Шпаргалка по "Экономике"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 11:47, шпаргалка

Описание

Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Экономика".

Работа состоит из  1 файл

экономика.doc

— 129.50 Кб (Скачать документ)

1   Экономикалық ілімдер тарихы пәні. Экономика ғылымының пайда болу және даму кезеңдері

Қоғамдық өндірістің қалыптасуы мен даму тарихын, сондай ақ адамзат қоғамының даму эволюциясының  барысындағы экономикалық тұжырымдамалардың (идеялар мен ой, пікірі, көзқарастар) пайда болу, даму кезеңі мен алмасуының тарихи процесін зерттеу экономикалық ілімдер тарихының пәні болып саналады. Экономикалық ілімдер тарихы экономикалық процесстерге деген көзқарастар эволюциясын, экономикалық теориялар мен мектептердің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын зерттейді, оларға талдау жасайды, аса көрнекті экономистердің көзқарастарын жүйеге келтіріп және оны ашып береді. Бұл курс ғылым ретіңде идеялардың жалғастығы мен өзара байланысын, келістер (көзқарастар) мен қорытындылардың трансформациялануын бөліп көрсетеді. Экономикалық ілімдер тарихы экономика ғылымының даму эволюциясының жалпы бағыттаушылығын, оның басты бағыттарының трансформациялануын, стратегиялық және жедел шешімдер қабылдаумен, экономикалық саясаттың өзара байланусын түсінуге көмектеседі. Қоғамдағы шаруашылық өмірінің өзіндегі өзгерістер мен қарама қайшылықтар, таптар мен әлеуметтік топтардың өзара байланысты іс - әрекетімен күресі, сондай-ақ экономика ғылымының өзінің ішіндегі және экономикалық теориялар арасындағы қарама қайшылықтар, экономикалық ілімдер тарихының сыннан өткен тұжырымдамаларына сәйкес, экономиалық идеялардың даму көздері болып саналады. Оның тарихын ғылыми тұрғыдан негіздей отырып, кезең- кезеңге бөлу, экономикалық ілім прогресінің келісті (түзу) суретін жасаудың қажетті жағдайы болып саналады. Мұндай кезең – кезеңге бөлудің ғылыми негізі - әлеуметтік – экономикалық қатынастарды, қоғамның таптық құрылымдарын және бүкіл саяси қондырманы түбірінен жұлып, үзіп тастау арқылы, қоғамдық – экономиялық жүйені алмастыру (ауыстыру) туралы ілім болып табылады.

    1. Ежелгі Грецияның экономикалық ойлары

Ежелгі Грецияның қоғамдық экономикалық өмірінің бүкіл аясын  қамтылған, өндірістің құлиеленушілік тәсілінің генезисі, гүлденуі және дағдарысы кезеңіндегі экономикалық  проблемалар Грецияның ұлы ойшыларының экономикалық еңбектерінде көрініс тапты. Ксенофонт (б.д.д. 430-354), Платон (б.д.д. 428-347), Аристотель (б.д.д. 384-322) Ежелгі Грецияның экономикалық ойларының негізгі өкілдері болып саналады. Ксенофонт – Афина аристократиясының өкілі, аграрлық Спартаның саясы және экономикалық құрылысын идеяландырды. Ірі құлиеленушілік ауыл шаруашылығының өкілі ретінде, ол “Экономикос” (“Домосторой”) деп аталатын өзінің трактатында егіншіліктің артықшылығын мадақтап қолөнершілікпен және саудамен айналысушылықты айыптайды. Дегенмен, ол оған қарамай, ақшаны ссудалық растовщиктік капитал түрінде мойындап айырбас құралы және қазына құрау құралы ретінде ақшаға құрметпен қарады. Ксенофонттың көзқарасына сәйкес салықтар, баж салықтары, отарлардан алынатын алымдар, сыртқы саудадан түсетін табыстар мемлекеттік қорлардың көздері болып саналды. Афинаның ақша байлығы, оның әскери қуатының негізі деп санады ол. Афина аристократиясының идеологы, олигархиялық құрылыстың жақтасы Платон, өзінің “Мемлекет” және “Заңдар” еңбегінде, қоғамның ең жақсы үлгісін (моделін) жасады. Платон мемлекетті адамдар арасындағы қарама қайшылықтарды шешудегі күш деп санады. Тауар айналымын қарастыра отырып, Платон нарықтық адамдардың еріксіз бөлнетінін (еңбек бөлінісінің күшімен) көрсетті, дегенмен бір мезгілде олар, біртұтас қоғаммен байланысты үш сословия дан: философтардан – қоғамды басқарушылардан; сақшы - әскерлер – қорғаушылардан және дихандардан, қолөнершілерден, саудагерлерден тұратынын көрсетті. Алғашқы екеуі жоғарғы сословия, ал үшінші – жоғарғы сословия – элитаны құлдармен бірге асырағандар. Ал құлдар ешқандай сословияға жатпаған. Платонның ойынша ең жақсы қоғамда, элиталық қауымдастыққа бірікпеген, тек қана еркін азаматтар ғана мемлекеттен алған үйге, жерге ие бола алады. Осыған орай мемлекет азаматтарының біреуінің байлығы екіншісінің байлығынан 4 еседен асып кетпеу үшін оларың мүлік теңділігін сақтауды қатаң қадағалаулықты ұсынды. Платонның негізгі  идеясы бойынша ең жақсы қоғам: әділеттілікті сақтау; қайырымды іс жасау, кемеңгерлік батылдық, элита үшін жеке меншікті жою, некелесуді мемлекеттік реттеу, ата – анасын білмейтіндей етіп балаларды қоғамдық тәрбиелеу және т.б. Ежелгі Грециядағы экономикалық ойлардың дамуы ұлы оқымысты Аристотельдің “Никомахова” және “Саясат” т.б. еңбектерінде көрініс тапты. Ол өзінің экономикалық ілімдерінде құлдық табиғи заң деп және ол әрқашанда өндірістің алғы шарты, негізі деді. Адамдарды еркін және құлдарға бөлінуін ол табиғат заңдарымен түсіндірді, яғни “құлдар тірі құралдар”- деді. Аристотельдің айтуынша,, тек  гректер құл емес, құл барлық құзғындар, яғни “құзғындар немесе құлдар бір ұғым”. Ол құлиеланүшілік  жеке меншікті өндіріс қатынасының негізі ден санады.

3   Ежелгі Қытайдың экономикалық  ойлары.

Ертедегі Қытайдың (конфуциализм, легизм, даосизм) негізгі қоғамдық ойлары біздің дәуірімізге дейінгі VI-III ғасырларда ресімделеді. Конфуций немесе Кун-Цзы (біздің дәуірімізге дейінгі 551 – 497 ж.) конфуциандық бағыттың негізін қалады. Оның басты еңбегі “Лунь-юй” – “Әңгімелесулер мен пайымдаулар” жинағы. Конфуций әлеуметтік идеяларды болашақтан емес, оны елдің өткен өмірінен көрді, яғни позициялық күштері шатқаяқтаған (пошатнувших)  ру басшыларының мүдделерін қорғады. Аса ірі конфуцианистер Мэн – Цзы мен, Сюнь – Цзы дің негізгі пікірлері- мемлекетті экономикалық күшейту саясаты: шығыстарды үнемдеу принципі; халықтың бәрін жеткілікті түрде қамтамасыз ету мен қор жинау саясаты болды. Біздің дәуірімізге дейінгі VII-III ғасырларда конфуциандық идеологтардың аса ірі саяси қайраткерлер – Цзы – Чан мен Ли Куняниң есімдерімен байланысты опоненттер – логистер пайда болды. Олардың көзқарастары егіншіліктің дамуымен, мемлекеттің және тауар – ақша қатынастарының нығаюымен байланысты. Ежелгі қытай идеалогиясының тарихында – даосизм, легизмнің  негізін қалаған Конфуцийдың замандасы – Лао –Цзы ерекше орын алды. Ол тыйым салушы заңдарды жоюға кеңес берді, себебі қайшылықты, халықтың нашар өмір сүруіне бұл заңдардың өте көп әсері болды. Ол басқарудың табиғи формаларына қайтып оралуға шақырды. Бұл идея халықтың қарсылығын туғызды.

    1. Ежелгі Қытайдың экономикалық ойлары. «Гуань-Цзы» трактаты.

Ертедегі Қытайдың (конфуциализм, легизм, даосизм) негізгі  қоғамдық ойлары біздің дәуірімізге  дейінгі VI-III ғасырларда ресімделеді. Конфуций немесе Кун-Цзы (біздің дәуірімізге дейінгі 551 – 497 ж.) конфуциандық бағыттың негізін қалады. Оның басты еңбегі “Лунь-юй” – “Әңгімелесулер мен пайымдаулар” жинағы. Конфуций әлеуметтік идеяларды болашақтан емес, оны елдің өткен өмірінен көрді, яғни позициялық күштері шатқаяқтаған (пошатнувших)  ру басшыларының мүдделерін қорғады. Аса ірі конфуцианистер Мэн – Цзы мен, Сюнь – Цзы дің негізгі пікірлері- мемлекетті экономикалық күшейту саясаты: шығыстарды үнемдеу принципі; халықтың бәрін жеткілікті түрде қамтамасыз ету мен қор жинау саясаты болды. Біздің дәуірімізге дейінгі VII-III ғасырларда конфуциандық идеологтардың аса ірі саяси қайраткерлер – Цзы – Чан мен Ли Куняниң есімдерімен байланысты опоненттер – логистер пайда болды. Олардың көзқарастары егіншіліктің дамуымен, мемлекеттің және тауар – ақша қатынастарының нығаюымен байланысты. Ежелгі қытай идеалогиясының тарихында – даосизм, легизмнің негізін қалаған Конфуцийдың замандасы – Лао –Цзы ерекше орын алды. Ол тыйым салушы заңдарды жоюға кеңес берді, себебі қайшылықты, халықтың нашар өмір сүруіне бұл заңдардың өте көп әсері болды. Ол басқарудың табиғи формаларына қайтып оралуға шақырды. Бұл идея халықтың қарсылығын туғызды.

5 «Артхашастра» трактаты

“Артхашастра” трактаты – Ертедегі Индияның (сөзбе- сөз айтқанда – “өмірге іс жүзінде  пайда келтіру туралы ғылым”) қоғамдық ойларының аса ірі ескерткіші, бұл мемлекетті басқару мәселелері бойынша өсиеттердің жинағы. Патша Чандрагунттың кеңесшісі - Кауталье, трактаттың авторы болып саналады. “Артхашастра” – елдің шаруашылық өмірінде ертедегі Индия мемлекетінің рөлін көрсетеді. Трактатта, айқын салық және саяси жүйесі бар ең жақсы мемлекет сипатталады. Материалдық өндірістің жетекші аясы – ауыл шаруашылығы, әсіресе егіншілік, мемлекеттің қарауындағы суландыру (арық) құрылыстары ерекше көрсетілген. Мемлекет, өнеркәсіптің дамуын, сауданы, қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруға тиісті болды. Трактат авторының пікір бойынша шығыстар мен кірістердің қатаң құжаттық есебін жүргізу, тіпті, шиновниктердің қазынаға қолсұғушылығын тоқтату  мәселері қаралған. Тұтастай алғанда, трактат қоғамдық қатынастар туралы, Ертедегі Индияның экономика және саяси институттары туралы мәліметтердің маңызды көздері болып саналады.

    1. Саяси экономияның алғашқы мектебінің- меркантилизмнің экономикалық алғышарттары.

Экономикалық идеяларды дамытудағы меркантилизмнің тарихи ролі оның өкілдерінің шығармашылық мұраларының жағымды және жағымсыз элементеріне байланысты. Меркантилисттер отандық өнеркәсіп пен сауданың дамуы үшін ақшаны маңызды құрал ретінде заңды түрде қарастырғанымен, ұлттық экономикаға шетел инвестицияларын тартуға мән бермеді. Бұдан басқа олар үшін жұмыссыздық мәселесі де мәнсіз болды. “Ерікті жұмыссыздықтың” негізгі себебін аз уақытында цехтарда немесе фабрикалар мен зауаттарда жұмыс істеуді қаламауды тудыратын не “жалқаулық”, не  “азғандық” деп санады. Меркантилизм дамыған Европа елдерінде, ең алдымен Англия мен Францияда оның классикалық саяси экономиясын алмастыратын нарықтық экономикалық қатынастар мен ерекшеліктердің қалыптасу өзгешілігі мен байланысты. Меркантилистер тұтыну құны емес, айырбас байлық деп жариялады. Меркантилизмнің экономикалық саясаты алғашқы капиталдың жиналуына көмектесті. Алайда, меркантилизмді саяси экономияның туу кезеңі мен  байланыстыра ретінде бағалай отырып Й.Шумпетер оның жағдайы өз алдына практикалық маңызын сақтай отырып соншалық ғылыми бағыт бермей және одан туындаған әдебиеттер тек ғылымның бастамасы деп ескертті.

 

 

 

 

11. У.Петти – Англиядағы классикалық мектептің ру басы.

Уильям Петти (1623-1687 жж) – Англиядағы классикалық саяси экономияның негізін салушы. Оның негізгі еңбектері: «Салықтар мен алымдар туралы трактат» (1662 ж); «Ирландияның саяси анатомиясы» (1672 ж)  «Саяси арифметика» (1676 ж); «Ақша туралы бірнеше ауыз сөз» (1682 ж); У. Петти саяси экономияға, жаңа әдіс кіргізіп - құбылыстың мәнін талдап, экономикадағы себепті қатынастар мен олардың заңды байланыстарын көрсетті. Петтидің  көзқарасы меркантилизмнен классикалық саяси экономияға баяу ауысу сипаттын білдірді. У. Петтидің еңбекақы туралы ілімі оның құн теориясымен байланысты. Өзінің ой тұжырымдарында ол жұмыс күші емес, еңбек - тауар болып саналады деді, ол сияқты классикалық саяси экономимияның бүкіл өкілдері де солай деп санады. Петти, еңбекақы - бұл еңбектің  бағасы деді. Оның мөлшері – бұл  жұмыскерлердің өмір сүруінің ең аз мөлшердегі қаржысы, яғни жұмыскерлерге төленетін ең аз мөлшердегі қаржы немесе олардың жасаған құнының бір бөлігі ғана, ал өндірісте жасалған құнның басқа  бөлігін капитал  иелері пайдаланады. У. Петти бойынша ссудалық процент - бұл жер рентасынан өндірілетін, және жердің бағасынан пайда болатын табыс. Бірақ бұл шынайы емес. Шын мәнісінде ссудалық процент жердің бағасына қатысты емес, керісінше, жердің бағасы ссудалық процент нормасына қатысты болады. Ссудалық  процент нормасының өзі орта пайданың нормасынан туады және ссудалық капиталға сұраныс пен ұсыныс арақатынасымен анықталады.

 

    1. П.Буагильбер және Франциядағы классикалық политэкономия.

Пьер Буагильбердің (1646-1714 жж) негізгі шығармалары: «Францияның жай-күйін толық сипаттау» (1696 ж) – меркантилизм саясатын қатаң түрде сынау; «Байлық табиғаты туралы трактат» (1707 ж) – Франция экономикасының дағдарысты жағдайын сипаттау; «Франция айыптайды» (1707ж) – ауыл шаруашылықты  байлықтың  көзі ретінде негіздеу. П.Буагильбердің еңбектерінің басты мақсаты меркантилизмді сынап, ауыл шарушылығын дамыту болды. Фермерлік ауыл шаруашылық экономикалық қатынас қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының шешуші күші деген физократтардың ойларын қолдаған. П. Буагильбер “Франция айыптайды” деген еңбегінде үкіметті қатты сынады, сол үшін бұл кітапқа тіпті тыйымда салынды, осыған қарамастан Буагильбер үкіметті сынаған жерлерін алып тастап, экономикалық реформаны жүргізудің керектігін дәлелдеп, кітапты үш рет қайта шығарды. Бірақ үкімет министірлерінен қолдау таба алмады. Буагильбердің өндіріс пен айналыс қатынастарын зерттеу тәсілдерінің ерекшелігі:Шектелмеген еркін бәсеке жағдайында экономиканың тепе-теңдігіне сену;Ұлттық экономика үшін жеке-дара мүддені (жеке меншік), қоғамдық мүддеден жоғары санау;

  • Шаруашылық өмірінде ақшаның маңызы мен ерекшелігін бағаламау;
  • өнеркәсіп пен сауданың маңызын жоққа шығару.

Англиядағы  Петти сияқты Буагильбергеде  еңбек  құны теориясын негіздеуші деген  (Петтиге тәуелсіз түрде) ат берілді.  Ол «нақтылы құн» шамасы еңбек шығындарымен анықталады деді. Пьер Буагильбердің классикалық саяси экономия алдында сіңірген  еңбегі құнды жұмсалған жұмыс уақытымен анықтаудан ғана тұрмайды, сондай-ақ, ол Франциядағы физиократтардың ізашары болып саналады. Францияның классикалық саяси экономиясы байлықтың көзі айналым емес, өндіріс болып саналады деп, меркантилизмге қарсы күресті. Франциядағы классикалық саяси экономия  ағымы экономикада негізгі рөлді ауыл шаруашылық өндірісіне беру физиократтардан басталды және олар ірі капиталистік фермерлердің мүдделерін қорғады.

 

    1. Ф.Кенэнің ұдайы өндіріс теориясы.

Франсуа Кенэ (1646-1714 жж) – физиократизмнің негізін салушы және оның басшысы, буржуазия идеологы. Басты шығармасы – «Экономикалық кесте» (1758). Франсуа Кенэ кейбір нақты сәттер мен қатынастарды дерексіздендіре отырып, ұдайы өндірістің жалпы нобайын (үлгісін) ұсынды. Оның жасаған кестесінде кірістердің барлығы жұмсалады, жинақтау жоқ, таптар мен сыртқы сауда байланыстары арасындағы айырбас ескерілмеген. Франсуа Кенэнің «ұдайы өндіріске талдау жасауының» бастапқы сәті – жылдық астық және өндіріс тауарларын  өндірушілер (фермерлер мен жалдамалы жұмыс күші); жер иеленушілер (жалгерлік ақы алушылар); қолөнершілер («жеміс бермейтін» тап) арасында жүзеге асырылып заттай және ақшадай айырбас болып саналады.

 

 

 

 

    1. А.Смиттің экономикалық үйретулері.

Адам Смит (1723-1790 жж.) – классикалық саяси экономияның негізін салушы. Оның басты еңбегі - «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу». А. Смит ғылым ретінде саяси экономияның қос міндетін анықтады:

  1. объективті экономикалық шындықты талдау және оның даму заңдылықтарын анықтау;
  2. фирмалардың және мемлекеттің экономикалық саясаттарды жүргізу, ұсыныстарын әзірлеу.

Бұл экономика  ғылымына қосылған маңызды үлес болды. Ол ел байлығы мен оның қуатын арттыру  жолын анықтайтын ғылым ретінде саяси экономияның міндетін айқындады. А. Смит логикалық абстаркция әдістері арқылы экономикадағы заңды, анықтаушы процестерді және кездейсоқтықтан абстаркциялауды; сыртқы көрністен ішкі заңдылықтарды анықтау әдістерін жасады. А. Смит  ілімінің әлемдегі экономикалық ойды дамытуға үлкен ықпалы болды. XVIII ғасырдың  соңында – XIX ғасырдың басында оның идеялары Ұлыбританияда, Францияда және басқа елдерде, оның ішінде Ресейде кең таралды,  крепостнойлық пен патшаға қарсы күресте пайдаланылды.

 

    1. Смиттің «laissez faire» саясаты.

Адам Смит рыноктык экономикаға барынша еркіндік беру қажет деп есептеген. Мемлекет «laissez faire» – «өзінше жүре берсін»  саясатын жүргізгені абзал. Рыноктың өзі  ұлы үйлестіруші саналады. Рыноктың тепе-теңдігі жай адам эгоизмінің негізінде жүзеге асады – пайдаға мүдделі және еркін бәсекенің болуы. Смиттің ойынша, адам рынокта өз пайдасын көздей отырып, «қаперінде жоқ нәрсеге көрінбейтін қол арқылы мақсатқа бағытталады. Өзінің мүддесін көздей отырып, қоғам мүддесіне жиірек қызмет жасайды». Еркін рынокқа бар ниетінің артуының арқасында А. Смит либерализм мектебінің айтулы идеологы болды.

 

    1. Д.Рикардоның экономикалық үйретулері.

Давид Рикардо (1772-1823 жж)  - өнеркәсіп төңкерісі дәуірінің экономисі,  Англиядағы классикалық саяси экономияны  жасауды  аяқтаушы  А. Смиттің экономикалық теориясын жалғастырып, оның кейбір кемістіктерін түзетуші. Давид Рикардоның саяси экономиясының ерекшелігі оның  экономия теориясын зерттеудегі үлгілік  (моделдік) методологиясынан тұрады. Рикардо, саяси экономия пәні деп, қоғамдағы таптарды құрайтын, адамдардың экономикалық қатынастары  деді. Оның алға қойған басты міндеті – еңбекақы, пайда және жер рентасы формасындағы негізгі таптар арасындағы ұлттық табысты бөлу негізіне жататын заңдарды зерттеу болып саналды. Рикардо экономикада объективті және стихиялы, бірақ танымдық заңдар әрекет етеді деп санады. Олардың танымдық әрекеттерімен қатар ол қоғамдағы өндіріс күштерінің өсуіне әсер етуші  экономикалық саясатты жасау саяси экономияның міндеті деп санады. Рикардоның экономикалық ілімі өнеркәсіп төңкерісі дәуіріндегі капитализмнің  даму проблемалары мен қарама-қайшылықтарын көрсетті. Ол капиталистік өндіріс тәсілінің прогрессивтігін, оның  өндіргіс күштерінің  дамуына аса зор мүмкіндіктерін көрсетті.

Информация о работе Шпаргалка по "Экономике"