Мапинфо карта

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 12:50, дипломная работа

Описание

«Ашық таулы өңдеулердегі маркшейдерлiк iс» пәні «050707-Тау iсі» мамандықтары үшiн iргелi ғылымдардың бiрi болып табылады, мамандықтың кәсiби пән циклінің жоғары оқу орындарының компонентi болып табылады. Пән мамандарды әзiрлеуде маңызды рөлдi және мәнді алады.

Содержание

Дәрістердің қысқаша мазмұны.
5
1.1
Дәріс. Ашық тау-кен жұмыстарының дамуының тарихы. Ашық тау-кен жұмыстарының терминологиясы және маркшейдерлік қызмет шешетін мәселелер.
5
1.2
Дәріс. Ашық өңдеулердегі маркшейдерлік тірек торы.
8
1.3
Дәріс. Геодезиялық түсіріс торын құру әдістері, тор пункттерінің орын орналасуының дәлдігін анықтау.
12
1.4
Дәріс. Түсіріс торларының пункттерінің биіктігін анықтау және маркшейдерлік торларының пункттерін орнату тәсілдері.
22
1.5
Дәріс. Карьерлердің толық маркшейдерлік түсірісі.
27
1.6
Дәріс. Ашық таулы жұмыстардағы маркшейдерлік құжаттама.
31
1.7
Дәріс. Тау массасы мен пайдалы қазбалардың көлемін және ауданын анықтау тәсілдері.
36
1.8
Дәріс. Карьерлердің құрылысындағы және қайта құрудағы маркшейдерлік жұмыстар.
41
1.9
Дәріс. Шығатын және ойылған траншеяларды құрудағы маркшейдерлік жұмыстар.
46
1.10
Дәріс. Автокөлік және темір жолдарын құрудағы маркшейдерлік жұмыстар.
51
1.11
Дәріс. Бұрғылап жару жұмыстарын жүргізгендегі маркшейдерлік жұмыстар.
56
1.12
Дәріс. Кен үйінділерін құрудағы маркшейдерлік жұмыстар.
61
1.13
Дәріс. Пайдалы қазбалар мен аршу көлемін есепке алу түрлері.
64
1.14
Дәріс. Төгілген кен орындарын құрудағы маркшейдерлік жұмыстарының ерекшеліктері.
67
1.15
Дәріс. Карьерлерді рекультивациялаудағы маркшейдерлік қамтамасыз ету, ашық өңдеулерде маркшейдерлік жұмыстарды жүргізудегі еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі.
72

Әдебиет тізімі.
75

Работа состоит из  1 файл

Конспект лекций ОГР, 2010 на каз.doc

— 1.17 Мб (Скачать документ)


МаЗМҰНЫ

 

 

 Кіріспе

 

4

1

Дәрістердің қысқаша  мазмұны.

5

1.1

Дәріс. Ашық тау-кен жұмыстарының дамуының тарихы. Ашық тау-кен жұмыстарының терминологиясы және маркшейдерлік қызмет шешетін мәселелер.

5

1.2 

Дәріс. Ашық өңдеулердегі маркшейдерлік тірек торы.

8

1.3

Дәріс. Геодезиялық түсіріс  торын құру әдістері, тор пункттерінің орын орналасуының дәлдігін анықтау.

12

1.4

Дәріс. Түсіріс торларының пункттерінің биіктігін анықтау және маркшейдерлік торларының пункттерін орнату тәсілдері.

22

1.5

Дәріс. Карьерлердің толық маркшейдерлік түсірісі.

27

1.6

Дәріс. Ашық таулы жұмыстардағы маркшейдерлік құжаттама.

31

1.7

Дәріс. Тау массасы мен пайдалы қазбалардың көлемін және ауданын анықтау тәсілдері.

36

1.8

Дәріс. Карьерлердің құрылысындағы және қайта құрудағы маркшейдерлік жұмыстар.

41

1.9

Дәріс. Шығатын және ойылған траншеяларды құрудағы маркшейдерлік жұмыстар.

46

1.10

Дәріс. Автокөлік және темір жолдарын құрудағы маркшейдерлік жұмыстар.

51

1.11

Дәріс. Бұрғылап жару жұмыстарын жүргізгендегі маркшейдерлік жұмыстар.

56

1.12

Дәріс. Кен үйінділерін құрудағы маркшейдерлік жұмыстар.

61

1.13

Дәріс. Пайдалы қазбалар мен аршу көлемін есепке алу түрлері.

64

1.14

Дәріс. Төгілген кен орындарын құрудағы маркшейдерлік жұмыстарының ерекшеліктері.

67

1.15

Дәріс. Карьерлерді рекультивациялаудағы маркшейдерлік қамтамасыз ету, ашық өңдеулерде маркшейдерлік жұмыстарды жүргізудегі еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі.

72

 

Әдебиет тізімі.

75


                                                                                                                        

 

 

 

Кiрiспе

 

«Ашық таулы өңдеулердегі маркшейдерлiк iс» пәні «050707-Тау iсі» мамандықтары үшiн iргелi ғылымдардың бiрi болып табылады, мамандықтың кәсiби пән циклінің жоғары оқу орындарының компонентi болып табылады. Пән мамандарды әзiрлеуде маңызды рөлдi және мәнді алады.

Осы пәннiң зерттеулерiнің мақсаты карьерлерде және қазбаларда маркшейдерлiк қызмет шешетін мәселелер кешені бойынша теориялық және практикалық бiлiмдердiң алуы болып табылады.

Пәннiң мәселелерi келесi: құрылыстың, карьерлерді жою эксплуатациясының, кен үйінділерін құруының, құрғату өндiрулерiн өткiзуінің, жердi қалпына келтiрулерінің процессіндегі маркшейдерлік – геодезиялық есептерді дұрыс шешу.

Студенттер осы пән зерттеуiнің нәтижесiнде тиiстi:

ұсынысты алу: маркшейдерлiк тірек торын құрудағы, тор дәлдігін есептеу мен бағалау әдiстерiнің ерекшелiктері туралы;  карьерлердің құрылысының технологиялары; пайдалы қазбалаларының кен орындарының қолданылған тәсілдері;  жабдықтарды, машиналар мен механизмдерді технологиялық таңдау.

бiлу: түсiріс торларын құруының әдiстерi; маркшейдерлiк түсiрiстің объектілері және әдiстері; тәжірибеде кең таралған маркшейдерлік – геодезиялық есептерді шешудегі негізгі талаптар, қазба мен пайдалы қазбаның көлемін есептеу тәсілдері, шығын мен разубоживание есепке алу тәсілдері.

істей алу: топогеодезиялық материалды қолдану; карьерді құру мен эксплуатациялаумен байланысты сәйкес қызметтерге анық мәселелерді қою, нұсқауға негізделген талптарды көрсетумен бірге осы жұмыстарды жіберу; таулы – геометриялық есептерді шешумен байланысты маркшейдерлік өлшеулерді жүргізу; пайдалы қазбаларды қазу мен алудағы түсірісті және өлщеуді орындау; карьерлердің борттары мен еңістерінің параметрлерін орындауда бақылау жүргізу; құрылыстардың бөлуін жүргізу; жасалатын құрылыстың геометриялық формасын бақылау, тау өңдеу кәсіпорындарында жасалатын құрылыстың жеке кезеңдерінің қорытындысының орындалған түсірісі; дала түсірістерінің өңдеуін дұрыс жүргізу және тау-графикалық нұсқаудың талаптарына сәйкес графикалық құжаттаманы жүргізу.

тәжірибелік дағдыларды алу: оқу әдебиетiмен, қазiргi геодезиялық құралдармен жұмыста, қазiргi геоақпарат технологиялардың қолдануымен өлшеу мен нәтижелердi өңдеу әдістерде.

 

1 ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

 

Дәрiс 1.1. «Ашық тау-кен жұмыстарының дамуының тарихы. Ашық тау жұмыстарының терминологиясы және маркшейдерлік қызмет шешетін мәселелер.»

 

Дәрiстiң жоспары:

 

1 ) ашық тау-кен жұмыстарының  дамытуының қысқаша тарихы;

2 ) маркшейдерлiк қызмет шешетін ашық өңдеулердегі сұрақтар;

3 ) ашық тау-кен жұмыстарының  терминологиясы;

4 ) маркшейдерлiк қызмет  түсiрістерінің объектілері.

 

Ашық тау-кен жұмыстары  болып күндiзгi жазықтықтан кен орындарының пайдалы қазбаларын өңдеу табылады.

 Оған экскаваторлар, бульдозерлер және гидромониторларды қолданумен кен өңдеулерді және түрлі суаттардың, теңіздер мен мұхиттардың түбін драгаларды, жер снарядтарын және грейферлерін қолданумен су асты өңдеулерді жатқызады.

Ашық әдiспен қатты  минералдық шикiзаттың жалпы көлемінің 75% артық табады және ол өзгерiссiз өседi. Ашық өңдеу тәсiлiнiң артықшылығы, жер асты әдiсiмен салыстырғанда, ол көп есе өнiмдiрек, үнемдiрек және қауiпсiздiрек болатындығымен түсіндіріледі. Ашық әдісте еңбек өнiмдiлiгі 5-8 есе жоғары, ал өзiндiк құны жер асты әдісіне қарағанда 2-4 есе төмен және осы айырмашылық соңғы 30-40 жыл ішінде үлкее береді.

Ашық тау-кен жұмыстары палеолит дәуiрінен белгiлi. Алғашқы iрi кендер Ежелгi Мысырындағы пирамидалардың құрылысы нәтижесінде пайда болды, кейінірек көне заманда кендерде мәрмәр табыла бастады. Бiздiң елде ашық өңдеулердi дамыту Оралда басталды - 1835 жылы Гороблагодат темiр кенінде, 1881 жылдан Высокогорное кенiнде, 1911 жылдан Богослав қоңыр көмiрлi кен орнында. Қазіргі кезде қопсыған жыныстарды өңдеу үшін конвейер транспорт кешенімен роторлы экскаваторлар, және де қуатты адымдаушы экскаваторларды – драглайндар қолданады. Берiк тасты жыныстарды өңдеу үшiн жаңа бұрғылау шар тәрізді мен пневмоқысымды бұрғылауда станоктері, механикалық сыйымдылығы 20 м3 дейін ожаулары бар күректегі сияқты кен экскаваторлары, жүк көтерімділігі 90-180 т думпкарлар, сыйымдылығы 180 т дейін жүкті түсіргіш машиналар, қуатты бульдозерлер және т.б. техника жасалған. Кен табу масштабтары жылына ондаған милиондарды құрайды: «Богатырь» кенінде (тасты көмір) – жылына 52 млн. т., «Лебединский» ( темір кені) - 33,4, «Сарбайский» (темір кені)- 21,5, «Фортуна» (ФРГ, қоңыр көмір) – 42,6, «Маунт-Райт» (Канада, темір кені). Жақын жылдарда ашық өңдеу әдісінің дамуы тек минералдық шикiзатқа қоғамның өсетiн қажеттiктерiмен және осы әдістің жер асты әдісінің артықшылымен ғана емес, сонымен қатар өскен экологиялық шектеулермен де анықталады. Сондықтан да ашық әдістің технологияларын жетілдіруінің алғашқы мәселелері ашық әдістің қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту мәселесілеріне кіреді. Кендердегі маркшейдерлік қызмет болып әрбір кәсіпорындар жұмыстарында ең маңызды және ажырамас бөлігі табылады.

Ашық өңдеулерде маркшейдерлiк жұмыстар келесi негiзгi мәселелердi шешедi:

  1. Карьерлер мен кендерде тiрек және түсiру торын дамыту.
  2. Кәсіпорын жұмысының кез келген уақыт мерзіміне әсерін тигізетін маркшейдерлiк жоспарларды, кендер мен профильдерді құру және жүргізу.
  3. Тау-кен жұмыстарының жоспарлануы.
  4. Қорлардың уақытында әзiрленуiн және олардың қозғалысын бақылау.
  5. Тау-кен жұмыстарының дұрыс және қауiпсiз жүргiзуiн бақылау.

6) Пайдалы қазба қуысының толықтығын бақылау. Пайданың, қазбаның, шығынның және разубоживания есепке алу.

7) Пайдалы қазбаларының қасиеттерiн және формасын геометризациялау.

8) Карьерлер мен үйінділер борттарының ойықтарының тұрақтылығын бақылау.

9) Әр түрлi жедел - өндiрiстiк мәселелерді шешу және транспорт, үйінді шаруашылығы, бұрғылау шаруашылығын және т.б қамтамасыз ету.

Маркшейдерлiк жұмыстардың түрлерi ашық өңдеулердi (дража, гидравликалық пайда және тағы басқалар)жүргiзу әдiстеріне тәуелдi болады

Траншея – салыстырмалы үлкен емес көлдеңең өлшемде едәуір ұзындықтың ашық тау өңдеуі. Тағайындалуы бойынша iргелi және ойылғанға бөлінеді. Iргелi траншеялар жер бетiнен кен орынға мүмкіндікті қамтамасыз етедi, ойылған траншеялар аршылған жыныстар мен пайдалы қазбалардың аршуына (выемка) жұмыс фронтын құрайды.

Карьердегі саты формасында жұмыс беті болатын және өздігінен аршу, жүк тиеу және транспорт құралдармен өңделетін тау жыныстарының қалыңдығының бөлiгi деп ойық аталады.

Өңделген кеңістік жағынан ойықты шектейтін көлбеу бет еңіс деп аталады.

Жоғарғы және төменгі алаңдармен қиылысатын еңіс сызығы жоғарғы және төменгі  жиек деп аталады.

Еңістер жұмыс жасалатын және жасалмайтын  деп жіктеледі. Жұмыс жасалатын  еңістерде бос жыныстардың аршылуы немесе пайдалы қазбалардың табылу жасалады.

Биіктікте шектелетін жұмыс жасалатын  еңістің горизонталь беті жоғарғы  және төменгі алағдар деп аталады. Алаңдар горизонттар деп те аталады, горизонттарда өсімшелер болады.

Жұмыс жасалатын еңістің  бұрышы 65-800, ал жасамайтын еңістің 45-600. Жабдықтар орналасқан алаңдар өңдеуге арналған (бұрғылау станоктары, экскаваторлар, транспорт құралдары) ол жұмыс алаңы деп аталады. Жұмыс алаңның ені В = 40-70 м.

Ойық жүйелі параллель  сызықтармен – заходкалармен өңделеді. Оның ені А=10-20 м және одан да көп. Заходка шетжағы сойыс деп аталады. Сойыста жыныстардың және пайдалы қазбалардың ашылуы жүзеге асырылады, осының нәтижесінде сойыс қозғалады.

Карьер борты жұмыс  жасалатын және жасамайтын деп бөлінеді. Жұмыс жасалатын ойықтың жоғарғы жиегін және төменгі жиектің төменгі ойығын және горизонталь жазықтығын байланыстыратын сызықтың арасындағы бұрышы борттың еңіс бұрышы деп аталады. Жұмыс жасалатын бортының еңіс бұрышы 7-150, жұмыс жасамайтын - 35-450.

Жұмыс жасалмайтын бортты құрайтын ойықтар транспорттық және сақтағыш бермалармен бөлінеді. Транспорттық бермалар карьердегі жұмыс алаңдарын жер бетімен байланыстыратын транспорттық жолдарды орналастыру үшін арналған. Транспорттық берманың ені 10-25 м. Сақтағыш бермалар борттың тұрақтылығын арттыру үшін және ойықты желдеткенде жыныс кесектерінің құлауын ұстау үшін арналған. Сақтағыш бермалардың ені 3-5 м, бірақ көршілес алаңдар арасындағы вертикаль бойынша арақашықтық 1/3 аз емес.

Кен орнын өңдегенде  алынып тасталған тау жыныстарының үйіндісі жыныстардың үйіндісі деп аталады. Өңделген кеңістікте орналасқан үйінді ішкі үйінді деп аталады, ал карьер контурынан тыс жер бетіндегі үйінді – сыртқы.

Карьердегі маркшейдерлік  түсірістің негізгі объектілері  болып:

а) кен орны өңделген теліміндегі рельеф пен жер беті ситуациясы;

б)  жоғарғы және төменгi еңіс жиектері;

в) сыртқы және iшкi аршылған жыныстарының үйінділері;

г) құрғату және су төкпе жер беті құрылыстары және жер асты тау кен өңдеулері;

д) бұрғылау жару ұңғымалары және миналы тау кенi өңдеулері;

е) көмiр ойықтарындағы өрт ошақтары;

ж) геологиялық барлау өндеулері;

з) карьерлердің және сыртқы үйінділердің көлiк жолдары;

и) негізгі механизмдердің орналасуы (экскаваторлар, үйінді көпiрлері және тағы басқалар);

к) құрылыстар және ғимараттар (эстакада, байыту фабрикалары, ЭЖТ, су құбыры және тағы басқалар);

л ) көшкiндер және су көздерi;

м) ойықтың геологиялық элементтерi: жыныстардың және кендердiң контакттары, кендердiң әр алуан түрлерінің немесе көмiрдiң күлдiлiгiнің шекарасы, тектоникалық бұзылыстар, сынақтар алынған орындар, қуаттың өлшемдерi және тағы басқалар.

Түсірістің периодтілігі карьердің жұмыс шарттарымен  анықталады.

Ашық өңдеулердің сипатына байланысты маркшейдерлің жұмыстарының түрлері.

1) Карьерлерде – ойықтардың, жолдардың, үйінділердің түсірісі, бұрғылау жару жұмыстарының (БЖЖ), экскаваторлық жұмыстарының түсірісі және құжаттамасы, траншеяларды жүргізу, қазба мен пайда көлемінің есепке алынуы.

2 ) Транспорттық – үйінді көпірлермен өңделген кен орындарында – жобаны жерге көшіру мен бөлу, транспорттық – үйінді көпірлер жұмыстарымен байланысты бақылаулар (жолдардың, бұрылу радиустарының кеңеюі мен тарылуы, жол биіктігі).

3) Кен орындарының дражалы және гидравликалық өңдеулерінде – барлау кезіндегі шұңқыр түбінің өсімшелерімен жер телімінің топографиялық түсірісі (эксплуатациялау планының масштабы 1:2000), тоғанның орналасуының жобасын құру, шайылған тау массасының көлемін анықтау. Гидравликалық құрылыстарды құрғандағы геодезиялық іздестірулер.

4) Гидравликалық өңдеу тәсілінде - гидравликалық құрылыстардың жоспары, арықтың тау массасы көлемiнiң анықталуы.

 

Қажетті әдебиет

1.стр.86-88 [1]

2.стр.89-93[1]

3.стр.401-405[1]

4.стр.211-219 [6]

 

СӨЖ үшін бақылау тапсырмалары (тақырып 1) [1, 2, 3, 4, 5, 11]

1. Мемлекеттік геодезиялық торды құру кезіндегі дала және есептеу жұмыстарының ретін білу

2. МГТ жасаудың негiзгi қағидаларын бiлу

 

Дәрiс 1.2. Ашық өңдеулердегі маркшейдерлік тірек торы.

 

Дәрiстiң жоспары:

1.Триангуляцияның торының сипаттамасы;

2.Полигонометрияның сипаттамасы;

Информация о работе Мапинфо карта