Қазақстан картографиясының қысқаша тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2013 в 06:46, курсовая работа

Описание

Карта (немісше Karte – түпнұсқа; грекше chartes – жазуға пайдаланылатын папирус парағы) – Жер бетінің, жұлдызды аспанның немесе оның бөліктерінің картографиялық проекцияларды пайдалана отырып, шартты белгілер арқылы жасалған кішірейтілген бейнесі (үлгісі). Картадан өзен арнасының, топырақ жамылғысының, жыралардың өзгеруін, батпақтанудың, елді мекендер мен жолдардың сипатын, т.б. анықтауға болады. Масштаб бойынша нысандардың өзара орналасуы мен байланысын, саралық және сандық сипаттарын анықтайды. Картаның өндіріс пен шаруашылықта, ғылым мен елдің қорғанысында маңызы зор.

Содержание

Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Географиялық картаның қысқаша тарихы
1. Географиялық карта
2. Карта пайдаланудың қысқаша тарихы
3. Карта пайдалану деңгейі
2. Қазақстан картографиясының қысқаша тарихы
1. Катография ұғымы
2. Қазақстан картографиясының қысқаша тарыхы
3. Геологиялық картографиялау
4. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу
5. Тұңғыш Ұлттық Атлас
6. ГАЖ – дың карта құрастыруындағы рөлі
III. Қорытынды
IV. Қосымша
V. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Курсавая.docx

— 502.66 Кб (Скачать документ)

Көптеген табиғи және ғаламдық заңдылықтар карталар көмегімен  айқындалды. Бір құбылыстың екінші бір құбылыспен байланыстары анықталды, тіпті әлі ашылмаған ойкумендер турасында болжамдар жасала бастады. Мәселен, Ф. Бюаштың 1753 жылы карта арқылы Жер шарындағы тау тізбектері мен өзендердің орналасуын зерттеген  еңбегін атап өтуге болады. 1817 жылы А. Гумбольдт Жер шарындағы жылудың  таралу заңдылықтарын анықтауға  ұмтылып отырып, бірінші рет изотермдік карта жасап шығарды, оны талдай келе, климаттық зоналарды ашты. Карта көмегімен ол өсімдік жамылғысының зоналық ерекшеліктерін тапты, одан кейін осы салада еңбек еткен  Докучаев та картаны сараптау нәтижесінде, географиялық ортаның белдемдігі (зона) бар екенін дәлелдеді. Вегенердің картаға  сүйеніп, Бразилия мен Африканың  атланттық жағалауларының ұқсастығын табуы, кейіннен «Құрлық дрейфі және қазіргі ғаламдық тектоника» теориясының  пайда болуы мен дамуына жол  ашты.

Қазақстан картографиясы  туралы сөз болғанда, орта ғасырлардағы көптеген тарихшылардың географ  қызметін атқарғанын байқаймыз. Марко  Полоның ізімен Шоқан Уәлихановтың «Қашқарға сапары туралы» «Ыстықкөлге  саяхат» жазбалары картографиялық еңбек ретінде өте құнды, алайда Уәлихановтың қазақ картографиясына  қосқан үлесі блек және ұзақ зерттеуді  талап етеді. Қазақстан картографиясы  өз дамуында Ресей картографиясымен өте тығыз байланыста болды. Оның себебі де түсінікті; патшалық Ресейден КСРО-ның күйреуіне дейінгі 300 жылдан астам уақыт біз орыс империясына  бодан болдық. Ғылым тұрғысында осылайша, сабақтастық қалыптасты.

ХІХ ғасырда картаны пайдалану  тарихындағы басты тұлғалардың  бірі – талантты географ, картограф  және геодезист, Еуропалық Ресейдің гипсометриялық картасын тұңғыш құрастырушы, Орыс география қоғамының көрнекті қайраткері, Петербург пен Париждің Ғылым академияларының мүше-корреспонденті А.Тилло (1839-1899) болды. Тиллоның алғашқы  ғылыми зерттеу жұмыстарында картаны  құрал ретінде пайдалануы Орталық  Ресейдің магниттік өрістерінің  таралуын анықтауға арналды. 1887 жылы А.Тилло карта бойынша ғаламдық таулы аймақтардың таралу заңдылықтарын  зерттеуге бет бұрды. Ол әлемнің  басты су бөлінісі шекарасын анықтады, материктердің геометриялық орталықтарын есептеп шығарды, кейіннен 1889-1892 жылдар аралығында Жер шарының ендік белдеулерінің орташа биіктігі мен тереңдігін анықтады, «қиын параллельдерді» ашты, құрлықтың белгілі бұзылу зоналарының геологиялық тек-түріне талдау жасады. Тиллоның Еуропа шегінде және Азия аумағындағы өзендердің ұзындығы мен өзен бассейндерінің ауданын өлшеген өте ауқымды картографиялық жұмыстарын классикалық дүние санауға болар: жұмыстың орасандығын мына сан дәлелдеп береді: тек қана Ресейдің Азиялық бөлігінде 3000-ға тарта өзен ұзындықтары мен бассейндерінің аудандарын анықтаған. Ю. Шокольский картаны таными құрал ретінде жоғары бағалады. Ол «Карта – географтың ең басты қаруы»,-деп жазды. Картаның көмегімен географ өзінің зерттеу жұмыстарын даярлайды, оған өз нәтижелерін енгізеді, ал карталар өз кезегінде олардың алға қарай жылжуы үшін қызмет етеді. Карта – адамға бүкіл әлемді бірден-ақ көруге мүмкіндік беретін, Жер шарын танып-білудің жалғыз ғана таңғажайып қаруы. «Географияда картаны қажетсінбейтін сұрақ жоқ, сондықтан географ картаны толық білуі тиіс»,-деп жазады А. Берлянт. Шокольскийдің жолымен картометрия мен морфометриялық сұрақтармен Н.Волков., Г.Гинзбург., В.Философов., т.б., ғалымдар айналысты. Әсіресе, Волковтың карта бойынша ұзындық, аудан, көлем өлшеу мәселелері енген, карталар мен картометриялық жұмыстарының дәлдігі қарастырылған, морфометрияның жеке бөліктерінің негіздері талданған «Картометрияның ұстанымдары мен әдістері» атты монографиясы (1950) іргелі еңбек еді. С.Д.Муравейскийдің еңбегі гидрологияда картаны пайдаланудың терең әдістемелерінен тұрды. Оның өзен-көл морфометриясы бойынша зерттеулері картографиялық және математикалық зерттеу тәсілдеріне классикалық түр үлгісін береді. Кеңестік кеңістікте географияның жаңа бір бұтағы – экономикалық география пайда болды Және ол бірден-ақ әлемнің қалыптасуы мен әлемді танудың зерттеу құралы етіп картаны алды. Экономикалық географияның бастауында карталар мен картографиялық талдауларға бірінші және негізгі мән үстеген ғалым Баранский болды. Ол «карта географтарға далалық зерттеу жұмыстарында ғана емес, «ғылыми кабинеттердің тыныш жағдайында» да қажет екендігін, далалық зерттеулерден келген мәліметтер қоры арқылы да бөлмеде отырып, географиялық заңдылықтар мен олардың кеңістікте таралуын, құбылыстардың қатынасы мен мазмұнын ашуға болады»,-деп атап өтті.

1.3. Алғашында зерттеушілер картаның негізгі артықшылықтары деп оның шолу жасау мүмкіндіктерін қарастырды, яғни карта «жай көзбен көруге болмайтын нәрсені, білімді реттеу мен жүйелеуді, кеңістіктегі заңдылықтарды ашуды ұсына алады»,- деп есептеді. Картаны пайдаланудың дәл осы деңгейіне А.Гумбольдттың, В. Докучаевтың, А.Тиллоның еңбектері жатады. Карта көмегімен айқындалған барлық ғаламдық және аймақтық заңдылықтар сапалық сипатқа ие болды. Картаны талдаудың негізгі әдісі – салыстырмалы географиялық әдіс болды, ал жетекші ұстаным – оқымыстылардың шығармашылық ынтасы еді. Картаны пайдаланудың жаңа деңгейі жаратылыстану ғылымына сандық әдістердің енгізілуімен байланысты. Салыстырмалы түрде, география, геология, тарих және осы сынды ілімдер белгілі бір мағынада басқа ғылымдардан арта қалды. Көш соңында қалудың себептері әртүрлі, бірақ ең қызығы, кейде картаның артықшылығы географияға математикалық формулалар мен көрсеткіштердің енуін баяулатты деген пікірлер де айтылды. Өткен ғасырдың 60-жылдары бұл артта қалушылық азайды, сол кездері сандық заңдылықтарды жүйелеу құралы ретінде картографиялық әдістің жаңа бір қыры ашылды. Бірінше кезекке картаның өлшемдік мәні шықты, математикалық статистика талдаудың негізгі тәсіліне айналды, 60-жылдардың орта тұсындағы картаны пайдаланудың келесі деңгейі алдыңғы деңгеймен тығз байланысты болды. Сол кездің өлшемі бойынша, карталар зерттеудің логикалық негізі ретінде беки түсті. Енді карталардың математикалық дәлдігімен қалпы көбірек тиімді бола бастады.  
Сандық әдістен математикалық модельдеуге көшу жүзеге асты. География ғылымдарын математикаландыру картографиялық зерттеу әдістерінің көмегі мен «көпір» қызметін атқаруы арқасында іске асырылды. Ең тиімді жол – математика мен картаны біріктіру болды, картадан алынған мәліметтер негізінде математикалық модельдеу құрылды. Осылайша карта-математикалық модельдеу-карта тізбегі пайда болды. Мұндай зерттеу амалы картографиялық-математикалық модельдеу деген атауға ие болды. Ықпалдастық үдерісінде математикалық әдіс пен картографиялық талдау басқа да көптеген идеялармен, көзқарастармен толықты. Ғылымды математикалау картаны пайдаланудың келесі деңгейіне өтуге даярлады, бұл даярлық зерттеу нысанына деген жүйелі құрылымдық көзқарастан көрінді. Картаны геожүйені үйрену құралы ретінде пайдалану мүмкіндігі қарастырыла бастады, картографиялық өнімдердің жекелеген бөлімдерін ғана емес, бір-бірімен тығыз байланысты кешенді атластар мен тақырыптық карталардың үлкен топтамаларына назар аудару қажеттігі туындады. Карта жәрдемімен геожүйенің бөлек бөліктеріне ғана емес, сонымен қатар, олардың байланыстарына, динамикасына, атқаратын қызметіне үйрету мүмкіндігін беретін әдістер керектігі туындады.  
Жүйедегі логикалық түсініктің заңды жалғасы болжамдық бағыт болды. Болжамдардың мазмұны мен затына әртүрлі көзқарастағы ғалым-зерттеушілер, болжамдық бағыттың мақсаты үшін картографиялық әдістерді қолдану мәселесіне келгенде, бәрі де бірауыздан оның тиімділігін мойындады. Картаны пайдаланудың деңгейінің дамуы мен келесі жаңа деңгейлік кезеңге өтуі бұрынғы жетістіктердің құндылығын жоймайды, сандық (картометриялық, статистикалық) және сапалық талдау, математикалық модельдеу мен жүйелі-кеңістіктік қамтудың, нәтижелердің дәлдігі мен қорытындысының жалпы талапқа сай болуының мәселелерін шешуде пайдаланылады. Картаны пайдалану әдістерін өңдеуде картографтар, геодезистер, геологтар мен геофизиктер, инденерлер мен математиктер қатысады. 

2.1  Картография – географиялық карталар, оларды жасау және пайдалану туралы ғылым.

 

The Tabula Rogeriana, Мұхаммед ал-Ыдырыс Роджер II-ге арнап жасаған, 1154 жыл

Картография табиғат пен  қоғам құбылыстарының үйлесуі мен  өзара байланысуын, олардың кеңістіктегі орналасуын және уақыт бойынша өзгеруін, т. б. картографиялық кескіндеудің (бейнелеудің) көмегімен зерттейтін ғылым. комителық  ұғымдарға – аспан денелері мен  жұлдызды аспанның карталары, глобустар  мен жер бедері карталары, картографиялық белгілермен берілген кеңістік модельдері (үлгілері) жатады.

Комитеның негізгі салалары:

  1. Картография пәні мен әдістемесі, карта туралы ілім, картографиялық проекциялар теориясы, генерализация мен кескіндеу әдістерінің (шартты белгілер жүйесі) теориялары;
  2. Картография ғылымы мен өндірісінің тарихы;
  3. картографиялық деректер тану (картографиялық деректерді саралау және оларға қатысы бар ғылыми-ақпарат теориясының мәселелері);
  4. карталарды жобалау және оларды дайындау теориясы мен технологиясы;
  5. карталарды пайдаланудың теориясы мен әдістемесі.

Картография ғылыми және техникалық пәндер жүйесіне тарамданады. Оның біреуінің  көп ғасырлық тарихы болса, кейбіреулері жақында ғана пайда болып, қалыптасу  сатысынан өтуде. комитеның жалпы  теориясы картаны жасау әдістемесі мен пайдалану мәселелерімен  шұғылданады. Картография теориясының  негізгі әдістемесі – картатану. Математикалық Картография картаның математикалық негіздерін зерттейді. Ол картографиялық проекция теориясын  әзірлейді, картографиялық тор құрудың әдістерін жасайды, олардағы бұрмалануды талдайды. Картаны құру және жобалау пәні картаны әзірлеу әдісі мен оның лабораториялық технологиясын зерттейді. Картаны безендіру және картографиялық семиотика картаның тілін, картографиялық белгілер жүйесін құру әдісі мен теориясын, картаны көркемдеу, түрлі түсті безендірумен айналысады. Картографиялық семиотика шеңберінде белгілер жүйесін құру және оларды пайдалану тәртібін зерттейді. Картаны басып шығару – картаны, атласты, т. б. картографиялық өнімдерді технологиялық әзірлеу, көбейту, картаны полиграфиялық безендіруден тұратын техникалық пән. Картографиялық өндірісті ұйымдастыру және экономикасы – салалық экономикалық пән. Ол карта жасау өндірісін жоспарлау және ұйымдастыру мәселелерімен айналысады. Картаны пайдалану картографиялық өнімдерді пайдаланудың теориясы мен әдісін әзірлейді. Картография тарихы картографиялық өндірістің дамуын, көне картографиялық өнімдердің тарихын зерттейді. Картографиялық топонимика – географиялық атаулардың мағыналық мәнін зерттейтін пән. К. салаларын нысанға қарап та жіктейді.

Мысалы, Жер бетін (құрлықтар  мен мұхиттарды), планеталық және астрон. картографиялау. Тақырыбына байланысты К. мынадай түрлерге ажыратылады: жалпыгеографиял  және топографиялық, тақырыптық (табиғат, халық, шаруашылық, т. б.), арнайы. Әдісіне  қарай жердегі, аэроғарыштағы және су астын картографиялау; масштабына қарай – ірі масштабты, орта масштабты  және ұсақ масштабты деп ажыратады.

    1. 1919 жылдың 15 наурызындағы Жоғарғы геодезиялық басқарма құру туралы Декретімен, Халық шаруашылығы Жоғарғы Кеңесінің ғылыми-техникалық бөлімі жанынан КСРО геодезиялық қызметі ұйымдастырылды. 
      Қазақстан аумағында, сол кезеңнен 1945 жылға дейін барлық топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар Батыс-Сібір Аэрогеодезиялық топографиялық кәсіпорыны мен Орта-Азия Аэрогеодезиялық кәсіпорынының топографиялық-геодезиялық тобының күшімен орындалды. 1945 жылы Алматы Қазақ Аэрогеодезиялық кәсіпорны ұйымдастырылды. 1945-1947 жылдар аралығында Қазақ ССР-ының бүкіл аумағында 1:1000000 масштабтағы мемлекеттік картографиялау мақсатындағы түсірімдерді аяқтау міндетін мақсат етті. Қазақ Аэрогеодезиялық кәсіпорыны өзінің жұмысын 1945 жылдың 1 қаңтарында бір далалық топографиялық топ және Талғар станциясындағы стационарлық базасымен бастаған болатын. 1991 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алуына орай, геодезия және картография саласының барлық құрылымдары да қайта қалыптасты. 
      Қазақ КСР Президентінің 1991 жылғы Жарлығымен, барлық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер одақтың бағыныштылығынан шығарылып, Қазақ КСР Үкіметінің қарауына берілді, Қазақ КСР Министрлер Кабинеті жанынан Геодезия және картография Бас басқармасы (Қазгеодезия) құрылды. Оның құрамына бұрынғы ГКБ басқармасының барлық кешенді бірлескен экспедициясы, яғни Қазақстан аумағындағы, ұйымдар мен кәсіпорындар, сондай-ақ мемлекеттік геодезиялық аймақтық бақылау инспекциясы (ҚазАГБИ) кірді. 1992 жылы бұрынғы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қордың орынына Орталық картография-геодезиялық қор (ОКГҚ) құрылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы Жарлығымен Қазгеодезия таратылып, оның қызметі Жер қатынастары және жерге орналастыру Мемлекеттік комитетіне (Мемжерком), содан кейін 1999 жылы Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігіне берілді. 
      Қазіргі Агенттік қарамағында мынадай республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар бар: “Астанатопография”, “Шығысгеодезия”, “Батысгеодезия”,“Қазгеокарт”, “Ұлттық картография-геодезиялық қор”, “Солтүстікгеодезия”, “Орталықмаркшейдерия”, “Оңтүстікгеодезия”. 
      Қазақстан Республикасы топография-геодезия саласында алғашқы қалыптасу және даму кезеңі өте күрделі өтті. Бүгінде айтулы салаға біртіндеп жаңа техника мен технология енгізілуде. Бұл электрондық тахеометрлер, координаттарды айқындаудың спутниктік жүйесі. Геоақпараттық технологияларды (ГАЖ) құру мен енгізу картография-геодезиялық саласының аса маңызды, яғни Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын демаркациялау мен делимитациялау, электрондық сандық топографиялық карталарды жасау сияқты күрделі мәселелерін шешуге жол ашады. Қазақстан Республикасының саяси-әкімшілік карталар, дүние жүзінің саяси картасы, Қазақстан Республикасының физикалық оқулық карталары әзірленуде. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің өткен 10 жылында көршілес мемлекеттер аумағында 100,5 млн. гектарға аэрогеодезиялық зерттеу жұмыстары орындалды. Сонымен қатар, институт мамандарының қатысуымен Астана, Павлодар, Жезқазған қалаларымен қоса, 300-ден аса ауылдық елді мекендердің, соның ішінде өткен аэрофототүсірімдер материалдары бойынша үлкен масштабтағы түсірімдерді сызбалар (карта) жасау іске асырылды. Сандық картографиялау технологиясы түгелімен игерілді. 
      Мемлекеттік және арнаулы маңызы бар геодезиялық және картографиялық қызметтің негізгі бағыттары анықталды. Мемлекеттік реттеудің, жүзеге асырудың, лицензиялаудың және қаржыландырудың, сондай-ақ геодезиялық және картографиялық қызметтің метрологиялық қамтамасыз ету нормалары қарастырылған. Картографиялық өнімдерге авторлық құқық нормалары, геодезиялық және картографиялық өнімдерге мемлекеттік меншіктігі анықталған және Қазақстан Республикасының геодезиялық және картографиялық қызмет туралы заңнаманың бұзылуына жауапкершілік қарастырылған. Ұлттық картографиялық-геодезиялық қордың қызметін реттеу жөніндегі нормалар және геодезия мен картография саласындағы халықаралық қатынасты жүзеге асыру қарастырылған.
    2. Қазақстан картографиясының даму бағытының бірі – геологиялық картография. Қарт геолог Молдияр Серікбаевтың пікірінше, Қазақстанның геологиялық құрылысы, қазба байлығы, магмадан пайда болған шөгінді тау жыныстары бар. Жаратылыстану саласындағы барлық карталардың негізі – геологиялық карта. Оның негізінде қазба-байлық, тектоникалық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық карталарды шығаруға болады. Біріншіден, Геология комитетінің алдағы жылғы жоспарына геологиялық картаны енгізу керек. Шартты белгілерін сұрыптап, анықтап, бір жүйеге келтіру қажет. Яғни, халықтық дәрежеде геологиялық картаның дамығанын көрсеткен жөн. Классикалық іргелі ғылымдарға геология, топырақтану, содан кейін классикалық картография жатады. Классикалық іргелі геологияны дамыту үшін төмендегідей бағыттардағы пәндер керек: палеонтология, палеология, палеоботаника, палеозоология, стратиграфия, литология, петрология, геологиялық картография, геотектоника, сейсмотектоника, геодинамика, космогеология. 
      Геологияның он түрлі саласы бар. Соның күрделі салаларының бірі – жердің қабатындағы жан-жануарларды зерттейтін палеонтологиялық мұралар. Одан кейін геологиялық картографиялық, геологиялық ескерткіштер, стратиграфиялық, гербариялық, зоогеографиялық мұралар. Осының бәрі “Мәдени мұрада” қамтылмаған. Ботаника институтында 500 мыңдай гербариялық мұралар құру алдында тұр.  
      Геологиялық картографиялау тақырыптық картографиялаудың жақсы дамыған саласына жатады. Оның мақсаты – жер қабығының геологиялық құрылымын жан-жақты зерттеу, ондағы пайдалы қазбалар мен минералды шикізаттарды барлау, геологиялық жағдайларды анықтау және геологиялық карталарды құрастыру. Қазіргі кездегі өнеркәсіптік өндіріс пен ауыл шаруашылық салаларында минералды шикізаттың сұранысқа ие болуы геологиялық зерттеулерді тереңдете түседі, яғни, минералды шикізаттар мен пайдалы қазбалардың жаңа түрлерін іздестіру жүргізіледі. Ол үшін пайдалы қазбалар мен минералды шикізаттық орналасу заңдылықтарын анықтау бойынша болжау жасайтын геологиялық карталарды болуы шарт.  
      Барлық геологиялық зерттеулердің негізінде геологиялық картаның құрастырылып және баспадан шығуы геологиялық түсіріс жұмыстарына жатады. Геологияық түсіріс – геологиялық карта жасау және жаңа кен орындарын ашу үшін дала жағдайында жүргізілетін геологиялық зерттеу жұмыстары. Жер бетінде жатқан тау жыныстары тікелей сипатталады, әр түрлі қазындылар арқылы олардың құрамы, тегі, жатысы, жынысы, пішіні анықталады, таралу шегі топографиялық картаға түсіріледі. Түрлі жыныстардың, минералдардың, жануарлар мен өсімдіктердің тасқа айналған қалдықтары да жиналады.  
      Ұсақ масштабты геологиялық түсірулер (1: 1 000 000, 1:500 000) түпкі жыныстар ең көп көрінетін жерлер арқылы өтетін маршруттар бойынша жасалады. Орта масштабты геологиялық түсірулер (1:200 000, 1:100 000) ТМД-ның барлық жерінде, әсіресе экономикалық маңызды аудандарында жүргізілетін геологиялық карта жасау ісінің басты түрі. Мұнда белгілі бір ауданның геологиялық құрылысы анықталып, бұрын ашылған пайдалы қазбаларға тиісті баға берумен қатар, келешекте олардың қандай түрлерінің ашылу мүмкіндігіне болжау жасалып, картаға түсірілетін жерде жан-жақты зерттеу жүргізіледі. Борпылдақ шөгінділер астындағы түпкі жыныстар ды көру, олардың жапсарын, таралу шегін дұрыс анықтау үшін орлар, шурфтар (төрт бұрышты шұңқырлар) қазылады, скважиналар бұрғыланады, пайдалы қазбалардың барлық түрлері ізделеді. Ірі масштабты геологиялық түсіру (1:50 000, 1:25 000) тау-кен өнеркәсібі дамыған және алдыңғы зерттеулер нәтижесінде кен орындары ашылуы мүмкін аудандарда, ауыл шаруашылығына маңызы бар және жаңа құрылыстар салынатын жерлерде жүргізіледі. Кейін жасалатын дәлірек іздеу, барлау жұмыстары нәтижесінде жаңа кен орындары болуы ықтимал аймақтар анықталып, табылған пайдалы қазб<span c

Информация о работе Қазақстан картографиясының қысқаша тарихы