Шығындардың экономикалық рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 16:32, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың міндеті:
- шығындар теориясы және олардың экономикалық мазмұнын анықтау;
- кәсіпорын шығындары және олардың ерекшеліктерін қарастыру;
- шығындарды төмендету жолдарын реттеу;
- экономикалық құрылымда шығындар негізін зерттеу.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді. Курстық жұмысты жазу барысында

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

І. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ШЫҒЫНДАР ТЕОРИЯСЫ
1.1 Шығындар теориясы және олардың экономикалық мазмұны..........................5
1.2 Кәсіпорын шығындары және олардың ерекшеліктері.....................................8

II. ШЫҒЫНДАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РӨЛІ ЖӘНЕ ОНЫ ТӨМЕН-ДЕТУ ПРОБЛЕМЕЛАРЫ
2.1 Шығындардың экономикалық рөлі...................................................................13
2.2 Шығындарды төмендету жолдары....................................................................15

III. МЕМЛЕКЕТТІК ШЫҒЫНДАР, МӘНІ, ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕ-КЕТТІК ШЫҒЫНДАРДЫ МИНИМАЛДАУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Мемлекет шығындарының мәні, құрамы және сыныптамасы.......................20
3.2 Мемлекеттік шығындарды шешім қабылдау мен жоспарлау үшін жіктеу...23
3.3 Мемлекеттік шығындарды минималдау мәселелерін шешу жолдары.......... 25


ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.....................................................................31

Работа состоит из  1 файл

шығындардың экономикалық рөлі.doc

— 293.50 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ:

 

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

 

І.  ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ШЫҒЫНДАР ТЕОРИЯСЫ

1.1 Шығындар теориясы және олардың экономикалық мазмұны..........................5

1.2 Кәсіпорын шығындары және олардың ерекшеліктері.....................................8

 

II. ШЫҒЫНДАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РӨЛІ ЖӘНЕ ОНЫ ТӨМЕН-ДЕТУ ПРОБЛЕМЕЛАРЫ

2.1 Шығындардың экономикалық рөлі...................................................................13

2.2 Шығындарды төмендету жолдары....................................................................15

 

III. МЕМЛЕКЕТТІК ШЫҒЫНДАР, МӘНІ, ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕ-КЕТТІК ШЫҒЫНДАРДЫ МИНИМАЛДАУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Мемлекет шығындарының мәні, құрамы және сыныптамасы.......................20

3.2 Мемлекеттік шығындарды шешім қабылдау мен жоспарлау үшін жіктеу...23

3.3 Мемлекеттік шығындарды минималдау мәселелерін шешу жолдары.......... 25

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................29

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.....................................................................31

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

   Тақырыптың өзектілігі: Шығын деген ұғымды түсіну үшін ең алдымен оның пайда болу себептерін, табиғатын, олардың бағыттарын, мақсатын, негізгі шешетін мәселелерін, шаруашылық үрдістерінің сатыларындағы атқаратын қызметімен, рөлін анықтап алудың маңызы зор. Мемлекеттің шығындары - бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақшалай шығындары.

Курстық жұмысымның өзектілігі  де осында, яғни мемлекеттік шығындар  қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін мақсатында ішкі жалпы өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастардың бірі.

Халықаралық тәжірибе ерте балалық шақтан ересек жасқа дейінгі  адам капиталына, оның ішінде, білім  беруге бөлінген инвестицияның қоғам  мен экономикаға елеулі әсер ететінін көрсетіп отыр.  Бай минералды ресурстар, қолайлы жағдайлар, нарықтық қарым-қатынастарды дамыту және мұнай экспортынан түскен жоғары табыстар нәтижесінде Қазақстан экономиканың жоғары қарқынмен өсуін сақтап қалды.   Минералды ресурстарды игеру  бүгінгі күнге дейін орасан зор мүмкіндікті және орта- және ұзақ мерзімді кезеңде қолайлы өсу перспективасын сақтауды қамтамасыз етіп отыр. Алайда, үнемі өзгеріп отырған экономикалық жағдайлар ұлттың ұзақ мерзімді экономикалық дамуын қамтамасыз ете аламайды. 2020 жылдан бастап мұнайды өндірудің физикалық көлемі өсуді тоқтатады немесе тіпті төмендейді.  Экономиканы көтеру шикізаттық емес өндірісті өсіру негізінде қамтамасыз етілетін болады. 

Экономикалық гүлденудің ұзақ мерзімді негізі және өмірсүру деңгейінің еңнегізгі  көрсеткіші өндірістің тұрақты дамуы болып табылады. Ол экономика белгілі деңгейінде пайдаланылатын ресурстарды бар ресурстарды интенсивтірек, тиімдірек немесе шығармашылықпен қолдану есебінен көбірек өндіргенде жүзеге асады. Өндіріс өсуінің негізгі бөлігінің бірі адам капиталына бөлінген инвестицияның сапасы мен деңгейі болып табылады.  Шығындар өндіріске және  өнімді шығаруға қолданылатын  белгілі бір кезеңдегі қорлардың ақшалай көлемін көрсетеді. Сонымен қатар, экономикалық категория ретінде кәсіпорынның, кәсіпкерлердің, жеке өндірушілердің және басқа да шаруашылық етуші субъектілердің ақша түрінде берілген шығындарын,  айналымын және өнімнің өтімін көрсетеді.

       Бұл курстық жұмыстың үшінші бөлімінде біздің еліміздегі мемлекеттік шығындар құрылымын, жүйесін жалпы зерттеу, шығындардың қалай, қайда және халыққа пайдалылығына қалай әсер ететіндігін қарастырылған. Мемлекеттік шығындардың негізін мемлекеттің қаржылары құрайды. Мемлекеттік қаржылар – мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігіндегі қаржы ресурстарын құру және мемлекеттің жұмыс істеуі үшін қажетті қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты ұлттық банктің бір бөлігі мен қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттік қаржылардың құрамына мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие кіреді. Шығындардың  бірінші  тобы  мемлекеттің  шаруашылық  қызметімен шарттасылған  және  ұлттық табысты  жасаумен  байланысты. Мемлекет шығындарының  екінші тобы қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты. Материалдық емес сфераға жұмсалатын қаражаттар ең алдымен оқу-ағарту мен денсаулық сақтау мекемелерін ұстауға, ғылым және мәдениетті дамытуға, тұрғын үй мен мәдениеті тұрмыстық құрылысққа, жұмыскерлерді әлеуметтік сақтандыруға, сонымен бірге қоғамның барлық мүшелерін әлеуметтік қаржыландыруға бағытталады. Мемлекеттің шығындары – мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығындарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.

Адам капиталына инвестиция бөлу  тез  өзгеретін  әлемге  бейімделе  алатын техникалық дамушы, өндіруші  жұмыс күшін қалыптастыру үшін  өте қажет. Болашақтың табысты  экономикасы адам капиталы мен барлық сектордағы дәстүрлі ерекшеліктерді қоса алғандар бола алады. Сондықтан жұртшылықтың білім, білік және дағдыларына қаржыландыру Қазақстанды дамытудың негізгі бағыты болып табылады.  Бүгінде білім беруді жай ғана әлеуметтік қажеттілікке жұмсалатын шығын емес экономикалық инвестиция деп түсіну қажет.   

Кез-келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен міндеттер-ін жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін қаржылық саясатын

санында  пайдаланады. Оны жасап жүзеге  асыру процесінде қоғам алдында тұрған міндеттерді орындаудың шарттары қамтамасыз етіледі. Экономикалық мүдделерге ықпал жасаудың белгілі құралы болып табылады. Мемлекеттік шығындардың маңызды бағыты әлеуметтік-мәдени шараларға-оқу-ағарту, ақпаратты, қызмет көрсетуге (баспасөз, радио хабарын тарату және теледидар), мәдениетке, шығармашылыққа, денсаулық сақтауға, дене шынықтыру мен спортқа, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсызддандыруға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру болып табылады. Міне, осында менің курстық жұмысымның өзектілігі жатыр.

Курстық жұмысымның мақсаты: білім беру жүйесін түбегейлі жетілдіру үшін азаматтардың әл-ауқатын және экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы, адамзат капиталын дамытудағы рөлін айқындау.

Курстық жұмыстың міндеті:

- шығындар теориясы және олардың экономикалық мазмұнын анықтау;

- кәсіпорын шығындары және олардың ерекшеліктерін қарастыру;

- шығындарды төмендету жолдарын реттеу;

- экономикалық құрылымда шығындар негізін зерттеу.

Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне   сәйкес   келеді.     Курстық     жұмысты      жазу       барысында

отандық және шетелдік авторлардың еңбегі қолданылған. 

І.  ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ШЫҒЫНДАР  ТЕОРИЯСЫ

 

1.1 Шығындар  теориясы және олардың экономикалық  мазмұны

 

Шығындарды зерттеумен саяси экономия классиктері де айналысқан. А.Смит обсалюттік шығындар деген түсінік енгізген, ал Д.Рикардо салыстырмалы шығындар теориясының авторы. Шығындар деген терминді олар бірлікке жұмсалған орташа қоғамдық шығындар деп түсінген, немесе, өнімнің жеке бірлігі орташа кәсіпорын үшін не тұрады, немесе, саладағы кәсіпорындардың барлығына бірдей орташа шығындар көлемі қандай шамада болады. Классиктер шығындарды ренталық төлемдермен есептегендегі өндіріс бағасы деп те дәлелдейді.

Марксистік концепция бойынша  өндіріс шығындары капиталиске  тауардың қанша тұратынын көрсетеді: өндіріс құралдары мен жұмысшы күшіне жұмсалған шығындардың сомасы болады. К.Маркс ерекше капиталистік шығындардан тауардың құнын құрайтын еңбек шығындарын – ақиқат өндіріс шығындарын ажыратып зерттейді. Өндіріс шығындарын осылай бөлу – еңбек ығындарына және капитал шығындарына – бұл капиталистік ұдайы өндіріс процесіне марксистік талдау жүргізудің бастапқы принциптерінің біреуі болып табылады /8 /.

XIX  ғ. соңында   бірнеше  жаңа концепциялар пайда болды.  Маржиналистер бойынша шығындар шекті пайдалылыққа негізделген психологиялық құбылыс болып табылады. Олардың шекті пайдалығымен белгіленетін өндіріс факторлары үшін фирмалар төлейтін соманың шамасы белгіленеді. Маржиналистік экономикалық теорияда шығындар түсінігі тек жеке кәсіпорынға тән жағдай деп есептелінеді. Осы кәсіпорынның табысы мен шығындары өндіріс масштабының функциясы деп түсініледі.

Австриялық теоретик Ф.Визер балама мүмкіндіктер шығындарының субъективтік теориясының авторы. Осы тауардың өндіріс шығындары, өндіріс ресурстарын басқаша пайдаланғанда өндірілген өнімдерден қоғамға түсетін барынша жоғары пайдалылыққа тең болады. Австриялық мектептің өкілдерінің маржиналистік көзқарастарын математикалық негізге көшірумен байланысты шығындарды барынша төмендету теориялары пайда болды.

Шығындардың институционалистік теориясының  көрнекті өкілдері Дж.К. Кларк және Джон А. Гобсон қосымша шығындар мәселелерімен  айналысқан және шығындардың әр қилы типтерін индивидуалдық, қоғамдық, абсалюттік, үстеме, қаржылы, өндірістік, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жан-жақты зерттеген. Гобсон адамға жасалатын шығындар деген ұғымдар енгізді.  Бұған еңбек амаланың сапасы мен сипаты, оның қабілеттілігі және қоғамдағы еңбек бөлінісінің тиімділігі жатады.

Өндіріс шығындарының неоклассикалық концепциясы, оны өндіріс факторларына жұмсалатын шығындар тұрақты және өзгермелі сомасы дейді.

Соңғы жылдары неоинституционалистік  трансакциондық шығындар теориясы пайда  болды. Бұған көбінесе айналыс шығындары  жатады – тауарды өткізу шығындары (жарнамаға, нарықтық жағдайды ұстап тұру үшін). Трансакциондық шығындар деген түсінікті американдық экономист Р.Коуз енгізді. К.Эрроу бойынша экономикадағы трансакциондық шығындар физикадағы үйкеліспен ұқсас дейді.

Шығындар деп тек жабайы шығындар емес, нарықта күн формасын алған ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілген өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары бар:

Біріншіден, әлеуметттік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағынатын шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.

Екішіден, өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығынға - өнімнің белгілі  мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған  өндіріс факторларының шығындары жатады. Бұл жағдайда факторлар сатып алынған бағамен бағаланады. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статисткалық есеп беруде өнімнің өзіндік құны түрін алады.

1. Белгілі бір мақсатта пайдаланылған ресурстардың ақшалай баламмен көрсетілген шамасы; бірлестіктердің кәсіпорындардың, ұйымдардың өнімді өндіруге (жұмыстарды орындауға‚ қызметтерді көрсетуге), айналысқа жіберуге және өткізуге ақшалай нысанда жұмсаған шығындарының жиынтығы.

Экономикалық мазмұнына қарай  былайша топтастырылады:

- материалдық шығын (қайтарылма қалдықтар шегеріп тасталады)

- еңбекақыға жұмсалатын шығын

- әлеуметтік мұқтаждарға аударым

- тозымпұл (амортизация)

Өндірілген өнімнің босалқы  қорлары өзіндік құн бойынша  бағаланады. Бұл орайда өнімнің өзіндік  құнына кіретін шығын мен есепті кезеңнің шығыны айқындалады. Өнімнің  өзіндік құнына негізгі материалдарға жұмсалған шығын, еңбекақы төлеуге жұмсалған шығын және өндірістік үстеме шығын енгізіледі. Негізгі материалдар – нақты өнім түрін өндіруге тікелей жұмсалған материалдар.

Еңбек шығыны еңбекке ақы төлеуге жұмсалған шығыннан құралады, ол нақты өнімге жатқызылуы мүмкін.

Өндірістік шығын – өнім өндіруге тікелей жұмсалған шығын, жұмсалған уақытына қарамастан есепті кезеңдегі өнімнің құ-нына енгізіледі.

Бейөндірістік шығын – әкімшілікті ұстауға, өнімді өткізуге жұмсалатын шығын, есепті кезеңнің шығынына жатады және жұмсалған есепті айында көрсетіледі.

Өндірістік үстеме шығынға тозымпұлдық аударым; жалға төленетін төлем жатады, бұл ресурстар өнімді сатудан кейінгі шығын қатарына көшіріледі.

Өнімнің толық өзіндік құны – тікелей шығын (өнімді өндіруге, жұмыстарды орындауға‚ қызметтерді көрсетуге) байланысты жұмсалған шығындар: шикізат‚ материалдар‚ өндірістік қызметкерлер құрамының жалақысы‚ т.б. мен оның үлесіне жатқызылатын жанама шығынының (өнімнің барлық номенклатурасын өндіруге, жұмыстарды орындауға‚ қызметтер көрсетуге байланысты жұмсалған және пайыздық арасалмақта бөлу арқылы өзіндік құнға енгізілетін шығындар, ғыстар, жалпы цехтық шығындар‚ жабдықты күтіп ұстауға және пайдалануға ұсталған шығындар‚ т.б.) қосындысы.

Тұрақты шығын – өндірістің көлеміне тәуелді емес жанама шығындар (әкімшілік және басқару шығындары‚ т.б.);

Ауыспалы шығын – шамасы өндірістің көлеміне тәуелді тікелей шығын Өзіндік құнға тек тікелей шығын мен ауыспалы үстеме шығын ғана енгізіледі‚ қалған шығын жалпы табысқа көшіріледі және өнімнің өзіндік құнына енгізілмейді;

2. Өнімді өндіруге жұмсалатын ағымдағы шығындар (өзіндік құн, бұған қоса негізгі капиталдың тозымпұлы), өндіріске не оның айналысына ұсталған шығын (сауда, көлік шығындары мен басқа да шығындарды қоса), айналысқа ұсталған шығын. Экономика ғылымында шығынды жеке меншіктік шығынға (өндірушінің немесе тұтынушының белгілі бір игілікке немесе әрекет, қызметке жұмсаған шығыны) және қоғамдық шығынға (жалпы қоғамға жатқызылатын) бөлу қабылданған. Экономикалық қызметті талдау кезінде нақты шығынмен қатар жүктелме шығын (өндіріс, ресурс факторларын неғұрлым тиімді пайдалану мүмкіндігінен айрылып қалу) да ескерілуге тиіс. Шығын әдетте толық шығын, жиынтық (қосындылы) шығын (мысалы, бір тоқсандағы, бір жылғы), жеке-дара шығын (қаралып отырған өнімнің бір өлшеміне шағып есептегендегі) түрлеріне бөлінеді. Бұлардың әрқайсысы өндірістің көлеміне байланысты емес тұрақты шығынға (үймереттер мен жабдықтарды ұстауға жұмсалатын шығын, басшы қызметкерлерге айлық ақы, сақтандыру жарналары көрсетілетін коммуналдық қызметтер, жалға төленетін төлемдер, т.б.) және өнімнің немесе сатудың көлеміне орай өзгеріп отыратын ауыспалы шығынға (материалдар мен шикізаттарды сатып алуға, кесімді ақыға істейтін жұмыскерлердің, қызметкерлердің жалақысы, сату алдындағы және сатудан кейінгі көрсетілетін қызметтер, кеден бажын төлеу, т.б.) ажыратылады. Тұрақты шығын, тіпті өнім шығарылмаса да төленіп тұрады. Әрбір қосымша өнім өлшемін өндіруге жұмсалатын қосымша шығынды шекті шығын деп атайды.

Информация о работе Шығындардың экономикалық рөлі