Абай Құнанбаев (1845 – 1904)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 21:58, реферат

Описание

Абай деген атының өзі тілге жеңіл, жүрекке жеңіл тимей ме? Ал оның шын аты Ибраһим болған. Абай деп әжесі Зере атап кеткен. Бала кезінде екі ананың арасында тел өскен Абайды жеңгелері Телғара деп те еркелетіпті. Тіпті Мұхтар Әуезовтың өзі Абай туралы жазбақ болған романын ең алғаш «Телғара» атаған екен.

Работа состоит из  1 файл

Абай Кунанбаев.DOC

— 1.15 Мб (Скачать документ)

Абай  Құнанбаев

(1845 – 1904) 

     Туған елінің, Бағы Шығыс пен Батыстың рухани ой қазыналарынан нәр алып, өз халқын ғылым мен өнерге жетелеуді  армандаған ақын:   

     Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

     Пайдасын  көре тұра тексермедім.

     Ер  жеткен соң түспеді уысыма,

     Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

     Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,

     Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім ?.. -   

деп, ғылым  дариясына кешірек қол сермеп қалғанын өмір  бойы өкінішпен айтып  өткен. Әрине, ақынның айтпақ өсиеті: ғылым – білімге неғұрлым ертерек , бала кезден ден қойсаңдар кейін өкінбейсіңдер, балғын шақтарыңда оқыған кітап, алған білім тасқа басылғандай мәңгі – бақи естеріңде қалмақ дегенді меңзейді. Ал, осылайша, ғылымның мәнісін кейінірек білдім деп отырған Абайдың өзі Семей кітапханасының кітапты көп оқитын оқушылардың бірі болған.  Сөйтіп ғылым ждариясынан еркін сусындап, озық ойлы елдердің мәдениетінен, әдебиетінен тәлім алған.

      Абай  деген атының өзі тілге жеңіл, жүрекке жеңіл тимей ме? Ал оның шын аты Ибраһим болған. Абай деп  әжесі Зере атап кеткен. Бала кезінде екі ананың арасында тел өскен Абайды жеңгелері Телғара деп те еркелетіпті. Тіпті Мұхтар Әуезовтың өзі Абай туралы жазбақ болған романын ең алғаш «Телғара» атаған екен.

      Сол Телғараның  дана Абайға айналып, ұлы  ақын болу жолына көз салып көрелік.

      Сендер  Абаймен мектеп табалдырығын аттасымен  жақынырақ таныса бастайсыңдар. Оның «Ғылым таппай мақтанба», «Жаз», «Қыс», «Желсіз түнде жарық ай» атты өлеңдерін көпшілігің жатқа да білулерің мүмкін. Сол «Қыс» деп аталатын өлегінің бір шумағын естеріңе түсіріп көріңдерші: 

      Ақ  киімді, денелі, ақ сақалды,

      Соқыр, мылқау танымас тірі жанды;

      Үсті  - басы ақ қырау, түсі суық,

      Басқан  жері сықырлап келіп қалды. 

Бұл өлең жолдарындағы ақындық сөз құрметімен салынған ғажап мүсін  көз алдарыңа келіп тұра қалмай ма? Кәдімгі қаһарлы қыс сықыр – сықыр басып кіріп келе жатыр. Ақ қырау басқан ызғары денеңді қалтыратқандай.

      Міне, Абайдың ұлы ақын болуының бір  сыры – сөзбен сурет салып, оған «жан бітіруінде».

      Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, Семей облысында өтті. Ұлы ақын 1845 ж. әйгілі Қасқабұлақ басында, киіз үйде  дүниеге келді. Әкесі Құнанбай бүкіл Тобықты елінің қаһарлы әміршісі , қатігез, ал, шешесі Ұлжан керісінше ағайын – туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған. Міне, сәби шағынан – ақ Абай от пен судай екі ұдай, кереғар мінезді адамдар ортасында өмір кешті. Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының , мінез құлқының қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз әңгіме, күлдіргі  мысқыл сөз бен ел басынан өткен тарихи оқиғалар зерделі бала Абайдың санасына біртіндеп сіңе берді. Осылайша бала Абайдың  санасына біртіндеп сіңе берді. Осылайша бала Абай өз халқының рухани ой қазынасына қанығып өсті. әрі Құнанбай ауылына сол тұстағы атақты ақын - жырау, әнші – күйші, өнерпаз атаулы жиі келетін. Бұлар бір жағынан , Абайдың халық мектебінен еркін сабақ алуына , ел мұрасын терең білуіне жағдай жасады.

      Абай  ауылда ескіше сауат ашып, Семейдегі  Ахмет Риза дегеннің медресесіне  оқуға түседі. Алайда әкесі Абайды билік ісіне араластырып баулу үшін оқуын аяқтатпай 14 жасында қайтарып алады. Абайдың медресесіндегі оқуы осымен аяқталады да, болашақ ақынның саяси - әлеуметтік қызметі еріксіз ерте басталып кете барады. Мұнан кейінгі жерде ол орыс достарының көмегімен орысша кітаптарды көп оқиды. Өздігінен білім қуады.

      Елдің әдет – ғұрпын, салт – санасын, тіл  өнерін үйреніп, тұрмыс халін ерте сезіну Абайды тез есейтіп, сыншылдық жолға  бастайды. Әсіресе оның 1870 - 1880 жылдары саяси көзқарастары үшін Семейге жол аударылып келген орыс оқымыстылары  Е. П. Михаэлис және Н. И. Долгополовпен достасуы Абайдың күрескелік ой – толғамын айқындай түсуіне игі әсер етеді. Абайдың ендігі өмірі  әділет пен зұлымдық  күрсінде шыңдалып, бұқара халық мүддесі жолындағы арпалысы – ақын шығармаларының негізгі арқауына айналды.

      Абай: «Түзетпек едім заманды,  Өзімді тым - ақ зор тұтып», -деп, өзі аңсаған  жаңа заманға лайықты жас буын келер ұрпақты  тәрбиелеуді қолға  алды.Мұндай мақсат мұраты әсіресе «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі мен жетінші, он жетінші қара сөзінде айқынырақ көрінді. Он жетінші нақыл  сөзінде Абай ақыл , қайрат және жүрек үшеуін айтыстырады. Ақыл – жақсылыққа да жамандыққа да амал – айла тапқыш; сол сияқты қайрат та – байлық пен сәулетті тұрмысты жасауға әрі оны тас – талқан етіп қиратуға да қызмет ете беретін екі жақты болады екен. Тек қана адам денесінің патшасы болған жүрек әділет – шапағатқа, мейір махаббатқа, ізгілік жақсылыққа бірыңғай айнымай қызмет етуі себепті, ақыл мен қайрат жүректің ырқымен жүруі керек. Сонда ғана нұрлы ақылды толық адам боласың деген ой байламын жасайды. Абайдың гуманистік мұрат – мақсаты да осы. Міне, осындай нұрлы ақылды адам болам деген әрбір талапты жас Абайдың бұл өсиетін мәңгі есінде сақтауға тиіс.

      Абай  жас баланың бойында болатын  жан құмары деген ұғымға айрықша  көңіл бөлген. өйткені адам баласы тән қуатымен байлық, дәулет жасаса, жан құмарымен – рухани қазына көздерін қорландырып, ғылым – білім  жинап, шын мәніндегі адамшылық  жолына түседі екен. Әр баланың ақылды не ақымақ болуы осы жан құмарына, оны өсіріп, күшейтіп, тәрбиелеуіне байланысты деп біледі.

      Абай  ақындық өнерге қырық жастан асқанда  құлай беріліп, өмірінің соңына дейін  созылған жиырма жылдық әдеби қызметіне  сегіз мыңдай өлең жолы мен 46 нақыл сөзін жазып қалдырады. Бірақ бірде – бір кітабы басылмай, шығармалары ауызша, кейде қолжазба түрінде таралып кетеді.Абай шығарған оннан астам ән халық арасында кең шырқалды. Ол аударған орыс ақындары мен Еуропа ақындарының өлеңі – бүгінге дейін аударма өнерінің теңдесі жоқ үлгі - өнегесі. Аударған өлеңдерінің  кейбіреуіне арнаулы ән де шығарған. Мысалы, «Қараңғы түнде тау қалғып» деп аталатын әнді көбің білесіңдер:

 

               Қараңғы түнде тау қалғып,

          Ұйқыға кетер балбырап... 

Міне, осы  әннің  сөзі  немістің ұлы ақыны  Гётенікі. Абай бұл өлеңді аударғанда негізінен М.Ю. Лермонтовтың  аудармасын («Горные вершины») әрі неміс тіліндегі түп нұсқаны да пайдаланған. Абай орыстың ғажайып сөз зергері А.С. Пушкинді терең танып, оны қазақ тіліне аударған тұңғыш ақын. Пушкин өлеңіне де Абай «Татьянаның әні» деген әйгілі  әнін шығарды, ол әннің сол тұста – ақ бүкіл қазақ даласынатаралып кетуінде зор мағна бар.

      Абай  да бұқара халықты қорғап, соның  мүддесін жырлағаны үшінотаршыл өкімет пен болыс - билер тарапынан қуғынға түсті. Өйткені халықтың ұлы ақынға деген тілегі мен ықыласы әрі Абай сөзінің халық санасына ұялап, ой салуы оларды шошытты. Ақыры, 1895 ж. ақын басына қастандық да жасалды. Бірақ ақын алған бетінен қайтпады, қайта әділетсіздікке қарсы күресті үдетті. Ел билеудің халыққа жат жүйесін шенеп, атқамінерлерді әшкерелейтін мысқыл өлеңдер жазды. Қазақ жазба әдебиетінің негізін салып, реалистік негіздегі жаңа ақындық дәстүрін қалыптастырды.

      Әрине, Абай мұрасын танып білу, терең меңгеру оңай іс емес. Жас буын, жеткіншектер, Абай туындысының бар болмысын танып білу – сендер үшін аса қажет. Сендер есейген сайын, Абайды сан қайтара оқып , бұрын танып аңдамаған жаңа қырларын, соны мағыналарын аша бермексіңдер. Абайдың теңіздей ой шалқарына , «теп – тегіс» сөз маржанына талай үңілесіңдер әлі.

      Бір жақсысы, жас ұрпақ, сенің бұл  қиындықты оңайлатар құралың  да бар. Ол - қазақ елінің жарты ғасырлық өмірінің көркем шежіресіне айналған 20 ғасырдың ұлы туындысы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы. Бұл шығарма сол заманды, ақын басынан өткен барша тарихи оқиғалар мен  Абай поэзиясының  бар болмысын қаз – қалпында көз алдыңа алып келеді. 

              
 
 
 
 

 

 
 

                   
 

                  

Информация о работе Абай Құнанбаев (1845 – 1904)