Қалба-Нарын сирек металды белдеуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 08:16, доклад

Описание

Қалба-Нарын сирек металды белдеуі, Шығыс Қазақстан облысының Алтай металлогения аймағындағы маңызды кен белдеулерінің бірі. Кенді Алтайдың полиметалды және Батыс Қалбаның алтын кенді белдеулері аралығында; оңтүстік-шығыста Қазақстан – Қытай шекарасынан солтүстік-батыста Батыс Сібір ойпатына дейін (Сібір маңы) 450 – 500 км-ге созылып жатыр, ені 50 – 70 км. Геотектоникалық жағынан – герциндік. Зайсангеосинклиналь жүйесінің өзек тұсы, ал геол. құрылысы жағынан синклинорий болып саналады. Белдеу негізінен төменгі тас көмірдің күрделі қатпарлы, флиштекті терригендік жыныстарынан және жоғарғы палеозойдың гранит интрузивтерінен құралған.