Қар көшкіні кезінде не істеу керек?

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 17:59, доклад

Описание

Қар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы.
Қазақстанда қар көшкіні қалың қар көп жауатын және қолайлы геоморфологиялық және топырақтық-ботаникалық жағдайлары бар Батыс Тянь-Шань, Алтай, Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының жоталарында көп болады.

Работа состоит из  1 файл

Қар көшкіні кезінде не істеу керек.docx

— 70.95 Кб (Скачать документ)

Қар көшкіні  кезінде не істеу керек?

Қар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы.

Қазақстанда қар көшкіні  қалың қар көп жауатын және қолайлы геоморфологиялық және топырақтық-ботаникалық жағдайлары бар Батыс Тянь-Шань, Алтай, Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының жоталарында көп болады.

Көшкіндер құлама тау беткейінен көбінесе 20-60º–пен, көшкін қар жаңа жауған және күн күрт жылыған кезде болады. Көшкін тауда жауын-шашынның жиі болуынан, циклондық құбылыс күшейетін наурыз-сәуір айында көбірек болады. Сирек қайталанатын көшкіннің көлемі 1 млн. текше метрге, қозғалысының ең үлкен жылдамдығы 100 м/c дейін жетеді. Барлық көшкіндердің 50% жуығы жазыққа дейін жетіп, халық пен шаруашылық объектілеріне тікелей қауіп төндіреді. Көшкіннің кедергіге көрсететін қысымы 1 шаршы метр үшін бірнеше жүз тоннаға жетуі мүмкін. 

Қазақстанның бүкіл таулы аудандарында қар көшуінің қаупі бар. Ол негізінен қардың түсуі мен күннің жылуына байланысты. Қар көшкіні болатын ең қауіпті кезең қараша-сәуір, биік тауда қазан-мамыр айлары.

Қар көшкіні

Көшкін қаупінің белгілері:

1. Көшкін апаттарының деректері адамдардың қаза болуына алып келетін лықсулардың көпшілігінің адамдардың кінәсінен болатындығын көрсетіп отыр. Автомобиль жолымен немесе жаяу соқпақпен келе жатқан адамдардың көшкіннің астында қалуы өте сирек. Көшкіннің лықсуы оның қозғалысының үлкен жылдамдығынан бірнеше секундпен өлшенеді. Мұндай жағдайда адамның қауіпсіз орынға жету мүмкіндігі жоқ. Бұдан шығатын қорытынды - қарлы тік жартасқа шықпаңыз, тек жолмен және тапталған сүрлеумен жүріңіз. 
2. Бұқаралық ақпарат құралдарының таудағы жағдай туралы хабарларын үнемі қадағалаңыз, Қазгидрометтің көшкінұстау станцияларының мамандарымен кеңесіңіз.  
3. Қалың қар жауғаннан кейін 2-3 күн бойында тауға шықпаңыз. 
4. Қар қалың жауып, бұрқасын болғаннан кейін тік жартастардың қиылысын айналып өтіңіз, сондай-ақ олардың ирек тұстары мен қардың еруімен жүруге болмайды. Мұндай жағдайда тек су ағатын жиектің бойымен ғана көтеріліп, төмен түскен жөн. Егер аяқ астынан қардың отыруынан сықыр естілсе қозғалысты бірден тоқтатыңыз. Бұта, қалың орман өскен ірі тастар жатқан беткейлер қауіпсіздеу. 
5. Қар суланып, беткейлерден оңай сырғитын көктем кезінде түстен кейін аса сақ болыңыз. Күн жылып қар еріген кезде (наурыз-сәуір) тауға шығудан немесе көшкіндер жасанды жолмен түсіріліп жатқан аудандарда демалудан бас тартыңыз. 


Информация о работе Қар көшкіні кезінде не істеу керек?