Вильгельм Вундтың өмірбаяны
Реферат, 09 Марта 2012, автор: пользователь скрыл имя
Описание
Вильгельм Вундт - 1832 жылы 16 тамызда Неккарауға жақын Мангейма деген жерде дүниеге келді. Отбасында төрт бала болды, олардың екеуі ерте жасында қайтыс болған. Вильгельм мен оның үлкен ағасы Людвиг қана қалады. Людвиг Гейдельбергте тұрды, оның тәрбиесімен анасының әпкесі айналысты. Сөйтіп келгенде, Вильгельм жанұясында жалғыз баланың рөлінде қалды. Вундтың әкесі пастор болған, олардың отбасы тату болып саналғанмен әкесі туралы балалық естеліктері онша жақсы болмады.
Работа состоит из 1 файл
Реферат Вундт.docx
— 72.45 Кб (Скачать документ)ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАГЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Реферат
«Вильгельм Вундтың өмірбаяны».
Вильгельм Вундт
Вильгельм Вундт - 1832 жылы 16 тамызда Неккарауға жақын Мангейма деген жерде дүниеге келді. Отбасында төрт бала болды, олардың екеуі ерте жасында қайтыс болған. Вильгельм мен оның үлкен ағасы Людвиг қана қалады. Людвиг Гейдельбергте тұрды, оның тәрбиесімен анасының әпкесі айналысты. Сөйтіп келгенде, Вильгельм жанұясында жалғыз баланың рөлінде қалды. Вундтың әкесі пастор болған, олардың отбасы тату болып саналғанмен әкесі туралы балалық естеліктері онша жақсы болмады.
Оқушылық жылдары.
Екі жыл бойы ол халықтық
мектепте оқыды. Білім жағына байланысты
Вундтың жанұясында нақты дәстүрлер
бар болатын: оның арғы аталары іс
жүзінде өз табыстары арқылы ғылымның барл
Психологияғадағы жолдары.
- 1856 жылдың күзінде Вундт Берлинге «экспериментальды физиология¬ның атасы» саналатын адамның басшылық етуімен физиологияны зерттеу үшін И.Мюллерге аттанады. Онда ол Берлиндегі неміс ғылымы, оңтүстік Германиядағы университеттен ерекшеленетінін байқайды. Гейдельбергтегі ғылым оның академиялық темпераментіне өте қолайлы болатын. Берлинде ол тек керемет ғылым жүйесін ғана емес, сонымен қатар өте мықты ақыл-ойшылдарды кездестірді. И.Мюллерден басқа оған әсер еткен Э.Дюбус-Реймон экспериментальдық зерттеулерге ықыласы мен қызығушылығын тудырды.
- 1856 жылдың аяғында Вундт Гейдельбергке қайта оралады. Мұнда ол «жүйкені зерттеудегі оның қабынған және бітетін мүшелеріндегі жүйкелерді зерттеу» тақырыбына диссертация қорғап, докторлық дәрежесін алады, және 1857 жылдан 1864 жылдары дәріс оқиды. Дәл осы жылдары Вундт Бон университетінен Гейделльбергке ауысқан Герман фон Гельмгольцтың лаборанты болып жұмыс істейді. Мінездерінің сәйкессіздігіне байланысты араларында ешқашан достық қарым-қатынас орнықпады. Дегенмен олардың әріптестігі 13 жыл бойы 1871 жылы Гельмельц Берлинге көшкенге дейін жалғасты.
- 1856-1857 жылдары үш мақала жарияланды (таза физиологиялық мазмұнда), ал 1858 жылы өзінің «Бұлшықет қозғалысын зерттеу очерктері» атты алғашқы кітабын шығарды. Бұл уақытта әлі де оның қызығушылығы физиология мәселелеріне қатысты еді, дегенмен психологиялық талпыныстары ұлғая бастаған-ды.
- 1858 жылы Вундт «Сезіммен қабылдау теориясы бойынша очерктерінің» бірінші бөлімін жариялаған болатын. Очерктері тарау-тараумен төрт жыл бойы жарияланып жүрді.
- 1862 жылы «Сезіммен қабылдау теоириясына қатысты» атты кітабы толығымен жарияланды. Мұнда Вундт психологияны үш негізгі бағытқа бөлген: эксперименттік, этникалық және ғылыми метафизика.
- 1863 жылы өте маңызды еңбегі – «Адам мен жануарлардың рухы (жаны) туралы дәрістері» жарық көрді. Оған көптеген экспериментальдық психологияның мәселелеріне кіріспелер енді. Оның талдамасы бірнеше жылдар бойы жүргізілді. Кейіннен Вундті дәрістік жұмыс жалықтырып одан бас тартты.
- 1864 жылы ол профессор-адъюнкті лауазымына тағайындалып, тағы да 10 жыл Гейдельбергкте қалды.
- 1867 жылы Вундт «физиологиялық психология» деп аталған ғылым бойынша дәрістік курс оқуды бастады. Оның концепциясының толық мазмұны «Физиологиялық психологияның негіздемелері» атты кітабында баяндалады (2 бөлімнен тұрады 1873-1874 жж.). Вундтың тірі кезінде алты рет қайталанып жарияланып тұрған. Вундт Гейдельбергте 1874 жылға дейін жұмыс істеді. Мұнда оның ғылыми қызығушылықтары нақты орын тапты, және керек бағытты психология болды. Физиологиямен айналысу барысында Вундт психологиямен дербес эксперименталды ғылым ретінде айналысуды ойластырады.
- 1874 жылы Вундт Цюрихтегі индукциялы философия кафедрасына шақыру алады. Философия табиғи ғылымдарға арқа сүйеу керек деген тұжырыммен Гельмгольц оған кепілдемесін береді. Дегенмен Вундт Цюрихте бар болғаны бір жыл ғана жұмыс істейді.
Лейпциг қаласындағы өмірі.
1875 жылы Вундт Лейпциг
университетінде философия
1879 жылы сараптама жұмыстарына
арналған қарапайым
ХХ ғасырдың көптеген психологтарынан айырмашылығы, Вундт олардай жарқын, қызықты оқиғаларға толы өмір сүйрмеген, қарапайым, мәнерлі, жеткілікті деңгейде өмір сүрген. Барынша танымал дәріскер (дәрістерін ол конспектісіз оқыған) болған. Вундттың Лейпцигтегі дәрістері кең танымалдыққа ие болды. Әр дәрісіне дәрісханада 600-ден астам студент жиналған. Алайда соған қоса ол көпшілік алдында сөз сөйлеуді ұнатпаған, ал қандай да бір конгрестерге тіпті қатыспауға тырысқан. Жеке өмірінде Вундт салмақты, өздігінен күн кешетін, сабырлы адам болған, оның әр күні қатаң бекітілген тәртіппен өтіп жатқан (1970 жылы табылған Вундттың әйелі Софидің күнделіктерінде Вундттың жеке өмірі жайлы көптеген жаңа мәліметтер баяндалған). Таңертеңнен Вундт белгілі бірі кітап немесе мақаламен жұмыс істеген, студенттердің жұмыстарын оқып, өз журналын редакциялаған. Түс кезінде ол университетте емтихандарға қатысқан немесе зертханаға барып отырған. Вундттың студенттерінің бірі оның келіп-кетуі 5-10 минуттан аспайтын деп еске алады. Шындығында, өзінің эксперименталды зерттеулеріне қалтықсыз сеніміне қарамастан, «ол өзі зертханада жұмыс істеуге лайық емес еді».
Күнінің екінші жартысында Вундт сейіл құрып, алдағы оқитын дәрісіне (әдетте ол дәрісі күндізгі 4-те басталған) ойша дайындалған. Әр кеш сайын оның отбасында ән айтылып, саясат жөнінде талқыланатын. Отбасының қаржылық жағдайы үйде үй қызметкерлерін ұстауға және жиі қонақтар қабылдауға мүмкіндік берді. Зертхана мен журнал негізін салып, көптеген зерттеушілік жобаларға жетекшілік ете отырып, Вундт философияға да көңіл бөлген. 1880 жылдан бастап 1891 жылға дейінгі аралықта ол этика, логика, философия салалары бойынша еңбектер жазған. 1880-1887 жж. Вундт «Физиологиялық психология негіздерінің» екінші және үшінші басылымдарын дайындады, өз журналына мақалалар жазды. 10 жыл ішінде ол мәдени-тарихи және әлеуметтік психология идеяларын дамытты. Нәтижесінде ол «Халықтар психологиясы» деген атпен 10 томдық еңбегін жазып, бұл еңбегі 1900-1920 жж. жарияланды.