Жер қыртысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 12:12, реферат

Описание

Жер қыртысы — литосфераның беткі бөлігін құрайтын, төменгі жапсары Мохоровичич деңгейімен шектелген Жердің ең үстіңгі қабығы. Жер қыртысы қалыңдығына, құрамына, құрылысына қарай құрлықтық және мұхиттық болып негізгі 2 типке бөлінеді. Құрлықтық жер қыртысының қалыңдығы тектоник. жағдайына байланысты 25 — 45 км-ден (платформаларда) 45 — 75 км-ге дейін (тау түзілу аймақтарында), ал мұхиттық жер қыртысының қалыңд.

Работа состоит из  1 файл

Жер қыртысы.doc

— 2.05 Мб (Скачать документ)

Жер альбедосы

Жердің әлемдік кеңістікке беретін (атмосферамен бірге) Күн радиациясының атмосфераның шекарасына келіп түскен Күн радиадиясына қатынасы жер альбедосы деп аталады. Жердің Күн радиациясын беруі — жер жөне бұлттар бетінен шағылысуы, сонымен бірге тік радиацияның атмосферамен бірге әлемдік кеңістікке шашырауы арқылы болады. Жер альбедосы мөлшері 35-45% (немесе 0,35—0,45).

 

Жер ғаламшарының Күн жүйесіндегі орны

Кеңістік пен уақыт жөніндегі алуан түрлі ұғымдар—бүкіл болмыс пен бізді қоршаған ғаламды құрайды. Әлемдегі зат атаулының басым көпшілігі жарқыраған алып шар тәрізді плазмалық денелер — жұлдыздарда шоғырланған. Жүздеген миллиард жұлдыздардан тұратын жұлдыздық жүйелер галактикаларды. түзеді. Осындай галактикалардың бірі—Құс жолы, оның диаметрі шамамен 100 000 жарық жылына тең.

Ғалымдар ғарыштағы қашықтықтарды шамалауда "жарық жылы" деп аталатын өлшем бірлігін пайдаланады, ол жыл ішінде жарықтың жүріп өтетін қашықтығына тең. Жарық жылдамдығы 300 000 км/с екенін ескерсек, ғарыштағы аспан денелерінің бір-бірінен қандай алшақ орналасқанын шамалауға болады. Мәселен, Жерден Сүмбіле жұлдызына дейінгі қашықтық 0,82 жарық жылына тең, ал Күн Құс жолының орталығынан 32 000 жарық жылына тең қашықтықта орналасқан.

Құс жолы өсіресе айсыз күзгі аспанда айқын байқалады, мұнда ғаламдағы мың сан жұлдыздардың бірі болып саналатын Күн орналасқан. Күн мен оны айналып жүрген мыңдаған аспан денелері бірігіп, Күн жүйесін түзеді. Күн жүйесінің жалпы массасының 99,9%-ы Күнге тиесілі. Күннің салмағы Жердікінен 333 мың есе, көлемі 1,3 млн есе үлкен.

Жер шары — Күнді айналып жүрген ғаламшардың бірі. гр. πλάνης планета — "адасқан жұлдыздар" дегенді білдіреді. Күн жүйесіндегі  Плутоннан  басқа ғаламшарларды жер тобындағы (Меркурий,  Шолпан, Жер,  Марс) және  алып ғаламшарлар  (Юпитер, Сатурн, Уран  және  Нептун) деп екі топқа бөледі. Ғаламшарлар Күнді  эллипс  тәрізді  орбиталарының  бойымен айналады. Ғаламшарлардың маңында айналып жүрген шағындау аспан денелерін табиғи серіктері деп атайды. Жердің жалғыз табиғи серігі — Ай, ол Жерден 384 мың км қашықтықта орналасқан. Ай Жер табиғаты мен тіршілік дүниесіне елеулі түрде ықпал етеді.

 

 

 

 

 

 

 

Жер шары полюстері және пішіні

 

Магниттi диполь

 

Жер шарының айналу білігінің (ось) оның беткі бөлігімен түйісетін нүктелерін географиялық полюстер (оңтүстік және солтүстік) деп атайды. Полюстерден бірдей қашықтықта экватор сызығы өтетінін білесіңдер. Соңғы жылдардағы зерттеулер Жер шарының географиялық полюстері біртіндеп ығысатынын дәлелдеп отыр, ығысу жылдамдығы жылна 10 см-ге тең.

Ғалымдар географиялық полюстердің орын ауыстыруына ғаламшардағы салмақ күшінің өзгерістері әсер етеді деп болжайды. Мәселен, мұздықтардың  еріп,  Дүниежүзілік мұхитқа  қосылуы;  жерсілкінулер нәтижесінде  жер қыртысының қозғалысқа келуі; литосфералық  тақталардың жылжуы географиялық полюстердің ығысуына себепші болуы мүмкін.

Географиялық полюстерден басқа Жер шарының магниттік полюстері болады. Жердегі магнит өрісі шамамен 3,5 млрд жыл бұрын пайда болған, бұл уақыт аралығында магниттік полюстер бірнеше рет орын алмастырған. Жердегі магнит өрісі әсерінен атмосфераның жоғарғы қабаттарындағы (100 км биікте) сиреген ауаның жарық шашуын полярлық шұғыла деп атайды. Бұл ғарыштағы ұсақ бөлшектер мен ауа құрамындағы заттардың Жердің магнит өрісінде өзара әрекеттесуі нәтижесінде пайда болады. Бұл заттардын ағыны магниттік полюстер арасын қамтып, полюстер маңында тұтасады. Олардың Жер атмосферасы құрамындағы газдарға шағылысуы нәтижесінде полярлық аудандарда сәуле (полярлық шұғыла) пайда болады.

 

Өз білігінен  айналуы және соның нәтижесінде пайда болатьн ішкі айналу күші әсерінен Жер полюстер маңында қатты сығылады. Сондықтан оның экваторлық радиусы полярлық радиустан 21,4 км артық, осындай полюс маңында сығылған шар сфероид немесе эллипсоид деп аталады. Жердің осындай пішіні нақты математикалық  өлшемдермен берілген, ол өлшемдер геофафиялық карталар жасауда кеңінен қолданылады. Әдетте,  геодезиялық және  картографиялық жұмыстар үшін  Ф.Н.Красовский  эллипсоиді қолданылады. Бұл өлшем бойынша экваторлық радиус — 6378,2 км, полярлық радиус — 6356,8 км, меридиан ұзындығы — 40008,5 км, экватордың ұзындығы — 40075,7 км, жер бетінің жалпы ауданы — 510 млн км2.

 

Пішіні

 

Жер тобының ғаламшарларының өлшемдерiнiң салыстыруы (солдан оңға қарай):Меркурий, Венера, Жер, Марс

 

 

Жер шарының нағыз геометриялық пішіні геоид, оның шекарасы шамамен Дүниежүзілік мұхиттың беткі деңгейі арқылы өтеді. Ол Жердің ішкі қойнауындағы әртүрлі құрылымдар мен олардың салмақтарының түрліше болуына тәуелді. Ауырлық күші ықпалымен геоид пен эллипсоид арасындағы ауытқу ± 50... 100 м-ге жетеді. Геоид беті жер бедерімен тіпті сәйкес келмейді, жазықтармен және таулармен күрделенген жер бедерінің геоид бетінен бірнеше километрге алшақтығы бар. Сондықтан да ауырлық күші үнемі жер бедерін сыртқы күш ықпалымен тегістеп, оны геоид бетімен теңдестіруге тырысады. Негізінде, эллипсоид та, геоид та шардан онша үлкен айырмашылық жасамайды. Сондықтан тек дәл нақты өлшеу жұмыстары үшін ғана болмаса, жалпы алғанда, Жердің пішінін шар тәрізді деп есептеудің еш қателігі жоқ. Жердің пішіні мен өлшемдерінің географиялық мәні аса зор. Ол күн сәулесінін түсу бұрышын анықтауға, жарық және жылу белдеулерінің қалыптасуына, табиғаттағы барлық процестер мен заңдылықтардың экватордан полюстерге қарай өзгеруіне тікелей әсерін тигізеді.

 

 

Жер ғаламшарының қозғалыстары

Күн жүйесінің барлық басқа ғаламшарлары тәрізді Жер де Күнді эллипстік орбита бойымен айналады. Сондықтан Күнге дейінгі қашықтық тұрақты емес. Афелий— орбитадағы Күннен ең қашық нүкте (152 млн км), Жер ол нүктеден 5 шілдеде өтеді; ал перигелийден — ең жақын нүктеден (147 млн км) 3 каңтарда өтеді. Орбитаның жалпы ұзындығы — 940 млн км, оның бойымен Жер түрліше жылдамдықпен қозғалады. Орташа қозғалу жылдамдығы — 29,8 км, сонда Жер өз орбитасын 365 тәулік 6 сағ 9 мин 9,6 с-та бір рет айналып шығады. Осы уақыт аралығын жұлдыздың жыл деп атайды. Ал бізге мәлім 365 күндік календарлық жыл қайдан шықты? Қалған 6 сағат пен минуттарды 4 жылда бір тәулікке жинақтап, ең қысқа ай — ақпанға апарып қосады да, ол жылды кібісе жылы (високосный год) деп атайды. Бұл — күнтізбе жасауды жеңілдету үшін қолданылған шара.

 

Жер шары өз білігінен сағат тіліне қарсы бағытта батыстан шығысқа қарай 24 сағатта бір рет айналып шығады. Бұл қозғалыс нәтижесінде күн мен түн алмасуы жүреді. Жердің өз білігшен айналуы кезінде оның бетіндегі барлық денелер қозғалысында ауытқу пайда болады. Бұл ауытқуды тудырушы құбылыс — Кориолис күші (француз ғалымы Г. Кориолис есімі бойынша) деп аталады. Кориолис күші әсерінен солтүстік жарты шардағы жер бетімен қозғалатын барлық денелер оңға, ал оңтүстік жарты шардағы денелер солға бұрылады. Өсіресе бұл қозғалыстар желдер мен беткі ағыстардан айқын байқалады.

Экватор  бойында Кориолис күші өлсіз, керісінше полюстерге карай күшейеді. Кориолис күшінің ықпалын есепке алу сіресе жел бағытын анықтауда ерекше маңызды, себебі өте күшті дауылдар туғызатын тропиктік  циклондар қозғалысын білудің қашан да маңызы зор.

Күн мен түннің алмасуы табиғаттағы тәуліктік ырғақтылықты туғызады, ол  жарық  пен  жылудың  өзгерісіне байланысты жүзеге асады. Адамның  әлеуметтікөмірі де тәуліктік ырғақтылыққа сәйкес келеді.

 

Сағаттық белдеулер

Жердің өз білігінен айналуы нәтижесінде пайда болатын уақыт айырмашылығын реттеу мақсатында Жер  шары шартты түрде 24  белдеуге  бөлінген. Белдеулер арасы 15°, Гринвич меридианынан  басталады. Әрбір белдеу келесі белдеуден 1 caғат айырма жасайды. Егер Гринвич меридианында тал түс болса, 180° бойлықта түн жарымы, Гринвичтен шығысқа қарай 90° бойлықта кеш болса, ал Гринвичтен батысқа қарай 90° бойлық бойында таң атады. Жердің шар тәрізді пішіні оның бір меридиан бойында орналасқан кез келген бөлігінде тәулік ішіндегі уақыт көрсеткіші бірдей болады. Осы көрсеткіш жергілікті уақыт деп аталады. Бойлық бойынша жергілікті уақыт батысқа және шығысқа қарай жүрген сайын бірнеше сағатқа ауысып кетеді. Бұл елдер арасындағы байланысты қиындатады. Сондықтан халықаралық келісім бойынша сағаттық белдеу және сағаттық уақыт көрсеткіштері енгізілді. Сағаттық белдеу Гринвичтен басталады және ол нөлдік (24 сағаттық белдеу) деп аталады. Одан шығысқа қарай 7°30' ш.б.—1 сағаттық белдеу, 22°30' ш.б.—2 сағаттық белдеу және т.б. Ең соңында 24 сағаттық (нөлдік) белдеумен аяқталады. Сағаттық белдеудің ортасы арқылы сағаттық уақыт белгіленеді. Сағаттық белдеулер шекарасы бойлықтармен сәйкес келмейді, ол көп жағдайда әкімшілік шекарасына сәйкестендіріледі. Қазақстан жері екі (4 және 5) сағаттық белдеуде орналасқан. 180° меридиан сызығы арқылы уақыт ауысу сызығы өтеді, оның екі жағында уақыт өлшемі бірдей, тек күнтізбелік уақыт бір тәулікке айырма жасайды.

Жылу белдеулері

Жердің айналу білігінен еңкіштігі және Күнді айнала қозғалуы Жер шарында жарық немесе жылу белдеулерін қалыптастырады. Олар өз тарапынангеографиялық қабықтағы зоналық жіктелуге негіз болады. Жылу белдеулері бір-бірінен Күннің тал түстегі көкжиектен биіктігі, күннін ұзақтығы, тропиктік және полярлық шеңберлермен шектелуі арқылы ажыратылады.

Жер бетінің 40%-ға жуық бөлігін екі тропик аралығьндағы ыстық белдеу алып жатыр, мұнда күн мен түннің ұзақтығы шамалас, Күн жылына екі рет зенитте (Күн сәулесінің 90° жасап түсуі) тұрады.

Жер шарының 52%-ға жуық бөлігін екі жарты шардың тропик және поляр шеңберлері арасында орналасқан екі қоңыржай белдеу алып жатыр. Бұл белдеулерде Күн еш уақытта зенитте тұрмайды. Күн мен түннің ұзақтығы белдеу мен жыл мезгілдеріне тәуелді. Поляр маңдарында (60° пен 65°) жазда Күн азғана уақыт көкжиектен көтерілмей, кешкіі және ертеңгі күн шапағы сәулеленіп, "ақ түндер" деген атпен белгілі ерекше атмосфералық құбылысты қалыптастырады.

Жер шарының қалған 8%-ға жуығын суық бепдеупер құрайды. Оған солтүстік және оңтүстік поляр маңы аудандары кіреді. Қыста мұнда поляр түні, ал жазда поляр күні орнайды. Олардың ұзақтығы поляр шеңбері маңында бір тәуліктен полюс маңында жарты жылға дейін созыпады.

Жердің өз орбитасы бойынша айналуы, өз білігінен қозғалуы, пішіні мен тағы да басқа ғаламшарлық, параметрлері оның табиғатындағы өзіндік ерекшектердің қалыптасуындағы басты қозғаушы күш болып табылады.

Жердің ғаламшар тұрғысындағы географиялық заңдылықтарымен сендер кейінгі тақырыптарда кеңірек танысасыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оңтүстік Қазақстан облысы

 

Төлеби ауданы

 

№7 жалпы орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: 7 «ә» сынып оқушысы

Әбдіқашым Ильяс

                                                                   Қабылдаған: ___________________

 

 

 

 

 

 

Ленгер қаласы

2011-2012жж

 

 

 

Орындаған: 7 «ә» сынып оқушысы

Әбдіқашым Ильяс

Қабылдаған: ____________________

 

 

 

 

 

Ленгер қаласы

2011-2012жж

 

 



Информация о работе Жер қыртысы