Курильсие острова

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2011 в 12:09, реферат

Описание

Курил аралдарының мәселесі Екінші дүниежүзілік соғыстан бері шешімін таба алмай келе жатыр. Соғыс аяқталғаннан кейін аралдар Совет Одағының қарамағына өткен болатын, бірақ Итуруп, Кунашир, Шикотан және Хабомаи аралдарының тобы Жапония жағымен дауласуда. Оңтүстік Курил аралдарының мәселесі Ресей мен Жапония арасындағы бейбітшілік келісімі жолындағы үлкен кедергі болып тұр.

Работа состоит из  1 файл

работа по проблеме курильских островов.docx

— 80.40 Кб (Скачать документ)

 

 

Курил аралдарының мәселесі Екінші дүниежүзілік соғыстан бері шешімін таба алмай  келе жатыр. Соғыс аяқталғаннан кейін  аралдар Совет Одағының қарамағына өткен болатын, бірақ  Итуруп, Кунашир, Шикотан  және Хабомаи аралдарының  тобы Жапония жағымен дауласуда. Оңтүстік Курил аралдарының мәселесі Ресей мен Жапония арасындағы бейбітшілік келісімі жолындағы  үлкен кедергі болып тұр.

Жалпы Курил аралдарында «аин» деп аталатын жергілікті халық өмір сүрген, олардың тілінде «куру» , «белгісіз жақтан келген адам» деген мағынаны береді, осыдан аралдар өз атауын алған. Жапондықтар Курил аралдарын Хоккайдоға жасаған экспедиция кезінде 1635 жылы білді, ал орыстар 1646 жылы Москвитиннің жорықтары арқылы білді. 1787 жылы Ресейдің картасында Хоккайдоға дейінгі жиырма бір арал белгіленген болатын. Ал 1845 жылы Жапония Сахалин мен Курил аралдарына өз иелігінде деп жариялағаны І Николайдың ашуын шақырды. Бірақ, Крым соғысы Ресейді Жапония алдында шегінуге мәжбүрледі де, 1855 жылы 7 мамырда ең алғаш орыс-жапон келісмі Симодо трактаты орындалды, онда шекарадағы сауда жағдайы қарастырылды. Дегенмен, 1875 жылдың 7 мамырында Петербург келісімінде Ресей Жапонияға барлық Курил аралдарын, Сахалинге айырбастаған болатын. 1905 жылы Жапония мен Ресей соғысынан кейін Портсмут келісіміне қол қойылды, ол бойынша Ресей Жапонияға Сахалиннің оңтүстік аймағын берді. Бірақ 1925 жылы Пекинде жүргізілген келіссөзде екі жақ та бейбіт жағдай ұстанамыз деп қол қойды, дегенмен Ресей Портсмут келісімінен бас тартады.

Екінші  дүниежүзілік соғыстан кейін, 1945 жылы Каир декларациясында «...Жапония  агрессияшыл саясаты бойынша  басып алған жерлерден бас  тартсын» деп айтылды. Сөйтіп, 1951 жылы сегізінші қыркүйекте Сан Франциско  қаласында өткен келіссөздер  кезінде Жапония, Совет Одағы  және оның одақтастары арасында бейбітшілік  келісімі орнатылады, алайда, онда Совет Одағы Жапонияның Сахалин мен Курил аралдарынан толық бас тартсын деген шарт қояды. Бірақ, ол еленбегендіктен, келісімшартқа Совет Одағы, Польша мен Чехословакия қол қоймайды. 1956 жылдың 19 қазанында Совет Одағы мен Жапония соғыс жағдайын тоқтатып, екі ел арасындағы дипломатиялық арақатынасты тұрақтауды, және Ресей жағынан Хабомаи мен Шикотан аралдарын қайтаруды көздейді. Дегенмен, көп ұзамай Жапондықтар бұдан бас тартады, себебі АҚШ егер Жапония Кунашир мен Утуруп аралдарын да сұрамас, Рюкю архипеллагы мен бүкіл Акинаваны бермейтіндіктерін жариялайды. 2005 жылы Ресей президенті В.Путин 1856 жылғы декларацияны арқау ете отырып, Жапонияға Хабомая мен Шикотан аралдарын қайтаратындығын білдіреді. Бірақ АҚШтың қысымынң астында қалған Жапония екі аралмен ғана шектелмей, бүкіл даулы аймақтарды қайтаруды талап етеді.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қазіргі таңда бұл мәселенің әлі де болса шешілмеуіне бірнеше факторлар  әсерін тигізір отыр:

  • Аралдар аумағындағы және қойнауындағы көптеген теңіз биологиялық ресурстарының болуы;
  • Курил аралдарында, ондағы сарқылмас геотермальдық ресурстардың болуына қарамастан, инфраструктураның дамымағандығы;
  • Азия және Тынық мұхитына географиялық қолайлы орналасуы мен сауда-саттық қатынастары;
  • Аралдың флорасы мен фаунаның керемет тепе-теңдігі мен табиғаттың экологиялық жағдайы.
 

Сонымен қатар Курил аралдары Ресейдің әскери жағынан әлсізденуіне әкеледі, себебі, Ресейдің Азия мен жалпы шығыс  елдерінен негізгі шекарасы осы  аралдар болып табылады.

2010 жылы 1 қарашада Ресей Федерациясының президенті Д.Медведев Курил аймағындағы Кунашир аралына ресми сапармен барады. Бұл жапон халқы арасында үлкен наразылық тудырады. Жапонияның сыртқы істер министрі Сэйдзи Маэхара: «Кунашир аралы біздің тарихи көне жеріміз екендігі белгілі, және Ресей басшысының онда іс-сапармен баруы біздің халыққа ауыр тиді» деп ресми түрде жариялайды. Алайда бұған Ресей сыртқы істерінің министрі Сергей Лавров: «Жапондықтардың бұлай ашық түрде наразылықтарын білдіруі, көрші әрі бейбіт қарым-қатынастарға қарама-қайшы келеді» деп жауап қайтарады, және Кунашир аралы әлі де болса Ресей территориясы екендігін басып айтады.  

Жалпы Ресей мен Жапония арасында Курил  аралдарының экономикалық дамуы  болйынша көптеген бағдарламалар мен  келісімшарттар бар. Дегенмен, толық  келісім мен бейбітшілік  жапондықтар  үшін Курил аралдарының оңтүстік төрт аралын  қайтармайынша орнамайды. Ол үшін екі жақ та бірдей 1856 жылғы декларацияны негізгі ресми құжат ретінде мойындау керек. Елдер арасында 1991 жылы орнатылған Ресей мен Жапония азаматтары бірдей Курил аралдарына визасыз қатынай алатындығы туралы келісімшарт бар. Басында Жапония жағы бұл шешімге көнбеген болатын, бірақ қазір өз келісімін берді. Енді Ресей одан әрі жапондықтар үшін визалық көптеген жеңілдіктер орната алатындығы туралы жариялады. Ресей Сыртқы Істер министрлігінің басшылығы мен жалпы мүшелері Жапония мен Ресей арасындағы әлі күнге дейін тұрақты шекарасы мен ресми бейбітшілік туралы келісімі жоқ екендігін айтып жатыр. Жалпы ресейліктердің позициясы аралдарға байланысты өте қатаң. Курил аралдарынан айырылса әскери жағдайының әлсіреуі мен биологиялық ресурстар тапшылығын жорып отыр. Бірақ, В.Жирионвский Ресей мен Жапония арақатынасы туралы жазған кітабында әрбір арал үшін триллион доллар сұрап, Курил аралдарын Жапонияға сатуды ұсынған болатын. Ал жапондықтар позициясы тарихи жерлерді арқау етіп, құжаттарға сүйеніп отыр, оңтүстік Курил аралдарысыз ешқандай келісімнің болмайтынын растайды.  
 
 

Қолданылған әдебиеттер тізімі 

    • Макеев  Б. «Курильская проблема: военный  аспект», 1993 жыл.
    • Кошкин А.А. «Курилы: биография островов», 1995 жыл.
    • Ильин В. ««Северные территории» на юге российских островов»,  2002 жыл.
    • Иванов А.И.  «От Токугавы до Путина: к истории и теории Дальневосточной проблематики Российской империи»

Информация о работе Курильсие острова