Тарихымызға жиырма жыл

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2011 в 18:08, реферат

Описание

Менің туып өскен жерім-егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде ата-бабаларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.

Содержание

Кіріспе
1.Атамекен.
Негізгі бөлім
1.Тәуелсіздік-тұрлаулы тұғыр!
2.Тарихымызға жиырма жыл.
Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Шығарма Тәуелсіз елдің бақытты балалары.doc

— 31.00 Кб (Скачать документ)

        Шығарма        Тәуелсіз елдің бақытты балалары!

Жоспары:

Кіріспе

1.Атамекен.

Негізгі бөлім

1.Тәуелсіздік-тұрлаулы  тұғыр!

2.Тарихымызға  жиырма жыл.

Қорытынды

1.Бақытты  болашағымның туы желбіресін.

      Менің туып өскен жерім-егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде ата-бабаларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.

            Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын. Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық-нағыз жоқтық»-деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау-әрбір азаматтың бірінші міндеті.

      Ал  біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте  терең деп ойлаймын. Халқымыздың басынан  қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз  елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық. «Ер ел үшін туады, ел үшін өледі» -деп түйген халықтың қаһарманы Бауыржан батыр. «Отаның үшін отқа түс күймейсін»,-дейді. Қазақ елінің есімі аңызға айналып, дастандарға арқау болған батыр ұл-қыздары толып жатыр. Олар атамекенін, туған елін жан аямай қорғап, ата-бабаларының ерлік дәстүрін сақтау арқылы өздерінің өшпес даңқын шығарғандар.

      Біздің  халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте  терең, олар үшін туған  жерді қасиет тұту-қанға  сіңген мінез, ежелгі дәстүр.

      Тәуелсіз  елім! «Менің» деп меншіктеп айтар жерің мен еліңнің болғаны қандай бақыт! Осы сөздің мәнінде қаншама қуаныш, мақтаныш, тарих жатыр десеңізші! Атадан балаға мирас болған ұлан-байтақ қазақ даласының төсінде өткен тарихи оқиғаларды , соғыс-қырғынды, жеңіс пен жеңілісті бір күнде, бір шығармада айтып та, жазып та бітіру мүмкін емес шығар...

      Білетініміз-ата-бабаларымыз туған жердің тоқымдай бөлігін де жауға бермеген.Толарсақтан саз кешіп «ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалып» жүріп қорғап қалған, аманат етіп бізге-ұрпағына қалдырған қасиетті жер бұл.

      Жылдар  жылжып, ғасырлап күткен бақыт таңы атты. Еліміз тәуелсіз ел болды. Тәуелсіздік-том-том болған ел мен жер тарихының, ата-бабаларымыздың арман-тілек, төккен қан, аққан көз жастарының сағынышты жауабы.

      Қазақстанның  жаңа мемлекеттігінің негізін қалап, байрағын көтеріп, оны бүкіл әлемге танытуда еліміздің  тұнғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбегі орасан зор. Қазақстан бүгінде әлемдік интеграцияның кеңістігіне шыққан еркін елдер санатына қосылды. Бай тарихымыз бен мәдени құндылықтарымызды өркениет дүниесі жан-жақты танып отыр.

      Тарих үшін жиырма жыл-қас-қағымдай уақыт. Әйтсе де, осы  уақыт аралығында Қазақстан адам айтса  сенгісіз үлкен табыстарға жетті. Ұлттық менталитетіміз, қиын-қыстау кезеңде  жұдырықтай жұмыла білетін, ақыл мен парасатқа ой қосып, әлемдік саясатта бастамашыл қасиетке ие екенімізді көрсете білді. Осы уақыттың ішінде біз өзімізді-өзіміз сыйлайтын ұлттық дәрежеге біршама көтерілдік.

      «Қазақстан» деген асты кеніш, үсті пейіш, ұлан-ғайыр жері, ақ жарқын, кең пейілді дархан елі бар қазақ елін қысқа мерзім ішінде айдай әлемге таныту-Елбасының ерен еңбегінің жемісі, өршіл де намысты халықтың толайым табысы екендігі даусыз. Басқа емес, өзіміздің ең жақын да туыстас көршілеріміз бір-бірімен таққа таласып, алашапқын болып жатқанда, тағдыры мен талайы бір қазақ елі дүние жүзінің қаншама елін өзіне мойындатып, төріне шақырып, әлем тыныштығы мен бейбіт өркендеуі жолында келелі кеңес өткізуі-бәріміз үшін орасан зор қуаныш, асқан бақыт екендігін жүрегімізбен сезінеміз. Міне, бүгінгі күні төрткүл дүниені дүбірлеткен Қысқы Азия ойындарының да алауы Қазақ жерінде лаулап, жеңісті жолдағы тартыстар қызу өтті. Осының бәрі-Тәуелсіздігіміздің, сол сөзбен біте қайнасқан Елбасымыздың арқасы.

      Мен елімнің Тәуелсіздік  туын желбіреткен алғашқы жылдарында дүниеге келгеніме бақыттымын. Тәуелсіздік жолына ешқандай үлес қоспасам да, осы бір күреске толы күндердің мол тарихын келер ұрпаққа жеткізуге уәде беремін.

      Бір сөзбен айтқанда, ата-бабаларымыз  сағынып, арманда  кеткен, солардың тілек-батасынан бізге жеткен Тәуелсіз елдің ұланы болудан артық не бар?! Мұқағалидың:

      Не  істемекпін алтын, гауһар, жақұтты,                                           

      Оларды  іздеп өткізбеспін  уақытты.

      Мен бақытсыз бола қойман,сірә да,

      Туған елім болса егер бақытты,-деген сөзін қайталай бергім келеді. Жасай бер, тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздігің баянды болсын!

Информация о работе Тарихымызға жиырма жыл