Адамгешілік тәрбие туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 11:44, реферат

Описание

Адамның адамгершілік атты асыл қасиетті игерген мәдениетті, нағыз адам болып өсуі, әр халықтың ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиесін бойға сіңіруіне байланысты.
Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, әдептілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен ардақталады. Халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келген ұлттық дәстүрін жас ұрпақтың бойына сіңіру, оларды имандылыққа, адамгершілікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді мақсат етіп қойған.

Содержание

I. КІРІСПЕ БӨЛІМ............................................................................................3
Адамгершілік тәрбие туралы түсінік.......................................................3
Курстық жұмыстың мақсаты....................................................................6
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ............................................................................................7
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу...................7
Адамгершілік тәрбиесінің әдіснамалық негізі.......................................11
Оқу-тәрбие процесінде адамгершілікке тәрбиелеу жолдары...............15
Халықтық педагогика арқылы тәрбиелеу...............................................25
Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу – басты мақсат......................29
III. ІС ТӘЖІРИБЕ..............................................................................................31
IV. ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................36
V. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................................................38

Работа состоит из  1 файл

referattar.kz_122381694.doc

— 204.50 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

 

I. КІРІСПЕ БӨЛІМ............................................................................................3

 

  1. Адамгершілік тәрбие туралы түсінік.......................................................3
  2. Курстық жұмыстың мақсаты....................................................................6

 

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ............................................................................................7

 

  1. Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу...................7
  2. Адамгершілік тәрбиесінің әдіснамалық негізі.......................................11
  3. Оқу-тәрбие процесінде адамгершілікке тәрбиелеу жолдары...............15
  4. Халықтық педагогика арқылы тәрбиелеу...............................................25
  5. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу – басты мақсат......................29

 

III. ІС ТӘЖІРИБЕ..............................................................................................31

 

IV. ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................36

 

V. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................................................38

 

 

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I. КІРІСПЕ БӨЛІМ

 

1. Адамгершілік  тәрбие туралы түсінік

 

Адамның адамгершілік атты асыл қасиетті игерген мәдениетті, нағыз адам болып өсуі, әр халықтың ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиесін бойға сіңіруіне байланысты.

Адам баласы қоғамда  өзінің адамгершілік қасиеттерімен, әдептілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен ардақталады. Халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келген ұлттық дәстүрін жас ұрпақтың бойына сіңіру, оларды имандылыққа, адамгершілікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді мақсат етіп қойған. Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз – мақсатты және жүйелі түрде тәрбиеленушінің санасына, сезіміне және тәртібіне қоғамдық мораль талаптарына сәйкес адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.

Адамгершілік тәрбиесі жеке адамды қалыптастыруда ерекше орын алады. Ол отбасына, Отанға, халықтар достығына  адал, кіршіксіз көзқарасы, қарым-қатынаста  болуды талап етеді.

Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымды, принциптерді, мінез-құлық нормаларын ұғу жайындағы біліммен қаруландырады. Сонымен қатар, ол адамның ішкі жан-дүниесінің әсемділігінен бастап, оның сыртқы келбеті, ой әсемдігі мәселелерін қамтиды. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны: тәртіптілік пен ұйымшылдық, достық пен жолдастық, шыншылдық пен әділдік, еңбек пен өз мінез-құлқына сын көзбен қарай білу сияқты қасиеттерді қамтиды.

Мектептегі адамгершілік тәрбиесі біздің өміріміздің тек  осы кездегі талаптарын ғана емес, болашаққа да бағытталуы тиіс. Оқушы қаншалықты білімді болғанымен, оның адамгершілік қасиеті жетіспей жатса, оның жолдастары арасында болмағаны былай тұрсын, жақсы азамат та бола алмайды. Олай болса, мектеп қабырғасында оқушыларға берілетін адамгершілік дағдыны бірер жылдың ішінде оқушылардың бойына сіңіре қоюға болмайды. Ол – ұзақ жылдың жемісі.

Оқушылар бойында жалпы  адамзаттық қалыптармен гуманистік, моральдық (қайырымдылық, ізгілік, өзара  түсінушілік, ізеттілік, кішіпейілділік, адалдық және т.б.) тәрізді жасампаз қасиеттерді сіңіріп, олардың өзара қарым-қатынас мәдениеті мен зерделік-танымдық қасиеттерін дамытуға ерекше мән беруіміз керек. Жалпы адамзатқа тән ізгілік қасиеттер өз әке-шешесін, ауылын, отанын, сүюден, ұлттық өнер мен мәдениетке, ана тіліне деген сүйіспеншілігінен туындайды. Осыларды ескере келіп, тәрбие ісінде оқушыларды өзін қоршаған әлеуметтік ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуден бастап, әлемдік өркениетті мәдениетті меңгеруге, бағалауға тәрбиелеу оқу-тәрбие ісінің басты міндеті болып саналады.

Оқу мен тәрбие тығыз  байланысты. Жас ұрпақ тәрбиесі сабақ  барысында және сыныптан тыс уақытта  жүргізіледі. Бастауыш сынып оқушыларын сабақ барысында тәрбиелеу - өзіндік  ерекшеліктері бар, күрделі үрдіс.

Бастауыш сынып оқушысының рухани-адамгершілік даму деңгейінің жетілуі немесе өзгеріссіз қалуы ұстаздың ізденімпаздығына және тәрбие теориясы мен әдістемесін орынды пайдалана білуіне байланысты. Көптеген жағдайда, әсіресе бастауыш мектепте оқушы ұстаздың адамгершілікке баулуға құрылқан тәрбие міндетіне дұрыс жауап бергенімен, оның рухани-адамгершілік даму деңгейі өзгеріске ұшырамайды. Өйткені оқу материалы оның адамгершілік сапасының жетілуіне тиісті түрткі тудыра алмайды. Оқу үрдісінде оқушы өз бойында бұрынна қалыптасқан адамгершілік сипатын ғана көрсете алады.

Республика білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев білім және ғылым саласындағы түйінді мәселелерді  шешудің төте жолдарын ұсынып, тәрбиенің  үш өзекті бағытын айқындады:

- Бүгінгі жастар осы  заманның сыншысы да, тарихшысы да болатындықтан жастармен жүйелі жұмыс жүргізілуіне баса назар аударды;

-  Қазақстанда жүріп  жатқан осы ауқымды өзгерістерге  байланысты педагогикалық кадрлар  дайындау жүйесін құру қажеттігін  көрсетті, ең алдымен бүгінгі  мұғалім кәсіби білімімен, шеберлігімен қатар, жастарға өзінің бойындағы адалдық, адамдық, тазалық, гуманистік және өз Отанын сүйе білу, ең жоғары адамгершілік қасиет сапаларымен ықпал жасай отырып, тәрбиелеуі керектігіне мән беру қажеттігін айтты;

-   Жастарды адамгершілікке тәрбиелеу сапасын көтеруге негіз болатын мәселе – ол білім мен тәрбие беру саласындағы ғылымның дамуымен байланысты. Бүгінгі таңда реформаның тиянақты жедел жүзеге асырылуы мұғалім, тәрбиеші, оқушылардың адамгершілік тәрбиесі туралы ғылыми-теориялық білімі болу керектігіне және өзін-өзі дамытудың субъектісіне айналу қажеттігіне назар аударды.

Жоғарыда айтылғандарға  байланысты әрбір мұғалім Қазақстан  Республикасының үшінші мыңжылдықтағы  жаңа әлеуметтік мәдени жағдайына орай, адамгершілік тәрбиесінің мақсатына, мазмұнына, түрлеріне, әдіс-тәсілдерінің ауқымды өзгерістеріне байыптап қарап, бағамдау үшін оқушыларға тәрбие берудің тарихи-философиялық, педагогикалық мәселелеріне аса зор мән берген жөн.

Қазіргі таңда әсіресе, көп көңіл бөлінетін мәселе – адамгершілік тәрбиені күшейту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Курстық жұмыстың  мақсаты

 

Қазақ халқының жас ұрпақты  инабаттылыққа, әдептілікке үйрететін  тәлімі мен рәсімдері көп. 

Ұлттық тәлім-тәрбиенің  негізгі мақсаттарының бірі сыпайылылыққа, кішіпейілділікке, ізеттілікке, мейірімділікке, қайырымдылыққа баулу.

Қазақстан Республикасының  «Ұлттық энциклопедиясында» адамгершілік ұғымына былай деп анықтама берілген: «Адамгершілік – адам бойындағы  гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. «Кісілік», «Ізгілік», «Имандылық» тәрізді  ұғымдармен мәндес». Халықтық дүниетанымда мінез-құлықтың әртүрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рақымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылық, т.б.

Осы негізде, курстық жұмысымның тақырыбына байланысты жұмысымның мақсат - міндеті төмендегідей:

                • бастауыш сынып оқушыларында сыпайылылық, қайырымдылық, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыру;
                • оқушылардың рухани-адамгершілігін қалыптастыратын салауатты өмір салтын құруға көңіл бөлу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

1. Бастауыш  сынып оқушыларын адамгершілікке  тәрбиелеу

 

Бастауыш сынып оқушыларын тәртіптілікке, шыншылдыққа, адалдыққа, ұстамдылыққа, еңбекті сүюшілікке тәрбиелеуді мақсат еткенде олардың бойына қалыптасқан қасиеттерді – сынып оқушыларының ұйымшылдығы, белсенділігі ескеріледі. Өз тәжірибемде «Оқушыларға арналған ережелермен» жете таныстырып, шәкірттерімді мынадай талаптармен таныстырар едім:

    1. Киімдерді өздері күтіп, ұқыпты киіне білу;
    2. Әрдайым кішіпейіл, ілтипатты болу;
    3. Бірін-бірі сыйлау, құрметтей білу;
    4. Қыз балалармен достық қарым-қатынаста болу.

Осы талаптарды оқушы  бойына қалыптастыруда оқушылармен  әңгіме жүргізіп, төмендегідей талаптарды ескеруге тырысамын:

  1. Адамды жақсы көру;
  2. Адамға деген қайырымдылық, ақ жүректілік;
  3. Адамды құрметтей білу;
  4. Әдептілік;
  5. Жақсылықты бағалай да, қайыра да білушілік;
  6. Өзара сынды қабылдау;
  7. Кемшілікті түзете білу.

Осындай сезімдерді қалыптастыру үшін оқушылардың өздеріне тапсырмалар беремін:

    1. Оқыған әңгімелерің мен кітаптарыңдағы, көрген киноларыңдағы кейіпкерлердің жағымды қасиеттері туралы айтып бер;
    2. Өзің білетін жақсы адамдар: туысың, жолдасың, досың т.б. туралы айт.

Осындай сыныптан тыс  жүргізілген жұмыстың барысында оқушылардың ішкі жан дүниесін білген соң, оқушыларда адамгершілік дағдыларын қалыптастырудың бірыңғай жолын белгілей бастаймын.

  1. Бірыңғай ұжым болып жеке балаға ықпал ете білу;
  2. Сендірудің жеке әдістері: әңгіме, әңгімелесу, өзара пікір, кеңес т.б.;
  3. Моральдық тақырыптарға тәрбие сағатын өткізу;
  4. Оқушылар үшін міндетті адамгершіліктің нормасын орындауды үнемі талап ету, есіне салу, оған жаттықтыру.

Мектепте оқушыларда адамгершілік дағдыларды қалыптастыруда сендіру немесе олардың санасына әсер ету әдістерінің алатын оры орасан зор.

Балалардың көзін жеткізіп сендіру – оларды қандай іс адамгершілікке жататындығын, ал қандай іс адамгершілікке жатпайтындығын бағдарлай білуге және өздерінің іс-әрекеттерін дұрыс  бағалай білуге себі тиетін негізгі әдіс болып саналады. Балаға адамгершілік тәрбие берудің алғашқы қадамы күнделікті тұрмыстағы ұсақ нәрселерден басталады. Отбасы педагогикасын жоғары сатыға көтерген А.С.Макаренко ата-аналарға арналған лекцияларының бірінде: «Тәрбиені баламен сөйлесу немесе ақыл айту, я болмаса оған әмір ету деп қарауға болмайды. Өз өміріңіздің әр кезеңінде, тіпті үйіңізде жоқ уақытыңызда да балаңызды тәрбиелеп жүресіз. Сіздің қалай киінетіндігіңіз, сіздің басқа адамдармен қалай сөйлесетіндігіңіз, сіздің қуануыңыз немесе қайғыруыңыз, сіздің күйінгеніңіз, газет оқитындығыңыз, міне, осының барлығы да балаңыз үшін толып жатқан үлгі, өнеге»,- деген. Мектеп жас ұрпаққа білім беретін, үлгі-өнеге үйрететін, адамгершілікке баулитын, өмірге алғашқы жолдама беретін алтын ұя. Сондықтан да сол ұядағы ұжымға жүктелер міндеттің абзалдығына орай, ауырлығы да, қиындығы да бар. Оның қиындығы сол, шәкірттерді жан-жақты адамгершілік рухта тәрбиелеу – күрделі де үздіксіз еңбек етуді керек ететін жұмыс. Балада адамгершілік бейнесін жақсы қалыптастыруда педагогтар ұжымының ізгілікті, ынтымақты болуының, сонымен қоса, сыпайылылығы, көрегенділігі жеткілікті болуларының маңызы өте зор.

Өсіп келе жатқан жас  буындарды адамгершілік рухта тәрбиелеу  ісінде үлгі, өнеге көрсету әдістерінің  аса зор тәрбиелік мәні бар. Балалар өте сезімтал келеді. Әсіресе, жас балалар көбінесе, ненің жақсы, ненің жаман екендігін айырмастан көргенінің бәріне еліктей береді. Сондықтан, балалардың тым еліктегіштігін ескере отырып, мұғалім-тәрбиешілер ұжымы оқушыларға өз мінездеріндегі жақсы сапаларды ғана дамытатын үлгі-өнеге көрсетуі керек. Бұл үшін мұғалімдердің өзі адамгершілік рухта тәрбиеленген болып, барлық жағынан да оқушыларға үлгі болуға тиіс. Ол үлкендердің шәкірттер алдында беделді болудың негізгі шарты болып табылады.

Адам бойындағы бар  игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Бүгінгі таңдағы мектептер балаларға  жекелеген ғылыми пәндерді терең  оқытуға тырысса да, адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбиелеуге  мән бермей келеді. Соның салдарынан жастарымыз жағымсыз қылықтарға бой алдырып, имандылық деген не екенін білмей өсуіне әкеліп соғуда. Жағымсыз қылықтар, зиянды әдеттер – бастауыш сынып оқушысының мінез-құлқына, оның дене және психикалық дамуына кері әсерін тигізеді. Ересектер үшін баланың зиянды әрекеттерінің ең қауіп төндірерлігі – темекі тарту, қазіргі таңда мектеп оқушылары арасында етек жайған әрекеттерінің бірі. Мектеп жасындағы баланың темекі тартуға құмарлығының астарында, оның жеке тұлға ретінде қалыптасу үрдісіндегі үлкен бір кемшіліктің болуы. Сол себептен де, темекі тартудың өзіне емес, басты назар аударатын жайт – бала психологиясының ауытқуы, оны ойландыратын мәселелер. Тек ата-ана арасындағы жылы қарым-қатынас бір-біріне деген сенім ғана, зиянды әдетті қалыптастырмаудың бірден-бір себебі. Бүгінгі балалар – темекі тартудың потенциалды құрбандары. БҰҰ-ның баяндамасына сүйенсек, қазіргі балалардың 250 миллионы болашақта өз өлімін темекіге әуестіктің бірден-бір себебі – жарнама болып табылады.

Еліміздің болашақ азаматы  – қазіргі балалар. Яғни, егеменді елімізді дамытып, гүлдендіре түсетін санасы таза және дені сау ұрпақ. Сондықтан көпшілік болып балалардың тәрбиесіне кері әсерін тигізетін келеңсіз жағдайларға қарсы күресуіміз тиіс. Балалардың рухани-адамгершілігін қалыптастыратын салауатты өмір салтын құруға көңіл бөлуіміз қажет.

Адамгершілік құндылық тәрбиесінде ұлттық тәрбие маңызды  роль атқарады. Мысалы, бастауыш мектепте баланың барлық танымдық және психологиялық  мүмкіндіктерін жетілдіріп, білім алудың керек екендігіне оның көзін жеткізу  керек. Бұл кезеңде гуманитарлық-эстетикалық бағыттағы пәндер оларға жақсы ықпал етеді. Оқушыларға ұлт қаһармандарының бейнесі мен тіршілік әрекеттері әрқашан үлгі. Олардың еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, айтқан тәлім сөздерін баяндау арқылы бала бойына ата-бабалардың адамгершілік құндылықтарының көрінісін сіңіру мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Информация о работе Адамгешілік тәрбие туралы түсінік