Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 15:20, реферат

Описание

Қазақстанның басқа облыстарына қарағанда Ақтөбе облысы табиғи байлықты
жоғары қарқынды, масштабты және интенсивті өндіру және тасымалдау кезінде мемлекет
тарапынан қорғалатын нысандары мен аумақтары жөнінен саны аз болып табылады.
Бүгінгі күні облыс аумағында республикалық маңызда ерекше қорғалатын екі
табиғи аумақ бар, олар: Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғат резерваты және Торғай
мемлекеттік табиғат заказнигі.

Работа состоит из  1 файл

ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАР.docx

— 32.55 Кб (Скачать документ)

· Өлкейік өзеніндегі көлдер тобы, мұнда ұшып өткенде суда жүзетін және су

маңы  құстарының  көп мөлшері  мекендейді және кәсіптік балықтардың  уылдырық

шашатын орны шоғырланған;

· Суда жүзетін және су маңы  құстарының ұя салатын және  мекендейтін

жерлері, кәсіпшілік балықтардың  уылдырық  шашатын жерлері ретінде  Қазақстан 

Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі № 932  қаулысымен бекітілген, және

республикалық маңыздағы мемлекеттік  табиғи-қорықтық қор Тізбесіне енгізілген

Байтақкөл, Қармақкөл, Қызылкөл, Малайдар көлдері;

· Қызыл кітапқа енгізілген құстардың - қызғылт және бұйра бірқазан, қалбағай,

қарабай, кішкентай аққұтан,  қоқиқаз, кішкентай аққу, сұңқылдақ  аққу,  қызылтамақ

қарашақаз, ақбас  үйрек, ақтырна, көктырна, ақбас тырна, дуадақ,  жорға дуадақ,

безгелдек, тарғақ, сүйріктұмсық шалшықшы, қарабас өгізшағала, қарабауыр және ақбауыр 

бұлдырық, қолаңтөс, лашын, ителгі, аққұйрық  субүркіт және ақиық  субүркіт, бүркіт,

қарақұс, дала қыраны, жыланшы бүркіт, балықшы тұйғын, үкілердің мекен  ететін жерлері;

· Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сүт қоректілердің – Қазақстанның

эндемигі  – Бобринский маймұрыны  және  Қазақстан фаунасындағы саны аз сирек 

кездесетін шағыл мысығының  мекен ететін жерлері.

3.3. Табиғи-қорықтық қор объектілері 

Үш ірі геологиялық құрылымдардың  – Орыс платформасы, Орал  қатпарлы жүйесі

және Тұран ойпатының қиылысында орналасқан Ақтөбе облысы бірегей геологиялық 

тіліктерге бай. Геологиялық  тіліктер органикалық әлемнің  тасқа айналған  қалдықтары

бойынша жер қыртысының ұзақ уақыт  даму жағдайлары мен процестерін  көрсететін өткен 

геологиялық дәуірлердің негізгі  құжаттары болып табылады. Облыста  өңірдің қалыптасу 

кезеңдерін және оның жер қойнауы  байлығын зерттеу үшін ерекше маңызға  ие флора мен 

фаунаның жақсы сақталынған  қалдықтары бар бірегей табиғи геологиялық  тіліктерге ие.

Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2006  жылғы 28  қыркүйектегі № 932 

«Мемлекеттік табиғи-қорықтық қор  объектілерінің  тізбесін бекіту  туралы»  қаулысына 

сәйкес Ақтөбе облысы аумағында  республикалық  маңыздағы мемлекеттік  табиғи-

қорықтық қорға ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық

құндылықты көрсететін жер  қойнауы  учаскелері  – бірегей табиғи су объектілері,

геологиялық және геоморфологиялық  объектілер кірді. Бұл объектілердің  барлығы 3.1.

суретте көрсетілген. Ақтөбе облысының  табиғи байлығы

128

Республикалық  және халықаралық  маңыздағы мемлекет

Ерекше   қорғауға  алынған   табиғи   аумақтары 

    Ақтөбе облысы Жайық, Жем, Елек, Ойыл, Сағыз, Ебейті, Торғай, Ырғыз, Қобда  және   басқа да өзендер   аңғарларының    әдемі   интразоналдық ландшафтары, олардың

Өзіндік    өсімдік   және  жануарлар   әлемі   бар  далалық, шөлейтті және шөл ландшафтарын  қамтитын   әртүрлі    ландшафтарымен    сипатталады. Сонымен бірге,   жерді ауыл    шаруашылық    игеру, мұнай-газ   және   рудалы      кен   орындарын    қарқынды    игеру    табиғаттың

Жекелеген    компоненттеріне    кері    әсер   етті. Адамдардың   табиғат жүйесіне  өсіп   келе   жатқан    әсер і  айтарлықтай   үлкен    көлемдегі жергілікті   табиғи    қауымдастықтардың     жойылуына,топырақ    және   өсімдік   қабатының   бұзылуына, әртүрлілік түрлерінің азаюына әкеліп соғады. Ұйымдастыру себептері – жалпы экологиялық тепе-теңдікті қолдау үшін флора    мен фаунаның қызыл кітапқа енген түрлерін және азоналдық және интразоналдық ландшафтарды, орман шоқтарын, су және су маңы    құстарының, аңдардың бағалы     түрлерінің (елік, бұлан, қабан, орман сусары, европалық құндық, суыр) мекен ететін        жерлерін сақтау және қалпына келтіру.

Аумақты рекреациялық    мақсаттарда   спорттың   қысқы және   жазғы  түрлерін дамыту     үшін жыл   бойы   пайдалануға болады. табиғи-қорықтық қордың Қарғалы су қоймасы,  Жақсы-Қарғалы  өзендері, қатар орналасқан геологиялық (Домбар төбелері, Ақтасты,

Ақтасты кедертасы) геоморфологиялық (Жақсы-Қарғалы карстық үңгірлері) объектілеріэкологиялық және танымдық туризм объектілеріне қызмет ете  алады.

Қобда мемлекеттік табиғи заказнигі (кешенді)

Ұйымдастыру себептері – табиғи кешендер мен даланың сақталып қалған түрлішөпті-бозды    эталондық   учаскелерін, Кіші Орал үстіртінің бірегей орман шоғырларын, суда      жүзетін және су маңы құстарының ұшып өткенде демалуы және ұя салуы үшін қолайлы

учаскелер   ретінде  Елек   және Үлкен Қобда   өзендеріндегі   ағаш-тоғайлы қалың нуы бар  таяз   сулы   ескі арналарды, өсімдіктер   мен   аңдардың қызыл   кітапқа енген түрлерін   мекендейтін жерлерін сақтау және қорғау.

Ойыл мемлекеттік табиғи заказнигі (кешенді)

Ұйымдастыру себептері  – табиғи кешендерді сақтау, 1873, 1899, 1903, 1907 және 1913 жылдары отырғызылған Барқан құмындағы бірегей қарағайлы орман алқабын; әдемі талдардан, теректен, үйеңкіден, қарағаштан, жеміс ағаштарынан және бұталардан       тұратын    жайылмалы   орманды     қорғау. Суда жүзетін және су маңы құстарының ұшып       қайтқан   кезде   мекендейтін   және   ұя салатын жерлерін, жыл құстарының тұрақтайтын

жиналатын   жерлерін; флора мен  фаунаның   қызыл   кітапқа   енген түрлерін; өңір үшін сирек    кездесетін    іріақ-қызғылт  гүлдері    бар тікенекті   кеуел  өсетін  жерлері   бар   борлы Ақшатау

тауының   таңқаларлық   жер    бедерін; аңдардың кәсіптік түрлерінің: қабанның, борсықтың,   түлкінің   ақкістің, құрдың және өзгелерінің  мекендейтін   жерлерін  қорғау.


Информация о работе Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар