Адамгешілік тәрбие туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 11:44, реферат

Описание

Адамның адамгершілік атты асыл қасиетті игерген мәдениетті, нағыз адам болып өсуі, әр халықтың ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиесін бойға сіңіруіне байланысты.
Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, әдептілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен ардақталады. Халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келген ұлттық дәстүрін жас ұрпақтың бойына сіңіру, оларды имандылыққа, адамгершілікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді мақсат етіп қойған.

Содержание

I. КІРІСПЕ БӨЛІМ............................................................................................3
Адамгершілік тәрбие туралы түсінік.......................................................3
Курстық жұмыстың мақсаты....................................................................6
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ............................................................................................7
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу...................7
Адамгершілік тәрбиесінің әдіснамалық негізі.......................................11
Оқу-тәрбие процесінде адамгершілікке тәрбиелеу жолдары...............15
Халықтық педагогика арқылы тәрбиелеу...............................................25
Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу – басты мақсат......................29
III. ІС ТӘЖІРИБЕ..............................................................................................31
IV. ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................36
V. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................................................38

Работа состоит из  1 файл

referattar.kz_122381694.doc

— 204.50 Кб (Скачать документ)

Бастауыш сынып оқушыларының тебіреністері, олардың қуаныштары мен реніштері, ең алдымен оқуға  байланысты. Оқу кітаптарынан мақалалар, әңгімелер, өлеңдер, ертегілер оқу  және талдау адамдардың жағымды қылықтарын балалардың түсінуіне және бағалай білуіне көмектеседі. Балалар оларға түсінікті түрде әділеттілік, адалдық, жолдастық, достық, қоғамдық борышқа адалдық, гуманизм, патриотизм мен интернационализм мәселелері жөнінде баяндалатын мақалаларды оқып талқылайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Адамгершілік  тәрбиесінің әдіснамалық негізі

 

«Адамға ең бірінші білім  емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз  берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне  апат әкеледі» деген ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидің көрегендік сөзі егемен қазақ елі үшін де тәрбие саласындағы бағдарламаларды мемлекеттік тұрғыдан қайта көз үшін де тәрбие саласындағы бағдарламаларды мемлекеттік тұрғыдан қайта көз сүзіп қараудың қажеттілігін алға тартып отыр. Қуана айтар жайт, Республика бойынша оқушылардың мектеп, оқу орындарында білім алуы, мектептердің ішкі жағдайының жақсаруы техникамен, көрнекі құралдармен, жиһаздармен жабдықталуы біршама шешілген мәселе. Дегенмен тілімізге, дінімізге қайта мойын бұрған кезде ұлы көшке тосқауыл болар көп кедергі пайда болғаны анықталып отыр. Олар: болашақ ұрпағымыздың ана тілін білмеуі, салт-дәстүрді қадірлемеуі, әке-шешесін, баласын тастап кетуі, арақ ішу, наша тарту, ұрлық сияқты жағымсыз қасиеттердің етек алуы. Сондықтан еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру негізгі мақсатымыз.

Қазақ энциклопедиясында, «адамгершілік тәрбиесі – тәлім-тәрибенің  ықпалды әсері мен моральдық  сананы қалыптастырудың, этикалық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы»,- деп ұғындырылады. Кейбір еңбектердегі анықтамалар адамгершілік тәрбиесінің негізгі бөліктерін атап көрсетумен шектелген. Мәселен, В.В.Макаев адамгершілік тәрбиесі мынадай негізгі бөліктерден тұрады дегенді айтады:

а) адамгершілік түсініктерді, ұғымдарды, идеяларды қалыптастыру;

ә) адамгершілік сезімдерді қалыптастыру;

б) адамгершілік сенімдерді қалыптастыру;

в) мінез-құлық  дағдылары мен әдеттерді қалыптастыру;

г) өзін-өзі  тәрбиелеу;

д) жағымсыз ықпалдарға, теріс әсерлерге қарсы тұра білу іскерлігін қалыптастыру.

Адамгершілік тәрбиесі оқшылардың нақты жас ерекшелігіне қойылатын талаптардың көлемі, мазмұны, тізбегі жөніндегі түсінік негізінде  анықталады.

ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақстан күрделі тарихи бетбұрыстар  мен қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді. Бұл кезеңде рухани адамгершілік дамудың жаңа бағытын айқындау көзделіп отыр. Сондықтан да бүгінгі таңда барлық әлемде, сонымен қатар біздің елімізде де жеке тұлға дамуының қалыптасуына жаңаша көзқараспен қарау айқындалуда. Осыған байланысты дүниежүзілік өркениеттілік қауымдастықта қазіргі адамгершілік тәрбиесінің негізіне оқушылардың және ересектердің тұлғалық дамуына ықпал жасайтын принциптер мен әдістер алынған. Атап айтатын болсақ, оларға: байқау, әңгімелесу, шығарма, сұрақ-жауап, тест жүргізу, сауалнама алу т.б.б әдістер жатады. Әрбір мұғалім Қазақстан Республикасының үшінші мыңжылдықтағы жаңа әлеуметтік мәдени жағдайына орай, адамгершілік тәрбиесінің мақсатына, мазмұнына, түрлеріне, әдіс-тәсілдерінің ауқымды өзгерістеріне байыптап қарап, бағамдау үшін оқушыларға тәрбие берудің тарихи-философиялық, педагогикалық проблемаларына аса зор мән берген жөн.

Балада адамгершілік нышаны тым жас кезінен бастап-ақ пайда бола бастайтындығы белгілі. Адамгершілік сезімдері мен сананың  алғашқы белгілері баланың мектепке дейінгі жасынан-ақ оянып, дами береді. Бұл қасиеттер баланың топта, ұжымда басқа балалармен бірігіп істейтін істерінде, түрлі ойын үстіндегі бір-біріне қамқорлық жасауы мен қарым-қатынасынан көрінеді де, дамып отырады. Бала бойында бірте-бірте қалыптаса бастаған адамгершілік дағды мектеп жасына келгенде белгілі ұйымдасқан ұжым ішінде оқу арқылы әлеуметтік өмірмен, Отан алдындағы өз борышын өтеумен келіп ұштасады.

Балаларды мектепте оқытудың алғашқы күнінен-ақ, бірінші сыныптықтардың қоршаған өмір туралы әртүрлі түсінікпен келетіндігі, мораль туралы ұғымдары да, мінез-қырлары мен әдептері де әр басқа екендігі анықталады. Кейбір балалар құрбылармен тату-тәтті ойнайды, керек болса, ойыншықтарын беруге де даяр. Ал енді біреулері сырттап жүреді.

Мектепті бітіргеннен  кейін адам мінездің жаңа сапаларын  игермейді, қайта бұрынғыларын шыңдай түседі немесе түзетеді. Сол себепті  балалардың мектептегі адамгершілік тәрбиесі өте шеңберлі болуы керек. Мектеп балаларын адамгершілікке тәрбиелеу  міндетін шешуде тәрбиеші мен сынып жетекшілері аса зор роль атқарады.

Адамгершілік тәрбиесі күрделі де қайшылыққа толы процесс. Тәрбие ісінде тұқым қуалаушылық, орта және тәрбиешілер талаптары арасындағы қайшылықтармен есептесуге тура келеді. К.Д.Ушинский: «Біз табиғи бейімділігімізге сәйкес келетіннің бәрін жеңіл де оп-оңай меңгереміз, ал оған қайшы немесе жат нәрселерді қиыншылықпен қабыылдаймыз, ойда нашар сақтаймыз, тек ұзақ уақытқа күш-жігердің арқасында ғана өз табиғи мінезімізге айналдырамыз» деген болатын. Бұл ойдың дұрыстығына әрбір тәрбиеші өз тәжірибесінен көз жеткізеді. Мінез-құлықтағы қалыптасқан дағдыларды жоғары жаңа талаптар негізінде қайта құру әрқашан қиындықпен іске асады. Адамгершілік тәрбие процесінде мектеп оқушыларының мұраттары мен моральдық тәрбиелілік дәрежесі арасындағы қайшылықты есепке алудың маңызы зор. Алайда, қушының моральдық мұқтажы мен оны қанағаттандыру мүмкіндіктері мен тәсілдері арасындағы қайшылық негізгі қайшылық болып табылады. Егер бала жақсы өнегеге еліктесе, оның дамуы жемістірек болады. Тәрбиеленушінің қолданған әрекеті мен қажеттік арасында сәйкессіздік – оқушыны кездескен қиындықты жеңуге, сөйтіп мақсатқа жетуге мәжбүр ететін күшті туғызады.

Педагогика ғылымы өзін-өзі  тәрбиелеудің аса маңызды жолдарын көрсетіп берді. Ол өзін-өзі білуден, өз басын жақсартуға ұмтылып, тілек білдіруден басталады. Оқушылардың өзін-өзі білуден, өз басын жақсартуға ұмтылып, тілек білдіруден басталады. Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу тілегін туғызу, бұл әлі оларды өзін тәрбиелеудегі белсенді жұмысқа қосқандық болып есептелмейді, өзін-өзі тәрбиелеудің дұрыс жолдарын белгілеуде тәрбиеші балаларға көмектесуі қажет. Өзін-өзі адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеуде өзіне-өзі бұйыра білудің маңызы зор. Оқушылар өз басын тәрбиелеудің бұл әдісін қызыға қабылдайды және қуана қолданады. Олар тұрғысы келмеген кезде де, өзіне-өзі төсектен тұруға, барып душ қабылдауға, ойынды қойып, сабағын орындауға бұйрық бере алады. Алайда кейде оқушылар өзіне-өзі бұйыру әдісін қолданғанымен, одан тез қол үзіп кететіні де болады. Сондықтан тәрбиеші балалар өзінің жеке басын жетілдіруде бұйрық беру әдісін қолданып жүргенін мезгіл-мезгіл қадағалап отыру қажет.

Мектеп оқушыларында қалыптастырылатын моральдық қасиеттер  бір-бірінен бөлек емес. Олар бірімен-бірі тығыз байланыста және біріне-бірі өзара тәуелділікте қалыптасып дамиды. Ұжымшылдық достық пен жолдастық сезімдерін туғызады. Олай болса бұл қасиеттік сапаларды бір-бірінен бөліп тастауға болмайды екен. Мұның мәнісі – адамгершілік қасиеттер бәрі дерлік бір мезгілде қалыптасады деген сөз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Оқу-тәрбие  процесінде адамгершілікке тәрбиелеудің  жолдары

 

Адамгершілік тәрбиесі балалар арасындағы тәрбие жұмысының  барлық буындарында, сабақта, оқу және еңбек процесінде, эстетикалық және дене тәрбиесінде жүзеге асырылады.

Сабақ үстінде оқушылар арасында белгілі бір іскерлік және адамгершілік қатынастар үнемі туып, пайда болып отырады. Сыныптың алдына қойған жалпы танымдық міндеттерді шеше отырып, оқушылар өзара араласады, бір-біріне ықпал жасайды. Мұғалім оқушылардың сабақтағы әрекеттеріне қатысы бар талаптар қояды: басқаларға бөгет жасамау, бір-бірін ықыласпен тыңдау, жалпы жұмысқа қатысу және оқушылардың осы бағыттағы імкерліктерін бағалайды. Сабақтағы бірлескен әрекет үстінде бастауыш сынып оқушыларында ненің жақсы, ненің жаман екендігі жөніндегі түсінік қалыптасады.

Осы орайда 2 сыныптағы  ана тілі пәні бойынша М.Мағауиннің «Шаңқа» мәтінін оқыту барысында  оқушыларға адамгершілік тәрбиесін  бойларына сіңіру мақсатында оқытудың сын тұрғысынан ойлау технологияларын  пайдалана отырып, өткізілетін сабақ жоспарын ұсынамын.

 

Сабақтың тақырыбы: Шаңқа

Сабақтың мақсаты:

      1. «Шаңқа» әңгімесінің мазмұнын саналы түрде меңгерту барысында оқушылардың талдау әрекетін енгізуі;
      2. Оқушылардың шығармашылықпен ойлау қабілетін дамыту;
      3. Оқушыларды қамқорлыққа, қайырымдылыққа, достыққа тәрбиелеу.

Қажетті көрнекіліктер: плакаттар, автордың портреті, қима сөздер, суреттер.

Әдістері: Сұрақ-жауап, өз ойын ортаға салу, бақылау.

 

Қолданылатын  технология түрі:

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту»  технологиясының стратегиялары: 1) Ой шақыру.   2) Түсіндірме күнделігі. 3) Топтастыру; 4) 5 жолдан тұратын қорытындылау тақпағы; 5) Эссе.

Типі: Жаңа сабақ.

Түрі: топпен жұмыс.

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру.

Лирикалық шегініс.

Сәулелі сөз сөне ме?!

Орны бөлек батаның.

Бізге тәлім-өнеге – 

Ақ тілеуі атаның.

Ойға тоқы, парқын сез,

Ата сөзі – алтын сөз.

Н.Айытов «Алтын сөз» өлеңінен.

Психологиялық дайындық

Балалар бір-бірімен амандасып, бір-біріне жылы лебіз білдіреді. Оқушыларды топқа бөліп, бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстырамын.

А) Қызығушылығын ояту кезеңі.

Ой шақыру (1 минут). Оқушыларға үйге берілген М.Әлімбаевтың «Сөз құдіреті» өлеңін мәнерлеп оқытып, сыпайы сөйлеу үшін осы өлеңнен қандай сөздерді пайдалануға болатынын сұрау: балқаймазтай тәтті сөз, Абай айтқан ақын сөз, Байыржандай батыл сөз, өз анаңдай жұмсақ сөз.

ІІ. Мағынаны тану кезеңі.

Сабақтың мақсатымен таныстырып, «Шаңқа» әңгімесінің  авторы Мұхтар Мағауин туралы мәлімет беру.

Автордың аты-жөні: Мұхтар Мағауин

Туған жері: Шығыс Қазақстан облысы

                     Семей өңірінің, Шұбартау жері

Туған жылы: 1940

Дарындылығы: белгілі жазушы

Шығармалары: «Жыланды жаз», «Бір атаның балалары»,    «Аласапыран» т.б.

Топтастыру. Топтастыру оқушылардың алған білімін пысықтауға, еркін ойлауға және жаңа тақырыпты ашық талқылауға бағытталған оқыту стратегиясы.








 

 

Оқулықпен жұмыс. Оқушыларға «Шаңқа» әңгімесін өзім оқып таныстырамын да, түсініксіз сөздермен жұмыс жүргіземін.

Мәтіннің мазмұны бойынша  түрлі сұрақтар қою арқылы Мағжан мен күшіктің арасындағы достық қарым-қатынасты анықтау:

    • Мағжан күшікпен қай кезде танысты?
    • Екеуі қалай табысып, достасты?
    • Ертеңіне Мағжан күшікті таба алды ма?
    • Күшік қоршаудан неліктен шыға алмады?
    • Мағжан күшікке қандай қамқорлық жасап жүрді?
    • Мағжан мен күшіктің достығын қалай бағалайсыңдар?

Түртіп алу. ББҮ – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құралы.

Әр топқа плакат таратылады да, түртіп алу стратегиясы бойынша сөздік жұмысы жүргізіледі, көрсетілген сөздерді топ мүшелері білетін-білмейтіндіктерін кестеге түсіреді.

Сөздер: тротуар, дарбаза, құртақандай, дуал, саңылау, арсалаңдайды, қаңылтыр, сәскелік.

Білемін

Білгім келеді

Үйренгенім

     
     

 

Оқушылар кестені толтырады. Әр сөзге жеке-жеке түсініктеме беріледі, оқушылардың жауаптары толықтырылып отырылады. Сөздік жұмысынан соң, бөліктерге бөлінген мәтін таратылады, әр топтан бір оқушыдан дауыстап оқиды. Мәтінді талдау жұмысы түсініктеме күнделігі арқылы жүзеге асырылады, топ мүшелеріне кесте таратылады.

Түсініктеме күнделігі

Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстардан үзінділер жазады.

Сол әсер еткен үзінділер  жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, қандай сұрақ бар, себеп салдары, т.б.)

 

 

 

Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырады да, топта  талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған соң қорыту үшін бірнеше сұрақтар қойып, оқушылардан жауап алынады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру, пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталынып қойылуға тиіс. Мысалы: Сенің ойыңда не сақталып қалды? (т.с.с. сұрақтар қойылады)

Бұл әдіс ұжым болып жұмыс жасауды үйретеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге бағыттайды. Сабақтаны тысқары қалатын оқушы болмайды. Ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды.

Топта талқылау аяқталғаннан кейін әр топтан төрт оқушы шығып, өз пікірлерін ортаға салады, қалғандары тыңдап отырады.

Информация о работе Адамгешілік тәрбие туралы түсінік