Абай Құнанбаев

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 10:29, реферат

Описание

Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Работа состоит из  1 файл

Абай.docx

— 131.00 Кб (Скачать документ)

Қазақ технология және бизнес университеті

 

 

 

 

Тақырыбы: Абай Құнанбаев

(1845-1904)

 

 

 

 

Орындаған:Женисбек Туруунаа

Тексерген:Алькеева Сауле Мухамеджановна

 

 

 

 

Астана-2013

Кіріспе

Абай (Ибраһим) Құнанбаев  Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Абай Шығыс пен Батыс  мәдениеті мен өркениетін жетік  білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.

Абай Құнанбаев- қазақ  әдебиетімен өнерінің тарихында  оқшау тұрған ұлы тұлға.Оның шығармашылығы  қазақ халқының  тұтас бір дәуірінің  ақыл-ой парасатының,жаңа арнада өріс алған мәдениетінің, әдебиеті мен  өнерінің асқар шыңы болып табылады.Ол өз өлеңдері арқылы қазақ поэзиясын  өз кезінен ең озық деңгейіне көтере білді,қоғамдық дамудың шындығын дәл  бейнелеп,өркениетті сипатта дұрыс  орытынды шығара білді.Өзі өмір сүрген тарихи кезеңнің алға тартқан  ащы  сұрақтарына ұлт тағдырына қатысты  аса білермендікпен жауап беріп, ел санасын ұлы мақсаттарға бұруға талпынды.Ақыл парасаты кемеңгерлікке  ұласқан ақынның бұл мақсат-мүдделері  оның мән-мағынаға, көркемдікке толы әдеби еңбектері арқылы жетті.Абай шығармаларында өз дәуірінің келелі мәселелері шынайылықпен суреттелді.Өз кезінің алуан түрлі мәселесі қамтылып,өзі өмір сүріп отырған  қоғамның шын сырын ашты.Абай қалдырған  әдеби мұра терең мағыналы ізгі ойларға  толы,шебер тілмен өрнектелген көркем де асыл туындылар.

   Абай Құнанбаев – қазақ халқының асқақ кемеңгері, ол өз ұлтының ақыл-ойы мен мәдениетін, өнері мен әдебиетінің асқар шыңын дәл бейнелеп, қоғамдық дамудың шындығын дұрыс көрсете білген қайраткер ақын.

    Бүгінгі таңдағы  мүлде жаңа сапаға көшкен қазақ  әдебиеті қазіргі деңгейге сол  ұлы Абайдан бастау алған рухани  төңкеріс нәтижесінде қол жеткізгені  аян. 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспары

  1. Ақынның балалық шағы,Өмірбаяны
  2. Абай -ұлы ақын әрі ойшыл
  3. Шығармаларының шарықтау шегі
  4. Абай поэзиясы-адамзаттың асыл қазынасы
  5. Абайдың "қара сөздері"  немесе "Ғақлиясы".
  1. Абай Құнанбайұлының дінге көзқарасы

  1. Абайдың Қазақстан тарихында алатын орны

  1. Аудармашылық қызметі

  1. Қорытынды
  2. Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Ақынның балалық  шағы,Өмірбаяны  Абай Құнанбаев 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыс тауында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты Ибраһим екен.

Абай  ислам дінінің қағидаларын барынша  құрметтейтін діни отбасында өсіп, тәрбие алды. Оның әкесі Құнанбай қажы тобықты руының өте ықпалды, орыс тілін жақсы білген биі болды. Орыстың алдыңғы қатарлы зиялы  қауым өкілдерімен қарым-қатынас  жасап тұрды. Ол шыққан тегі сұлтан әулетінен болмаса да Қарқаралы  округында алғашқы аға сұлтандардың бірі болып сайланды. Ғұмырының аяқ  кезінде Меккеге қажылыққа барып  қайтты. Меккеде Құнанбай қажы салдырған  Тәбия қонақүйі әлі бар. Қажылықтан қайтып оралған Кұнанбай Бұл дүниелік істерден біржола қол үзеді.

    Абай әуелі ауыл молдасынан сауат ашып, сосын Семейдегі Ахмет Риза медресесінде үш жыл оқып білім алады. Ол бала жасынан кітапқа құмар болды, араб-парсы және көне түркі әдебиетінің үлгілерімен танысты. Абай қазақтардың дәстүрлі әдет-ғұрып заңы мен ислам дінінің қағидаларын терең меңгерді. Онымен білім жарыстырудан молдалардың өздері қауіптенетін. Абай халық ауыз әдебиетінің үлгілерін өте жақсы білді. Мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінде-ақ өзінің алғашқы өлеңдерін жаза бастады.

   Әкесі Құнанбай Абайды тобықты руының болашақ билеушісі ету мақсатымен оқудан ауылға кері қайтарып алады. Мұнда ол халықтың қалың ортасына түседі. Билер, ақындар, сазгер-әншілермен, сондай-ақ даланың данышпан ойшылдарымен жиі-жиі бірге болып, араласып түрады. Ақынның жастық шағы патша үкіметінің Қазақстанның оңтүстігіне қарай әскери күшпен ентелеп ене бастаған кезімен тұспа-тұс келді. Ол патша үкіметінің округтық приказдардағы жағдайының барған сайын нығая түскенін, XIX ғасырдың 60—90-жылдарындағы әкімшілік реформаларының енгізілгенін өз көзімен көрді. Ол аз уақыт болыс болған кезінде қай істі болса да әділ және адал шешуге талпынды. Сол үшін қатардағы қарапайым халықтың терең сый-құрметіне бөленді. Бірақ қоғамның күрделі проблемаларын мұндай қарапайым тәсілмен шешуге болмайтынына бірте-бірте кәміл көз жеткізе бастайды. Сондықтан да ол қазақтардың білім мен ғылым алуын белсене жақтаушыға айналады.

    Абайдың арғы  атасы Ырғызбай да, атасы Өскенбай  да өз кезінің атақты адамдары, тобықты руының билеушілері болған. Абайдың Өскенбайдан туған өз  әкесі Құнанбай ата бабаларынан  да асып ұзақ жыл аға сұлтан  болып ел басқарған.

Құнанбайдың  Құдайберді,Тәңірберді,Абай,Ысқақ,Оспан,Қалиолла,Ысмағұл  тәрізді жеті ұлының ішінен Абай ерте көзге түседі.Дарын-қабілеті мен  ақыл-парасаты жастайынан байқалған  Абайдан ата анансы зор үміт күтеді.

Жас шағында Абай тәжірибені жұмсақ мінезді,мейірімді шешесі Ұлжан  мен кәрі әжесі Зереден алады.Ол жас кезінен өлең,әңгімеге әуес болып,әжесі  мен анасы айтқан ертегі-аңыздарды  құмарта тыңдап өседі.

   Абай өзінің өте  алғыр ,дарындылығының арқасында  өзге сабақтастарынан оқ бойы  алда болады.Кітапты көп оқып  өз бетінше көп ізденеді. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди, Қожа Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады.

Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына  араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы  Абай ел ісіне араласады. Абай әке  қасында болған жылдарда атқамінер  би-болыстардың қулық-сұмдықтарын, қазақ даласына ыдырай бастаған феодрулық  қатынастардың кереғар қайшылықтары кіріптар еткен әлеуметтік теңсіздіктің зардаптарын, аштық пен жалаңаштықты, патриапхалдық, кертартпа салт-сана, әдет-ғұрып зандарының залалдарынын айқын түсінді.

Патша үкіметінің отаршылық саясаты мен  парақор орыс әкімдерінің жергілікті би-болыстардың арамза әрекеттерін айнытпай танып, көкірегінде жиркеніш сезімі оянып, соларға қарсы күресуге бел буды, “ елге пайдалы, адамгершілігі бар, әділ басшы болсам ғана жақсы адам боламын” деген тұжырымға бекіді. Осы мақсатпен болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады да, 1876-1978 ж. Қоңыр-Көкше еліне болыс боладі. Бұл жылдары Абай өз қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразасын тең ұстауға күш салды. Әлсізге зорлық көрсеткендерді, ұрлық жасағандарды қатты жазаға тартып, халық қамқорына айналды.

   1875 жылы Қоңыркөкше елінде өткен сайлауда жеңіп шығып, 1878 жылға дейін болыс болады. Қазақ халқының дәстүрлі ел билеу жосындарын, әдет-ғұрып заңдарын жетік білетін Абай ел ішіндегі әр алуан әкімшілік-құқықтық реформаларға белсене араласады. Егде тартқан шағында әкімқара биліктен, атқамінерліктен іргесін аулақ салып, шығармашылықпен ғана шұғылданады. Абайдың көптеген шығармаларында Адам, Болмыс және Ралам тақырыбы, сондай-ақ, абсолюттік ақиқат сыры тұрақты орын алады.

  1891 жылдан бастап Абай басына ауыртпалық түсіп, бір-біріне ұласқан қайғы бұлты ашылмай қояды. Осы жылы ақынның сүйікті інісі Оспан жарық дүниеден өтеді. Одан кейін орысша әскери білімі бар, үлкен үміт күткен баласы Әбдірахманнан айырылады. Бұлардың қазасының ақын жанына қандай батқаны оның осы тақырыпқа арнаған топтама өлеңдерінен айқын көрінеді. Сөйтіп жүргенде соңғы тіренішіндей болған дарынды ақын баласы Мағауия да қайтыс болды. Осындай қабаттасқан қайғы қасіреттен күрт сынған Абай Мағауияның қазасынан кейін қырық күннен соң, өзі де дүние салады. Ақынның сүйегі Шыңғыстаудың ығындағы Жидебай мекенінде, інісі Оспанның жанына жерленеді. Бұл күнде ол арада қазақтың ұлы екі перзенті — Абай мен Шәкәрімге деген ұрпақтың өшпес махаббатының, ізгі құрметінің белгісіндей болып, сәулет өнерінің соңғы үлгісімен салынған қос мұнаралы кешенді алып мазар тұр.

   Абай -ұлы ақын әрі ойшыл. Абай өзінің өлеңдерін бала кезінен жаза бастады. Бірақ ол ақын ретінде алғаш рет XIX ғасырдың 80-жылдарының орта кезінен бастап таныла бастады. Бұл кезде Абай өз атынан «Жаз» («Жаздыкүн шілде болғанда...») деген өлеңін жариялаған болатын. Абай — «Ескендір», «Масғүд», «Әзім әңгімесі» поэмалары мен этикалық-философиялық еңбегі «Қара сөздерді» жазды. Ақынның 1890-1898 жылдар аралығында жазылған «Қара сөздерінде» XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының болмысы зерделенді.

Ақынды қатты  алаңдатқан жағдайлар қазақтардың  жаппай кедейленіп, қайыршылық халге  түсе бастауы, патша үкіметі шенеуніктерінің  шектен шыққан озбырлығы, жергілікті болыстардың  парақорлығы мен қанағатсыз пайдакүнемдігі болды. Ол өзінің өлеңдерінде жақын  туыстарына көмек қолын созбайтын  сараң байларды өлтіре сынады.

Абай қазақ қоғамын  ерінбей еңбек етуге шақырды. Өзінің кейбір замандастарының бойындағы  жаманшылық мінездерді — жалқаулықты, еңбексіздікті, көрсеқызарлықты, алтыбақан  алауыздықты, надандықты жеріне жеткізе  әшкереледі. Кедейшіліктен құтылудың  бір тәсілі егіншілікпен айналысу, қолөнер кәсібін және сауда-саттық жасауды үйрену екенін айтты. Ол былай  деп жазды:

«Егіннің ебін, 
Сауданың тегін 
Үйреніп, ойлап, мал ізде».

Оның басқаша  ойлауы мүмкін де емес еді. Қазақ даласында  жиі болып тұратын жұт қарапайым  халықты ауыр қайғы-қасіретке душар  ететін. Ондай кезде жылдар бойы жинаған малдан бір-ақ күнде айырылып, жұтап қалуға болатын еді. Абай 1880 жылғы алапат ауыр жұтты өз көзімен  көрді. Сол жылы оның сан мыңдаған жерлестері қайыршылық халге душар  болған еді. Семей облысында кедей  жатақтардың саны бұрын-соңды болып  көрмеген жоғары көрсеткішке жетті. Олар казак станицалары мен орыс шаруаларының деревняларына жаппай ағылып, болар-болмас тиын-тебенге жалданды, үй қызметшілері, қолбала, бақташылар болды. Қайыр сұрап, ел кезіп кеткендер  де көп еді.

Абай қазақтарды мал өсірумен қоса сауда жасауды, белгілі бір кәсіп түрімен  шұғылдануды үйрену қажеттігіне  баса назар аударды. Орта Азия тұрғындарының  кәсіп түрлеріне үлкен ілтипатпен қызыға қарады. Ол былай деп жазды: «Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген  егіні жоқ, саудагердің жүрмеген жері жоқ, қылмаган шеберлігі жоқ. Өзіменен өзі әуре болып, біріменен бірі ешбір  шаһари (яғни қала адамдары болып. —  авт.) жауласпайды. Орысқа қарамай тұрганда қазақтың өлісінің ахыреттігін (кебінін. авт.), тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды».

Абай халыққа  жаны ашымайтындарды жек көрді, байлардың  қарапайым халыққа менсінбей  қарауы оның ашу-ызасын келтірді. Қоғамды  прогресшіл түрде дамыту жолдарын үнемі  іздестіріп отырды. Абай ел басқаруға  халық үшін қызмет ететін, адал адамдар  сайлануы тиіс деп есептеді. Ол өз төңірегіндегі  адамдардың, жақындары мен шәкірттерінің  бойындағы өз халқына риясыз берілгендікті, оның мүдделерін қорғау қасиеттерін  қолдап отырды.

Шығармаларының  шарықтау шегі.Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...») бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — «Йузи-рәушән», екіншісі — «Физули, Шәмси». «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 — 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы — «Қансонарда» 1882 ж. жазылған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.

Абай өлеңдері түгел  дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады. Ислам діні тараған Шығыс елдерінің әдебиетімен жақсы танысу арқылы өзінің шеберлік — шалымын одан әрі шыңдайды. Шығыстың екі хикаясын «Масғұт» және «Ескендір» деген атпен өлеңге айналдырады. Ислам дініне өзінше сенген діни таным жайындағы философиялық көзқарастарын да өлеңмен жеткізеді. Абайдың дүниетанудағы көзқарасы XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақ халқының экономикасы мен ой-пікірінің алға ұмтылу бағытта даму ықпалымен қалыптасты. Дүниетану жолында сары-орыстың төңкерісшіл демократтарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірін қорытып, басқаларға қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданады. Дүниетану өңірінде екі қасиеттің — сезім мен қыйсынның , түйсік пен ақылдың қатынасын таразылайды. Сондықтан да: «Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз» деп жазады.

Информация о работе Абай Құнанбаев