкжал бөрі». «Манас» эпосының басынан аяғына дейін басты қаһарманды ұдайы «көкжал Манас» деп атайды. Бұған «Манас» эпо-сынан бірнеше мысал келтірейік:

Туылғандан шер болгон

Атағы чығып далайға

Қабылан көкжал эр болгон. (141, 27)

Немесе:

Манастын қырқ чоросу

Көсөө куйрук көк бөру

Көкжал эрдин жөөкөрү...

Көкөр болсоң көк жалаң

Көк жолборстой чамыңып. (141, 27-28)

«Манас» эпосын зерттеуші ғалым Р. 3. Қыдырбаева өзінің «Генезис эпоса «Манас» атты еңбегінде қадым заманда түркілердің көк түске ерекше мән беруінің себебі адамдардың мистикалық наным-сеніміне байланысты болса керек деген пікір айтады (141, 27-28).

Алайда бертін келе көк  түске байланысты теңеулердің мән-мағынасы тереңдей түседі. Енді «кцк іьгк» сөзі «үстемтоп», «аристократия» мағынасында қолданыла бастайды. Көк түріктер дәуірін зерттеуші ғалым А. Н. Бернштам бұл туралы: «Будучи этнонимом, термин іык чаше всего был связан с понятием господствующей прослойки тюркского общество, почему и вступал, как правило, с высоким эпитетом «голубой» и«небөсный», - деп жазады (112, 85). Бұл туралы «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырларын талдау барысында кеңірек тоқталатын боламыз.

Ал қазақтың батырлық жырларында халық қамын ойлап, елді сыртқы жаудан қорғауға белін буып кірісетін жанкешті қаһармандар қашанда жарық нұрдан жаралған болып келеді. Мәселен, «Қобыланды батыр» жырының бір нұсқасында мынандай жыр жолдары бар:

Асыл нұрдан жаралған

Қыдырбай шалдың еркесі

Қара қыпшақ Қобыланды. (13, 18)

Оғыз қаған Үрім қағанға  қарсы соғысқа аттанған кезде  оның әскерін көк бөрі бастап жүреді. Оғыздың әскері тынығып жатқан бір  сәтте батырдың шатырына көктен нүр-сәуле түседі. Сол сәуле ішінен бір көкжал қасқыр шыға келеді. Көкжал бөріге табанда тіл бітіп, Оғыз қағанға айтады:

«Ай, ай Оғыз!

Үрім үстіне сен аттанар  боларсың!

Ай.ай Оғыз!

Қызметіңде мен жүрер  болармын!» - дейді (82, 40-41).

Ал «Қобыланды батыр» жырында қазақтың алып батыры өзінің қарсыласы Шошай хан туралы:

Көк шекпенді көк бөрі -Қызылбастан хан Шошай. Менен туған ұл болсаң, Бөкенбай, қалма артынан! -

дейді (13, 19).

Мұнда Қобыланды батыр  өзінің қарсыласы Шошай ханның қазақ  елі үшін осал жау емес екенін меңзеп айтып отыр. Мұндай көркемдік дәстүр қырғыз елінің «Манас» эпосында да өз көрінісін тапқан. Мұнда Манас батырдың келбеті, дүлей күш-қайраты Оғыз батырды еріксіз еске түсіреді. Бұл сөзімізге төмендегі «Манас» эпосынан келтірілген жыр жолдары дәлел:

Каны бир кара, бети көк, Боору чыбыр, сырты көк,

О, мына чоң тай саркер әди

Батыр бир Манасын  сурасан, -

Көкжал бир дөбөт бөру эди. (141, 28-29)

Сонымен, бүкіл түркі  тілдес халықтардың ортақ мұрасы болып табылатын «Оғыз-қаған» дастаны  мен қазақтың батырлық жырларының арасындағы дәстүрлі көркемдік байланыс бар екенін айқын көреміз. Шынында да Оғыз батыр жайындағы дастан мен қазақтың батырлық жырлары арасында сюжеттік, стильдік, образдық, тілдік ұқсастықтар мол болып келеді. Айталық, Оғыздың жанкешті ерлігі қазақтың кезінде жоңғар қалмақтарына қарсы шыққан жаужүрек батырларын еріксіз еске салады.

Оғыз батырдың Көк  тәңірге табынып отырған сәтінде  аспаннан шұғылалы нұр-сәуле түсіп, ішінен сұлу қыздың жарқ етіп шыға келуі  немесе көктен түскен көгілдір нұр  ішінен көк бөрінің шыға келіп, Оғыз әскеріне жол бастауы сияқты көріністер қазақ ауыз әдебиетінде де жиі ұшырайтын бейнелер болып табылады. Ал мұның өзі кездейсоқ ұқсастық емес, сан ғасырлық тарихы мен тағдыры тығыз байланысып жатқан оғыз және қыпшақ тайпаларының этностық туыстығынан туындайтын объективті құбылыс.

«Аттила» дастаны. «Аттила» дастаны – Батыс ғұн империясының әміршісі, есімі әлемге әйгілі әскери қолбасшы, Қыпшақ даласының перзенті Еділ (Аттила) батырдың Еуропаға жасаған жауынгерлік жорықтарын тарихи деректер мен аңыз-әфсаналар негізінде баяндайтын қаһармандық жыр. Еділ батырдың есімі сол кездегі латын тілінде, дәлірек айтсақ, Рим империясының мемлекеттіктілінде «Аттила» деп аталып кеткен. Әйтсе де оны әр елде әр түрлі атаған. Мәселен, Аттиланы немістің ежелгі батырлық жырларында «Эціл» десе, Скандинавия халықтарының тілінде - «Атли», қытай тілінде - «Этил», қазақ жырларында - «Еділ» деп атайды.

Аттила (400-454 жылдар) есімінің түп-төркіні, түбірі Еділ (Волга) өзенінің атымен байланысты болып келетіні даусыз. Ежелгі түркі тілі бастауларының  бірі саналатын ғұн тілінде Еділ өзені әр кезде әр түрлі (Ател, Итил, Еділ, т. б.) аталып келгені мәлім.

Информация о работе Алтынсарин тұңғыш қазақ педагогы